Бұрын қылмыс (оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және өтелген соттылықтың барында) жасағаны үшін сотталған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарды жұмысқа қайта орналастыру туралы даулар
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеу ерекшелігі Еңбек Кодексінің нормаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа заңдарымен белгіленеді.
Осылайша, Еңбек Кодексінің 139-б. 4-т., сондай-ақ бұрын қолданыстағы Еңбек Кодексінің (2007 ж.) 231-б. 2-т. бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам азаматтық қызметке басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға қабылданбайды.
Сондай-ақ 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-б. 4-т. 6-2) т. сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам мемлекеттік қызметке қабылданбайды.
Осыған ұқсас норма 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет туралы» қолданыстағы Заңның 16-б. 3-т. 8) т. сақталған.
Мәселен, М.К.С. Павлодар облысы Успен ауданының әкіміне 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 46 оны лауазымынан босату, «Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-нің (бұдан әрі – «Успен ауданының ТКШ, ЖК және АЖБ» ММ) басшысы ретінде жұмысқа қайта орналастыру туралы өкімнің күшін жою және амалсыз жұмысқа шықпаған уақытқа жалақыны өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінді.
М.К.С. талапты әкімнің өкімімен ол «Успен ауданының ТКШ, ЖК және АЖБ» ММ-нің басшысы лауазымынан Успен ауданы прокурорының 2016 жылғы 20 сәуірдегі ұсынымы негізінде жұмыстан шығарылған, себебі оның ҚК-нің 308-б. 4-б. «в» т., 307-б. 1-б. бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін соттылығы бар, және «Успен ауданының ТКШ, ЖК және АЖБ» ММ-нің бас маманы мемлекеттік лауазымға заңсыз қабылданған, кейін мекеме басшысы лауазымына ауыстырылған. Талапкер өзінің жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санаған, себебі Успен аудандық сотының 2010 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысымен соттылық пен мемлекеттік лауазымды қамтуға тыйым салу алып тасталынған, сәйкесінше, соттылықпен байланысты барлық құқықтық зардаптар жойылған. Мемлекеттік қызметке түскен кезде ол соттылықты жасырған жоқ, ҰҚК арнайы тексерісі оның мемлекеттік лауазымды қамту үшін кедергілер таппады.
Сотпен анықталғандай, М.К.Сарсенбаевтың «Успен ауданының ЖК және АЖ ТКШ бөлімі» ММ-не мемлекеттік лауазымға қабылдағанға дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактісі онымен дайланбайды және соттың үкімімен расталады.
2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 61-б. 1-т. 17 т. талаптарға сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуынамемлекеттiк лауазымға тағайындалу кезiнде осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмеуі негіз болып табылады.
Осындай мән-жайлар барысында М.К.Сарсенбаев сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін мемлекеттік қызметке қабылданбады.
Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін соттылықтың алып тасталынғаны, Қылмыстық Кодексінің қағидаларына сәйкес соттылықпен байланысты тарлық құқықтық зардаптар жойылатыны туралы талапкердің дәлелдерді сот дұрыс деп таныды. Бұл құқық «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 16-б. 3-т. 10 т. (сондай-ақ бұрын қолданыстағы Заңның 10-б. 4-т. 7 т.) іске асырылған, онымен мемлекеттік қызметке мемлекеттiк қызметке кiру уақытына заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар азаматты қабылдауға болмайды.
Алайда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 16-б. 3-т. 8 т. мемлекеттiк қызметке сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған азаматты қабылдауға болмайды деген қағидалар арнайы норма болып табылады, және арнайы субъекті – сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаға қатысты қолданылуы тиіс. Талапкер осындай тұлға болып табылады (осыған ұқсас тапсырма бұрын қолданыстағы Заңның 10-б. 4-т. 6-2 т. баяндалған).
Сотпен анықталғандай, жауапкерде мемлекеттік қызметке тағайындаған кезде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен белгіленген талаптарға сай келмеуіне байланысты талапкерді жұмыстан шығару үшін негіз болған. Аталған негіздеме «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 61-б. 1-т. 17 т. көзделген. Осындай мән-жайлар барысында М.К.С. заңның аталған нормасы негізінде жұмыстан шығарылуы тиіс еді, ол туралы сот шешімінде көрсетті.
Талапкер шешімді апелляциялық тәртіпте шағымдады, және облыстық сотының сот алқасымен ол өзгеріссіз қалдырылды.
Даулардың дәл осы санатынан Алматы облысының Талдықорған қалалық соты қараған келесі іс қызығушылық танытады. Талапкер А.Л.Ш. бұйрықты заңсыз деп тану және бұрынғы лауазымында жұмысқа қайта орналастыру туралы өз талаптарын келесідей уәждеді, 2014 жылдың 3 қарашасынан бастап ол ормаш шаруашылығы және жануарлар әлемі Алматы облыстық аумақты инспекциясының бас маман – мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген. 2016 жылғы 3 наурыздағы № 58 бұйрық негізінде қылмыс жасағаны үшін заңды күшіне енген айыптау үкімінің бар болуына байланысты жұмыстан шығарылған. Жұмыстан шығаруды заңсыз деп санаған, себебі айыптау үкімі жоқ.
Сот бұйрықтан анықтағандай, талапкер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61-б. 1-т. 12 т. негізінде жұмыстан шығарылған, себебі Алматы облысының Қапшағай қалалық сотының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы заңды күшіне енген үкімі, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2016 жылғы 16 ақпандағы қаулысы мен «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің Алматы облысы бойынша Департаменті» ММ-нің 2016 жылғы 2 наурыздағы №3-6-1- 17/1300 хаты бар.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61-б. 1-т. 12 т. сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi негіз болып табылады.
Сотпен анықталғандай, Алматы облысының Қапшағай қалалық сотының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы үкімімен А.Л.Ш. ҚР ҚК-нің 190-б. 3-б. 2 және 3-т. көзделген қылмыс жасауда айыпты деп танылған және жалпы режимдегі түзету колониясында жазаны өтеумен, орман және жануар әлемін қорғаумен байланысты қызметті орындау құқығынан өмір бойғы айырумен мүлікті тәркілеумен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.
Алайда Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2016 жылғы 16 ақпандағы қаулысымен Алматы облысының Қапшағай қалалық сотының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы А.Л.Ш. қатысты үкімінің күші жойылған болатын. Жәбірленушімен татуласуына байланысты, ҚК-нің 68-б. 1-б. негізінде талапкерді қылмыстық жауаптылықтан босатумен айыптау бойынша қылмыстық іс қысқартылған.
Осындай мән-жайлар барысында сот қылмыс жасағаны үшін заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі негізінде А.Л.Ш. жұмыстан шығару туралы бұйрық заңсыз болып табылады деген қорытындыға келді, себебі Қапшағай қалалық сотының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы айыптау үкімінің күші жойылған. Талапкердің жұмысқа қайта орналастыру бөлігіндегі талаптар қанағаттандыруға жатпайды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі жұмыстан бостау туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмысқа қайта алу туралы
56 рет жүктеп алынды -
Шешім «қатаң сөгіс» беру туралы бұйрығын бұзуды, жұмысқа қайта орналастыруды моральдық шығын өндіру
54 рет жүктеп алынды -
___~1
61 рет жүктеп алынды -
__4C2B~1
53 рет жүктеп алынды -
__5A69~1
62 рет жүктеп алынды -
Шешім өкімін заңсыз деп тануды, бұрынғы Жаңақоныс ауылдық округі әкімі қызметіне қайта орналастыру
55 рет жүктеп алынды