Уәкілетті органдар мәлімдеген борышкерді, жауапкерді іздестіру жөніндегі шығыстарды өтеу сот бұйрығы
Бұйрық арқылы іс жүргізуді реттейтін ҚР АПК-сінің 12-ші тарауы болып танылады.
Сот бұйрығы - бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндемелерін тыңдау үшін шақырмай - ақ және сотта іс қарамай – ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған сот актісі болып танылады.
ҚР АПК-нің 135 бабында сот бұйрығы шығарылатын талаптар көзделген. Сот бұйрығын қозғауға негіз ол сот бұйрығын шығару туралы арыз болып танылады. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны ҚР АПК-нің 136 бабында көзделген.
Жауапкерді немесе борышкерді іздестіруді жүзеге асыратын орган жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығыстарды өндіріп алу туралы талапты мәлімдеуге негізделсе сот бұйрығы шығарылатындығы туралы іс жүргізудің сот тәжірибесі Республика бойынша дұрыс жоғарыда аталған заң талаптарына сай және осы тарауда көзделген талаптар бұзылмаған.
Арызға, жауапкерді немесе борышкерді іздестіруді жүзеге асыратын орган, соттың жауапкерді немесе борышкерді іздестіру туралы сот актісіне іздестіру жөніндегі құжатты және іздестіруге кеткен шығынның есебі қоса жалғанады.
Сот бұйрығын ведомстволық бағыныстылық және соттылық сот тәртібімен жүзеге асыру осы кодестің 3- ші тарауы бойынша айқындалады.
Сот бұйрығын шығару туралы арыз ҚР АПК-нің 13-ші тарауында белгіленген соттылықтың жалпы ережелері бойынша сотқа беріледі.
Сот бұйрығы шығару туралы талаптар ҚР-ның АПК-нің 135 бабында көрсетілсе, осы кодекстің 140 бабында сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзімі көрсетілген. Сот бұйрығын қозғау туралы арызға өндіріп алушының талаптары және ол негізделген мән-жайлар және мәлім етілген талаптарды растайтын қоса тіркелген құжаттардың тізбесі ҚР АПК-нің 136 бабының 2 тармағының талаптарына сай көрсетіледі.
Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны ҚР АПК-нің 136 бабында көзделген. Сот бұйрығын шұығару туралы арызға сілтеме жасаған дәлелдеме құжаттарының түп нұсқалары немесе нотариатты шандырылған құжаттар тіркелуі қажет
Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздері ҚР АПК-нің 138 бабымен реттеледі.
Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды ҚР-ның АПК-нің 151, 152 бабтарында көзделген негіздер бойынша қабылдаудан бас тартады немесе кері қайтарады. Сонымен қатар судья арызды, егер ҚР-ның АПК-нің 138 бабының 1 бөлімінде көзделген, ягни мәлім етілген талап осы кодекстің 135 бабымен көзделмесе, борышкер Қазақстан Республикасы соттарының юрисдикциясы шегінен тыс болса, мәлім етілген талапты растайтын құжаттар табыс етілмесе, табыс етілген құжаттар негізінде шешу мүмкін емес құқық туралы даулардың болуы көзделсе, арыздың нысаны мен мазмұны осы кодестің 136 бабының талаптарына сай келмесе, арызға мемлекеттік баж төленбесе, кері қайтарады.
Арыз берушінің талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен осы талап бойынша талап арызды қою мүмкіндігіне өтінішті қабылдаудан бас тартуға кедергі келтірмейді.
ҚР-ның АПК-нің 136 бабының талаптарына сай судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдауға және, егер арыз осы баптың талаптарына сай келмесе немесе мемлекеттік баж төленбесе, өз ұйғарымымен өндіріп алушыға, кемшіліктерді жою үшін үш күннен аспайтын мерзім белгілеуге құқылы. Егер өндіріп алушы судьяның нұсқауларына сәйкес ол белгілеген мерзімде кемшіліктерді жойса, арыз сотқа алғаш тапсырылған куні берілген деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда судья осы кодекстің 138 бабының енінші бөлігіне сәйкес арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Сот бұйрығы - бұл мәлім етілген талаптың даусыз куәландырған мәміле негізінде қабылданатын сот актісі болып танылады.
Сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзімі ҚР-ның АПК-нің 136 бабында көрсетілген.
Сот бұйрығында: жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні; соттын атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және атыжөні; өндіріп алушының тегі, тұрғылықты жері, банк реквизиттері,борышкердің тегі, тұрғылықты жері, банк реквизиттері, талапты қанағаттандыруға негіз болған заң, өндіріп алушыға жататын ақша мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі, заңмен немесе шартпен көзделген тұрақсыздық айыбының мөлшері, мемлекеттік баждың мөлшері, сот бұйрығында шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
Сот бұйрығының көшірмесін борышкерге жіберу ҚР-ның АПК-нің 141 бабымен реттелген.
Сонымен қатар борышкер сот бұйрығын алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.
Сот бұйрығының күшін жою ҚР-ның АПК-нің 142 бабында көрсетілген. Сот бұйрығының күшін жоюға негіз борышкердің сот бұйрығының заң талаптарына сай келмейтіндігі туралы арыз болып танылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот бұйрығы Борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіру жайлы
73 рет жүктеп алынды -
Сот бұйрығы борышкерді іздестіруге кеткен шығындарды өндіру туралы
86 рет жүктеп алынды