Қайтыс болған адамның асырауындағы болған еңбекке жарамсыз адамдар, қайтыс болған адам қайтыс болғаннан кейін, оның орташа айлығынан оның асырауында болған, бірақ залалды өндіруге құқылы емес, өзіне және еңбекке қабілетті тұлғаларға келетін үлесті бөлгенде, мөлшердегі зиянды өндіруге құқылы
Талапкерлер Б. М-таев, К. М-ева, Ж.Ш-ова жауапкер «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-не асыраушының қайтыс болуына байланысты, жерлеуге жұмсалған шығындарды, жәрдемақы төлемдерін және моральдық залалды өтеу туралы талап арызымен Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының № 2 аудандық сотына жүгінген. А.Б.М-аев талапкерлер М-тардың ұлы болып, және талапкер Ж.Ш-ваның жолдасы болған, 2012 жылдан «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-нің қорықшысы лауазымында жұмыс істеген, 09.01.2013 жылы сағат 09-дың шамасында К.Ш. Ба-втың, А.К. Байдавлетовтың, А.Б. М-тың, және заңгер А.К. К-ваның құрамында кәсіпорынның «УАЗ» маркалы көлігінде «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-нің қорықшылық қызметімен Балқаш көлінің «Тұзкөл» ауданындағы «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-нің кәсіпшілік телімдеріне бару ұйымдастырылған. Сол күннің кешінде қорықшылық қызметі, фирманың заңгері тағайындалған уақытта қайтып келмеген. Іздестіру тобы ұйымдастырылып, іздестіру бірнеше тәулік бойы жүргізіліп, 2013 жылдың 12 қаңтарында фирманың қызметкерлерімен қорықшылық қызметіне жататын өртенген УАЗ маркалы көлігі қаза тапқандармен табылған. Қарағанды облысының ІІД-мен аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, өзің-өзі өлтіру әрекеті нәтижесінде қайтыс болған Ю.Л.Крыловпен жасалған қылмыстан, «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-нің жұмыскерлердің өліміне әкелгені анықталып, 29.05.13 жылғы қаулымен қылмыстық істің өндірісі тоқтатылған.
Аталған факт бойынша жауапкер «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-і жазатайым оқиға туралы акт жасап, онда жұмыскер А.Б. М-евқа қатысты жұмыс берушінің кінәсін - 100 %, жұмыскердің кінәсін - 0% деп көрсеткен. Бірінші саты сотында талапкер Ж.Ш-аның өкілі, қорғаушысы А.Ж. К-ова талап арызды нақтылай түсе, А.Б. М-тың қайтыс болуына дейін оның асырауында 08.06.2012 жылы туылған қызы А-я Асхатқызы Булкен және баланы күтіміне байланысты жұмыс істемейтін Ж.Ш-ова болғанын көрсеткен. Соған орай, Қазақстан Республикасының АК-нің 940, 941 баптарына сәйкес, жолдасының қайтыс болуына байланысты, ол және баласы оның көзi тiрi кезiнде өзiнiң күтіп-бағуға алған, қайтыс болғанның жалақысының 2/3 бөлігі мөлшерінде зиянды өтетiп алуға құқығы бар. Жолдасының тірі кезінде жаласы 30 000 теңгені құрағандықтан, жалақының 2/3 бөлігі 20 000 теңгеге тең. 12.01.2013 жылдан бастап сот шешімінің шығарылуына дейін айына 30 000 теңге мөлшерлі жалақысынан алғандағы біржолғы жәрдемақы төлеміне құқылы.
Аталған соманы жауапкерден біржолғы өзінің және баласының пайдасына өндіруді сұраған. Сонымен қоса, ай сайын баланың кәмелеттік жасқа толуына дейін кәмелеттік жасқа толмаған қызының мүддесінде өзінің пайдасына жолдасының жалақысының 1/3 бөлігін, баланың 14 жасқа толуына дейін өз пайдасына 1/3 бөлігін жауапкерден өндіруді сұраған. Одан басқа, жақын адамды жоғалтуына байланысты ол түңіліп және қиналғандығынан қызының пайдасына 10 000 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өндіруді сұраған
Талапкер Б. М-аев талап арызды нақтылай келе, жерлеуге, онымен қоса қайтыс болған ұлының 40 күніне және жылына жұмсалған 2 155 229 теңге көлеміндегі соманы (анықтамалары, түбіртектері бар), одан басқа, ұлының басын көтеру жұмыстары үшін төрт жұмыскерлерге 120 000 теңге төленгенін көрсеткен. Осылайша, барлық материалдық шығындарды 2 275 229 теңге көлемінде өндіруді сұраған. Ұлының қайтыс болуына байланысты ол түңіліп және қиналғандығынан 10 000 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өндіруді сұраған. Талапкер К. Мурзатаева өзінің талабын қолдап, талапты қанағаттандырып, 10 000 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өндіруді сұраған.
03.07.2015 жылғы Ақтоғай ауданының № 2 аудандық сотының ұйғарымымен талапкер А-на Асыловна Исмагулованың 11.10.2008 жылы туылған кәмелеттік жасқа толмаған А-ен Асхатұлы Булкеннің жауапкер «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-не асыраушының қайтыс болуына байланысты жерлеуіне жұмсалған шығындарды өндіру, жәрдемақы төлету, моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 249- бабы 7-тармағына сәйкес, қараусыз қалдырылған.
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының № 2 аудандық сотының 2015 жылдың 09 шілдесіндегі шешімімен талапкерлер Б-ен Мурзатаевтың, К-раш М-ның, Жұлдыз Ш-ың жауапкер «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-не асыраушының қайтыс болуына байланысты жерлеуіне жұмсалған шығындарды өндіру, жәрдемақы төлету, моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы жартылай қанағаттандырылған.
Талапкерлер Булкен М-тың, Күлмайраш М-ның жауапкер «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-не қайтыс болуына байланысты жерлеуіне жұмсалған шығындарды өндіру бөлігіндегі талабы қанағаттандырылмаған. «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-нен Булкен М-втың, Күлмайраш М-ның пайдасына моральдық зиянды келтіргені үшін 500 000 (бес жүз мың) теңге көлемінде сомасы өндірілген. «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-нен Жұлдыз Ш-аның пайдасына А.Б. Му-ың жалақысынан 2/3 бөлігі, 12.01.2013 жылдан бастап 09.07.2015 жылғы дейін біржолғы 526 458 (бес жүз жиырма алты мың төрт жүз елу сегіз) теңге сомасы өндірілген.
«Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-нен Жұлдыз Ш-аның пайдасына А.Б. М-втың жалақысынан 1/3 бөлігі ай сайын және 08.06.2012 туылған қызы А-я Асхатқызы Булкен кәмелеттік жасқа толғанға дейін, 14 жасқа дейін, 08.06.2026 жылға дейін 09.07.2015 жылдан бастап ай сайын 8 535 теңгеден өндірілген. «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-нен Жұлдыз Ш-аның пайдасына кәмелеттік жасқа толмаған 08.06.2012 туылған қызы А-ля Асхатқызы Булкеннің мүддесінде, А.Б. М-евтың жалақысынан 1/3 бөлігі бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін 09.07.2015 жылдан бастап ай сайын 8 535 теңгеден өндірілген. «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-нен Жұлдыз Ш-аның пайдасына моральдық зиянды келтіргені үшін 500 000 (бес жүз мың) теңге көлемінде сомасы өндірілген.
Талапкерлер Б.М-аев және К. М-ева апелляциялық шағымдарында 09 шілде 2015 жылғы сот шешімін өзгертіп, олардың талабын толығымен қанағаттандыруды сұраған. Бірінші саты шешімімен ескерілмеген уәждер шағымда көрсетілген, жауапкермен ұлының қайтыс болғандығынан жұмыс берушінің 100 % кінәсін мойындауы, моральдық зиянды, сонымен қоса ұлының жерленуіне жұмсалған материалдық шығындарды өндіру талабын қанағаттандыруы тиіс деп санайды. «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-нің басшысы А.К. К-ев апелляциялық шағымында 09 шілде 2015 жылғы сот шешімінің күшін жойып және талап арызды толығымен қанағаттандырмау туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Шағымда шешімдегі моральдық зиянды өндіру бөлігімен келіспейтіндігі көрсетілген. Бірінші сатыдағы соты талапкер Ж.Ш-аның өтініш беруі шеңберінен шығып, сонымен қоса, сотпен істің мән-жайы шеңбері дұрыс анықталмаған, соған байланысты асыраушысынан айырылғандардың саны және олардың асырау үлесі мөлшері дұрыс анықталмағанын көрсеткен. Мән-жайларды растайтын немесе теріске шығаратын тараптың пікірі бойынша дәлелдемелерді сұрату өтінішіхаты түскен.
Келесі негіздер бойынша апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерткен. Бірінші сатыдағы сотпен істі дұрыс қарау үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін анықтағанда, 11.06.2012 жылғы №23к бұйрығына сәйкес, А.Б. М-аев 01.06.2012 жылдан бастап 2 ай сынақ мерзімімен «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-нің қорықшысы лауазымына жұмысқа алынған. 2013 жылдың 12 қаңтарында фирманың қызметкерлерімен кәсіпорынның өртенген УАЗ маркалы көлігі, қорықшылық қызметіне жататын К.Ш. Б-тың, А.К. Б-овтың, А.Б. М-втың, және заңгер А.К. К-ның төрт адам құрамында қаза тапқандар табылған.
