Еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы алуынан тыс, зардап шегуші айырылған жалақысын алуға құқығы бар
Талапкер К.Б. Башенов жауапкер «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлары бойынша Комитетінің Қарағанды облысының төтенше жағдайлар Департаментінің өртке қарсы қызмет және авариялық құтқару операциялары» ММ-нен еңбек міндеттемесімен байланысты денсаулыққа келтірілген залал өндіру туралы талабымен Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сотына жүгінген.
Талап арыз бойынша қызметтік міндеттерін орындау нәтижесінен ол еңбек жарақатын алған. Соттан жауапкерден денсаулықты зақымдаумен, айырылған жалақысы үшін 2013 жылдың 01 мамырынан 2015 жылдың 01 мамырына дейін 1 226 400 теңге көлеміндегі ақшалай соманы, осы соманы 2013 жылдың 01 мамырынан 2015 жылдың 01мамырына дейін болашақта ай сайын 51 100 теңгеден төлеуге міндеттеу арқылы келтірген залалды өндіруді сұрады Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сотының шешімімен К.Б.Б-овтың жауапкер «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлары бойынша Комитетінің Қарағанды облысының төтенше жағдайлар Департаментінің өртке қарсы қызмет және авариялық құтқару операциялары» ММ-не залалды өндіру туралы талабы қанағаттандырылмаған. К.Б. Б-нов апелляциялық шағымында сот шешімімен келіспей, жауапкер міндетті әлеуметтік сақтандыру қатысушысы болғанын көрсетті.
Сотпен, жәрдемақының үш түрінің «бірі» бұндай «еңбекке уақытша жарамсыздыққа» әлеуметтік сақтандыру төлеміне жататынын анықтамаған. Оған, жалпы еңбекке жарамдылығының 79 % жарамсыздығына төлемдердің төленгенін және төленуін анықтамаған. Бірінші саты соты қолдануға тиесілі заңды қолданбаған. Сонымен қоса, бірінші сатыдағы сот 02.07.2012 жылғы заңды күшіне енген сот шешімін көңілге алмаған. Сот шешімінің күшін жойып талап арызды толығымен қанағаттандыруды сұрады.
Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сот алқасы сот шешімі өзгеріске жатады, деген тұжырымға келесі негіздер бойынша тоқталды. Іс материалдарымен, К.Б. Б-нов мамандандырылған өрт бөлімшесінің жүргізуші болып жұмыс атқарып 2011 жылдың 11 қыркүйегінде қызметтік міндеттемелерін орындау барысында еңбек зақымын алған. 2011 жылдың 30 қыркүйегінде бекітілген өндірістегі жазатайым оқиғасы туралы № 7 актісімен, жұмыс берушінің кінә дәрежесі 100 % болып анықталған. 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 3 ССМ қорытындысына сәйкес, 2012 жылдың 19 қаңтарындағы және 14 маусымындағы өзгертулерімен, К.Б. Б-вқа 85%-ға кәсіби еңбекке жарамсыздығымен 2 топ мүгедектігі анықталған.
2015 жылдың 02 ақпанында кезекті куәландыруда К.Б.Б-овқа 79%-ға жалпы еңбекке жарамсыздығымен 2 топ мүгедектігі, 2017 жылдың 02 ақпанына дейін анықталған. АК-нің 937-бабына сәйкес, азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс (кіріс) өтелуге жатады.
Бұған дейін Жезқазған қалалық сотының 2012 жылдың 02 шілдесіндегі шешімімен жұмыс берушіден жұмыскердің пайдасына еңбекке жарамсыздық кезіне айырылған жалақысы түрінде залал өндірілген, бүгінгі күнде толығымен орындалған. Алайда, алқа К.Б. Башеновтың талабын қанағаттандырмаумен келіспеді, талапкер әлеуметтік жәрдемақынының үш түрін алушы болып көрсетілгендіктен, оның ішінде біреуі мемлекеттік фондтан төленетіндіктен, жәрдемақыны алу уәжін талап арызды қанағаттандырмауға негіз болып саналмайды.
АК-нің 938-бабының 1-тармағына сәйкес, өтеуге жататын жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбекке қабiлетiн, ал ол болмаған кезде - жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуы дәрежелерiне сәйкес, еңбекке жарамдылығынан айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) проценттерiмен анықталады.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 Заңына сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандырудың бір түрі «еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай» болып табылады. Аталған міндетті сақтандырудың міндетті түрі мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бiрi ретiндегi азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрілсе, оған жазатайым оқиғалардан және аурулардан міндетті сақтандыру қамтамасыз етіледі.
