Азаматтың денсаулығының бұзылуы немесе қайтыс болғаны үшін залалдың орнын толтыру туралы
Өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша қарымқатынастарын реттейтін негізгі нормативтік актілері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодекс, Азаматтық істер жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасының Енбек Кодексі, Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері.
Азаматтық кодексінің 47-тарауында зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелерін реттейтін нормалар бөлек атап көрсетілген.
Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 936- 946-баптарымен реттелген. Сонымен қатар істерді талқылау барысында Қазақстан Республикасының Жоғары сотының 1999 жылғы 09 шілдесіндегі «Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы», 2001 жылғы 21 маусымындағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» басқа да нормативтік актілер басшылыққа алынады.
Өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу туралы талап арызы түрі мен мәнісі бойынша Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 150, 151- баптарының талаптарына сәйкес болуға тиісті.Талап арызының сипатына қарай талап арызға – жәбірленушіге зиян келтірілгенін, жәбірленушінің осы шығындарды жасауына мәжбүр болғанын растайтын дәлелдер және басқа да қажетті құжаттары тіркелуі тиіс.
Заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын заңмен қорғаулудың түрі – сот қорғауы болып табылады, ол сотқа талап арыз тапсыру жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 541 (501) бабы, 5 (4) бабына сәйкес соттарда: талапкерлер - мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Соттар, АІЖК-нің 153-бабында көзделген - талап арызды қабылдаудан бас тартуына апарып соғатын құқықтық тыймдардың бар-жоғын, АІЖК-нің 154-бабында көзделген – талап арызды қайтаруына негіздердің бар-жоғын анықтауға тиіс.
Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 155-бабы 1,2 бөліктеріне сәйкес судья талап арыз осы Кодекстің 150-бабының талаптарына және 151- бабының 1) - 3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді. Егер талап қоюшы судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындамаса арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады.
Сөйтіп, Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясының 29 мамыр 2015 жылғы ұйғарымымен А.К.О-ның Инерстом стамотологиялық клиникасына қарсы берген денсаулыққа келтірілген залалды өндіру, моральдық зиянды өтеу талап арызы кемшіліктерді түзеу үшін мерзім беріліп 2015 жылдың 10 маусымына дейін қозғалыссыз қалдырылған. Сонымен берге, ұйғарымда «жауапкердың атауы, оның тұрғылықты жері немесе егер жауапкер ұйым болып табылса, оның орналасқан жері, банктік шоттары егер талапкерге белгілі болса» көрсетілу керектігі жазылған. Стоматологиялық клиника Инерстом жауапкер ретінде заңды тұлға болып табыла ма, сол себепті заңды тұлғаның нақты атауымен тіркелген орнын анықтау қажет. Талап арызға тіркелген құжаттарға ҚР АІЖК-нің 151-бабының 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес денсаулыққа келтірілген зиянды өндіру үшін мемлекеттік баж салығы 1875 тенге көлеменіде төленгендігі жөнінде құжат тіркелуі керек еді, бірақ заңның бұл талабы талапкермен орындалмаған, мемлкеттік баж салығы 991 тенге моральдық зиянды өндіру үшін төленген».
Талап арызды қозғалыссыз қалдырған кезде сотпен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 541-бабының 5-тармағының жағдайы, яғни талапкерлер - мертігуге немесе денсаулығына зақым келтірілуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылғаны ескерілмеген.
Сонымен бірге, талап арыздың уәждерін дәлелдейтін тиісті құжаттарын талап арызға тіркеу міндеті Қазаұстан Республикасының АІЖКнің 151-бабы 4-бөлігінде көзделген және Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 154-бабына сәйкес көрсетілген негіздер талап арыз қайтаруына негіз болатын тізіміне кірмейді. Бұндай құжаттарды талапкер істі талқылауға дайындау кезінде келтіруі де мүмкін.
Талаптарының дәлелденбеуі талап арызды қанағатсыз қалдыруға негіз бола алады, бірақ оның қайтаруына негіз болмайды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот актісі моральдық зиянды және материалдық шығынды өндіруді
62 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі актіні жарамсыз деп тану, денсаулыққа зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу, және моральдық шығындарды өндіру
63 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі жұмсалған шығынды мемлекет пайдасына өндіру
87 рет жүктеп алынды