Кәмелетке толмаған балалармен бөлек тұратын туыстарының (аталары, әжелері), ата-анасының араласу тәртібін анықтау
Қазақстан Республикасының неке-ротбасы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға, Баланың құқықтары туралы декларацияға, «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңды қолдануы туралы» 20.04.2000 жылғы № 4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысына негізделген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес, отбасы мемлекеттің қорғауында болады. Балалар туралы қамқорлық және оларды тәрбиелеу ата-аналардың табиғи құқығы және міндеттемесі болып табылады.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 61-бабы Баланың ата-анасының екеуiмен де, аталарымен, әжелерiмен, аға-iнiлерiмен, апа-сiңлiлерiмен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен араласу құқығын бекітті. Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар.
Сондай-ақ, ата-аналары әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда, баланың олармен араласуға құқығы бар. Кодекстің 73-бабы баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысу құқығын бекітті.
Соотылық
шетіндігін көрсетті. Негізінде, балалардың араласу тәртібін анықтау бойынша дауларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар шешеді.
ҚР АПК 30-бабына ескертпеде, егер тиісті әкімшілік – аумақ бірлігінің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаған болса, оның соттылығына жатқызылған істерін аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.
Талап-арыз өтініштерді қабылдаған кезде балалардың араласу тәртібін анықтау туралы даулар бойынша тараптардың азаматтық-процессуалдық заңнамаға байланысты, егер бұл олардың мүдделерінен туындайтын болса, олардың әрқайсысының тұратын орны бойынша немесе баланың болатын жері бойынша істерді қарау туралы уағдаласу мүмкіндігінен айырылмағаедығын ескеру керек. Яғни, сөз уағдаластық соттылығы туралы болып отыр (АПК 34-бабы).
Кодекстің 73-бабының 3-бөлігінде Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасу құқығы көзделген. Нақ осы жазбаша құжатта атааналар келісім шарттары бұзылатын жағдайда даудың уағдаластық соттылық ережелері бойынша шешілетіндігін сөз етуі керек.
13.12.2001 жылғы № 21 ҚР Жоғарғы Сотының «Азаматтық істерді соттың талқылауына дайындау туралы» нормативтік қаулысында соттардың назарын азаматтық істерді сот талқылауына дайындаудың бірінші және апелляциялық сотта өндіріс сатысының міндетті бөлігі болып табылатындығына және қолданылуға тиіс материалдық құқық нормаларын тараптар сот отырысына ұсынған дәлелдемелердің, қолданыстағы құқықтар мен міндеттемелердің толық, жан-жақты және объективті зерттеу, заңды және негізделген сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар жасайтындығына аудартқан.
Судья баламен араласу тәртібін анықтаумен байланысты әрбір іс бойынша жауапкерді сотқа шақыруға, оның құқықтары мен міндеттемелерін түсіндіруге, оның наразылықтарын анықтауға міндетті. Жауапкерді міндетті шақыру судьяға сотқа дейінгі талқылау барысында оның балаға қарымқатынасы, оның жеке басы туралы түсінігін қалыптастыруға, тіпті, талапкерді сотқа жүгінуге мәжбүр еткен себептерді анықтауға көмектесетін ұсынылған талап-арызға оның қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
«Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңды қолдануы туралы» 20.04.2000 жылғы № 4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысының 7-тармағында соттардың назары сотта ата-ана құқықтарын жүзеге асыру туралы ата-аналар арасындағы даудың қорғаншы және қамқоршылық органдарының шешімімен келіспеген жағдайда шешілетіндігіне аударған. Қорыту барысында судьялардың істерді соттың талқылауына ҚР АПК 249-бабына сілтеме жасай отырып, талап-арызды қарамай-ақ қалдыруға әкелген осындай акті болмағанда тағайындайтын жағдайларды анықталды.
Балаларды тәрбиелеумен байланысты істерді сот талқылауына дайындаған кезде, судьяның ата-аналарды не баланы тәрбиелейтін өзге тұлғаларды сипаттайтын жеке сапаларына, сондай-ақ осы тұлғалардың баламен қалыптасқан қарым-қатынасына ерекше назар аудара отырып, тараптардың дәлелдеуі тиіс туындаған дауды шешу үшін мәні болатын жайттарды дұрыс анықтауы керек.
Кодекстің 73-бабының 3-тармағына сәйкес, ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың атааналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.
Осылайша, заң шығарушы талап-арызды берушінің кім екендігіне қарамастан, қорғаншылық және қамқоршылық органының міндетті түрде қатысуын бекітті. Қорытындыларда, қорғаншылық және қамқоршылық органы дау шешілуге тиіс болғандықтан, өзінің қандай тұжырымға келгендігін көрсетуге тиіс.
Қорғаншылық және қамқоршылық органдары іске даудың мәні бойынша қорытынды беруге құзіретті мемлекеттік орган ретінде қатысатын тұлғаларға жатады. Олардың сотқа қатысу негіздемесі маңызды әлеуметтік бағытталуы болатын істердің дұрыс шешілуіне мемлекеттің мүдделілігі және көптеген жағдайларда процесе өзіндік қатысу және өз мүдделерін қорғау мүмкіндігі болмайтын кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау болып табылады.
Баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзкге асыру бойынша негізгі ережелер Кодекстің 73-бабымен бекітілген.
Кодекстің 1-бабының 73-тармағына сәйкес, Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар.
