⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жай (пәтер) меншік иелерінен берешектерді өндіріп алу туралы

Кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жай (пәтер) меншік иелерінен берешектерді өндіріп алу туралы

Кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жай (пәтер) меншік иелерінен берешектерді өндіріп алу туралы

Кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жай (пәтер) меншік иелерінен берешектерді өндіріп алу туралы

 

            Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК), 140 б.11т. толықтыру кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жай (пәтер) меншік иелерінен берешектерді өндіріп алу туралы талаптары бойынша сот бұйрығын шығару, қосымшаға негіз болып, 2011 жылғы 22 шілдедегі № 479-IV «Қазақстан республикасының заңнамалық актілеріне тұрғын үй мәселелелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен еңгізілді.

            Кейіннен, «Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы № 254-V11 тарау) 140 бап АІЖК-і сондай-ақ ашық жарияланған шарттар негізінде (электр-, газ-, жылу-, сумен қамту, телефон қызметтері және Ғаламтор желісі, кабельді теледидиар, қатты тұрмыстық 2 қалдықтарды шығару) берешектерді өндіріп алу туралы талаптарымен толықтырылды.

Бұйрықтық өндіріс – бұл азаматтық істер бойынша даусыз талаптарына сәйкес жедел өндіріс.Бұйрықтық өндіріс міндеті өтініштерді қараудың жеңілдетілген рәсімі арқылы уақтылы бұзылған құқықтарын қорғау болып табылады.

Бұйрықтық өндірістің талап-арыздан ерекшеліктері мен айырмашылығы:

- істі қарауында дайындық жүргізілмейді,сот отырысы өткізілмейді,сот отырыстарының хаттамасы жүргізілмейді;

-шектелген талаптарға қатысты бұйрықтық өндіріске жол беріледі (АІЖК 140 бабы);

- мәлім етілген талап бойынша сот бұйрығы, сотқа өтініш келіп түскен күннен бастап, үш жұмыс күн ішінде судья шығарады,сот бұйрығын шығару мерзімін ұзарту заңда қарастырылмаған;

- бұйрықтық өндірісте іс жүргізуді тоқтату немесе тоқтата тұру мүмкіндігі қарастырылмаған;

-сот бұйрығының атқарушылық құжат күші бар;

- бұйрықтық өндірістің тараптары ретінде талапкер мен жауапкер емес өндіріп алушы мен борышкер болады.

- бұйрықтық өндірістің сот бұйрығы ретінде аяқталғаны апелляциялық,кассациялық, қадағалау тәртібінде шағымдануға,наразылық білдіруге жатпайды.

АІЖК-147 бабы 2-бөліміне сәйкес борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған кезден-ақ он күндік мерзімде бұйрық шығарған сотқа,кез келген байланыс құралын қолданып,мәлімделген талапқа қарсылығын жіберуге құқылы. АІЖК-нің 148-бабына сәйкес, егер борышкерден белгіленген мерзімде қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды,ол туралы ұйғарым шығарады.

Ұйғарымда сот бұйрығының күшін жойғанын,сондай-ақ мәлімделген өндіріп алушының талаптары,талап-арыз өндіріс тәртібімен ұсынылуы мүмкін деп түсіндіреді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмесін оны шығарғаннан кейін үш күннен кешіктірмей тараптарға жіберіледі.

Судья, егер борышкер болмаған кезде, сот бұйрығымен құқықтары мен міндеттерін, тұлғаның өтініші келіп түскен жағдайда, заң талаптарына сәйкес, шығарылған сот бұйрығына сәйкес келмеген жағдайда сот бұйрығының күшін жояды. Сот бұйрығының күшін жою туралы шығарылған қаулысы шағымдалуына, наразылық білдіруіне жатпайды.

АІЖК-нің 143-бабына сәйкес судья АІЖК-нің 153-бабында көзделген негіздері бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тартты.

АІЖК-нің 143-бабының 3-бөліміне сәйкес, арызды қабылдаудан бас тарту жөніндегі ұйғарым, талап іс жүргізу тәртібімен талап қою бойынша, өтініш берушінің талап беру мүмкіндігіне кедергі келтірмейді.

Арызды қабылдаудан бас тарту немесе арызды қайтару, сот бұйрығын табыстау туралы ұйғарым шағымдануға, наразылық білдіруге жатпайды.

