Соттардың сот бұйрығын шығару кезінде мемлекеттік баж өндіру практикасы
Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығарғанда мемлекет пайдасына өндірілетін баж көлемін дұрыс есептемейтінін көрсетті.
Мемлекеттік бажды өндіру ҚР салық кодексінде көзделген. «салық және бюджетке басқа төлемдер» кодексінің 610 бабының 10 тармақшасына сәйкес сот бұйрығын шығару туралы арыздардан осы тараудың бірінші тармақшасында көрсетілген ставкасының 50 пайызы өндіріледі. Осы пунктінің 1 тармақшасы өндірілуге жататын материалдық мазмұнды талап арыздардан мемлекеттік баж ретінде 1 пайыз төленуін көрсетеді.
ҚР жоғарғы сотының 25.12.2006 жылғы нөмірі 9 нормативтік қаулысының 10 пунктінде түсіндірілгендей алимент өндіру туралы талап арыздардан төлемдердің бағасы жылдық жиынтығымен есептеледі.
Жылдық жиынтық жауапкердің табысы туралы мәліметтермен анықталады (мысалы еңбек ақы туралы анықтама салық комитетінен мәлімет және басқа). Егер жауапкердің табысын дәлелдейтін мәліметтер болмаған жағдайда жылдық табыс жиынтығы көлемін ҚР «орындау өндірісі және сот орындаушылардың статусы туралы» заңының 99-бабына сәйкес жауапкердің жылдық жиынтығы көлемі ҚР орташа айлық көлемінен істі сотта қарау күніне есептеледі.
ҚР «орындау өндірісі және сот орындаушылардың статусы туралы» заңының 99- бабының 3 тармаңына сәйкес егер борышкер жұмыс жасамайтын болса немесе сотқа оның жалақысын немесе басқа табысын дәлелдейтін құжаттар тасырылмаған болса алимент бережағы осы аумақтағы орташа айлық еңбек ақысынан бережақты өндіру күніне есптеледі.
Сонымен заң бойынша кәмелетке толмаған балаларға сот бұйрығы арқылы алимент өндіру кезінде мемлекеттік баж борышкердің жылдық табысының 0,5 пайызын құрайды, ал егер борышкердің табысын дәлелдейтін құжат жоқ жағдайда жылдық жиынтық көлемі борышкердің тұратын аумағындағы орташа айлық есебінен істі қарау күніне анықталады.
Бірақ кейбір судьялар өндірілуге жататын мемлекеттік бажды дұрыс есептемейді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот бұйрығы кірісінің 13 мөлшерінде алимент өндірілсін (2)
60 рет жүктеп алынды -
Сот бұйрығы кірісінің 13 мөлшерінде алимент өндірілсін (3)
71 рет жүктеп алынды -
Сот бұйрығы кірісінің 13 мөлшерінде алимент өндірілсін
64 рет жүктеп алынды