⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сот шығындарын бөлу

Сот шығындарын бөлу

Сот шығындарын бөлу

Сот шығындарын бөлу

АПК-нің 106-б. сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босату Салық кодексімен көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

Салық Кодексінің 70 бөліміне сәйкес соттарда талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қою және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша арыз берген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

АПК-нің 117-б. қағидалары бойынша талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот мемлекет кірісіне шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады.

Салық Кодексінің 70 бөліміне сәйкес мүліктік сипаттағы талап арыздардан жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы мөлшерде мемлекеттік баж алынады.

Талап қою бағасы ақшаны өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап етілген сомамен айқындалады (АПК-нің 104-б. 1-б. 1 т.).

Демек, жалақыны өндіріп алу туралы талаптар бойынша, себебі талапкер заңға сәйкес талапты берген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылған жеке тұлға болып табылады, соттар жауапкерден мемлекеттің пайдасына өндіріп алынған сомадан 1% сай келетін мөлшерде мемлекеттік бажды өндіруі тиіс.

Сонымен қатар соттар қателерге жол беруде, заңды тұлға болып табылатын жауапкерден сот өндіріп алған сомадан 3% мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілуі тиіс деп санайды.

2016 жылдың 15 ақпанында Қарағанды қаласы Қазыбекби ауданының №2 аудандық соты И.Б.Бергманның «Best-7» ЖШС-не жалақыны және өтемақыны өндіріп алу туралы талапты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Сот татуласу келісін бекіткен, оған сәйкес ЖШС 2016 жылдың 1 наурыз мерзімге дейін Б.-ға жалақы бойынша берешекті және жалпы сомасы 282 996 теңге пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақыны төлеуге міндеттенген.

АПК-нің 117-б. басшылыққа ала отырып, сот ЖШС-тен жергілікті бюджетке 2 830 теңге сомасында мемлекеттік баж өндіріп алған.

Сонымен бірге АПК-нің 117-б. 1-б. сәйкес талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж сот мемлекет кірісіне шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады.

Аталған норма талапты қанағаттандыру туралы сот шешімін шығарған кезде мемлекеттік баждың өндірілуін көздейді (толығымен немесе ішінара).

Ал бұл жағдайда істі мәні бойынша қарау соттың шешімімен емес, тараптардың талуласуына байланысты ұйғарыммен аяқталған.

АПК-нің 115-б. 2-б. сәйкес тараптар бірінші, апелляциялық сатылардағы соттар бекіткен татуласу келісімін жасасқан кезде, төленген мемлекеттік баж толық көлемде бюджеттен қайтарылуға жатады.

Татуласу келісімін бекітумен байланысты, талапкер еңбек шарты бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылғандықтан, сот мемлекеттік бажды бюджеттік қаражаттар есебіне жатқызғаны абзал.

АПК-нің 117-б. 3-б. басшылыққа ала отырып, егер тараптардың екеуі де сот шығыстарын төлеуден босатылса, онда іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебіне жатқызылады.

Сонымен қатар соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатуға Салық Кодексінің 541-б. көрсетілген адамдар жатады. Адамдар тізімі кеңейтілген талқылауға жатпайды.

Салық Кодексінің аталған бабының 16) т. сәйкес мемлекеттiк мекемелер - үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешiмiне шағым жасаған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Бап мемлекеттік мекеме – жауапкерді мемлекеттік баж төлеуден босату туралы нормалардан құралмайды.

Соттарда жауапкерлер – мемлекеттік мекемелер азаматқа заңсыз сотталу, күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шараларын заңсыз қолдану не қамаққа алу түрінде заңсыз әкімшілік жаза қолдану арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады (баптың 19) т.).

Демек, мемлекеттік мекеме- жауапкер босатылмаған мемлекеттік бажды бюджеттік қаражаттар есебіне жатқызу заң бойынша дұрыс емес болып табылады.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.