Ерiктi немесе мiндеттi түрде сақтандыру тәртібімен өзінің жауаптылығын сақтандырған тұлға, келтiрiлген зиянды толық өтеу үшiн сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен залалдың нақты мөлшерiнiң арасындағы айырманы, денсаулыққа зақым келтіру шығындарын өтейдi
Талапкер С.А. К-кова жауапкер «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС-не еңбек етуде жарақат алу нәтижесінен келтірілген залалға, емделу орнына көлікті қамтамасыз ету, тексерілу, емделу үшін қосымша шығындарды өндіру туралы талап арызымен Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сотына жүгінген.
2013 жылдың 27 қаңтарында ол іссапардан қайтып келе жатқанда, поездың купе вагонында үстіңгі жағына көтерілер алдында тиісті ұсталуға арналған тұтқаның болмауы салдарынан жоғарыдан құлап оң жақ иығын жарақаттап, соған байланысты, медициналық қызметке жүгінуге мәжбүр болып денсаулығын қалпына келтіру үшін шығындарды көтерген, алайда жұмыс беруші залалды ерікті өтегісі келмейді. Соттан еңбек етуде жарақат алу нәтижесінен келтірілген залалға, емделу орнына көлікті қамтамасыз ету, тексерілу, емделу үшін 319 298 теңге көлемінде қосымша шығындарды өндіруді сұраған.
02 ақпан 2015 жылғы Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сотының шешімімен талап жартылай қанағаттандырылған, «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС-не С.А. К-ваның пайдасына 30 813 теңге жалпы сомасын денсаулығының бұзылуына әкеп соқтыртқаны үшін шығын ретінде және 308 теңге мемлекет пайдасына мемлекеттік бажды өндіруді қаулы еткен.
«Казахмыс Корпорациясы» ЖШС-і апелляциялық шағымында заңның талабына сәйкес, талапкердің денсаулығына келтірілген залалды өтеуге қатысты өзінің міндеттемелерін уақытымен орындағанын, және талаптан бас тартып, сот шешімінің күшін жоюды сұраған. Талапкер жоғалған жалақысымен байланысты өтеуге жататын төлемдерді ұдайы ай сайын алады. С.А. К-коваға денсаулығының бұзылуына жұмсалған шығындарды өтеу үшін, дәрілер алуға, санаторлы-курорттық емделуге және т.б. 2 596 500 теңге мөлшерінде біржолғы сақтандыру төлемі төленген. Талапкер барлық сақтандыру сомасын аталған мақсатқа жұмсағаны туралы дәлелдемені ұсынбаған.
Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сот алқасы бірінші саты сотының қорытындысымен келіспей, 2013 жылдың 27 қаңтарында С.А.К-кова «Қарағанды-Жезқазған» поездымен іссапардан қайтып келе жатқанда, № 7 купе вагонының үстіңгі жағына көтерілерінде құлап, оң жақ иығы диафизинің өзара ығысымен е/ү бұранда тәрізді сынық түрінде жарақат алғанын көрсетті.
2013 жылдың 25 қыркүйегіндегі және 2014 жылдың 05 наурызындағы Қарағанды ССМ бөлімінің қорытындысымен С.А. К-оваға бірінше рет 70 пайызға кәсіби еңбек етуінен айырылуы бойынша II топ мүгедектігі, кейін 50 пайызға кәсіби еңбек етуінен айырылуы бойынша III топ мүгедектігі қойылған.
Еңбектен мертігу нәтижесінен С.А.К-екова медициналық қызметте кеңес алып, қаралып, емделуге барып, дәрі-дәрмек алып, емделетін орынға бару үшін көлік қолданып, 319 298 теңге жұмсап, жауапкерден денсаулыққа келтірілген зиян үшін қосымша шығындар ретінде өндіріп алуды сұрады.
