Жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға алимент өндіру туралы
Аталған санат істерін қарауға аранлған нормативтік-құқықтық база ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы қолданылады, «Соттардың некені бұзу туралы істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 5 заңнаманың 14- тармағынан соттың алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайдан алу құқығы бар жұбайының талабы бойынша некені бұза отырып, осы күтіпбағу көлемін айқындауға міндетті екендігін ескеру керек.
Жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға алимент өндіру «Неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен (бұдан әрі - Кодекс)» көзделген.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 147- бабының талаптарына сәйкес, ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлізайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайдан:
1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;
2) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының;
3) ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 148- бабының талабына байланысты, жұбайлардың ұқсас міндеттемелері некені бұзғаннан кейін де сақталады.
Сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері ерлізайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында «Неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 149-бабының талаптарына сәйкес айқындалады.
Сот жұбайдың көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз екінші жұбайды күтіп-бағу міндетінен босатуы немесе некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңде де, неке бұзылғаннан кейін де бұл міндетті белгілі бір мерзімге босату негіздері мен жағдайлары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 150-бабымен көзделген.
Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, алименттер - - бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат.
Заң шығарушы жұбайының үш жасқа дейінгі ортақ баланы өзінің күтіп-бағуына алимент алуға құқығы бар екендігін көздейді. Заң шығарушы аталған алимент қатынастарын ортақ баланың күтімінде болғандықтан, жұбайының жұмыс істей алмау мүмкіндігімен байланыстырады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі алимент өндіру туралы
64 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі қызы үш жасқа толғанша өзіне алимент өндіру жайлы
76 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі ұлы үш жасқа толғанша өзін асырап бағу үшін алимент өндіру туралы
67 рет жүктеп алынды