Әкімдіктің жалдау шартын ұзартудан бас тартуына байланысты даулар
Жер кодексінің 37-бабының 2-тармағына сәйкес өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстің 43-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарды қоспағанда, жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда, ал шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі үшін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингінің нәтижелері де болған кезде, осы Кодекстің 43-бабында көзделген тәртіппен жаңа мерзімге шарт жасасуға құқығы бар. Уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) осындай шарт жасасу ниетi туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органын жалға алу шартында кӛрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм кӛрсетілмесе, онда жалға алу шартының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
Жалға алу шартының қолданылу мерзімі өткен соң өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында ӛзгеше белгiленбесе, жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы болады.
Мысалы, қала әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы қаулысымен «T» ЖШС өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілген. Уақытша ӛтеулі жер пайдалану мерзімі – 28 ай.
Қала әкімдігінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі қаулысымен ЖШС-ға бұрын берілген шешімге сәйкес міндеттерін тиісінше орындамауына және жер учаскесін мерзімінде игермеуіне байланысты жер учаскесіне уақытша ӛтеулі жер пайдалану құқығын беруден бас тартылған.
Талап қоюды қанағаттандыра отырып, соттар жауапкердің дауланып отырған қаулыны шығарған кезде формальды тәсілге жол бергенін, талап қоюшының учаскені игеру бойынша әрекеті: техникалық шарттарды алғанын, эскиздік жобаны келіскенін, жұмыс жобасын әзірлегенін назарға алмағанын кӛрсетті.
Бұл ретте, талап қоюшы жаңа мерзімге шарт жасасу ниеті туралы жауапкерді уақтылы хабардар еткен. Басқа жағдайда соттар жер учаскесін игермеуіне және уақытша жер пайдалану шартын ұзартуға өтініш беру мерзімін бұзуына байланысты талап қоюшының құқықтарын қорғаудан бас тартқан.
Қала әкімінің 2016 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен Р.-ға әкімшілік тұрмыстық кешенді салу және оған қызмет көрсету үшін 2020 жылғы 26 қазанға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға жер учаскесі берілген.
Қала әкімінің 2020 жылғы 23 қарашадағы қаулысымен талап қоюшыға жер учаскесінің нысаналы мақсаты бойынша игерілмеуіне байланысты жалдау мерзімін ұзартудан бас тартылды.
Қала әкімінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы қаулысымен Р.-ның жер учаскесіне уақытша ӛтеулі жер пайдалану құқығы тоқтатылды.
Жалдау мерзімін ұзарту үшін талап қоюшы 2021 жылдың 24 қыркүйегінде ғана жүгінген, ал Жер кодексінің 37-бабының 2-тармағына сәйкес жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай мерзімде осындай өтінішпен жүгінуге тиіс. МАӘС-тің 2022 жылғы 31 қаңтардағы шешімімен және Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен Р.-ның әкімдіктің 2020 жылғы 23 қарашадағы қаулысына дау айту туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылды. Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 2 ақпандағы қаулысымен жергілікті соттардың сот актілері өзгеріссіз қалдырылды.
Мемлекеттік баж
Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі АПК және Салық кодексінің нормаларымен реттеледі. Мемлекеттік баж жеке тұлғалар үшін 0,3 айлық есептік көрсеткішті, заңды тұлғалар үшін 5 айлық есептік кӛрсеткішті құрайтын Салық кодексінің 610-бабы 1 тармағының 2, 3-тармақшаларында белгіленген мӛлшерде тӛленеді.
Сот шығыстарын өтеу туралы мәселе ӘРПК-нің 122-бабының және АПК-нің 109, 115, 117-бабының талап қоюларына сәйкес шешіледі. АПК-нің 102-бабына сәйкес сот шығыстары мемлекеттік баждан және іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.
ӘРПК-нің 122-бабының екінші бөлігіне сәйкес талап қоюды осы Кодекстің 138 бабының екінші бӛлігі 5), 6), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қайтарған кезде сот шығыстары өтелмейді.
ӘРПК-нің 142-бабының екінші бөлігіне сәйкес талап қоюшының талап қоюды сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда толықтай кері қайтарып алу туралы арызы келіп түскен жағдайда, сот талап қоюды кері қайтарып алудың салдарын түсіндіреді.
Өзге жағдайларда судья әкімшілік процеске қатысушыларды шақырмай мемлекеттік бажды қайтара отырып, талап қоюды қайтарады.
Соттылық
Жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша істерді қарау кезінде істерді шешу үшін соттылық қағидаларын сақтау, талап қоюға құқығы бар адамдардың талап қоюды ұсынуы, талап қою нысанасын дұрыс айқындауы ерекше маңызға ие.
Соттылық ӘРПК-нің 102 және 106-баптарының қағидалары бойынша айқындалады.
