Ақтау істері бойынша заңсыз әрекеттермен келтірілген зиянды өтеу
Аталған санаттағы істерді қарау барысында қолдануға жатады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- 2007 жылғы 03 ақпанда жарияланған күннен бастап күшіне енген, 12.01.2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістері бар (923 бап) 01.07.1999 ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекеше бөлім);
- 13.12.1997 ж. Өзгертулер мен толықтырулармен Қылмыстық іс жүргізу кодексі (4 тарау); - 13.07.1999 жылғы Азаматтық іс жүргізу кодексі;
- 1999 жылғы 09 шілдедегі Қазақстан Республикасы Сотының «Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу бойынша заңдылықтарды қолдану практикасы туралы» №7 Нормативтік Қаулысы;
- 1981 жылғы 18 мамырда СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен бекітілген анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерімен азаматқа келтірілген шығынды өтеу тәртібі туралы ереже.
Аталған ережені қолдану тәртібі 1999 жылғы 09 шілдедегі № 7 ҚР Жоғарғы Соты Пленумы қаулысының 12 тармағында жарияланған.
Қазақстан Республикасының АК-нің 923-бабының 1-тармағына сәйкес, азаматты заңсыз қамауға алу, қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту, қамауға алу, үй қамауына алу, шықпау туралы қолхаты, айыппұл ретінде салынған әкімшілік өндіріп алу немесе түзету жұмыстарын жазалайтын шара ретінде заңсыз қолдану, психиатрлық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз жіберу, анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының лауазымдық тұлғалардың кінәсінә байланысты емес, заңды актілермен белгіленген тәртіп бойынша мемлекетпен толық көлемде өтеледі.
Қылмыстық іс жүргізетін органның заңсыз іс-қимылдармен келтірілген шығынды өтеу ҚІЖК-нің 4-тарауына сәйкес жүргізіледі. Келтірілген зиянды өтеу көлемі ҚІЖК-нің 43-бабымен қарастырылған, аталған бапқа сәйкес, қылмыстық процессті жүргізетін органның, заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынды өтеуге құқығы бар тұлғаларға мүліктік шығын:
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, басқа да қаражат пайда көздерінен айрылған шығынның өтелуіне құқығы бар тұлғалар,
- сот қаулысы немесе басқа да сот шешімінің негізінде мемлекет пайдасына заңсыз тәркіленген немесе пайдасына айналдырылған мүлік;
- соттың заңсыз қаулысын орындауда өндірілген айыппұлдар;
- заңсыз әрекеттерге байланысты тұлғаларға сот төлемдері мен басқа да сомалары;
- заң көмегін көрсеткені үшін тұлғаға төленген сомалар;
- қылмыстық қудалауға байланысты, осындай тұлғалардың ұшыраған басқа да шығындарды қамтиды.
Қылмыстық процессті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынның өтелуіне құқығы бар тұлғалар, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 39-40 баптарында көрсетілген. Аталған тұлғалар (ҚІЖК-нің 44-бабы 2-бөлігі) азматтық сот өндіріс тәртібімен, келтірілген моральдік шығындар үшін ақшалай түрде өтемақыны қайтарып алу туралы арыздарды ұсынуларына болады.
Шығынды өтеу туралы талаптар қылмыстық процессті жүргізетін (сот, сонымен бірге қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс кезінде прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы) органға жолдануы қажет.
ҚІЖК-нің 47-бабында қарастырылғандай, шығынды қайтарып алу немесе өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса немесе тұлға қабылданған шешіммен келіспесе, ол азаматтық сот өндіріс тәртібімен сотқа жүгінуіне болады.
Азаматқа келтірілген шығынын толтыру үшін АК-нің 923-бабы 1- бөлігінде көрсетілген негіздердің тізімі аяқталған болып саналады. Қылмыстық процессті жүргізетін органдардың әрекеттерінің заңға қарамақайшы келуін анықтау, алдын ала тергеу, прокурор органдарының қаулысымен шығарылған, соттың үкімі немесе қаулысымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының АК-нің 923-бабына сәйкес, азаматты заңсыз қамауға алу, қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту, қамауға алу, үй қамауына алу, шықпау туралы қолхаты, айыппұл ретінде салынған әкімшілік өндіріп алу немесе түзету жұмыстарын жазалайтын шара ретінде заңсыз қолдану, психиатрлық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз жіберу нәтижесінде келтірілген шығынды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының лауазымдық тұлғалардың кінәсінен бөлек, заңды актілермен белгіленген тәртіпте мемлекетпен толық көлемде өтеледі.