Аталған факт бойынша Қарағанды облысының ІІД-мен қылмыстық іс қозғалып, өзің-өзі өлтіру әрекеті нәтижесінде қайтыс болған Ю.Л.Крыловпен жасалған қылмыстан, «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-нің жұмыскерлердің өліміне әкелгені анықталып 29.05.13 жылғы қаулымен тоқтатылған. А.Б. М-тың қызметтік міндеттерін орындау барысында қайтыс болуына байланысты, «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-мен жазатайым оқиға туралы актісі жасалып, жұмыс берушінің кінәсі - 100 %, жұмыскердің кінәсі - 0% анықталған. 02.03.2012 жылғы № 50-313-12-0000088 акті жазылуы бойынша неке қию туралы куәлікке сәйкес, талапкер Ж.А. Ш-нова, Асхат Булкенович М-пен заңды некеде тұрған. 10.07.2012 жылғы № 10-313-12-0000740 акті жазылуы бойынша туу туралы куәлігіне сәйкес, 08.06.2012 жылы туылған кәмелеттік жасқа толмаған А-я Асхатқызы Булкен қайтыс болған Асхат Булкенович М-втың және талапкер Жылдыз Асанкуловна Ш-аның қызы.
Сонымен қоса, қайтыс болған А.Б. М-вта, асыраушысының қайтыс болуына байланысты күтіп-бағуға құқылы бірінші некеден ұлы 11.10.2008 жылы туылған Б-ен Аркен Асхатұлы бар. Бірінші саты сотында «Балқашбалық» фирмасы» ЖШС-і өз еркі негізінде жерлеуге материалдық көмек ретінде 1 000 000 теңге төлеген, сотта оны талапкерлер растаған. Аталған мән-жайларды ескере, сот А.Б. М-ев өзінің қызметтік міндеттемелерін орындау кезінде қайтыс болды деген қорытындыға келді. Соның салдарынан, талапкер Б.М-пен жерлеуге, ас беруді өткізуге шығындар көтерілген, сотта дәлелдеме ретінде жауапкермен өз еркімен төленген сомадан аспайтын сомаға, кассалық ордерге түбіртектермен, сатып алу актісімен, (анықтамалармен) жүкжөнелтпе құжаттарымен және фиксалды чектермен жартылай расталған, сондықтан жерлеуге шығындарды өндіру бөлігіндегі талапты бірінші саты сотымен қанағаттандырылмағанымен алқа келіседі.
Адамдарға зиянды өтеудi белгiлеген кезде қайтыс болған адамның кiрiстерiнiң құрамына оның табысымен қатар көзi тiрi кезiнде алып жүрген зейнетақысы, ғұмырлық жәрдем ақшасы мен осы сияқты басқа да төлемдер қосылады. Бірінші саты сотымен, жолдасының көзі тірісінде талапкер Ж.Шабданованың 08.06.2012 жылы туылған қызы А-я Асхатқызы Булкеннің 6 айлық болғандығынан, соны күтуіне байланысты жұмыс істемегені анықталған.
Соттың уәжі бойынша, қайтыс болған М.Б. М-втың асырауында жұбайы – талапкер Ж. Ш-ва және кәмелеттік жасқа толмаған баласы А.А. Б-ен болған, сондықтан заңнамаға сәйкес, қайтыс болғанның жалақысынан әр қайсысына 1/3 бөлікте, сонда 2/3 бөлікте зиянды өндіруге құқылы.
Апелляциялық сот алқасы қайтыс болғанның жалақысын бұндай бөліктерге бөлумен келіспеді, өйткені қайтыс болған адамның асырауындағы болған еңбекке жарамсыз адамдар, қайтыс болған адам қайтыс болғаннан кейін, оның орташа айлығынан оның асырауында болған, бірақ залалды өндіруге құқылы емес, өзіне және еңбекке қабілетті тұлғаларға келетін үлесті бөлгенде, мөлшердегі зиянды өндіруге құқылы.
Алқа, А.Б. М-втың көзі тірісінде оның жалақысы өзіңе, оның бала күтіміне байланысты жұмыс істемейтін жұбайы Ж.Шабдановаға және екі кәмелеттік жасқа толмаған балаларына бөлінгенін анықтады. Сонда, бірінші саты сотымен қайтыс болғанның асырауында болғандардың үлестері дұрыс анықталмаған, АК-нің 941 бабына сәйкес, қайтыс болған А.Б. М-тың жалақысының ¼ бөлігін құруы тиіс.
