⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сотта некені бұзудың негіздері

Сотта некені бұзудың негіздері

Сотта некені бұзудың негіздері

Сотта некені бұзудың негіздері

 

Бұл ең алдымен Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің нормалары, онда некені бұзу туралы дауларды қай соттың қарайтыны мәселелері, некені сот тәртібімен бұзудың негіздері, некені бұзу мерзімдері, сот некені бұзу туралы шешім шығарған кезде шешетін мәселелер, некені бұзған кезде оның тоқтатылу кезі регламенттелген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің некені бұзу туралы дауларды сотта қараудың, азаматтық істерді, соның ішінде некені бұзу туралы дауларды қараудың тәртібі, шешім жасау мен шығарудың және т.б. мәселелерін реттейтін нормалары.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 «Соттардың некені (ерлі-зайыптылқты) бұзу туралы істерді қарау кезінде заңнаманы қолдануы туралы», 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Сот шешімі туралы» (24-тармақтың а) тармақшасы) Нормативтік қаулыларының нормалары.

Ведомстволық бағыныстылығы

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 17-бабына сәйкес Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік  және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке (ерлізайыптылық) бұзылатын болады.

  1. Егер ерлі-зайыптылардың біреуін:

1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;

2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;

3) сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса;

4) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлізайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 19-бабының 2-тармағана сәйкес некені бұзу мынадай:

1) осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған;

2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған;

3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлізайыптылықты) бұзудан жалтарған;

4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.

Алайда ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған, олардың жасы кәмелетке толмаған балалары болмаған, талып арызда және оған қоса берілетін құжаттарда жауапкер некені бұзумен келіспейтіні не өзінің қарсылығы болмаса да өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтаратын кезде некені бұзу туралы талап арыздар сотқа бағынысты емес орындарға келіп түскен кезде азаматтық процестік заңды қолданумен байланысты мәселелердің кейбір қиындықтары туындаайтыны әлі жалғасып келеді.

Мысалы, Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Қ. 2015 жылғы 16 қаңтарда Р-дың Р-ға некені бұзу туралы талап арызын АПК 153-бабының 1-тармағы бойынша қабылдамады, өйткені талап арыз азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды және азаматтық хал актілерін тіркеу орнына жүгінуге ұсыным берді.

Қ. 2015 жылғы 6 ақпанда Х-ның К-ге некені бұзу туралы талап арызын да осы негіздер бойынша қабылдамаған.

Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының судьясы Н. да 2015 жылғы 11 ақпанда К-нің К-ге некені бұзу туралы талап арызын талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңнамада белгіленген дауды сотқа дейін алдын ала шешудің тәртібін сақтамағандықтан және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі әлі де бар болғандықтан АПК 154-бабының 1-тармағы бойынша талап қоюшыға қайтарады. Бұл ретте судья талып арызда және оған қоса берілетін құжаттарда жауапкердің некені бұзумен келіспейтіні не өзінің қарсылығы болмаса да өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтаратыны көрсетілмегендіктен бұл жағдайда талап қоюшының алдын ала азаматтық хал актілерін тіркейтін орынға жүгінгені дұрыс деген тұжырымға келеді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 «Соттардың некені (ерлі-зайыптылқты) бұзу туралы істерді қарау кезінде заңнаманы қолдануы туралы» Нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес жасы кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлізайыптылардың некесін бұзу бір-біріне мүліктік және өзге талаптары болмаған кезде азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық әділет органдарында жүргізіледі. Алайда, судья некені бұзу туралы өтінішті қабылдаудан бас тартуға, ал сот егер ерлі-зайыптылардың бірі өзінің қарсылығы болмаса да азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық әділет органдарында некені бұзудан жалтарса (бірлескен өтінішті немесе бірлескен өтінішті беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда не оны берсе де ажырасуды тіркеуге келуге ықыласы болмаса жеке өтінішті беруден бас тартса), азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық әділет органдарында бұзуға болады деген негізбен өтінішті қарамай тастауға құқылы емес. Соттар өтініш берушіден тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен барғанын растайтын анықтаманы талап етуге тиіс.

Осылайша, Қазақстан Республикасының көрсетілген Нормативтік қаулысында соттың қандай жағдайларда некені бұзу туралы өтінішті алуға құқылы еместігі туралы нақты түсіндіру берілген, оларды қайтаруға немесе қарамай қалдыруға болмайды.

Сотттылық

Соттылықтың жалпы қағидалары бойынша некені бұзу туралы талап арыз АІК кодексінің 31-бабына сәйкес жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 «Соттардың некені (ерлі-зайыптылқты) бұзу туралы істерді қарау кезінде заңнаманы қолдануы туралы», 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 Нормативтік қаулысының 9-тармағына сәйкес тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ адаммен некені бұзу туралы талап арыз оның мүлкі тұрған жері немесе оның соңғы тұрған жері бойынша берілуі мүмкін (АІК 32-бабаның 1-тармағы).

