Жеке еңбек дауларын қарау бойынша сотқа жүгінудің мерзімдері
Еңбек Кодексінің 160-б. сәйкес келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:
- жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін – реттелмеген даулар бойынша не еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының шешімін орындамағанда жүгінген кезде келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі ай;
- басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жыл.
Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімінің өтуі қаралып жатқан еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде, сондай-ақ келісу комиссиясы болмаған жағдайда, ол құрылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Жоғарғы Сотының «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысына сәйкес сот жүгіну мерзімдерін тек тараптың арызы бойынша дауда ғана қолданылады.
АПК-нің 172-б. 6-б. сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімін немесе сотқа жүгіну мерзімін дәлелді себептерсіз өткізіп алған жағдайда судья іс бойынша өзге де іс жүзіндегі мән-жайларды зерттемей, талап қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Мерзімді өткізіп алу фактісі талап қоюшының өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаты немесе жауапкердің талап қоюдың ескіру мерзімін қолдану туралы өтінішхаты негізінде белгіленеді.
Егер сот талапкердің еңбек құқықтары бұзылды, алайда ол Еңбек Кодексімен көзделген жүгінудің мерзімін дәлелді себептерсіз өткізіп алғанын анықтайтын болса, онда сот шешімнің уәждеу бөлігінде бұл құқықтардың бұзылғаны туралы көрсетеді, және жүгіну мерзімін өткізіп алумен байланысты талаптан бас тартады. Осындай жағдайларда сот талқылауына істі дайындаған кезде келіп түскен талапкердің өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаты немесе жауапкердің талап қою мерзімінің қолданылуы туралы өтінішхаты талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарумен алдын ала отырыста сотпен қаралуы мүмкін.
Еңбек Кодексінің 160-б. көзделген мерзімдер дәлелді себептер бойынша өткізіп алынғаны анықталса, онда сот шешімнің уәждеу бөлігінде ол туралы көрсетеді және дауды мәні бойынша шешеді.
Алматы облысының Талдықорған қалалық соты 2016 жылдың 28 маусымында Е.Б.Т. Алматы облысының ішкі істер Департаментіне жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмыста қайта орналастыру және арнайы атағын қалпына келтіру, амалсыз жұмыстан шықпаған уақытқа соманы өндіріп алу, моральдық зиян мен сот шығындарын өтеу туралы талабы бойынша істі қарады. Бірінші сатыдағы сот талапкердің еңбек құқықтары бұзылды деген қорытындыға келді, алайда ол Еңбек Кодексінің 172-б. көзделген сотқа жүгіну мерзімін дәлелсіз себептер бойынша өткізіп алған, осыған орай талапты қанағаттандырудан бас тартылды. Сонымен бірге талап қою мерзімін өткізіп алғандықтан, талапты қанағаттандырудан бас тартудың уәждерін сот азаматтық заңнамамен, оның ішінде АК-нің 179-180-б. белгіленген талаптармен негіздеді, алайда талап еңбек дауы бойынша қойылғанын және Еңбек Кодексінің нормаларында негізделгенін есепке алмады. Бұл жағдайда сотқа жүгінудің арнайы мерзімдерін көздейтін Еңбек Кодексінің нормаларын басшылыққа алған дұрыс, себебі дау еңбек құқық қатынастарынан туындаған.
Соттар жүгінудің мерзімін өткізіп алу мерзімдері себептерінің дәлелділігінің бар болуын анықтайды. Дәлелді себептерге қызметкерге сотқа талаппен уақытылы жүгінуге кедергі болатын мән-жайлар жатқызылуы мүмкін, олар: талапкердің науқастануы, тұрақты күтімді жүзеге асыруы тиіс науқас жақын туысына күтім, іссапар, сұрапыл апат немесе басқа тылсым күш салдарынан сотқа жүгіну мүмкіндігінің жоқтығы және т.б.
Талапкерлер жұмысқа қайта орналастыру туралы сотқа жүгінгенге дейін прокуратура органдарына, еңбекті қорғау жөніндегі инспекторға (халықты әлеуметтік қорғау органдары) жүгінген, одан кейін жүгінудің мерзімін өткізіп алғаннан кейін сотқа талап қойған.
Сот практикасында ақталмайтын негіздер бойынша бұрын қысқартылған істер бойынша қылмыстық қудалау органдарының қаулыларын шағымдағаннан кейін жұмысқа қайта орналастыру туралы талаппен сотқа жүгінген қызметкердің бұзылған құқықтарын сот қалпына келтірген жағдайлар баршылық.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
11CA~1
53 рет жүктеп алынды