Азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектерді өндіру
В судебном акте в обоснование своих выводов судья правильно сделал развернутую ссылку на статьи 478-479 Налогового Кодекса, согласно которым плательщиками налога на транспортные средства являются физические лица, получившие земельный участок во временное возмездное землепользование (аренда). Объектами обложения являются земельные участки, предоставленные государством во временное землепользование. При этом указал, что статьей 481 Налогового кодекса сумма платы исчисляется на основании договоров временного возмездного землепользования, заключенных с уполномоченным государственным органом по земельным отношениям.
Қазақстан Республикасы Конституциясының (әрі қарай – Конституция) 35 бабы күшінде заңды белгіленген салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу әр адамның парызы және міндеті болып табылады.
Салық заңнамасына сәйкес азаматтар салық төлеушілер ретінде –жеке тұлғалар мүліктік салықтарды: автокөлік салығын, жер салығын және жеке тұлғалардың мүлігіне салықты төлеушілер болып табылады.Азаматтардан салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектерін өндіру процедурасы АІЖК-і тарауының 1 бөлігінде қарастырылған бұйрық өндірісі тәртібінде жүзеге асырылады.
Яғни, АІЖК-тің 140-бабының 1-бөлігінің 5) тармағымен егер «азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу» туралы талап мәлімделген болса да сот бұйрығы беріледі.
АІЖК-нің 139 бабына сәйкес сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамайақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады (АІЖК-нің 139 бабының 3 бөлігі).
Салық кодексінің 26-бабының 1) тармағына сай салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негізінде салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.
Салық нормаларының жалпы ережесі бойынша салық төлеуші салық төлеу бойынша міндетін өздігінен орындап тұруға міндетті.
Салық кодексінің 31-бабының 3) және 5) тармақтарына сай салық төлеуші салықтық міндетін Қазақстан Республикасы салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде орындауға міндетті.
Салық кодексінің 20-бабының 1) тармағының 25) тармақшасы күшінде салық органдары салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің салық берешегін осы Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға;
Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары Салық кодексінің 85 және 86 тарауларында қарастырылған.
Салық борышын мәжбүрлеп өндіру шаралары салық төлеушіге – заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызмет атқаратын резидент емес тұлғаға, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушыға, адвокатқа Салық кодексінің 614-бабының 3) тармағында қарастырылған тәртіпте қолданылады.
Егер бұдан бұрын қолданылған жаза нәтижесінде салық берешегі төленбесе, әрбір келесі жаза қолданылады. Осыған байланысты салық органы салық қарыздарын ақша қаражаттары есебінен өндіру бойынша тиісті шараларды қабылданғаннан кейін тек салық төлеуші билігіндегі шектеу қойылған мүлікті сатуға көшу құқығы бар.
Салық кодексінің 12-бабының 1) тармағының 32) тармақшасына сәйкес салық берешегі - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы.
Салық кодексінің аталған нормасының 5) тармақшасы күшінде бересі есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтардың және бюджетке басқа да міндетті төлемдер түрлері Салық кодексінің 55-бабымен белгіленеді.
Егер салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы салық декларациясында салық төлеушінің өзімен немесе Салық кодексінің нормаларына сәйкес салық органымен немесе өкілетті мемлекеттік органмен есептеліп, заңды күші бар салық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген жағдайда ғана, салық органының талаптары судья немесе сотпен қанағаттандырылуы мүмкін.
Салық кодексінің 607-бабының 1) тармағына сай салық органының салық міндеттемесін төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады.
Салық қызметі органдарымен көрсетілген барлық хабарламалар түрлерi Салық кодексінің 607- бабының 4) тармағында аталған түрлермен шектеледi.
Хабарламалар түрлеріне қарай салық органдарымен салық төлеушіге 607-баппен және бірқатар басқа баптармен қарастырылған мерзімде жолданады.
Хабарламаның қатаң айқындалған нысаны бар, оның нысаны Салық кодексінің 607-бабының 3) тармағында берілген. Хабарламаны сондай-ақ жеке қолтаңба қою арқылы немесе жолдау және алу фактын дәлелдейтін тәсілмен салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
Азаматтардан салықтарды, алымдарды және басқа да төлемдерді өндіру рәсімі АІЖК-нің 2 тарауының 1-бөлігінде қарастырылған бұйрық өндірісі тәртібінде жүзеге асырылады.
Берешектерді өндіру туралы істерді қарау бойынша сот практикасына жасалған талдау көрсеткендей, Республика соттарымен БААТЖ деректер базасына салынған сот бұйрықтары соттармен тек салық органдарының арыздары бойынша шығарылған.
Салынған сот актілерін зерделегенде осы санаттағы істер Республиканың барлық соттарында бірдей қаралады. Берешектерді өндіру туралы арыздар соттарда бұйрық өндірісі тәртібінде қаралған.
Салық кодексінің 409-бабының 7 тармағына сәйкес салық бюджетке объектіге салық салу орны бойынша есептік салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірмей төленуге тиіс.
Мысалдар:
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен сотының 15 маусым 2015 жылғы сот бұйрығымен Акимова Зауреш Оралканкызынан «Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің 80900 есеп шотқа, коды 105315, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті, бенефициар «Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ пайдасына 26.053 (жиырма алты мың елу үш) теңге сомадағы жер салығы бойынша берешек, 4.933 (төрт мың тоғыз жүз отыз үш) теңге сомадағы өсімпұл, барлығы 30.986 (отыз мың тоғыз жүз сексен алты) теңге өндірілді.
Сондай-ақ З.О.Акимбаевадан мемлекет пайдасына 465 (төрт жүз алпыс бес) теңге сомадағы мемлекеттік баж салығы өндірілді.
Осы сот бұйрығын зерделегенде сотпен Салық органының арызы қанағаттандырылып, салық заңнамасы нормаларына сәйкес сот бұйрығы шығарылғанын көрсетті.
Яғни, сот бұйрығынан көрініп тұрғандай, өндіріп алушының берген құжаттарынан камералды бақылау нәтижесінде З.О.А. Өскемен қаласы С. селосындағы № 663 жер учаскесінің жалға алушысы бола тұра, № 1677 20 тамыз 2012 жылғы уақытша ақысыз жерді пайдалану шарты негізінде жер учаскесін пайдаланғаны үшін 26,053 теңге сомадағы салықты төлемеген, өсімпұл мөлшері 4.932,73 теңгені құрайды.
Салық кодексінің 14-бабы талаптарына сәйкес салық төлеуші уақытылы және толық көлемде салық міндеттемесін атқаруға міндетті. Заңнаманың осы талаптарын бұза отырып, салық төлеуші заңмен белгіленген мерзімде салықтың төлемін жасамаған.
Сот актісінде судья өз уәждерін негіздегенде Салық кодексінің 478-479 баптарына дұрыс толық сілтеме жасай отырып, оларға сай автокөлік құралдарына салықты төлейтіндер болып жер учаскесін уақытша ақылы жер пайдалануға (жалға алу) алған жеке тұлғалар болып табылады. Салық салу объектілері болып мемлекетпен уақытша жер пайдалану үшін берілген жер учаскелері болып табылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
CОТ БҰЙРЫҒЫ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіру туралы
61 рет жүктеп алынды -
көлік салығынан берешек сомманы өндіру туралы сот бұйрығы
72 рет жүктеп алынды -
салық берешегін өндіруге сот бұйрығы
71 рет жүктеп алынды -
салық бойынша берешегін өндіруге сот бұйрығы (2)
66 рет жүктеп алынды -
салық бойынша берешегін өндіруге сот бұйрығы
65 рет жүктеп алынды