Соған орай, істегі А.Б. М-втың табыстар (кірістері) туралы анықтамаға сәйкес, қайтыс болғанға дейін жылдың толық емес бөлігінде жұмыс істеген, оның жалақысы 30 000 теңгені құраған, осы айлық жалақысынан асырауында болған әрқайсысының үлесін келесі түрде анықтау қажет: 30 000 : 4 части = 7 500 теңгеден айына. Осылайша 2013 жылдың 12 қаңтарынан 2015 жылдың 09 шілдесі аралығында 30 ай х 7 500 = 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге есебінен жауапкерден Ж.Ша-аның пайдасына А.Б.М-ың жалақысынан ½ үлесі біржолғы өндіріліп алуға, ал 2015 жылдың 09 шілдесінен бастап Ж.Шабданованың пайдасына кәмелет жасқа толмаған 2012 жылы 08 маусымда туылған А-ли Ас-ызы Б-ен кәмелет жасқа толғанға дейін ай сайын 7 500 теңге өндіріліп алуға жатады.
Алқаның сұранымы бойынша берілген анықтамаға сәйкес Ж.Ш-ваға 2013 жылдын 28 мамырынан 2021 жылдың 11 наурызына дейін асыраушының ысырабы бойынша 12 712 теңге төлемақы тағайындалғандығын алқа есепке алады.
Нақты заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесі жауапкердің кінәсінан Б.М-аев, К.М-ва, Ж.Шабданова жақын адамды жоғалтқаны, оларға имандылық ауыртпашылық әкелгендігі туралы бірінші инстанция сотының қорытындысымен де алқа келіскен жоқ.
Алқа А.Б.М-ың өлімі тікелей зақым келтірген Ю.Л.К-тың заңға қайшы әрекеттерінен болғанын анықтады, ал жауапкердің өзінің жұмысшысын өзінің еңбек міндеттерін орындауға жіберуі жұмысшының өліміне әкеліп соққан тікелей әсері болған жоқ; сондықтан бірінші сот инстанциясы Азаматтық кодекстың 921 бабының нормаларын дұрыс қолданбаған, Ю.Л.К-ов жауапкердің жұмысшысы болмаған; сондықтан алқа моральдық шығындарды өндіріп алу туралы талап арызын сол бөлігінде қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарды, өйткені Азаматтық кодекстың 951-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде зиян келтiрушi өтейдi. А.Б.М-тың өлімі ретіндегі келген салдарға қатысты кінәсі жоқ жауапкердің әрекеті аталған баптың 3 тармағанының диспозициясына жатпайды.
Аталғандарға байланысты апелляциялық сот алқасы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының № 2 аудандық сотының 2015 жылдың 09 шілдедегі аталған іс бойынша шешімін өзгертті. Асыраушының ысырабы бойынша жәрдемақы көлемін анықтау бөлігінде шешімнің күшін жойып, фирма «Балхашбалык» ЖШС-нен Жылдыз Ш-ның пайдасына А.Б.М-тың біржолғы жалақысынан ½ үлесі 2013 жылдың 12 қаңтарынан 2015 жылдың 09 шілдесі аралығына 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге өндіріп алды және фирма «Балхашбалык» ЖШС-нен кәмелет жасқа толмаған 2012 жылы 08 маусымда туылған А-и А-ызы Булкеннің мүддесінде Жылдыз Ш-аның пайдасына ай сайын бала кәмелет жасқа толғанға дейін 7 500 теңге өндіріп алды.
Сонымен қатар фирма «Балхашбалык» ЖШС-нен Б.Му-ың, К.М-ның пайдасына 500 000 теңге көлемінде моральдық зиян өтемін, және де фирма «Балхашбалык» ЖШС-нен Ж.Ш-аның пайдасына 500 000 теңге көлемінде моральдық зиян өтемін өндіріп алу бөлігінде алқа сот шешімінің күшін жойып, талаптың осы бөлігі бойынша қанағаттандырудан бас тартты.
Қалған бөлігінде шешім өзгеріссіз қалдырылды. Жоғарыда аталғандай баласының өлімімен байланысты моральдық зиянды өтеу талабын қанағаттандыруға құқықтық негіздер жоқ, өйткені ондай құқыққа келтірілген зияннан тек жеке өздері зардап шеккен жеке тұлғалар ғана ие деген бірінші инстанция сотының қорытындысымен келісу қиын.
Жәбірленушінің өлімімен байланысты оның жақын туыстары моральдық зиянды өтеу талабын өндіріп алуға құқылы ма екендігі туралы мәселе ашық болып қалады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі келтірген материалдық, моральдық зиянды өндіру және жұмысқа қайта орналастыру
58 рет жүктеп алынды -
6AE9~1
57 рет жүктеп алынды