Тараптар арасында жасалған еңбек шарты жоқ болған кезде қатынастарды еңбек қатынастары деп тану туралы даулар
Еңбек Кодексінің 33-б. 3-т. сәйкес адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» номативтік қаулысының (кейінгі өзгерістермен және толықтырулармен) 7-т. сәйкес еңбек қатынасының сипатын қызметкердің ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне бағына отырып белгіленген жұмысты белгілі бір мамандық, біліктілік, лауазым бойынша орындауынан, ал жұмыс берушінің оған жалақысын төлеуінен және еңбек туралы заңнамада белгіленген, еңбек жағдайын қамтамасыз етуінен көруге болады.
Мәселен, Павлодар қалалық соты Б.Ж.Маукиловтың «Павлодарский завод легких конструкций» ЖШС-не талабы бойынша істі қараған болатын.
Талапкер талаптарын келесідей негіздеді, 2015 жылдың 22 қыркүйегінде «Павлодарский завод легких конструкций» ЖШС-нің (бұдан әрі - ЖШС) атынан директор О.С.Давиденко мен «Алюминий Казахстана» АҚ-ның (бұдан әрі - АҚ) атынан президент А.Б.Есенжулов АҚ-ның аумағында құрылыс-мотаждау жұмыстарын орындау үшін № 70 мердігер шарты жасалған болатын. 2015 жылдыңі 16 қарашасында ЖШС пен оның арасында слесарь лауазымында, және басқа да қалған жұмыскерлермамандармен жұмыстарды орындауға № 52 еңбек шарты жасалған болатын. 2016 жылдың 29 қаңтарында АҚ аумағында жұмыстарды өткізген кезде оған металдан жасалған арқалық түскен. Оның салдарынан ол аяқтың ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілді. ЖШС бастапқыда «Павлодар облысының еңбек Басқармасы» ММ-не (бұдан әрі - ММ) ЖШС жұмыскері ретінде жазатайым оқиға фактісі бойынша жүгінген, бірақ кейін ЖШС-тің директоры ЖШСтің қызметкерлерін комиссияның құрамынан шығару туралы хатты еңбек инспекциясына жолдаған, бұны ол жұмыскердің еңбек қатынастарында тұрмағанымен негіздеді. Талапкер ЖШС жұмыс беруші ретінде тиісті жауаптылықтан жалтару үшін онымен еңбек қатынастарының бар болуын қасақана жасырады деп санайды. Көрсетілген негіздемелер бойынша еңбек шартын шынайы деп тануды, оны жәбірленуші деп тануды, «Павлодарский завод легких конструкций» ЖШС оның жұмыс берушісі деп тануды, жазатайым оқиғаның жауапкері О.С.Давиденко деп тануды, ЖШС басшылығының жазатайым оқиғаның тергеп-тексерілуін жүргізуді міндеттеуді сұрайды.
Дауды шешкен кезде сот тараптардың құқық қатынастары кезінде қолданыста болған Еңбек Кодексінің (2007 ж.) нормаларын қолданған болатын.
Еңбек Кодексінің (2007 ж.) 38-б. 1-б. сәйкес еңбек шартының қолданылуы оған тараптардың қолы қойылған күннен не шартта белгіленген күннен басталады. Қызметкерді жұмысқа нақты жіберу еңбек шартына тараптардың қолы қойылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті үлгіде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі. Осы кезден бастап еңбек шартының тараптарында құқықтары мен міндеттері туындайды.
Сотпен анықталғандай, ЖШС директоры бастапқыда «Павлодар облысының еңбек Басқармасы» ММ-не жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияның құрамына ЖШС жұмыскерлерін кіргізу туралы өз қолымен жазған арызбен жазатайым оқиға фактісі бойынша жүгінген, Маукиловпен еңбек шартының түпнұсқасын ұсынды. Алайда кейін жәбірленуші жұмыскермен еңбек қатынастарын танудан бас тартып, ЖШС қызметкерлерін комиссияның құрамынан шығару туралы хатты еңбек инспекциясына жолдаған.
Еңбек шартының түпнұсқалық данасын жоғалту немесе оны жасыруды сот істің нақты мән-жайлары туралы жауапкер тарапының егізділігін дәлелдемеу ретінде бағалады және АПК-нің 73-б. 9-б. талаптарына сәйкес ондағы мәліметтер бұл тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған және онымен танылды деп саналады деген қорытынды жасады.
Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы өз қаулысында мынаны көрсетті, бірінші сатыдағы сот анықтаған мән-жайлар жауапкер еңбек қатынастарындағы тарап ретінде заңның талаптарына сәйкес заңдық маңызы бар тиісті ресімдеуді қамтамасыз етпеді деп тануға негіз береді. Жауапкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланған еңбек шарты көшірмесінің бар болуында оның жоғы туралы өз пікірін тиісті түрде дәлелдеу мүмкіндігінен өзін айырды. Тараптар арасында жұмыскерге бір данасын ұсынусыз тәртіпті бұзумен еңбек келісімі жасалған болатын, осымен жауапкер заңнама талаптарын өрескел бұзған.
Біздің пікірімізше, сот сатылары талапкер мен жауапкер арасында оның тиісті ресімдеусіз еңбек келісімі жасалғаны анықталған болатын, осымен жұмыс беруші еңбек заңнамасының талаптарын өрескел бұзған.
Сонымен қатар сот алқасы тексеру және процестік шешім шығару үшін жеке ұйғарыммен Павлодар облысының прокурорына «Павлодарский завод легких конструкций» ЖШС басшысының Еңбек Кодексінің 152, 156- баптарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтірген Еңбекті қорғау Қағидаларының бұзушылығын және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделеріне едәуір зиян келтіруге әкелген еңбек заңнамасының бұзушылығын жасауға қатыстылық фактісі туралы жеткізді.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
11CA~1
61 рет жүктеп алынды