Талап қоюшымен жасы кәмелетке толмаған ортақ баласы бар болған немесе жауапкердің денсаулығана байланысты оның тұрғылықты жеріне бару оған мүмкін болмаған жағдайда талап арыз талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін (АІК 32-бабының 7-тармағы.).

Бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені бұзу туралы талап арыздар, оның жазаны өтеу мерзіміне қарамастан, соттылық туралы жалпы қағидалар сақтала отрып беріледі. Егер талап арыз жауапкердің тұрғылықты жері бойынша берілсе, онда аталған адамның сотталғанға дейінгі соңғы тұрған жеріне сүйену керек.

Мемлекеттік баж

Салық кодексінің 610-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына орай некені бұзу туралы сотқа берілетін талап арыздан айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Бұл мемлекеттік бажды талап қоюшы төлейді.

Сот актілерін талдау көрсеткеніндей, бүкіл республика бойынша соттар шешімдерінің көпшілігі талап қоюшы талап арызды берген кезде сот шығындары ретінде төлеген мемлекеттік баж талап арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарған кезде жауапкерден талап қоюшыға берілмейді.

Әйтсе де, АІК 110-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот шешім шығарылған тараптың пайдасына сот шығыстары бойыншак келтірілген шығындардың бәрін екінші тарапқа артады. Егер талап арыз ішінара қанағаттандырылған болса, онда шығындар талап қоюшыға сот қанағаттандырған талаптарға тең шамадағы мөлшерде артады, ал жауапкерге талап қоюшыға бас тартқан талап арыздардың бөлігіне тепе-тең мөлшерде артады.

Салық кодексінің 610-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына орай некені бұзуды тіркеу үшін мемлекеттік баж: соттың шешімі негізінде айлық есептік өкрсеткіштің 150 пайызын құрайды.

Соттың шешімінде ерлі-зайыптылардың қайсысынанан және қанша мөлшерде мемлекеттік баж алынатыны және матриалдық жағдайына қарай ерлі-зайыптылардың қайсысы балаларды бағып-қағуына, басқа да нақты мәнжағдайларға байланысты оны төлеуден босатылатыны көрсетілуге тиіс.

Алайда некені бұзуды тіркеу кезінде мемлекеттік баж соттың шешімінде мемлекеттік баждың мөлшерін көрсетпестен айлық есептік көрсеткіштің пайзы түрінде алынатын жағдайлары: мемлекеттік баждың барлығы екінші тарапты мемлекеттік бажды төлеуден босатуды көрсетпестен бір ғана тараптан алатын жағдайлары кезедеседі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 «Соттардың некені (ерлі-зайыптылқты) бұзу туралы істерді қарау кезінде заңнаманы қолдануы туралы Нормативтік қаулысына орай соттың некені бұзу туралы шешімі сияқты некені бұзудан бас тарту туралы шешімі де заңды болуға және сот отырыстарында тексерілген дәлелдемедерге негізделуге тиіс.

 Шешмінің уәждемелік бөлігінде, яғни ерлі-зайыптылардың бірі некені бұзуға қарсы болған кезде ерлі-зайыптылардың арасындағы келіспеушіліктердің сот анықтаған себептері, отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігінің дәлелдемелері не соттың отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігі туралы тұжырымы, оның негізінде соттың сол немесе өзге дәлелдемелерді қабылдамауы көрсетіледі.

Некені бұзу туралы талап арызды қанағаттандыру туралы шешімнің қарар бөлігінде соттың Кодекстің 22-бабының 2-тармағында санамалап көрсетілген талаптар бойынша, соның ішінде бірлесіп қарау үшін біріктірлген талаптар бойынша тұжырымы қамтылуға тиіс. Шешімнің осы бөлігінде сондай-ақ некені бұзуды мемлекеттік тіркеу, некені (ерлізайыптылықты) тіркеу үшін қажетті мәліметтер, актілік жазбаның нөмірі, некені тіркеген тіркеуші органның атауы, неке бұзылған кезде ерлізайыптылардың тегі, бұрынғы ортақ тегі сақталады ма әлде бұрынғы тегі қайта қалпына келтірілді ме деген мәселелер көрсетіледі. Ерлізайыптылардың тегі неке туралы куәлікке сәйкес шешімде жазылады, ал некеге отырған кезде тегі өзгерген кезде шешімнің бөлігінде некеге отырғанға дейінгі тегі жазылады.

Шешімде Соттың шешімінде ерлі-зайыптылардың қайсысынан және қанша мөлшерде мемлекеттік баж алынатыны және материалдық жағдайына қарай ерлі-зайыптылардың қайсысы балаларды бағып-қағуына, басқа да нақты мән-жағдайларға байланысты оны төлеуден босатылатыны көрсетілуге тиіс. Шешім заңды күшіне енген күннен бастап некенің тоқтатылуы кезі көрсетіледі.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу