Некелік-отбасылық қатынастардан туындайтын даулар Баланың асырап-бағуына алименттердің өндіріп алу туралы
ҚР АПК 153, 154, 155-баптарында көзделген талаптар соттармен сақталып келеді. Сонымен бірге, ұйғарымда егер де жіберілген бұзушылық жойылса, арыздың қайтарылуы дәл сол жауапкерге талап қоюымен, дәл сол нысан туралы және сол негіздер бойынша сотқа қайта өтініш жасауға кедергі келтірмейді деп түсіндіріледі.
Сондай-ақ, егер де талапкер мәлімдесе, арыздар заңды түрде ҚР АПК 154-бабының 1-бөлігінің 7) тармақшасы негізінде қайтарып беріледі. Сонымен бірге, кейбір соттар мәні бойынша арызды қабылдаудан дұрыс бас тарта отырып, баптың бөліктері және тармақшаларын дұрыс көрсетпейді.
Зерттеу даулардың осы санаттағы талап қоюларын қарау кезінде жауапкерлердің қатысуымен де, сондай-ақ сырттай іс жүргізу ретінде олардың қатысуынсыз да болғанын көрсетті.
Мәселен, Ж. М. С.С. А. Н. қатысты 210 964 теңге мөлшерімде алимент бойынша қарыз өндіріп алу туралы ҚР АПК 153-бабының 1-бөлігінің 2) тармақшысы негізінде талап арызды қабылдаудан бас тартылды (Алматы қаласының Бостандық аудандық соты), себебі 23.11.2001 жыладғы сот қаулысымен С.А. Ноғайбаевтан Ж.М. С. пайдасына 23.11.2001 жылдан бастап кәмілетке толған кезіне дейін кәмілетке толмаған қызы Д.С. Н. бағуына еңбекақысының және барлық табыс түрлерінен 1/4 бөлігінен ай сайын алимент өндіріп алынған.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 169-бабы бойынша сәйкес осы Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетін алимент бойынша берешегінің мөлшерін сот орындаушысы алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезеңдегі жалақысы мен өзге де кірісін негізге ала отырып белгілейді.
Осылайша, берешек мөлшерімнің анықтау сот орындаушысының құзыреттілігіне жатады. Сот орындаушысының алимент бойынша берешектің белгіленуімен келіспеген жағдайда тараптардың кез-келгені заңның 169-бабында көзделген тәртіппен шағымдана алады.
Темиртау SOS Балалар ауылының Ю.С.М. қатысты Қазақстан Республикасының АПК 153-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес алименттерді өндіріп алу туралы талап арызын қабылданудан бас тартылды, себебі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібі бойынша осы арыз қарастыруға және шешуге жатпайды (Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сот).
Талап қою талабына сәйкес талапкер 09.07.1982 жылы туған Ю.С. М. алимент өндіріп алу бойынша орындалған жұмыс туралы сотты хабарландыруды, берешекті өндіріп алу мүмкінсіз болған жағдайда «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәселені шешуді, яғни келесі құжаттарды: атқару қағазының көшірмесі, борышкер Ю.С. М. 2011 – 2014 жылдар аралығындағы түсініктемелері; 2011-2014 жылдар аралығындағы ҚР ҚК 136-бабы бойынша ескерту; 01.06.2015 жылға алимент бойынша берешек мөлшерін белгілеу туралы қаулыны ұсынуды сұрады.
Сондай-ақ, егер де талапкер мәлімдесе, арыздар заңды түрде ҚР АПК 154-бабының 1-бөлігінің 7) тармақшасы негізінде қайтарып беріледі. Сонымен бірге, кейбір соттар мәні бойынша арызды қабылдаудан дұрыс бас тарта отырып, баптың бөліктері және тармақшаларын дұрыс көрсетпейді. Көрсетілген мән-жайлар, яғни заң нормаларын дұрыс қолдану арызданушыға маңызды, себебі арызды қабылдаудан бас тарту және арызды кері қайтару әртүрлі заң салдарларына апарып соғады.
Бірінші жағдайда, ҚР АПК 153-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасы бойынша арызды қабылданудан бас тарту арыз берушінің дәл сол нысан туралы және сол негіздер бойынша сотқа қайта өтініш жасауына кедергі келтіреді. Егер жіберілген бұзушылық жойылса, арыздың қайтарылуы қайта өтініш жасауға кедергі келтірмейді. Сотпен іс жүргізуге қабылданған және азаматтық іс қозғалған талап қою бойынша соттар неке-отбасы қатынастарын реттейтін заңнаманы дұрыс қолданғаны байқалады. Зерттеу даулардың осы санаттағы талап қоюларын қарау кезінде жауапкерлердің қатысуымен де, сондай-ақ сырттай іс жүргізу ретінде олардың қатысуынсыз да болғанын көрсетті.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 138-бабында кәмілетке толмаған балаларды ұстау бойынша ата-аналардың міндеттері ескертілген. Көрсетілген нормадан ата-аналар кәмілетке толмаған өз балаларын асырап-бағуға міндетті екені байқалады.
