⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Еңбек міндеттемелерін орындау кезінде азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру

Еңбек міндеттемелерін орындау кезінде азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру

Еңбек міндеттемелерін орындау кезінде азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру

Еңбек міндеттемелерін орындау кезінде азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру

Қызметкердің негізгі еңбек құқықтары халықаралық-құқықтық құжаттар мен Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарға сәйкес келеді. Бұл құқықтардың мазмұны тікелей Еңбек Кодексінде, Азаматтық кодексте, «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде баяндалған. «Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 9 және «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3, «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 Нормативтік қаулыларында көрсетілген, еңбек міндеттемелерін орындау кезінде қызметкерге келтірілген зиянның орнын толтыру мәселесіне арналған мәлімдемелер бар.

Зиян келтіруден келген міндеттеме болып, азаматтың немесе кәсіпорынның жеке басына не мүлкіне зиян келтірген жақ бұл зиянның орнын толтыруға міндетті болатын міндеттеме табылады. Келтірілген зиянның орнын толтыруды міндеттеу - азаматтыққұқықтық жауапкершілік шарасы болып табылады.

Бұл міндеттеменің туындау негіздемелеріне қатысты шартты және шарттан тыс немесе деликтілік (латын тілінен delictum – құқық бұзушылық) жауапкершілік түрлері ажыратылады. Шартты жауапкершілік – бұл жақтар арасындағы міндеттемелердің бұзылуы себебінен туындайтын жауапкершілік. Бұдан айырмашылығы, жақтар арасындағы міндеттілік болмайтын қатынастар үстінде зиян келтірілген кезде зиян келтіруші жәбірленуші алдындағы өзінің нақты міндетін емес, өзге тұлғаларға тиесілі құндылықтарға қол сұғушылықтан тартыну сияқты барлығына ортақ міндетті бұзады. Шарттан тыс жауапкершіліктің немесе деликтілік жауапкершіліктің ерекшелігі сол, ол абсолюттік құқықтық қатынастардың бұзылу нәтижесі ретінде орын алады және сол себепті азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы жалпы ережелермен қатар, деликтілік жауапкершілік туралы арнайы нормалармен (Қазақстан Республикасының АК-нің 47-тарауы) реттеледі.

Қарастырылған істер санаты бойынша талап арыздар ережеге сәйкес, талапкердің тұрғылықты мекенжайы бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша түсіріледі.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.