Сот АК-тің 937-бабының 1-тармағына және 09 шілдедегі 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысына сәйкес, талап арызды қосымша шығындар бөлігінде қанағаттандырғанда, азамат жарақат алған немесе оның денсаулығына өзгедей зақым келтірілген жағдайда жәбірленушінің алатын немесе алуы мүмкін жоғалтқан еңбекақысы (табысы), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтірілуіне байланысты жұмсалатын шығындар (емделу, дәрі-дәрмек сатып алу, қосымша тамақтану, протез салғызу, санаторлық-курорттық ем алу және т.б. үшін), егер дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясы жәбірленуші көмек пен күтімнің осы түрлерін қажетсінеді және оларды тегін алмайды деп тапса, өтелуге жататынын ескерген.
Соттың пікірі бойынша 30 813 теңге сомасына дәлелден құжаттарды қосқанда, ССМ қорытындысы бойынша С.А. К-бекова санаторлықкурорттық ем алуды, стационарлық емделуді, қосымша көмектің түрлерін алуды қажет еткендігінен талапты қанағаттандыруға негіз болған.
Аталған соттың уәждерімен апелляциялық сот алқасы келіспеді. Еңбек Кодексінің (317-бабы 12-тармағы) сәйкес, жұмыс беруші қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті.
Қызметкер еңбек ету міндеттемелерін орындау кезінде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенде жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру, 07 ақпанындағы 2005 жылғы «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелген, онымен жұмыс берушінің қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу міндеті қарастырылған.
Заңның 6-бабына сәйкес, қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi мүмкiн қызметкердiң пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. (Заңның 11 бабы)
Жұмыс берушімен «БТА Өмір» БТА Банкінің өмірді сақтандыру еншілес компаниясымен» 25.02.13 жылғы № Д1324-190923-001124 еңбек ету кезінде қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты жасасқан, соның шеңберінде 2013 жылдың 15 қарашасындағы төлемақы түбіртегімен расталған С.А.Кайырбековаға 2 596 500 теңге көлемінде біржолғы сақтандыру төлемі төленген.
Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес, аталған сақтандыру төлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген БАЕК қолданылумен көрсетілген қаржы жылына, сақтандырушы мекемелерімен қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындар өтеледі.
Заңның 19-бабының 2-тармағында қарастырылған біржолғы төлем ретінде, денсаулықты бұзумен келтірген шығындарды өтеу есебіне жататын төлемге АК-тің 937 бабы 1 тармағында көзделген (емделуді, қосымша тамақтануды, дәрілер сатып алуды, протез салғызуды, басқа адамның күтім жасауын, санаторий-курорттық емделуді, арнайы көлік құралдарын сатып алуды, басқа кәсіпке даярлауға және басқаларын) енгізу уәжіне тоқталуға болады.
Сонымен қоса, АК-нің 924-бабына сәйкес, денсаулықтың бұзуымен келтірілген шығындарды өтеу үшін, ерiктi немесе мiндеттi түрде сақтандыру тәртібімен өзінің жауаптылығын сақтандырған тұлға, келтiрiлген зиянды толық өтеу үшiн сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған жағдайда сақтандыру сомасы мен залалдың нақты мөлшерiнiң арасындағы айырманы өтейтiні бірінші саты сотымен ескерілмеген. Бұндай мән-жайлар анықталмаған, сақтандыру төлемімен жұмсалған шығындарды жабу туралы дәлелдемелер талапкермен ұсынылмаған.
Материалдық құқықтың нормалары тиісті қолданылмағаны анық. АІЖК-нің 365-бабы 1-тармағына сәйкес, егер сот заңды дұрыс түсіндірмесе, материалдық құқық нормалары бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептелсе, қолдануға жататын заңды қолданбады деп табылады.
Бірінші саты сотымен аталған құқықтық дауға «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19 бабы 2 тармағының ережесін, материалдық нормаларды дұрыс қолданбауы, соттың шешімінің өзгертілуіне әкеледі. Жоғарыда айтылғанға сәйкес, апелляциялық сот алқасымен талапкердің 30 813 теңге сомасын өндіру бөлігіндегі талабы қанағаттандырылмай сот шешімі өзгертілген.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі келтірген материалдық, моральдық зиянды өндіру және жұмысқа қайта орналастыру
55 рет жүктеп алынды -
6AE9~1
60 рет жүктеп алынды