Кәмілетке толмаған балалардың асырап-бағуын ұсынуының тәртібі және насаны ата-аналармен дербес анықталады. Ата-аналар өзінің кәмілетке толмаған балаларының, сонымен қатар орта білімді, техникалық және кәсіби жүйеде оқитын, орта білімнен кейін, жоғары оқу жүйесіндегі күндізгі оқу формасында оқитын кәмілетке толған балаларының (алимент төлеу туралы келісім) асырап-бағуы туралы келісім жасауға құқылы.
Егер ата-анасы ерікті түрде өзінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсіби, орта білім беруден кейінгі жүйеде, жиырма бірге дейінгі жаста оқудың күндізгі нысаны бойынша жоғары білім жүйесінде оқитын кәмелетке толған балаларын ұстауға қаражат бермеген жағдайда, бұл қаражаттар олардан сот тәртібінде өндіріліп алынады. Ана-ананың алиментті төлеу туралы келісімі болмаған кезде, кәмелетке толмаған балаларын ұстамаған кезде және қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын орган сотқа талап қоюды бермеген кезде олардың ата-аналарына кәмелетке толмаған балаларына алиментті өндіріп алу туралы талап қоюды беруге құқылы. Кәмелетке толмаған балаларын ұстауға өндіріп алынған алименттер көлемі аталған Кодекстің 139-бабымен реттеледі.
Келісім болмаған кезде кәмелетке толмаған балаларын алынған алименттер сотпен олардың ата-аналарынан ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға – төрттен бір бөлігі, екі балаға – үштен бір, үш және одан да көп балаларға – еңбекақысының жартысы және (немесе) ата-ананың өзге де табыстарынан өндіріп алынады. Осы үлестердің мөлшері сотпен тараптардың материалдық және отбасылық жағдайын және назарға алуға тұратын мән-жайларды ескере отырып, азайтылуы немесе көбейтілуі мүмкін. Заңның көрсетілген талаптары соттармен сақталады.
Республика соттарында осы санаттағы істерді қарау практикасы талаптарды қажетті құжаттармен растаған кезде істердің осы санаттағы талап қоюлары, әдетті қанағаттандырылатыны көрініс табады.
Алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюларды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот актілерінің талдауы жалпы соттармен шешімдер дұрыс қолданылатыны байқалады. Көптеген жағдайларда жойылмаған және заңды күші бар алименттерді өндіріп алу туралы сот бұйрығының болуы алименттерді өндіріп алудан бас тартуға негіздеме болып табылады.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 164- бабына сәйкес, алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы.
Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады. Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін. ҚР АПК-нің 65, 66-баптарына сәйкес, әрбір тарап өзінің талаптары мен наразылықтары негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеу қажет.
Осы норманың мағынасынан талапкер сотқа жүгінгенге дейін баланы күтіп-бағуға қаражат алуға шаралар қабылдануы қажет екенін байқауға болады, бірақ алимент төлеуге міндетті тұланың жалтаруы салдарынан алимент алынбаған. Сот талқаулында сотқа талапкер тарапынан талапкердің жауапкерден алимент өндіріп алу үшін қандай да бір шаралар қолданғанын және жауапкердің алиментті төлеуден жалтарғанын растайтын дәлелдер ұсынылған жоқ, осыған байланысты талап қоюды қанағаттандырудан негізді түрде бас тартылды.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 176-бабыының 2-тармағына сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу: бала кәмелетке толғанда немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетті болған жағдайда немесе алимент төлеу туралы келісімде көрсетілген жасқа толғанда; күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда; сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда; еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге отырғанда (ерлізайыпты болғанда); алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.
Осы нормадан шығатын қорытынды, алимент төлеу міндеттері жеткілікті болып табылатын ескерілген жағдайларда басталады. Неке-отбасылық заңнамада көзделген жағдайларда алиметтің төленген сомасы кері қайтарылуы мүмкін. Осындай жағдайлар «Неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 172-бабының 2-тармағында көзделген.
АПК-нің 116-бабына сәйкес Төлеуден талап қоюшы босатылған істі қарауға байланысты шығындар мен мемлекеттік баж сот шығындарын төлеуден босатылмаған жауапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынады. АПК-нің 102-бабы 3) тармақшасына сәйкес алименттер өндіріп алу туралы талап қоюларда - бір жыл ішіндегі төлемдердің жиынтығымен айқындалады.
АҚ АПК-нің 237-бабының 1) тармақшасына сәйкес алимент алып беру туралы шешімдер дереу орындауға жатады. Соттар көрсетілген нормаларды орындау мақсатында талап-арызды қанағаттандыру туралы шешім жылдам орындауға жатады. Талап қоюдан бас тарту іс бойынша іс жүргізуден бас тартуға негіз болады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі пәтерге кіргізуді міндеттеу туралы талап арызы
60 рет жүктеп алынды -
Сотшешімі ортақ мүлік деп тану, оны бөлу туралы
64 рет жүктеп алынды