Қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта алу даулары бойынша сотқа дейінгі тәртіпте реттелуі
Еңбек Кодексінің 159-б. 1 және 2-т. сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды. Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Демек, келісу комиссиясы атқарушы органының басшыларымен және шағын кәсіпкерлік субъектінің қызметкерлерімен даулаудан басқа, барлық дауларды қарайды.
Еңбек Кодексінің 161-б. 2-т. сәйкес жеке еңбек дауын қарау жөніндегі келісу комиссиясының не соттың жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға тиіс. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кідірткен кезде, келісу комиссиясы не сот жұмыскерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысындағы айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.
Еңбек Кодексінің аталған бұйрықты талапқа қарамастан, іс жүзінде жұмыс берушінің келісу комиссияларының шешімдерін орындаудан бас тартумен байланысты мәселелер туындайды.
Заңнамалық деңгейде келісу комиссиясының шешімін атқару құжаты ретінде орындауды заңнамалық тұрғыда бекіту дұрыс болар еді, ол мүлтіксіз орындауға жатады, бұл сөзсіз комиссияның жұмыс тиімділігін, сондай-ақ еңбек дауларын шешудегі нақты маңыздылығын арттырады. Бұндай жағдайларда, мәселен, жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша даулар немесе ерекше ауырлығы жоқ басқа еңбек даулары соңғы нақты шешуді тікелей еңбек ұжымында табар еді. Осындай істер бойынша келісу комиссияларының шешімдерін орындамау туралы мәселе шеңберінде сот сатысына дауды шешу үшін қайта жүгіну талап етілмес еді.
Қаралатын санаттағы істердің талап арыздарын дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтамаумен байланысты негіздемелер бойынша қайтаруды болдырмайтын соттардың практикасы дұрыс деп саналады. Аталған жағдай талап арыздарды қабылдаған кезде формальды қараудың жоқты туралы куәландырады, себебі жауапкердің шағын, орта не болмаса ірі кәсіпкерліктің субъектілеріне жатқызу туралы, талапкердің дауды сотқа дейінгі тәртіпте реттеуден өту туралы мәселені істі сот талқылауына дайындау сатысында шешуге болады.
Барлық осыған ұқсас жағдайларда, дауды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу туралы мәліметтер, сондай-ақ жауапкердің (жұмыс берушінің) кәсіпкерлер субъектілерінің белгілі бір санатына жатқызу туралы мәліметтер жоқ болған кезде, сотттар дәл осылай жасаған болатын.
Мысалы, К.Б.И. «Даму» кәсіпкерліктің даму қоры» АҚ-на жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз жұмысқа шықпаған уақытқа жалақыны өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінді. Бұл ретте талапқа салынған материалдарда талапкердің талаптарын келісу комиссияларында қарау туралы мәліметтер жоқ болды. Бұл мән-жайларға қарамастан, талап арыз іс жүргізуге қабылданған болатын, азаматтық іс қозғалды. Алдын ала сот отырысында сот талапкер аталған тәртіп шынымен де өтпегенін дәйекті анықтаған болатын, жауапкерді орташа кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу расталмайды, және де бұл мәнжайлар алдын ала сот отырысында талапты қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарымын шығаруға негіздеме болып табылады.
Екінші мысал, Дауды сотқа дейін реттеу қажеттілігі туралы мәселені шешуге басқа жолдың мысалы Екібастұз қалалық соты қараған істер болып табылады.
Р.Ж.Р. «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ-на еңбек шартын бұзу, жұмысқа қайта орналастыру туралы бұйрықтың күшін жою туралы талап қойды.
2016 жылғы 14 қарашадағы сот ұйғарымымен бұл талап қараусыз қалдырылды, себебі талапкер дау реттеудің сотқа дейінгі тәртіпті сақтамаған. Ал іс материалдарынан мәлім болғандай, талапкер Р.Ж.Р. 2016 жылдың 15 қыркүйегінде «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ келісу комиссиясына заңсыз жұмыстан шығару туралы шағыммен жүгінген.
Н.С.Р. шағымы келісу комиссиясының қарауынан 2016 жылдың 14 қазанында ғана алынып тасталған болатын, яғни талапкер сотқа талап арызбен жүгінген күні – 2016 жылдың 18 қазанында шағым мәні бойынша қаралмаған.
Осындай мән-жайлар кезінде Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұл жағдайда қызметкердің шағымы заңмен белгіленген он бес күндік мерзімде келісу комиссиясымен қаралмаған, демек, бұл дау Еңбек Кодексінің 159-б. 1-т. сәйкес сотпен қаралуы тиіс деп реттелмеген болып табылады деген қорытындыға келген.
Сонымен қатар апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы сот ұйғарымының күшін жою туралы ұйғарымында келесі белгіленген, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-б. сәйкес әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының 1-т. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында бекітілгендей, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына құқығы бар және ол еңбек құқықтық қатынасына да қатысты болатынына соттардың назарын аудару керек.
Сонымен, ұйғарымда көрсетілген негіздемелер бойынша мәні бойынша істі қарау үшін кедергілер бірінші сатыдағы сотта болмаған, осыған орай талапты қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарымының күші жойылған.
Қызметкерлер мен әкімшілік өкілдерінің ішінен құрылатын келісу комиссияларында жеке еңбек дауын міндетті сотқа дейін реттеудің институтын енгізу еңбек ұжымдарында осыған ұқсас даулардың тиімді және жедел қызметкерлер пайдасына шешілуінде білінді, ол туралы азаматтардың еңбек дауымен шарттасқан талаптар бойынша талаптармен бірлікті жүгіну фактілері куәландырады, олар сотқа жүгінгенге дейін келісу комиссияларында қарау нысаны болатын, сондай-ақ келісу комиссияларының шешімдерін мәжбүрлеп орындау туралы талаптарының жоқ болу фактісі түсіндіреді.
Мемлекеттік қызметшілерінің талаптарымен еңбек даулары бойынша азаматтық істер қарау практикасының бөлігінде атап өтетін жайт, Еңбек Кодексінің 159-б. белгіленген дау реттеудің сотқа дейінгі тәртібі мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдарының қызметшілеріне, әскери қызметшілерге, судьяларға, парламент, мәслихаттардың депутаттарына таралмайды.
Қызметтен босатылған қызметкердің арызын келісу комиссиясы қарағаннан кейін сотқа жүгіну үшін мерзімді өткізіп алу жұмысқа қайта орналастыру туралы талаптан бас тарту үшін негіздемелердің бірі болып табылады.
Ақсу қалалық соты К.С.О. «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ-на жұмысқа қайта орналастыру туралы талапты қанағаттандырған.
Сот алқасы шешімді апелляциялық қайта қараған кезде жауапкер өкілінің сотқа жүгіну үшін мерзімді өткізіп алу туралы дәлелдерді тексерді.
Осылайша, іс материалдарынан, оның ішінде түпнұсқамен салыстырып, судьяның қолтаңбасымен куәландырылған, талапкер ұсынған 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 309-к бұйрықтың көшірмесінен мәлім болғандай, талапкер бұйрықпен танысқа, және ол жарияланған күні, яғни 2015 жылдың 22 желтоқсанында оған бұйрықтың көшірмесі берілген.
Сот бұл құқық қатынасқа Еңбек Кодексінің (2015 ж.) 160-б. негізді түрде қолданған, себебі бұл жаңа заңның нормасы, бұрынғы заңның осыған ұқсас норманың басылымымен салыстырғанда, еңбек дауын қарау жөніндегі жүгінудің мерзімдері бойынша талапкердің жағдайын жақсартады.
Сонымен қатар талапкер К.С.О. айлық мерзімде, аталған заң нормасына сәйкес қорғану тәсілін өзіндің таңдап алған, яғни 2016 жылдың 22 қаңтарында «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ-ның келісу комиссиясына оны жұмысқа қайта орналастыру және дауды қарау туралы арызбен жүгінген.
Сонымен қатар сотқа осы талап арызбен жүгінген кезде талапкер жұмысқа қайта орналастыру туралы реттелмеген дау бойынша сотқа жүгіну үшін Еңбек Кодексінің 160-б. 1) т. белгіленген екі айлық мерзімді өткізіп алған болатын. Келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі, оның ішінде 2016 жылғы 4 ақпандағы отырыстың хаттамасы 2016 жылдың 9 ақпанында К.С.О. берілген, ол туралы істе оның қолхаты бар.
Демек, сотқа талаппен жүгінудің мерзімі 2016 жылдың 9 сәуірде өтіп кеткен. Іс материалдарынан мәлім болғандай, К.С.О. 2016 жылдың 12 сәуірінде талап арызбен сотқа жүгінген.
Тәртіптік жазаның тартылуына әкелген талапкердің тәртіптік бұзушылық жасаудың басқа мән-жайларымен бірқатар сотқа жүгіну үшін мерзімді өткізіп алу сот алқасы жұмысқа қайта орналастыру туралы талапты қанағаттандыру бөлігінде шешімді өзгерту үшін негіз деп таныды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі жұмыстан бостау туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмысқа қайта алу туралы
63 рет жүктеп алынды -
Шешім «қатаң сөгіс» беру туралы бұйрығын бұзуды, жұмысқа қайта орналастыруды моральдық шығын өндіру
67 рет жүктеп алынды -
___~1
66 рет жүктеп алынды -
__4C2B~1
65 рет жүктеп алынды -
__5A69~1
72 рет жүктеп алынды -
Шешім өкімін заңсыз деп тануды, бұрынғы Жаңақоныс ауылдық округі әкімі қызметіне қайта орналастыру
67 рет жүктеп алынды