Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жалақыны және өтемақыны уақытында төлемеумен байланысты жұмыс берушінің жауапкершілігі

Жалақыны және өтемақыны уақытында төлемеумен байланысты жұмыс берушінің жауапкершілігі

Жалақыны және өтемақыны уақытында төлемеумен байланысты жұмыс берушінің жауапкершілігі

Жалақыны және өтемақыны уақытында төлемеумен байланысты жұмыс берушінің жауапкершілігі

 

Аталған талаптарды қанағаттандыру туралы шешімді қабылда отырып, соттар ЕК-нің 134 бабының 4 бөлігіне сүйенеді, яғни жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеледі және төлем жасалған күнмен аяқталады.

 Соттар заң бойынша өсімақыны өндірудің себебі жұмыс берушінің кінәсі бойынша жұмыскермен еңбек шартын бұзумен байланысты жалақыны және басқа төлемдерді ұстап қалу болып табылады.

Жалақы төлеуді ұстап қалғаны үшін өсімақыны есептеу банк саласында өсімақыларды, пайыздарды есептеу үшін қолданатын Ұлттық Банкінің есептеуі бойынша жүргізілуі тиіс – қарыз сомасы мерзімі өткен күндер санына көбейтіледі және рефинансированияның банктік ставканың мөлшері міндеттемелерді орындау күніне, алынған сома 360 күнге бөлінеді және 100%.

Тәжірибе жүзінде қолданылбаған демалыс үшін ақшалай өтемақыны өндіру кезінде талапкерлер уақытында төленбеген жалақы үшін өсімақыны өндіруді талап етеді, ол ережедегідей сотпен өндіріледі.

Мәселен, Қарағанды қ., Қазыбекби аудандық сотының №2 аудандық сотымен қолданылбаған еңбек демалысы, өсімақы үшін өтемақыны өндіру және жинақтау төлеулерді жинақтау шоттарға аудару туралы А.М. У., Н.В. А., Ю.Б. С., Е.А. А. (бұрынғы Тарасова) «Караганда Строй Проект» ЖШС-не қатысты іс қарастырылды. Талапкерлер өздерінің талаптарын А.М. У. жауапкерде 2007 жылғы 14 шілдесінен бастап 2013 жылғы 09 шілдесіне дейін, Н.В. Арефкина 2007 жылғы 01 қарашасынан бастап 2013 жылғы 29 наурызына дейін, Ю.Б. С. 2011 жылғы 02 желтоқсанынан бастап 2013 жылғы 29 наурызына дейін, Е.А. А. 2011 жылғы 11 сәуірінен бастап 2013 жылғы 29 наурызына дейін жұмыс атқарды. Барлық төрт талапкерлердің талап арыздары ішінара қанағаттандырылды, себебі жауапкермен жазбаша дәлелдемелер ретінде жұмыс күнін есептеу табелі, жұмыскерлер тізімі, олар бойынша 2013 жылғы ақпан бойынша міндетті зейнет төлемдерді қайта есептеу, А.М. У. бойынша қолданылбаған демалы үшін өтемақы есептеулері ұсынылған. Аталған жазбаша дәлелдемелер бойынша сотпен орнатылғандай, А.М. У. 2012-2013 жылдары 9 773 тенге көлемінде өсімақымен бірге 89 218 тенге көлемінде қолданылбаған демалыс үшін өтемақы төлеу жатады және барлық талапкерлерге 2013 жылғы ақпан ішінде зейнетақы аударымдары жүргізілді. Талапкер Н.В. А. жауапкермен дәлелдемелер ұсынылғаннан кейін 2013 жылғы наурыз айы үшін ғана зейнетақы аударымдарды міндетті түрде оның зейнетақы шотына аудару екендігін келісті.

ҚР ЕК-нің 134 бабына сәйкес жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді.Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Сондықтан сотпен талапкер А.М. У. өсімақы және 2012-2013 жылдары қолданылбаған еңбек демалыс үшін өтемақы сомасы дұрыс төленді. Жауапкерді зейнетақы аударымдарды аудару туралы қалған талапкерлердің талаптарының бөлігінде, осындай талаптар қанағаттандырылды, өйткені бұл міндет заңнамаға сәйкес жұмыс берушіге жүктелген.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.