ҚІЖК-нің 43-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ҚІЖК-нің 40-бабының 2- бөлігінде көрсетілген тұлғаларға келтірілген мүліктік шығын келесі шығын өтелімдерін қамтиды:
1) жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, басқа да қаражат пайда көздерінен айрылған шығынның өтелуіне құқығы бар тұлғалар;
2) сот үкімі немесе басқа да шешімінің негізінд, мемлекет пайдасына заңсыз тәркіленген немесе пайдасына айналдырылған мүлік;
3) соттың заңсыз үкімін орындауда өндірілген айыппұлдар; заңсыз әрекеттердің себебінен тұлғалармен төленген сот төлемдері мен басқа да сомалары;
4) заң көмегін көрсеткені үшін тұлғамен төленген сомалар;
5) қылмыстық қудалауға нәтижесінде тұлғалардың ұшыраған басқа да шығындары.
ҚІЖК-нің 43-бабы 4-бөлігіне сәйкес, істі бірінші инстанция бойынша қарастырған сот, қажет болған жағдайда қаржы органдары мен әлеуметтік органдардан есепті сұрап, сот шығынның көлемін анықтайды. Соңынан инфляция есебін есепке ала отырып, шығынды өтеудегі төлемдердің өндірісі туралы қаулы шығарады.
ҚІЖК-нің 43-бабының 2-бөлігіне сәйкес, аталған Кодекстің 40- бабының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға келтірілген мүліктік шығын: заң көмегін көрсеткені үшін тұлғамен төленген сомаларды қамтиды. Азаматтық сот өндіріс тәртібімен, келтірілген моральдік шығындар үшін ақшалай түрде өтемақыны қайтарып алу туралы арыздарды ұсынуларына болады.
Ақтаудың процессуалдық тәртібі келесі бөліктерді қамтиды:
а) ақтау негізі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы соттың ақтау үкімі немесе қаулысында айыпталушы, ақталуға құқығының бар екендігі көрсетілуі қажет;
б) сонымен бірге ақталушыға шығынды өтеу тәртібін түсіндірумен, ресми хабарлама жолданады (хабарламаны, ақтап алу туралы шешімді қабылдаған орган – анықтау, тергеуші, прокурор, сот органы жолдайды)
в) өтініш уақытының өту мерзімінде, ақталғаны туралы үкімнің немесе басқа да ақталу шешімнің көшірмесін алған тұлға, ақталу туралы шешім шығарған органға мүліктік шығынды толтыру туралы талаппен жүгінуге құқығы бар;
г) жоғарыда көрсетілген талапты алғаннан кейін ақтау туралы шешімді қабылдаған орган, бір айдың көлемінде шығынның мөлшерін анықтап, аталған шығынды толтыруда төлемдер өндірісі туралы қаулы шығару қажет. Сонымен қатар барлық келтірілген шығын тұрлерін толтыруға міндетті органдар -әлеуметтік қамтамасыз ету, қаржы, тұрғын үй және басқа да органдар көрсетіледі.
д) егер істі тоқтату кезінде ақтау туралы шешім жоғары тұрған сотпен қабылданса, барлық материалдар үкімді шығарған сотқа жолданады. Ол жерде төлемдерді төлеу туралы соттың қаулысында көрсетілген қажетті есептер жүргізіледі. Аталған жағдайда төлемдерді төлеу туралы қаулы одан әрі жоғары тұрған сот инстанциясымен жойылған, заңсыз әрі негізделмеген үкім шығарған сотта қабылданады. Біржақтылыққа жол бермеу үшін төлемдерді төлеу өндірісі туралы есепті заңсыз және негізделмеген үкім шығарған судьяға тапсырмау керек.
е) егер ақтау туралы шешім анықтаушы, тергеуші немесе прокурормен қабылданса, барлық қажетті есепті жүргізіп, олар өзінің қаулысы мен есептік мәліметтерді ақтау туралы соңғы шешімді қабылдау үшін судьяға жолдайды. Яғни, ҚІЖК ақтау туралы сұрақтың соңғы шешімнің сот тәртібін ғана белгілейді.
ж) судьяның ақтау туралы қаулысы өндіріс аясында шығарылады және сотқа шағымдануына болады;
з) судьяның ақталу туралы қаулысын алғаннан кейін, тұлға қаржы, тұрғын үй, және басқа да органдарға шығынды өтеу туралы талаппен жүгінеді. Судьяның ақталу туралы қаулысымен танысу, аталған органдар үшін міндетті. Аталған қаулыны орындамаған жағдайда, ақталушы тұлға сотқа жүгінуге құқылы. заңсыз әрі негізсіз айыптау үкім негізінде сотталған тұлға арнайы, әскери және құрметті атақтар, дәрежелі шендер мен мемлекеттік наградалардан айырылған жағдай орын алғанда да, судьяның ақтау туралы қаулысы міндетті.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Решение суда возмещении материального ущерба и морального вреда
92 рет жүктеп алынды