Республикалық маңызы бар қалалар және астана, облыс орталықтары шегіндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың соттылығына жататын істерді қоспағанда, талап қоюшының арызы бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттың соттылығына жатқызылған істерді талап қоюшының тұрғылықты жеріндегі сот қарауы мүмкін.
Даулардың ведомстволық бағыныстылығы мәселесі бойынша.
Мысалы, МАӘС-қа Жер инспекциясы басқармасының қала, аудан, ауылдық (селолық) округ әкімінің шешімдеріне дау айту туралы әкімшілік талап қоюлары келіп түсті, яғни, дау мемлекеттік органдар арасында туындады.
Кассациялық сатыдағы сот алқасы туындаған мәселе бойынша, егер iстер бойынша тараптар болып өз мәртебесi бойынша бiрдей екi мемлекеттiк орган (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы заңдарының және әлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды басқару және реттеу, мемлекет белгілеген жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде мемлекет атынан жүзеге асыратын мемлекеттік билік ұйымдарына жатады) әрекет етсе және жеке (заңды) тұлғалардың не белгісіз тұлғалар тобының мүддесі үшін емес, мемлекет мүддесі үшін өзара дауласады, бұл жағдайда мұндай талап қоюлар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды деген түсіндірме берді.
Сонымен бірге, ЖАО-ның жер ресурстарын басқару жӛніндегі уәкілетті органдарға олардың атына енгізілетін нұсқамаларға дау айту туралы талап қоюлары бойынша сұрақтар туындайды.
Уәкілетті органның жер заңнамасы талап қоюларын бұзушылықтарды жою 7 туралы нұсқамасы әкімшілік акт болып табылатынын және Жер кодексінің 146 бабының 3-тармағына сәйкес міндетті сипатта болатынын назарға ала отырып, тексеру субъектілері оған әкімшілік іс жүргізу тәртібімен шағымдануға құқылы.
Мысалы: аудан әкіміне жер учаскесін беру және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы қаулының күшін жою туралы нұсқамаға аталған аумақтық бірліктің әкімі дау айтуға тиіс. Сонымен қатар, мүдделері кӛрсетілген нұсқамамен жанама түрде қозғалатын жеке, заңды тұлғалардың талап қоюлары қайтарылуға жатады, ӛйткені, шағым келтірілетін әкімшілік акт басқа субъектіге қатысты шығарылады.
Мысалы: «Н» ЖШС-нің тексеріс жүргізу әрекеттерін заңсыз деп тану, бұзушылықтарды жою туралы 2022 жылғы 1 шілдедегі № 95, 96 және 97 нұсқамаларды заңсыз деп тану және күшін жою туралы Жер ресурстарын басқару департаментіне қойған талабы бойынша.
Сотқа талап қою мерзімдерін сақтау
Негізінен талап қоюшылар жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне тиісті құқық беру туралы шешімдеріне дау айту туралы талап қойған.
ӘРПК-нің 136-бабының бірінші бөлігіне сәйкес дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде сотқа беріледі.
Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап бір ай ішінде беріледі.
Құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері әкімшілік актіде қозғалатын, әкімшілік рәсімге қатыспаған адам әкімшілік актінің қабылданғаны туралы адам білген немесе білуі мүмкін болған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ, ол қабылданған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей сотқа талап қоюды беруге құқылы (ӘРПК-нің 136-бабының 5-бөлігі).
Соттар көрсетілген түпкілікті мерзімді қалпына келтіруге байланысты процестік заң бойынша қателіктерге жиі жол береді.
Мысалы, МАӘС-тің 2022 жылғы 10 ақпандағы шешімімен А.-ның аудан әкімдігіне қойған талабы қанағаттандырылды. «А» ЖШС жер учаскесіне құқық беру туралы 2009 жылғы 23 шілдедегі қаулының күші жойылған.
Апелляциялық сатыдағы соттың 2022 жылғы 19 мамырдағы қаулысымен сот шешімі ӛзгеріссіз қалдырылған.
Соттар әкімдіктің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысымен талап қоюшыға жер учаскесіне шаруа қожалығын жүргізу үшін 49 жыл мерзіммен уақытша ортақ үлестік жер пайдалану құқығы берілгенін анықтады.
Жергілікті соттар Серіктестікке жер учаскесіне құқық талап қоюшының келісімінсіз берілгендігін негізге алды, осыған байланысты қаулы заңсыз деп танылды.
Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен жергілікті соттардың сот актілерінің күші жойылды, -йткені, дауды мәні бойынша шешу кезінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюшының әкімшілік рәсімге қатысушы емес екенін ескермеген.
