⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Мүлікті тыйым салудан босату туралы

Мүлікті тыйым салудан босату туралы

Мүлікті тыйым салудан босату туралы

Мүлікті тыйым салудан босату туралы

Нормативтік- құқықтық база Мүлікті тыйым салудан босату туралы сот тәжірибесін қорыту барысында

Қазақстан Республикасының Конституциясы (6, 25, 26- баптары),

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі(әрі қарай - АК),

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (әрі қарай – АІЖК),

Қазақстан Республикасының Жер кодексі,

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы,

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңы,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 24.03.1975 жылғы №2 «Мүлікті тыйым салудан босату туралы істер жөніндегі сот практикасы туралы» нормативтік қаулысы,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 5 «Тұрғын үйге меншік құқығына қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1999 жылғы 9 шілде N 10 «Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 3 «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 6 «Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 8 «Соттардың мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін еріксіз иеліктен шығару жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы басшылыққа алынды.

Мүлікті тыйым салудан босату мемлекет және несие беруші алдында міндеттемелері жоқ тұлғалардың меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарын қорғаудың тәсілі болып табылады.

Сондықтан, мүлікті тыйым салудан босату санатындағы азаматтық істерді соттарда қарау нәтижесімен қабылданған заңды әрі негізді шешімдер ғана жеке және заңды тұлғалардың бұзылған меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Сотта аталған санаттағы азаматтық істер Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде (бұдан әрі – АІЖК) көзделген талап қою бойынша іс жүргізу ережелеріне сай, АІЖК-нің 240-5 және 240-6 баптарының талаптары ескеріле отырып қаралады.

Бұдан, мүлікке тыйым салуды жүзеге асыратын қылмыстық ізге түсу және атқарушылық іс жүргізу органдарының лауазымды тұлғаларының мүлікке тыйым салу барысында сол мүлікке тұлғаның меншік құқығын болмаса шаруашылық жүргізу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану не заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген өзге де негіз бойынша иелік ету құқықтарын тиісінше анықтамайтынын көруге болады.

Мүлікті аукцион арқылы сатып алушының мүлікті өз атына тіркетуіне оған салынған тыйымның кедергі келтіруі сотқа мүлікті тыйымнан босату жөнінде жүгінуіне әкелетінін байқатты. Сондай-ақ, сот үкімімен тағайындалған мүлікті тәркілеу қосымша жазасын орындау барысында сот орындаушылардың тәркілеуге жатпайтын мүлікке тыйым салуы мүдделі тұлғалардың сотқа талап қоюларына әкеп соғатынын көрсетті.

Сондай-ақ, мүлікті тыйым салудан босату жөніндегі талаптар бойынша шешім шығару кезінде, осы талапты кімнің қойғанына қарамастан, соттар тізімдемеге енгізілген барлық мүлікке салынған тыйымның заңдылығын тексеруі керек. Егер мүлікке салынған тыйымның заң бойынша өндіріп алуға жатпайтын затқа салынғаны анықталса, сот талапкердің келісімімен, АІЖК нің 219-бабының 2-тармағының ережелерін ескере отырып, көрсетілген мүліктерді тыйым салудан босатуға құқылы.

АІЖК-нің 240-6 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 24.03.1975 жылғы №2 «Мүлікті тыйым салудан босату туралы істер жөніндегі сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 2 тармағына сәйкес мүліктің меншік иелері немесе мүлікке шаруашылық жүргізу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заңнамалық актілерде немесе шартта көзделген өзге де негіз бойынша иелік ететін тұлғалар мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар қоя алады.

Мұндай талап арыздар соттардың өндіріске қабылдауына жатады және мәні бойынша қаралады.

уге болады. Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотымен 16.03.2015 жылы қаралып, талап арыз қанағаттандырылған талапкер Г.К.-ның жауапкерлер М.К.-ке, «Ақмола облысының Әділет департаменті» ММ-не пәтерін тыйымнан босату туралы азаматтық ісі бойынша Көкшетау қаласының Васильковский шағын ауданындағы №35 үйдің 104 пәтері жауапкер М.К.-ге және талапкер мен оның 02.03.2014 жылы марқұм болған мұра қалдырушы әкесі Т.К.-ге тиесілі болған. Жауапкер М.К. Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 24.05.2010 жылғы үкімімен ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігінің «А, В» тармақтарымен мүлкі тәркілене отырып 12 жылға бас бостандығынан айыруға сотты болған және одан 44 400 теңге іс жүргізу шығындары мемлекет пайдасына өндірілген. 10.01.2010 жылы тергеушінің қаулысымен сот үкімінің мүлікті тәркілеу бөлігін қамтамасыз ету мақсатымен талапкер мен жауапкерлердің жоғарыда аталған пәтеріне тыйым салынған.

Сот отырысында талапкер сотқа іс жүргізу шығыны 44 400 теңгенің мемлекет пайдасына өндірілгені туралы түбіртекті ұсынған. Жауапкер М.К.- ге қатысты сот үкіміндегі іс жүргізу шығыны мемлекет пайдасына өндіріліп, орындалғанын анықтаған сот пәтерді тыйымнан босатқан. Себебі, Қылмыстық–атқару кодексінің қосымшасында сот үкiмi бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктер тізбесі берілген, соған сәйкес сотталушы мен оның отбасы тұрақты тұрып жатқан тұрғын үйi, пәтерi немесе олардың жекелеген бөлiктерi тәркіленуге жатпайды, деп сот заңды әрі негізді тұжырымға келген.

Ақтөбе қалалық сотының 16.06.2015 жылғы шешімімен талапкер Н.Ж.- ның жауапкерлер Е.М. мен жеке сот орындаушы Ж.У.-ға мүлікті тыйымнан босату туралы талабы қанағаттандырудан бас тартылған. Істің мән-жайы бойынша жеке сот орындаушы А.А.-ның 21.10.2014 жылғы қаулысымен «Ломбард Finance» ЖШС-нің арызы бойынша борышкер Е.Л.-ның 991 554 теңге берешегі бойынша атқару өндірісі қозғалған. Жеке сот орындаушының 10.01.2015 жылғы қаулысымен берілген келісіміне сәйкес борышкер Е.Л. меншігіндегі 2003 жылғы, мемлекеттік нөмірі D 505 NDM, маркасы «Hyundai Getz» автокөлігін 18.12.2014 жылғы маманның бағалау есебінде көрсетілген 918 978 теңгеге талапкер Н.Ж.-ке сатқан.

Алайда, жеке сот орындаушы Ж.У.-дың 28.08.2014 жылғы қаулысымен қозғалған атқару өндірісі бойынша борышкер Е.Л.-ның өндіріп алушы Е.М.- ның алдындада 1 025 150 теңге берешегі болған. Соған сәйкес борышкер Е.Л.-дың барлық мүліктеріне 1 178 922 теңге көлемінде тыйым салу туралы 08.09.2014 жылғы сот орындаушының қаулысы сотпен санкцияланған. Өндіріп алушы Е.М.-ның пайдасына 1 025 150 теңге өндіру туралы 14.07.2014 жылғы сот шешімі орындалмағандықтан, сот Е.М.-ның құқықтарына нұқсан келеді әрі АІЖК-нің 163-бабына сай талап қоюды қамтамасыз етуде қабылданған шаралар сот шешімі орындалғанға дейін сақталады деген тұжырыммен талапкер Н.Ж.-ның талабын қанағаттандырусыз қалдырған.

Сот орындаушының сот шешімін орындату мақсатымен борышкердің мүлкіне салынған тыйымды сот талапты қамтамасыз ету шарасы деп қате тұжырымға келгені байқалады. Себебі, сот шешімі 14.07.2014 жылы қабылданған, борышкердің мүліктеріне тыйым сот шешімі қабылданғаннан кейін 08.09.2014 жылы сот орындаушының қаулысымен салынған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 12.01.2009 жылғы №2 «Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы» нормативтік қаулысының 3-тармағына сай судья қамтамасыз ету шараларын арызды өндіріске қабылдағаннан және істі қозғағаннан кейін ғана, бірақ заңды күшіне енген сот актісін мәжбүрлеп орындату туралы атқару құжаты берілгенге дейін іс жүргізудің кез келген кезеңінде қабылдайды.

Ақтөбе қалалық сотымен 17.03.2015 жылы қабылданған талапкер Н.У.- тың жауапкерлер «Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РМК-ы мен «Лашын Инвест Холдинг» ЖШС-не мүлікті тыйымнан босату туралы талабы қанағаттандырылған. Талапкер арызында Ақтөбе қаласының 11-ықшам ауданындағы №112 үйдің 2 блогындағы №89 пәтерді құрылыс объектісіне үлестік қатысушы ретінде шартпен 11 155 872 теңгеге сатып алып, 25.12.2013 жылы «Лашын Инвест Холдинг» ЖШС-мен араларында пәтерді беру туралы акті жасалғанын, алайда, «Лашын Инвест Холдинг» ЖШС-нің үшінші тұлғалар алдындағы қарызына байланысты 24.12.2014 жылғы «Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РМК-ның шешімімен пәтеріне салынған тыйым өзінің пәтерге меншік құқығын мемлекеттік тіркетуіне кедергі болып тұрғанын көрсеткен. Сот пәтер талапкердің меншігіне іс жүзінде берілген әрі талапкердің құрылыс компаниясының үшінші тұлғалар алдындағы қарызына жауап беруге тиісті емес деп тұжырым жасап, пәтерді тыйымнан босатқан.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.