Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Жол көлік оқиғалары кезінде моральдық зиянды өтеу туралы

Жол көлік оқиғалары кезінде моральдық зиянды өтеу туралы

Жол көлік оқиғалары кезінде моральдық зиянды өтеу туралы

Жол көлік оқиғалары кезінде моральдық зиянды өтеу туралы

 

Ескерілгендей, моральдық зиянды өтеу туралы істердің көп бөлігі жол көлік оқиғалары салдарынан болады.

АК-тің 931-бабы 1-бөлііне сәйкес қызметi айналасындағылар үшiн жоғары қауiптiлiкпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлiк ұйымдары, өнеркәсiп орындары, құрылыстар, көлiк құралдарының иелерi және т.б.), егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауiптiлiк көздерi келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi.

«Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының 7 тармағына сәйкес қатерлi орын туғызушыны пайдалануды меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оперативтiк басқару құқығы ретiнде немесе басқа да негiздер бойынша (жалға алу келiсiм бойынша, көлiк құралын жүргiзу туралы сенiм хат бойынша, құзыреттi органның қатерлi орын туғызушыны тапсыру туралы өкiмi бойынша) иелену негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе азаматты қатерлi орын туғызу иесi деп тану керек.

Қатерлi орын туғызушыны оның иесiмен еңбек шарты бойынша басқарып отырған адам (жүргiзушi, машинист, оператор және т.б.) қатерлi орын туғызушының иесi болып танылмайды және зардап шеккен адамның алдында жауапты болмайды. Егер автокөлiк кәсiпорындары және басқа да кәсiпорындар автомашиналарын өзiнiң жұмысшыларына, яғни кәсiпорынмен еңбек қатынастарында болып, кәсiпорын мүддесiнде еңбек еткен адамдарға жалға беру шарты бойынша тапсырса және көлiк құралы нақты айтқанда кәсiпорынның иелiгiнен шықпаса, онда келтiрiлген зиян үшiн қатерлi орын туғызу иесi ретiнде кәсiпорын жауапты болады.

Осы жағдайда болатын, адамның өмірі мен денсаулығына келген зиян (оның жақын туысына) фактісі моральдық зиян келтіру болады. Сотқа нақты қандай адам психикасына келтірілген зиян фактілері дәлелденбесе де, адамға физикалық азаптың келтірілгендігі (жұмысқақабілетсіздік,мүгедектік,жақын туысынан айырылуы) сот үшін моральдық зиян келтірілді деген тұжырымға келуге жеткілікті.

2015 жылдың 4 маусымда Тараз қалалық сотының шешімімен, апелляциялық сот алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, талапкер С.Р.М-ваның жауапкер «Сапар транс 2012» ЖШС және Е.Р.Т-втан моральдық зиянды өндіру туралы арызының бөлігі қанағаттандырылып, 100 000 теңге ортақ тәртіпте өндірілді. Жауапкер Е.Р.Т-аев жол көлік ережесін бұзып, ашық есіктермен көлікті жүргізген, нәтижесінде талапкер автобустан құлап, оның денсаулығына орта ауырлықпен зиян келтірілгені сотпен анықталған.Әкімшілік құқықбұзушылық жасағандығы үшін Е.Р.Т-аев ҚР ӘҚБтК-нің 468-1 және 469 бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танылған.Жауапкершілік зиянды келтіруші Е.Р.Т-қа, сонымен қатар қатерлі орын туғызушының иесі ретінде «Сапар транс 2012» ЖШС-не жүктелген.Жауапкердің моральдық зиянды өтеу сақтандыру компаниясына жүктелуі тиіс деп келтерген дәлелдемелері сотпен назарға алынған жоқ. Себебі «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының нормаларын және де басқа да автокөлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қолданады. Сақтандыру ұйымдарына сақтандыру жағдайының болуына байланысты үшінші тұлғаларға моральдық зиянды өтеу оларға жатқызылмайды. Моральдық зиянды өтеу бойынша міндет автокөлік құралының иесіне немесе тасымалдаушы өтеуі тиіс.

Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кезде , оны өтеуден толық түрде бас тартуға жол берілмейді.

