Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз түрде тарту, заңсыз соттау, заңсыз тұтқынға алу кезіндегі моральдық зиянды өтеу
Моральдық зиян мазмұнының түсінігіне қылмыстық қудалау тұлғасымен келтірілген адамның ар ожданы, беделін, қоғамдық пікірді өзгертетін т.б. бола алатын «әлеуметтік ысыраптар» деп аталатын жағдайды қосу қажет.
Моральдық зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды қолданудың, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне орналастыру түрiнде әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтiрiледі.
ҚР АК-тің 923-бабы 1 тармағына сәйкес заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, қамау немесе еңбекпен түзеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтiрiлген зиянды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдарының кiнәсiне қарамастан, заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен толық көлемде мемлекет өтейдi.
ҚР Жоғарғы сотының Пленумының 1999 жылғы 9 шілде де №7 «Қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану практикасы туралы» 2 пунктісіне сәйкес қылмыстық процесс жүргiзушi органдардың әрекеттерiнiң заңсыздылығы сот үкiмiмен немесе қаулысымен немесе анықтау, алдын ала тергеу органы, прокурор шығарған қаулымен белгiленедi.
Осы қаулының 4 тармағына сәйкес соттың ақтау үкiмi немесе анықтау, алдын ала тергеу органдарының, прокуратураның қылмыс оқиғасының болмауы салдарынан, қылмыс құрамының болмауы салдарынан немесе адамның қылмысқа қатысқаны дәлелденбеуi салдарынан қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысы шығарылған жағдайда адамды толық ақталды деп тану керек.
Осы қаулының 18 тарамағына сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеумен байланысты ақшалай төлемдердi жасау сол органдардың кiнәсiне қарамастан республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
«республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв құрамында ҚР Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, және олардың ведомстваларының, аймақтық салалардың сот шешімі бойынша міндеттемелерін өтеу үшін құралдар бар. ҚР Үкіметінің бюджеттік бағдарламасының әкімшілгі 010 спецификасы бойынша ҚР Қаржы министрлігі болып табылады. (ҚР Үкіметінің резервінен).
№2 Орал қаласы сотының шешімімен,апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» 010 бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы минитрлігінен К.А.Е-ваның пайдасына 50 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян жартылай өндірілген. Сотпен талапкер «Орал қаласының демалыс және мәдениет паркі» КГП-нің директоры ретінде ҚР ҚК-нің 307- бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған, содан ҚПК-нің 37-бабы 1- бөлігі 2-тармағымен әрекетінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты қысқартылғаны анықталған. Өз тұжырымын сот АК-тің 923- бабы 1-бөлігі талаптарын және нормативтік қаулығы жүгінген. Сот «2014- 2016 жылдарға республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв құрамында ҚР Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, және олардың ведомстваларының, аймақтық салалардың сот шешімі бойынша міндеттемелерін өтеу үшін құралдар бар. ҚР Үкіметінің бюджеттік бағдарламасының әкімшілгі 010 спецификасы бойынша ҚР Қаржы министрлігі болып табылатынын көрсеткен.
Басқа іс бойынша, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының шешімімен , апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған, 2015 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен М.А.Н-аның пайдасына 200 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілген. Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен, апелляциялық сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылған, М.А.Н-нов Қылмыстық кодекстің 129-бабы 3-бөлігі бойынша сотталған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер бойынша қадағалау алқасының қаулысымен сот актілері бұзылып, қылмыстық құрамның болмауына байланысты М.А.Н-овқа қатысты іс қысқартылған. Талапкер белгілі уақыт аралығында заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған, сондықтан оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне келтірген моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы негізді болып табылады. Объективті деректемелер ретінде сот талапкердің заңсыз қылмыстық іске тартылуын, оған келтірілген моральдық залалды, сотталған ретінде есепке тіркелуін, азаматтық арызды жартылай орындауын, бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін, оның жеке өмірі мен бостандығына нұқсан келтірілгенін ескеріп өтті.
Сонымен, егер жеке айыптау ісі бойынша айыптау үкімі жасалып, одан кейін бұзылып тасталса, онда өтемақыны төлеу мемлекеттің міндетіне жатқызылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі моральдық залалды өндіру туралы талап арызы
64 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру
71 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі моральдық зиянды өндіру туралы
67 рет жүктеп алынды