Мереке, демалыс күндері мен түнгі уақыттағы жұмыс, үстеме жұмысқа, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін еңбекақы туралы еңбек даулары
Үстеме жұмыс – жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық) тыс орындайтын жұмыс. Үстеме жұмыс тек жоғарыланған төлеммен ғана орнын толтырады және заң демалыстың қосымша уақытын ұсынуды көздемейді. Үстеме жұмысқа төлемнің нақты мөлшерлемелері үстеме төлемнің мөлшерлемесі ҚР ЕК-нің көзделген нормаларынан төмен болмайтын мөлшерде ұжымдық шарттармен, жұмыс берушінің актілерімен немесе еңбек шартымен анықталуы мүмкін.
ҚР ЕК-нің 109-б. сәйкес мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.
Сонымен қатар сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі. Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгілейді.
Осылайша, Қостанай облысы Рудный қалалық сотының 2016 жылғы 7 сәуірдегі шешімімен Б.Ж.Бековтың «Сарбайское строительно-монтажное управление» ЖШС-не еңбекақы бойынша берешекті, үстеме, демалыс және мереке күндердегі жұмысқа төлемді, уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңіне және жұмыс көлеміне жасаған жұмысына төлемді өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралған болатын.
Сотпен анықталғандай, талапкер мен жауапкер арасында 2014 жылғы 1 қазанда жасалған еңбек шарты бойынша талапкер «Сарбайское строительномонтажное управление» ЖШС қызметкерлерінің еңбегін төлеу туралы Ережеге және 148,80 теңге/сағ тарифтік ставкаға сәйкес еңбекақымен 2 демалыс күндері бар, 5 күндік жұмыс аптада, 8 сағаттық жұмыс күнімен үңгуші ретінде жұмысқа қабылданған болатын.
Талапкер жауапкер тарапының демалыс және мереке күндеріне төлемеу бөлігіндегі бұзушылықтары туралы мәлімдеген.
Сонымен қатар осы бөлікте «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ жүргізген тексеріспен келесі анықталған, жұмыс уақытын есепке алу табельдеріне сәйкес төлем ҚР ЕК-нің 128-б. сәйкес, яғни тарифтік ставкаға сай екі еселік мөлшерде жүзеге асырылды.
Сонымен бірге жұмыс уақытын есепке алу табельдеріне және есеп ауырысу парақтарына сәйкес Б.Ж.Бековке кесімді еңбек төлемі жүзеге асырылатын, ол еңбек шартында келісілмеген, бұл ҚР ЕК-нің 28-б. 1-т. 7-т. бұзушылығы болып табылады.
Осыған орай, сот жауапкер демалыс және мереке күндеріне төлемдер іске асырылған деген қорытындыға келді, және де бұл бөлікте бұзушылықтар анықталмаған.
Сондай-ақ сотпен атап өткендей, талапкерге 2014 жылдың қазан айынан бастап еңбек демалысына өтемақы есептелді, ал сот отырысында Б.Ж.Беков 2014 жылдың қыркүйек айынан жұмысқа нақты кіріскен деп анықталған және де ол жауапкердің тарапымен дауланбайды. Сот талапкер осы уақытқа дейін осы кәсіпорында жұмыс істегендіктен, оған жұмыс берушіге қайта есеп айырысуды жасау үшін арызбен жүгіну қажет деп көрсетті.
Осындай мән-жайлар барысында талаптан аталған негіздеме бойынша бас тарту туралы соттың қорытындылары дұрыс болып табылады.
Келтірілген мысал қызметкерге үстеме жұмыс немесе демалыс және мереке күндердегі жұмыс істеу фактісін дәлелдеу қиын, себебі жұмыс беруші, әдетте, қосымша шығындардан жалтарып, оны тіркемейді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
___~2
61 рет жүктеп алынды