Мысыла: 2015 жылғы 2 қыркүйектегі Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық соты судьясының ұйғарымы бойынша М.Б.С. берешегін растайтын құжаттың болмауына қатысты коммуналдық қызметтер берешек сомасын өндіріп алуына байланысты сот бұйрығын шығару жөнінде «....» КГП-ның арызын қабылдаудан бас тартты, ал АІЖК-нің 143-бабының 1-бөлімінің 3-тармақшасына сәйкес арыз қайтарылуға тиісті еді.

АІЖК-нің 143,153-баптарына сәйкес судья талап-арыздан бас тартады,егер:

1) Арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайды;

2) Сол тараптар арасындағы дау бойынша,сол нысана туралы және сол негізінде заңды күшіне еңген шығарылған сот шешімдері немесе талапкердің талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы не медиация тәртібімен дау (жанжалды) реттеу жөніндегі келісім немесе бейбіт келісімін бекіту туралы ұйғарымы бар;

3) сол тараптар арасындағы дау бойынша,сол нысана туралы,сол негіздер бойынша төрелік сотының немесе аралық соттың қабылдаған шешімі бар және бұл жөнінде сотқа белгілі болып қалады. Арызды қабылдаудан бас тартудың тағы бір негізі АІЖК-нің 144- бабының 2-бөлімінде көрсетілген, оған сәйкес, егер өндіріп алушы судьяның нұсқауларына байланысты белгіленген мерзімде кемшілктерді жоймаса, онда судья АІЖК-нің 143-бабының екінші бөліміне сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

 

АІЖК-нің 143-бабына сәйкес судья АІЖК-нің 154-бабында көзделген негідері бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызды қайтарыды. Бұдан басқа,судья арызды келесі жағдайлар болғанда қайтарады,егер:

1) мәлімделген талап осы Кодекстің 140-бабында көзделмесе;

2) борышкер Қазақстан Республикасының соттар юрисдикциясының шегінен тыс жерде болғанда;

3) мәлімделген талапты растайтын құжат ұсынылмаса;

4) құқық даулары көзделсе,ұсынылған құжаттар негізінде шешу мүмкін емес;

5) арыздың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 141-бабының талаптарына жауап бермейді;

6) арызға мемлекеттік баж төленбеген.

Сот бұйрығын шығару жөніндегі арызды қайтару ұйғарымы, соған негіз болған кемшіліктерді жойғаннан кейін, арызды қайтадан беруге кедергі келтірмейді.

Сот бұйрығын беру туралы өтініш «Салық және бюджетке басқа да төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшердегі мемлекеттік баж салық арқылы төленеді.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 610 бабының ережесінде соттардағы мемлекеттік баж ставкалары көзделген: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 610-бабы 1-бөлімі,1- тармақшасы, 10-тармағына сәйкес сот бұйрығын шығару туралы әрбір өтініштен осы тараудың 1-тармақшасында көрсетілген, мемлекеттік баж ставкасынан 50 % өндіріліп алынады; Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 610-бабының 1- тармақшасына сәйкес сотқа берген талап-арыздан,ерекше талап қою өндірісіне жататын өтініштерден,ерекше өндіріс істері бойынша өтініштерден (шағымдар),сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, төрелік және аралық соттардың және шетел соттарының шешімін мәжбүрлеп орындатуда атқарушылық парақтың төлнұсқасын беру туралы арыздардан,сот актілерінің қөшірмесін қайтадан беру туралы өтініштерден және тағы басқа құжаттардан келесі мөлшерлерде мемлекеттік баж алынады :

  • мүліктік сипаттағы талап арыздардан: жеке тұлғалар үшін - арыз талап сомасының 1 пайызы; заңды тұлғалар үшін - арыз талап сомасының 3 пайызы;

Соттар, арызды қабылдаудан бас тарту жағдайында, өндіріп алушының төлеген мемлекеттік баж қайтарылатынын ескеруі тиіс.

Сот бұйрығының күші жоғалған кезде өндіріп алушының төлеген мемлекеттік баж қайтарылмайды. Талап- арыз өндіріс тәртібімен борышкерге талап қойған кезінде ол мемлекеттік баж төленуге тиісті шотына есептеледі.

 

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу