Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілік және материалдық залал мен өкілдік шығыстарды өндіріп алу
№7525-23-00-1/163 от 31 шілде 2023 жыл
Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты құрамында төрайымдық етуші судья А.Ш. Маликова, сот хатшысы Б.Р. Турапов, мемлекеттік айыптаушылар: Т.М. Абдуханов, М.Е. Мухаметкали,жәбірленуші - А.Т. Х., оның қорғаушысы – Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Г.Т. Саржанов,
жәбірленуші – Н.Т. И.,аудармашы – С.С. С., сотталушы А. Е., сотталушының қорғаушылары - Шымкент қалалық адвокаттар алқасының «.» адвокаттық кеңсесінің адвокаттары Ж.И. И., Д.Е. Ж. қатысуларымен аудио-бейне жазба құралдары мен «Zoom» қосымшасын қолдану арқылы, ашық сот талқылауында, жалпы тәртіппен, А.Е., 15 маусым 1994 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысында туылған, Қазақстан Республикасының азаматы, білімі орта, заңды некеде емес, жұмыссыз, тұрғылықты мекен-жайы: Шымкент қаласы, ... шағын ауданы, 35 үй, 7-пәтер тұрғыны, бұлтартпау шарасы 22 желтоқсан 2022 жылдан «күзетпен ұстауда», бұрын сотты болған: Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық сотының 03.10.2018 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен кінәлі танылып, 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, ҚК 63-бабын қолданып, жаза шартты деп есептелген. Айыптау актісінің көшірмесін уақытылы алған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен және ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа берілген қылмыстық ісін қарап,
Сотталушы А. Е. өзінің алғашқы соттылығынан өзіне тиісті қорытынды шығармай, түзеу жолына түспей, алдын-ала тергеумен анықталмаған жолмен Астана қаласында 2020 жылы «.-АФ» ЖШС Астана қаласы, Сығанақ көшесінің бойында орналасқан Шығыс-3а мөлтек ауданы, көп қабатты тұрғын кешенін соғу туралы мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз атанып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік тапсырушы «Ел-орда құрылыс компания» ЖШС тапсырушы болып оның директоры Е.С.Б. болғаны туралы ақпарат алған.
Содан кейін, А. Е. өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша «. құрылыс компании» ЖШС «.-АФ» ЖШС-не төлем ақы төленетінін біліп, қылмыстық ойы туған, яғни, «.-АФ» ЖШС-нің директоры М.А.Х. 8 777 777 73 85 абоненттік номерін анықтап, «Телеграмм» канал байланысы арқылы алдын-ала дайындап қойған 8707 505 04 52 абоненттік номерінен қоңырау шалып, өзін Е.С.Б. деп таныстырып, сеніміне кіру мақсатында жақын арада атқарылған жұмыстар бойынша ақша қаражаты аударылатынын айтып, өзіне 120 000 АҚШ долларын қарыз беруін сұраған.
М.А. Хамзин ол өтінішке келісіп, өзінің інісі А.Т. Хамзинге көрсетілген сомманы Е.С. Бердалинге қарыз беруін сұранып, өздері хабарласатынын айтқан, соңғы келісімін берген.
Сол күні А.Т. Х. 8 701 787 64 13 абоненттік номеріне «Whatsapp» желісі арқылы 8 707 505 04 52 абоненттік номері хабарласып, өзін Е.С. Б. екенін таныстырып, М.А. Х. атынан қоңырау шалып тұрғанын айтып, ақша қаражатын өзінің жүргізушісі «Сарсенбекке» - С.Б. О. беріп жіберуін, соңғының 8 775 477 06 83 абоненттік номерін беріп, Алматы қаласына апарып беруін сұранған.
06 мамыр 2021 жылы А.Т. Х. Астана қаласынан ұшақпен Алматы қаласына келіп, абоненттік номері 8 775 . арқылы С.Б. Оразбаевқа хабарласып, Қабанбай батыр 15 көшесінде кездесуін сұранған. Көрсетілген жерге шамамен сағат 21:30-да «Volkswagen Polo» маркалы «621DC02» мемлекеттік белгісімен автокөлік келіп, өзін С.Б. О. екенін айтып, А.Т. Х. пакетке салынған 10 бума (100 000 АҚШ долларын) алған (06.05.2021 жылы, АҚШ долларының бағамы 427,54 теңге, яғни 42 754 теңгеге сәйкес), ал қалған 23 000 АҚШ долларын А.Т. Х. ертесіне осы жерде беріп жіберетінін айтып келіскен.
Осылайша, С.Б. О. танысы А.З. К. екеуі А.Т. Х. алған 10 бума (100 000 АҚШ доллар) ақшаны, «Ерлан» - А. Е. айтуымен, гүл сататын дүкеннен сыйлық-қорапқа салып, Алматы қаласы, Құрманғазы мен Масаншы көшелерінің қиылысында күтіп тұрған, «Lexus LX 470» маркалы, мемлекеттік номері «515HMВ 05» автокөлігінің иесі - «Индрайвер» жүргізушісі Қ.Б. Ж. арқылы Шымкент қаласына жөнелтім ретінде беріп жіберген.
07.05. 2021 жылы сағат шамамен 10:30-да А.Т. Х. Қабанбай батыр көшесі мен Достық даңғылының қиылысында С.Б. О. пакеттің ішінде 3-бума (23 000 АҚШ долларын) (07.05.2021 жылы АҚШ долларының бағамы 427,54 теңге, яғни 9 833 420 теңгеге сәйкес) қолма-қол әкеліп берген.
Сол кезде пакеттегі 3-бума (23 000 АҚШ доллар) ақшаны қолына алған, С.Б. О. «Ерлан» - А. Е. айтуымен, гүл сататын дүкеннен сыйлық-қорапқа салып, «Toyota Alphard» маркалы мемлекеттік номері «470 LC36» армян номерлі автокөліктің иесі - «Индрайвер» жүргізушісі Ә.Ш. С. арқылы Алматы қаласынан – Шымкент қаласына беріп жіберген.
07.05.2021 жылы Шымкент қаласына жеткен «Lexus LX 470» маркалы, мемлекеттік номері «515HMВ 05» автокөлігінің жүргізушісі Қ.Б. Ж. – сотталушы А. Е. достары Н.Қ. Тұ. пен Е.М. А. үшеуі Түлкібас ауданы, Вановка елді-мекеніне барып, «Индрайвер» таксиінен сыйлық-қорапты Н.Қ. Т. күтіп алып, Е.М. Абжанның автокөлігінде күтіп отырған А. Е.қолма-қол апарып берген.
Сонымен, ішінде 100 000 АҚШ долларға жуық ақшасы бар сыйлық-қорапты қолына ұстап А. Е. өзінің үйіне кірген, ал Н.Қ. Т.к пен Е.М. А. өз үйлеріне қайтқан.
Сондай-ақ, Шымкент қаласына жеткен, «Toyota Alphard» маркалы мемлекеттік номері «470 LC36» автокөліктің иесі - «Индрайвер» жүргізушісі Ә.Ш. С. «Ерлан» - А. Есеналинның айтуымен, таксист Н.С. Б. ішінде 3-бума (23 000 АҚШ доллары) бар сыйлық-қорапты «Дендро» паркінің алдында күтіп алып, Шымкент қаласы, Төлеметов көшесінің бойында тергеумен анықталмаған белгісіз жігітке аталған сыйлық-қорапты берген, соңғы сыйлық-қорапты сотталушы А. Е. қолына жеткізген.
Сөйтіп, А. Есеналин өзінің қылмыстық жолмен тапқан ақша қаражаттарын өз қажеттілігіне жұмсаған.
Сотталушы А. Есеналиннің әрекеттері салдарынан жәбірленуші А.Т. Хамзинге жалпы соммасы 52 587 420 теңге мөлшерінде материалды0 зиян келтірілген.
Осылайша, А. Е. алаяқтық, бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен, аса ірі мөлшерде жымқырған, яғни ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.
А. Е. өзінің көрсетілген қылмыстық құқықтық бұзушылық іс-әрекетімен шектелмей келесі жағдайда қылмыстық құқық бұзушылық әрекетін жасаған.
А. Е. өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында, «Arline Service» ЖШС-нің директоры К. Т. И. пен «.Ойл» директоры Ғ.К. араларында жұмыс қатынастары бар екенін белгісіз жолмен ақпарат алып, 15.07.2022 жылы сағат 14:00-де Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 11 үй тұрғыны, «Arline Service» ЖШС-нің директоры К.Т. И. 8 777 055 00 00 абоненттік номеріне, алдын-ала дайындап қойған 8 747 845 83 50 номерінен қоңырау шалып, өзін «.Ойл» директоры Ғ.К. екенін таныстырып, оған 30 000 АҚШ долларын (15.07.2022 жылғы АҚШ долларының бағамы 478,86 теңге, яғни 14 365 800 теңгеге сәйкес) қарыз беруін сұраған.
Алайда, К.Т. И.Ғ. К. жеке жұмыс телефонына хабарласып, осы жағдайды айтқан, соңғы одан ешқандай ақша қаражатын сұрамағанын жеткізген.
Осыған байланысты, А. Е.. қылмыс жасауға тура бағытталған тікелей пиғылмен жасалған әрекет етіп, алайда өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша өзінің қылмыстық ойын ақырына дейін жеткізе алмаған.
А. Е. әрекеті салдарынан жәбірленуші К.Т. И. 14 365 800 теңге мөлшерінде материалды зиян келтіруі мүмкін болған.
Осылайша, А. Е. алаяқтық, бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен, бірнеше рет, аса ірі мөлшерде жымқыруға оқталған, алайда өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша өзінің қылмыстық ойын ақырына дейін жеткізе алмаған, яғни ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.
Басты сот талқылауда сотталушы А. Е. оған тағылған айып бойынша, жасаған қылмысын, жәбірленуші тараптан берілген азаматтық талап арызды мүлдем мойындамай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде өз құқығын пайдаланып, жауап беруден бас тартып, сот тергеуінде жауапталған жәбірленушілер мен куәлардың жауаптарына өзінің қарсы уәждерін айтып, төмендегідей жауап берді.
Ол қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер ретінде танылып отырған А.Т. Х. мен К.Т. И. мүлдем танымайтынын, бұрын соңды көрмегенін, ешқандайда араларында бас араздық, ұрыс-жанжал болмағанын, аталған жәбірленушілермен ұялы телефон арқылы мүлдем байланыспағанын көрсетіп, оларды танымаған жағдайда алаяқтық қылмысын қалай жасауға болатынын айтты.
Сондай-ақ, сот тергеуінде жауап берген куәлар Н.Қ. Т.к пен Е.М. А. (сотталушымен бірге ауылдас, араласатын достары) «сыйлық қорапты Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Вановка елді-мекеніне барып, «Индрайвер» автокөліктен күтіп алып, куә Н.Қ. Т. сотталушы А. Е. қолма-қол беріп, үшеуі автокөлікке отырып бірге қайттық», - деген жауаптарына, сотталушы Шымкент, Алматы қаласының полиция қызметкерлерінің физикалық және психикалық қысымшылықтарынан жоғарыдағы куәлар - оны тікелей көрсетіп отырғанын, яғни аталған қылмысты мүлдем жасамағанын айтып, соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады (11.07.2023 сұралған уақыты 11.00-ден 12.00-ге дейін).
Сот, сотталушының бұл жауабын тыңдап, басты сот талқылауында жәбірленуші тарапты, куәларды сұрап, куәлардың алдын ала тергеу барысында берген айғақтарын зерделеп, бұл айғақтарды басқада жиналған іс-құжаттарының жиынтығымен салыстырып, төмендегі көрсетілген мән-жайларға тоқталады.
ҚР ҚПК-нің 111-бабының талабына сай, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректер: күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушілердің, куәлардың көрсетулерімен; сарапшының қорытындысымен; заттай дәлелдемелермен; іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Сотталушы А. Е. аталған қылмыстарды жасамағаны туралы уәждері тергеу барысында жиналған қылмыстық іс құжаттарымен жоққа шығарылып, оның кінәсі төмендегі көрсетілген жәбірленушілердің, куәлардың алдын-ала тергеу және басты сот талқылауы барысында берген бірыңғай жауаптарымен, қылмыстық іске бекітілген қылмыстық іс құжаттарымен өз дәлелін табады.
Сонымен қатар, сотталушы А. Е. сотта берген бұл айғақтарына баға бергенде, сот оларды басқа да жиналған іс құжаттарымен салыстырып, олардың әрқайсысын және жиынтығында зерделеп, оның мұндай айғақтар беруін өзінің қылмыстық жауапкершілігін жеңілдетіп және қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруына жол беру мақсатында, заңда көрсетілген шеңберде өз құқықтарын пайдалана отырып, өзіне тағылған айыптан қорғану тәсілі деп сот тұжырымдайды.
Мұндай тұжырымға сот төмендегі көрсетілген негіздерде келеді.
Басты сот талқылауында жәбірленуші А.Т. Х. төмендегідей жауап берді.
Ол ағасы М.А. Х.н бірге өте жақсы туыстық қарым-қатынаста екенін, олардың табыстары, яғни өздерінің ауқымды құрылыспен, ресторан т.б. бизнестері ортақ екенін, бір-біріне ұдайы көмектесетінін көрсетіп, ағасы М.А. Х. «.АФ» ЖШС-нің директоры екенін, соңғы оған 05.05.2021 жылы сағат 14:00-де хабарласып, танысы, яғни «Ел-орда құрылыс» ЖШС-нің директоры Е.С.Б. 120 000 АҚШ доллар қарызға бере тұруын өтінгенін, ағасы оған Е.С. Б. 8 707 505 04 52 ұялы номеріне хабарласып, сұраған ақшаны апарып беруін айтқан.