Баланың ана-аналарының біреуімен тұруы екінші ата-ананы оның тәрбиесіне қатысу құқықтары мен міндеттемелері құқығынан айырмайды. Баладан бөлек тұратын ата-ана онымен араласуға құқылы және оның тәрбиесіне қатысуға міндетті, ал баламен тұратын ата-ана бұндайда екінші ата-анаға кедергі жасауға құқылы емес.
Бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртібі туралы ата-аналар арасындағы дауларды шешкен кезде, соттар «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңды қолдануы туралы» 20.04.2000 жылғы № 4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысының 7-тармағында жазылған түсіндірмелерді басшылыққа алады, соған сәйкес баламен ата-ананың араласу тәртібін анықтаған кезде оның жасы, денсаулық жағдайы, ата-анасының әрқайсысына үйірлігі және баланың жеке және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына әсер етуге қабілетті басқа да жайттарға назар аударылады.
Кодекстің 73-бабының 2-тармағы бойынша дау баланың мүдделеріне байланысты шешіледі. Сот бұл ретте баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, атааналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
Сондайақ баланы тұрғын-үй-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісіне сәйкес тәрбиелеу және дамыту үшін жағдайлардың болуы немесе болмауын (ұйықтайтын және ойнайтын орындарының болуы), кішкентай балаға арналған режимді, талапкердің баланың тұратын жерінен тұратын орнының қашықтығын, баланың ата-анасымен араласпаған кезеңдегі уақыттың ұзақтығын және басқа да жайттарды ескеретіндігін көрсетті.
Соттар осындай дауларды шешкен кезде олардың тілектерін, сондай-ақ баланың мүдделерін ескере отырып,екі ата-анасының да ата-ана құқықтарының бірдей екендігін дұрыс шешкен жөн.
Бұ ретте, іс бойынша нақты жайттар ескеріле отырып, баладан бөлек тұратын ата-ананың талап-арызын сот жиі жартылай қанағаттандырған және баламен араласу тәртібін мәлімделгеннен басқаша айқындаған. Анықтау, атап айтқанда, баламен араласу уақытының ұзақтығы бойынша басқалау, ең алдымен, баланың жеке ерекшеліктерімен, оның жасымен, денсаулық жағдайымен, балада өзінен бөлек тұратын ата-анасымен араласу тәжірибесінің, сондай-ақ ата-аналарының жұмыс режимінің болмауымен байланысты болған.
Бірқатар жағдайларда, сот кішкентай жасын және баланың әкесін ұзақ уақыт көрмеу, одан алыстап кету жайттарын ескере отырып, алғашқы уақытта араласудың және кезекті араласудың әртүрлі тәртібін тағайындады. Мысалы, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2011 жылы 6 маусымда туған ұлы А. әкесі С. араласу тәртібін айқындаған кезде демалыс күндері 3 сағат ұзақтықпен анасының қатысуымен араласу тәртібін анықтады және баланың әкесіне үйренгеннен кейін араласу уақытының тараптардың келісімі бойынша түзетілуі мүмкін екендігін түсіндірді.
Басқаша жағдайда, мысалы, Алматы қ. кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аудандық соты әкесі Н. талап-арызынан бас тарта отырып, 2015 жылдан бастап әкесімен араласпаған үш жасар баласының мүдесімен санасып, балада әкесінің ұнамды үлгісін қалыптастыру және уақыт өте келе бір ай немесе одан көп айға созылуы мүмкін ата-ана арасында үйлесімді әке-ана қарым-қатынасының қалыптастыру мақсатында, кәсіби психологиялық жұмыстың қажеттілігін көрсеткен психологтың қорытындысын назарға алды. Сот әкесіне балада ішкі психологиялық шиеленіс кеткен соң, баламен араласу тәртібі туралы мәселені шешуді түсіндірді.
Соттың осындай ұстанымы дұрыс болып танылады, яғни, баламен араласу тәртібі баланың жасын, психологиялық жай-күйін және басқа маңызды жайттарды ескере отырып анықталады.
Қажет болатын кезде баламен араласу тәртібін сот дау шешілген күнгі нақты жайттарды ескере отырып, кез келген ата-ананың талабы бойынша өзгертуі мүмкін, ал бала 14 жасқа толған кезде – баланың өзінің талабы бойынша (Кодекстің 67-бабының 2-тармағы).
Сондықтан жаңа жайттарды көрсеткен кезде талап-арыз өтінішті қабылдау және жаңадан белгілі болған жайттар бойынша шешімнің күшін жою немесе талап-арыз өтінішті қабылдаудан бас тарту емес, дауды мәні бойынша шешу дұрыс болады.
Соттар сондай-ақ баламен араласуға кедергілерді жою үшін, баланың ата-анасына баланың туыстарының талап-арыздары бойынша істерін қараған.
Аталған санат бойынша талапкерлер болып табылды: әжесі, атасы. Талап-арыздар, ненізінен, бұл баланың мүдделеріне қайшы келмейтін кезде қанағаттандырылды. Баламен араласу тәртібін анықтау туралы азаматтық істердің сот талқылауының қараған кезде процеске қатыспайтын баланың құқығы қорғалатындығымен байланысты өзінің ерекшелігі болады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот актісі үйге алып қондыру арқылы кездесу уақытын белгілеу туралы
67 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі баламен қарым-қатынас тәртібін анықтау туралы
93 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі шешімін заңсыз деп тану және баламен кездесу уақытын белгілеу
69 рет жүктеп алынды