2015 жылдың 3 сәуірінде Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының шешімімен талапкер И.О.Ц-дің 500 000 теңге мөлщеріндегі моральдық зиянды өтеу туралы келтірген арызы жартылай қанағаттандырылған, Н.Х.Ю-ин, А.Щ.К-нан әрбірінен 25 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілген.Талапкер ұрып соғудың нәтижесінде бас миина зақым және денсаулығына зиян келтіргені сотпен анықталған. Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған Қордай аудандық сотының қаулысымен Н.Х.Ю-ин ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылған. Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған Қордай аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 69-бабы 1-бөлігі негізінде ҚР ӘҚБтКнің 79-3-бабы 2-бөлігі бойынша А.Ш.К-ға қатысты әкімшілік іс қысқартылды.

Сот ӘІЖК-нің 71-бабы 3-1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген сот қаулысында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның кінәсі осы адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтың азаматтық-құқықтық салдарлары туралы істі қарау кезінде қайтадан дәлелденбейтіндігін көрсеткен. Моральдық зиянды өтеу мөлшерін анықтау кезінде сот жауапкерлердің кінә деңгейін, талапкердің басынан кешкен уайымын (ұят, қабыну,физикалық зардап шегу,әріптестері, балаларының көзінше соққыда болуы), сонымен қатар әділеттілікті ескере отырған.

Басқа іс бойынша, 2015 жылдың 22 маусымдағы Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының шешімімен С.О.С-втан Н.А.М-ның пайдасына 100 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілген.Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен С.С-ов Жол көлік ережесінің 10.1 тармағын бұзғаны үшін және оның салдарынан Н.А.М-аның денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтіргені кінәлі деп танылып, ҚР ӘҚБтК-нің 468-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартырған. Жол көлік оқиғасы кезінде С.Сапаров көлікпен нотариуспен куәландырылған сенімхат негізінде жүргізген, автокөлік иесі Н.В.К-ова болған. Сондықтан сот жауапкершілікті зиянды келтіруші С.С-вқа және қатерлі орын туғызушы автокөліктің заңды иесіне жүктеген. «Бекзат Сервис» ЖШС-і С.С-овқа №22 қалалық маршрутын тек ақылы негізінде қықмет көрсету құқығын берген. Жол көлік оқиғасы кезінде С.С-втың «Бекзат Сервис» ЖШС-мен еңбек қатынастарында болғандығы туралы сотта өз дәлелін таппады.Сондықтан АІЖК-нің 921- бабына сәйкес моральдық зиянды «Бекзат Сервис» ЖШС-не жүктеуді сот негізсіз деп таныды. Сот талапкерр келтірілген зиянның негізінде оның физикалық зардап, әлсіреу,ыңғайсыздық болғандығын көрсетті.

2015 жылдың 12 қаңтардағы Теміртау қалалық сотының шешімімен ,апелляциялық сот алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, талапкер А.Е.О-втың жауапкер М.Ж.А-вке келтірген талап арызы жартылай қанағаттандырылған. 900 000 теңге мөлшерінде материалдық залал және жартылай моральдық зиян өндірілген. ҚК-тің 296-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкер сот үкімімен кінәлі деп танылғаны сотпен анықталған. 08.07.2013 жылы олар достарымен Ұлытау кентіне жол жүрген. Иесі М.К.Б-ова болып табылатын «Mersedes Benz» маркалы автокөлігін М.Ж.А-нов жүргізген. Ол автокөлікті жүргізу кезінде, бұрылыста көлікті басқара алмай, жол шетіне шығып кетіп, бірнеше рет аударылған.Талапкер автокөліктің артқы терезесінен ұшып кетіп, автокөлік астында қысылып қалған. ЖКО нәтижесінде талапкердің денсаулығына аса ауыр зақым келтіріліп, бірнеше операциялар жасалып, тіпті теріні ауыстыруға дейін барған. Көлік апасы салдарынан талапкер барлығынан айырылып қалған, жақсы жұмыстан да айырылған. Ол басынан физикалық қабыну және өз өмірін болашақта жоспарлаудан айырылғанын, екінші топ мүгедегі болып қалғандығын көрсетті. Соттан 10 000 000 теңге мөлшерінде моарльдық зиянды өтеуді сұрады. Моральдық зиянды өтеу кезінде сотпен іс мән жайлары ескерілді.

Осы категориялы дауларды қарау кезінде соттар «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының нормаларын және де басқа да автокөлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қолданады. Сақтандыру ұйымдарына сақтандыру жағдайының болуына байланысты үшінші тұлғаларға моральдық зиянды өтеу оларға жатқызылмайды. Моральдық зиянды өтеу бойынша міндет автокөлік құралының иесіне немесе тасымалдаушы өтеуі тиіс.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.