⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.

Бұдан бұрын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» күші жойылған Заңда көрсетілген сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы қағидаларына сәйкес қазіргі уақытта осындай болып табылмайды. Жаңа заңнамаға сәйкес бұрын сыбайлас жемқорлық  бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар ретінде көрсетілгендер мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық түсінігіне жатады.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты А.А.В. «Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті» РММ-не бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою, Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «Әуежай-Астана» кеден бекетінің бұрынғы бас маман лауазымына қайта орналастыру туралы талаптан бас тартқан. Талапкер ҚР 366- б. 3-б. 1-т. көзделген әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығында 2016 жылғы 16 наурыздағы тергеушінің қаулысымен оған қатысты қылмыстық іс қысқартылған деп көрсетіп негіздеді. 2016 жылдың 28 наурызында Тәртіптік комиссия «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-б. 4-б. сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін теріс уәждер бойынша талапкерді лауазымынан шығару туралы мәселені қарауға кеңес етті. 2016 жылғы 31 наурыздағы бұйрықпен ол шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткені үшін мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды. Ол параны қорқытып алу және оны алу бойынша ешқандай әрекеттерді жасамаған, сондайақ осындай әрекеттерді жасауға қастық ойламады.

Сотпен анықталғандай, А.А.В. шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткені үшін мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50- б. сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мынадай іс-әрекеттері мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады:

1) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуы;

2) өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін жеке өзiнің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануы;

3) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар беруі (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);

4) шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі және басқалары...

Сот отырысында талапкер 2016 жылдың қаңтар айында қайсыбір «Петров» 250 000 АҚШ доллары сомасында валютаны заңсыз шығару ниеті туралы хабарлап, оған жүгіну фактісі дауланбаған. Әңгіме барысында А.В. «Петровқа» шығарылатын валютаны заңмен белгіленген тәртіпте ресми мәлімдеуді ұсынған болатын. Бұдан әрі «Петров» А.В. бірнеше рет қоңырау шалған, әңгіме барысында А.В. оның көрсететін қызметі үшін шығарылатын валюта сомасынан 1% мөлшерінде сыйақы сомасы айтылған болатын, сондай-ақ А.В. «Петровқа» ұшу датасын өзгертуді ұсынған, себебі бұл дата оның жұмысының ауысымымен сәйкес келетін және оның ұялы телефонына билеттің суретін жіберуді ұсынды.

Аталған әрекеттер А.В. сөзінен мәлім болғандай, бұл әрекеттері контрабанданы тыю үшін бұдан әрі әрекеттер қолдану мақсатында азамат «Петровтың» шынайы сауалнамалық деректерін, ұшу датасын анықтау үшін жасалған. Басшылықты дайындалып жатқан қылмыс туралы ескертпеді, себебі «Петров» валютаны шығаратынында сенімді болмаған, сондай-ақ «Петровта» осындай ірі ақша сомасы бар екенінде күмән болған.

Бірінші сатыдағы сот талапкердің алдағы уақыттағы құқық бұзушылық туралы басшылыққа хабарламағаны туралы дәлелдерді теріске шығарды, себебі контрабанданы тыю үшін болшақта шараларды қолдану үшін «Петровпен» келіссөздер жүргізген. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 52-б. 1,3-т., Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 24-б. 1-т. талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметші дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Аталған әрекеттерді талапкер жолаушы «Петровтың» сауалнамалық деректері, ұшужың күні мен уақыты мәлім болғаннан кейін де қолданбады. Талапкер азамат «Петровтан» заңсыз ақша қаражаттарын алуға дайындық бойынша белсенді әрекеттерді қолданған. Сонымен қатар талапкер Департаменттің құқық қорғау қызметінің қызметкері болып табылмайды және өзінің функционалдық қызметтері бойынша ақша қаражаттарының контрабандасын тыю мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға тиіс емес.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61-б. 1-т. 21 т. сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауы негіз болып табылады.

Жоғарғы Сотының «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 23-т. сәйкес өздері өкілдері болып табылатын органның беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін қызметтен босатылған адамдардың дауын қарау кезінде, беделін түсіру деп қызметтік міндеттерін атқару кезінде, болмаса, қызметкерлердің өздері өкілдері болып табылатын органдардың беделі мен қадір-қасиетіне азаматтардың көзінше нұқсан келтірген әрекеттерін ұғыну керектігін соттар ескеруі қажет.

Сот 2016 жылдан бастап қолданысқа енген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды реттейтін құқықтық актілер негізінде даулы құқық қатынастарды дұрыс шешкен.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу