Келісімшарт әскери қызметшінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен, келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бастамасы бойынша келісімшарт мерзімінен бұрын дәлелді себептерсіз бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талап, АІЖК-нің 140-бабының басылымына (1999 жылғы басылымына) енгізілген болатын.
Аталған заң нормалары енгізілгенге дейін жоғарыда аталған қаржыны өндіру Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 14-тарауының қағидаларына сәйкес талап қою іс жүргізу тәртібінде жүргізілген (1999 жылғы басылымында)
Қолданыстағы Азаматтық процесстік кодексте бұл талап 135-баптың 12- тармағына енгізілген, мұндай азаматтық істерді қарау сот бұйрығын шығарумен аяқталады
Мысалы: Ақмола облысының Бурабай аудандық сотымен «25744 әскери бөлімшесі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Н.Б.Суаишевтен теріс уәжі бойынша қызметінен босатылуына байланысты оған төленген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығарып беру талап арызы қаралды.
Жоғарыда көрсетілген заңның 55 бабының талаптарына сәйкес, төленген біржолғы ақшалай сыйақы әскери қызметтен теріс себептермен босатылғаннан кейін қайтаруға жатады.
ҚР АІЖК-нің 138-бабы сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару мәселелерін реттейді. Бұл дегеніміз, сотқа мәлім етілген кез келген талап соттың қарауының нысаны болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 140-бабының 13-тармағына сәйкес, егер келісімшарт бойынша әскери қызметшінің бастамасы бойынша келісімшарт мерзімінен бұрын дәлелді себептерсіз бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса сот бұйрығы шығарылады. Аталған арыздар бойынша келісімшарт бөлімшенің басшысының бастамасымен, әскери қызметтен теріс себептермен босатылуына байланысты бұзылған. Осыған орай, Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 143-бабының 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қайтарылған.
АПК-нің жаңа басылымында сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзімі 139-бабымен реттелген, бұл бап бойынша сот бұйрығын шығару үш жұмыс күні деп белгіленген.
Егер, борышкер мәлімделген талапқа келіспеген жағдайда, «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының №2 нормативтік қаулысының 16-тармағының талаптарын басшылыққа алу қажет. Егер борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімнің ішінде сотқа мәлімделген талапқа қарсылықтарын жіберсе, онда судья олардың мазмұнына қарамастан сот бұйрығын бұзу туралы ұйғарым шығаруға міндетті. Егер жауапкер осындай қарсылықтарды беру мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алса, онда осы мерзім АІЖК-нің 128-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін. Егер бұзылған сот бұйрығы орындауға жіберілсе немесе орындау үшін өндірушіге берілсе, онда сот мұндай сот бұйрығын кері қайтарып алады.
Сайып келгенде, Келісімшарт әскери қызметшінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талапты қарауды Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 13-тарауына (1999 жылғы басылымында) және АПК-нің жаңа редакциясының 12-тарауына енгізіп, олар бойынша сот бұйрығын шығару осы санаттағы істердің қарау мерзімімен тәртібін қысқартып, өз кезегінде жалпы іс бойынша өндірісті жылдамдатады.
Қазақстан Республикасының АПК-нің 140-бабының 13-тармағына сәйкес , әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талап, әскери қызметкердің бастамасы бойынша дәлелді себептерсіз келісімшартты мерзімнен бұрын бұзу кезінде де талап етілуі мүмкін.
Ал ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметкер мәртебесі» туралы Заңының 26-бабына сәйкес, әскери қызметшінің келісімшарт мерзімінен бұрын қызметінен босату, әскери қызметшінің бастамасы бойынша дәлелді себептерсіз бұзу деген негіздеме жоқ. Аталған Заңнын бабында, келісімшарт бойынша әскери қызметкерді оның қызмет орнында дәлелді себептерсіз үш немесе одан да көп сағат бойы болмауы қарастырылған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Суд приказ овзыскании единовременного денежного вознаграждения
56 рет жүктеп алынды