Сонымен қоса, еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айырылған деп белгiленген бүкіл кезеңге тағайындалады. Ол жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына және ол жалақы алу (алмауына) қарамастан тағайындалады. Соған орай, еңбекке жарамсыздығына байланысты жәрдемақы алуынан басқа, зардап шегуші жалақысының жоғалған мөлшерін алуға құқылы.
Еңбекке жалпы қабілеттілігі әр жұмыскерге тән, өйткені кез-келген жұмысты орындауға адамның әрекеті деп табылады, ал кәсіби еңбекке қабілеттілік адамның жарақат алғанға дейін кәсіби мамандығы бойынша жұмысты орындау бойынша еңбек етуі деп табылады. Жалақының жоғалған мөлшері жұмыскердің еңбекке қабілетсіз болғандағы барлық уақытына, сонымен қоса еңбек ету қабiлетiнен толық немесе iшiнара айрылу жағдайында өтеуге жатады.
АІЖК-нің 71-бабына сәйкес, соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді. Азаматтық істі қарастыру барысында, тараптардың ортасында және 02 шілде 2012 жылғы шешімді шығару кезінде, талапкердің орташа жалақы мөлшері 64 683, 9 теңгені құрайтыны анықталған. К.Б. Башеновтың еңбекке жалпы қабілеттігінен айрылуы 79 % болғандықтан, оның пайдасына өтеуге жататын жалақысының (кірісінің) жоғалған мөлшеріне (64 683,9х24: 100)х79) = 1 226 406, 77 теңге мөлшеріндегі ақшалай сомасы жатады. Ай сайынғы төлем 51100,28 теңгеге тең.
Қазақстан Республикасының Президентінің 07.02.2001 жылғы № 549 Жарлығына сәйкес, төлемдер сомасын дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолданғанда, 1 226 407 теңге мөлшеріндегі сомасы белгіленеді. Еңбек Кодексінің 164 бабына сәйкес, сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші жұмыскерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті. Бірінші саты сотының анықтауы бойынша, талапкер «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, сақтандыру төлемдерін және мемлекеттен мүгедектігі үшін жәрдемақы алады.
АК-нің 937-бабының 2-тармағына сәйкес, жоғалтқан табысты (кiрiстi) анықтау кезiнде жарақаттануына немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрiлуiне байланысты жәбiрленушiге тағайындалған мүгедектiк бойынша жәрдемақы, денсаулығына зиян келтiргенге дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жәрдемақы түрлерi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерi өтеу есебiне қосылмайды. Зиянды өтеу есебiне жәбiрленушiнiң денсаулығы зақымданғаннан кейiн алатын табыс та есептелмейдi. Аталған норманы ескере, жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілгені, мүгедектігі үшін зардап шегушіге тағайындалған жәрдемақы есептелмейді.
Сонымен қоса, міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын немесе жатпайтын тұлғаларға бюджеттен жәрдемақылар төленген уақытында, төлемдер әлеуметтік сақтандыру қорынан және тек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі тұлғаларға төленетіндіктен, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер жәрдемақыға жатпайды.
Жоғарыдағыны ескере, отырып аталған іс бойынша 10 маусымындағы 2015 жылғы Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сотының шешімі өзгертілген және К.Б. Б-новтың талабын қанағаттандырмау бөлігінде күші жойылып, талап арызды жартылай қанаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған.
Жауапкер «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлары бойынша Комитетінің Қарағанды облысының төтенше жағдайлар Департаментінің өртке қарсы қызмет және авариялық құтқару операциялары» ММ-не К.Б. Б-новтың пайдасына 2013 жылдың 01 мамырынан 2015 жылдың 01 мамырына дейін 902 913 теңге мөлшерінде бір жолғы жоғалған жалақысы өндірілген.
Алқа, Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің төтенше жағдайлары бойынша Комитетінің Қарағанды облысының төтенше жағдайлар Департаментінің өртке қарсы қызмет және авариялық құтқару операциялары» ММ-ін К.Б. Б-новқа 2015 жылдың 01 мамырынан 2017 жылдың 02 ақпанына дейін, кезекті қайта куәландыруға дейін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдердің шегерімдерімен, ай сайынғы жоғалған жалақысын өтеуге міндеттеген. К.Б. Б-новтың апелляциялық шағымы жартылай қанағаттандырылған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі келтірген материалдық, моральдық зиянды өндіру және жұмысқа қайта орналастыру
59 рет жүктеп алынды -
6AE9~1
59 рет жүктеп алынды