Күйеуін (әйелін) күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы
Ақмола облысында бір шешім күшін жойды, Е.Н. М.А.И. М. қатысты жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап-арызы қанағаттандырылды. А.И. М.Е.Н. М.тің пайдасына оны күтіп-бағуға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы алимент өндіріп алынды.
Апелляциялық шағымда жауапкер М. А.И. сот шешімін өзгертуді және одан талапкер пайдасына жұбайын күтіп-бағуға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы алимент өндіріп алу туралы жаңа шешім шығаруды өтінді, бұған өзінің жалақысы 20 000 теңге құрайды, сот екі балаға оның жалақысынан38% мөлшерінде алимент өндіріп алды, сот жұбайын күтіп-бағуға 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде алимент өндіріп алды, өндірілген алиметтерді қосқанда ол жалақысының жартысынан көбін алименттерге ұстап қалады және бұл ҚР Конституциясына және Еңбек кодексіне қайшы келеді деген себептер келтірді.
Бірінші санаттағы сот талапкердің талап қою талаптарын толық қанағаттандыра отырып, материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбаған.
Сот талапкер бала күту бойынша үш жылға дейін демалыста екенін анықтады. Тараптар арасында сотқа талап-арызбен жүгінгенге дейін және оны қарау барысында талапкерді күтіп-бағуға алимент төлеу туралы келісімге келмеген. Жауапкерде жалақысынан бөлек басқа табыс көздері жоқ.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 137-бабы 3-бөлімі 1-бөлігіне сілтеме жасалып, алименттердің өндіріп алынған барлық жалпы сомасы жауапкердің жалақысының жартысынан асып кетеді, сот шешімі өзгертілді және жұбайын күтіп-бағуға алимент сомасы үш айлық есептік көрсеткішіне дейін азайтылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Решение суда о выделе доли из общего имущества
737 рет жүктеп алынды -
Решение суда о разрешении на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительство
735 рет жүктеп алынды -
Решение суда о расторжении брака, взыскании алиментов, и раздела имущества
731 рет жүктеп алынды