Дау айтылған қаулымен Серіктестікке жер пайдалану құқығы берілген. Қаулы 2009 жылғы 23 шілдеде шығарылған, оны қабылдаудың әкімшілік рәсіміне қатыспаған адам үшін, оның ішінде А. үшін де оны даулау туралы талап қою мерзімі 2010 жылғы 23 шілдеде аяқталған.
Жергілікті соттар процестік заңның жоғарыда к-рсетілген ережелерін бұза отырып, талап қоюшыға түпкілікті болып табылатын мерзімін қалпына келтірген және қайтаруға жататын талап қоюды мәні бойынша қараған.
Соттар ӘРПК-нің 136-бабы 5-б-лігінің нормасы императивті сипатқа ие екенін және көзделген бір жылдық мерзім түпкілікті болып табылатынын және қалпына келтіруге жатпайтынын есте ұстаған жөн. ӘРПК-нің 136-бабының 8-бөлігіне сәйкес сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.
Осы негіздер бойынша «А» ШҚ-ның жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді заңсыз деп тану және күшін жою туралы ауылдық округтің әкіміне қойған талап қоюы бойынша шығарылған МАӘС-тің 2021 жылғы 5 қазандағы және әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 10 наурыздағы сот актілерінің күші кассациялық тәртіппен жойылды.
Талап қою қайтарылды. Соттар дауды мәні бойынша шеше отырып, «О» ШҚ даулы жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру жөніндегі рәсімдердің 2006-2008 жылдары орын алғанын ескермеген және тиісті құқықтық бағасын бермеген. 2021 жылдың 6 тамызында әкімшілік талап қою берілген. Бұл ретте, талап қоюшы «А» ШҚ бұл рәсімдердің қатысушысы болып табылмайды.
Осындай бұзушылықтар республиканың барлық өңірлерінде орын алған. Талап қоюшылар әкімшілік рәсімге қатысушылар бола отырып, ӘРПК қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған әкімшілік актілерге дау айтқанда, талап қоюды беруге мерзімдерді қалпына келтіру кезінде процестік заңды елеулі түрде бұзу жағдайлары орын алады.
Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру үшін негіздер айрықша болуға тиіс, соттар өз құқықтарының бұзылғанын білетін немесе білуі мүмкін талап қоюшылардың жол берген құқығын теріс пайдалануына ықпал етпеуге тиіс.
Апелляциялық сатыдағы соттар, егер бірінші сатыдағы сот талап қоюды іс жүргізуге қабылдаса және АПК-нің 126-бабының ережелерін ескере отырып, апелляциялық қарау сатысында шешім шығарыла отырып, мәні бойынша қараса, ол тек түпкілікті мерзімді ӛткізіп алу үшін ғана қайтарылуы мүмкін екенін ескергені жөн.
Қалған жағдайларда істі апелляциялық саты мәні бойынша қарайды. Сонымен бірге, егер сот мерзімін жеткілікті негіздер болмағанда қалпына келтірсе, бұзылған құқықты қорғау үшін құқықты теріс пайдалану фактісі бойынша бас тартылуы мүмкін.
Наибольшее распространение имеют иски по следующим категориям:
- споры по вопросам законности предоставления права частной собственности и временного землепользования на земельные участки;
- споры, связанные с отказом акимата в продлении договора аренды с землепользователем;
- споры по вопросам изменения целевого назначения земельных участков.
Келесі санаттар бойынша шағымдар ең көп таралған:
- жер учаскелеріне жеке меншік және уақытша жер пайдалану құқығын берудің заңдылығы мәселелері бойынша даулар;
- әкімдіктің жер пайдаланушымен жалдау шартын ұзартудан бас тартуына байланысты даулар;
- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын ӛзгерту мәселелері бойынша даулар;
Заңнама
Қорытылып отырған санаттағы дауларды шешу кезінде соттар басшылыққа алған материалдық құқық нормаларына қазіргі уақытта қолданылатын заңнамалық актілер жатады. Қорытылып отырған санаттағы даулар бойынша мәселелерді реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – АК);
3) Қазақстан Республикасының Жер кодексі (бұдан әрі – ЖК);
4) Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі – ӘРПК);
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
6) 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
7) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
8) 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Қазақстан Республикасының Экология кодексі;
9) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасының Заңы;
10) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасының Заңы;
11) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және ӛзін 2 өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
12) «Сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 2 қазандағы № 5 нормативтік қаулысы;
13) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қағидалары;
14) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 379 бұйрығымен бекітілген Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидалары;
15) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді кӛрсету жөніндегі қағидалар.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 10 және 12-баптарына сәйкес кодекстердің заңдарға қарағанда жоғары заңдық күші бар; әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
АК-нің 4-бабында, «Құқықтық актілер туралы» Заңның 43-бабында көзделген жалпы қағида бойынша нормативтік құқықтық актілер олар қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған қатынастарға қолданылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы