Қызметтен босатылғандарды жұмысқа қайта орналастыру, жалақыны төлеу, дауды сотқа дейінгі тәртіпте реттеу
Еңбек Кодексінің 159-б. 1 және 2-т. сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды. Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Демек, келісу комиссиясы атқарушы органының басшыларымен және шағын кәсіпкерлік субъектінің қызметкерлерімен даулаудан басқа, барлық дауларды қарайды.
Еңбек Кодексінің 161-б. 2-т. сәйкес жеке еңбек дауын қарау жөніндегі келісу комиссиясының не соттың жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға тиіс. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кідірткен кезде, келісу комиссиясы не сот жұмыскерге шешімнің орындалуы кідіртілген уақыт үшін орташа жалақысын немесе жалақысындағы айырмасын төлеу туралы шешім шығарады.
Еңбек Кодексінің аталған бұйрықты талапқа қарамастан, іс жүзінде жұмыс берушінің келісу комиссияларының шешімдерін орындаудан бас тартумен байланысты мәселелер туындайды.
Заңнамалық деңгейде келісу комиссиясының шешімін атқару құжаты ретінде орындауды бекіту мүмкін деп санаймыз, ол мүлтіксіз орындауға жатады, бұл сөзсіз комиссияның жұмыс тиімділігін, сондай-ақ еңбек дауларын шешудегі нақты маңыздылығын арттырады. Бұндай жағдайларда, мәселен, жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша даулар немесе ерекше ауырлығы жоқ басқа еңбек даулары. Осындай істер бойынша келісу комиссияларының шешімдерін орындамау туралы мәселе шеңберінде сот сатысына дауды шешу үшін қайта жүгіну талап етілмес еді.
Қаралатын санаттағы істердің талап арыздарын дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтамаумен байланысты негіздемелер бойынша қайтаруды болдырмайтын соттардың практикасы дұрыс деп саналады. Аталған жағдай талап арыздарды қабылдаған кезде формальды қараудың жоқты туралы куәландырады, себебі жауапкердің шағын, орта не болмаса ірі кәсіпкерліктің субъектілеріне жатқызу туралы, талапкердің дауды сотқа дейінгі тәртіпте реттеуден өту туралы мәселені істі сот талқылауына дайындау сатысында шешуге болады.
Мәселен, Екібастұз қалалық сотының ұйғарымымен Т.Ф.А. бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орнастыру, жұмысқа шарасыздан шықпаған уақытқа жалақыны өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз қараусыз қалдырылды.
Сот алқасы осы ұйғарымды апелляциялық тәртіпте қайта қараған кезде талапкер Т.Ф.А. 2016 жылдың 1 наурызында осы еңбек дауын шешу үшін «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ-ның келісу комиссиясына жүгінгенін анықтаған. Арызды тіркеген күннен бастап 15 жұмыс күні ушунде дауды қарап, даудың тараптарына шешім қабылдаған күннен бастап үш күндік мерзімде шешім көшірмесін беруге міндетті келісу комиссиясы заң талаптарын орындамаған.
Алқа келісу комиссиясы жауабының жоқтығы ҚР АПК-нің 279-б. 1)-т. бойынша талапты қараусыз қалдыру үшін негіз болуы мүмкін емес деп көрсетті. Осындай мән-жайлар барысында талапкердің шағымы негізді болып танылды және соттың ұйғарымы мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңа қарауға берумен күші жойылған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
___~1
59 рет жүктеп алынды -
Шешім жұмысқа қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақысын өндіру
66 рет жүктеп алынды -
__6000~1
72 рет жүктеп алынды