Сол күні оның, яғни жәбірленуші А.Т. Х. 8 701 787 64 13 абоненттік номеріне «Whatsapp» желісі арқылы 8 707 505 04 52 абонентік номерінен хабарласып, «Мырзаданмын, Е.С. Б.», - деп өзін таныстырып, «Сарсенбек» есімді жүргізушінің 8 775 477 06 83 абоненттік номерін беріп, ақшаны «Сарсенбекке» Алматы қаласына апарып беруін айтқан.
05.05.2021 жылы, яғни, Е.С. Б. хабарласқан күні ұшаққа билет болмай, жәбірленуші А.Т. Х.Е.С. Б. «Whatsapp» желісі арқылы ұша алмайтынын, 06.05.2021 жылы Астанадан-Алматы қаласына ұшаққа билет сатып алғанын айтқан.
Сөйтіп, А.Т. Х. 06.05.2021 жылы таңертең ұшуы керек болған, бірақ ұшақтың рейсі кешіктіріліп, кешкі сағат 20:30-да Алматы қаласына ұшқан. Ол «Сарсенбектің» 8 775 477 06 83 номеріне хабарлама жазған, яғни Алматы қаласына келгенінде, Алматы қаласы, Қабанбай батыр 15 көшесінде кездесетінін айтқан.
Ол Алматы қаласына ұшақпен қонып, өзі Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі 15 үй, 28-пәтер мекен-жайында болған, қолына 100 000 АҚШ долларын алып, алдыңғы келісім бойынша «Сарсенбекпен» хабарласып, екеуі кездескен. «Сарсенбек» сағат 21:30-да өзінің «Volkswagen Polo» маркалы мемлекеттік номері «621DC 02» автокөлігімен келген.
Ол оған ішінде тұрған 10 бумасы бар полиэтилен пакетті (100 000 АҚШ доллар) «Сарсенбектің» көзінше ашып, көрсетіп, қолына берген. Ал қалған 20 000 АҚШ долларын ертесіне дайындап қоятынын, және «Сарсенбек» осы мекен-жайдан алып кететін болып келіскен.
Ертесіне 07.05.2021 жылы сағат шамамен 10:30-да А.Т. Х.С. екеуі Қабанбай батыр көшесі мен Достық даңғылының қиылысында кездесіп, қалған 20 000 АҚШ долларына 3000 АҚШ долларын қосып, барлығы 23 000 АҚШ долларын - 3 бумада полиэтилен пакеттің бетін ашып, «Сарсенбекке» көрсетіп, қолына берген.
08.05.2021 жылы оған «Сарсенбек» қоңырау шалып, ішінде ақшасы бар жөнелтімді Шымкент қаласында ешкім күтіп алмағанын айтқан, кейіннен «Сарсенбек» хабарласып, жағдайдың барлығы дұрыс екенін жеткізген, сол кезде А.Т. Хамзинда «неге аталған ақша Шымкент қаласына кеткен, деп күдік туған».
Ақшаны қайтаратын уақыты келгеннен кейін, М.Т. Х. 13.05.2021 жылы Е.С. Бердалинның 8 707 505 04 52 номеріне қоңырау шалған, бірақ абоненттік номер сөндірулі болған.
Содан кейін, М.Т. Х. Е.С. Бердалинның жұмыс орнына 123 000 АҚШ долларын алу үшін барған, алайда Е.С. Б. одан ешқандай ақша сұрамағанын, М.Т. Х. мүлдем хабарласпағанын, 8 707 505 04 52 абоненттік номер Е.С. Б. номері емес екенін білген.
Осыдан кейін А.Т. Х. Алматы қаласына ұшып келіп, полиция қызметкерлеріне арызданғанын көрсетті.
Сондай-ақ, жәбірленуші өзінде болған 123 000 АҚШ долларын, яғни үлкен қомақты ақшаның шығу тегін – отбасылық бизнеспен айналысатынын, одан да үлкен ақша айналымымен жұмыс жасайтынын айтып, сотқа ақшаның қайдан пайда болғанын дәлелдейтін құжаттарын тапсырды.
Жәбірленуші тарап, оларға келтірілген зиянның мөлшері 123 000 АҚШ доллары екенін, сотталушы А. Е. 52 587 420 теңге материалдық зардапты және 26 293 710 теңге моральдық зардапты жәбірленушіге қайтарып беруін және соттан өте қатаң, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады (23.06.2023 сұралған уақыты 12.00-ден 12.54-ге дейін).
Басты сот талқылауында куә М.А. Х. – ол «КСМК- АФ» ЖШС-нің директоры екенін, 2021 жылдың мамыр айында оның компаниясы Астана қаласы, Сығанақ көшесінде орналасқан «Шығыс-3А» тұрғын үй құрылысын жеңіп алғанын, осы нысан бойынша «Ел-орда құрылыс компаниясы» ЖШС-нің директоры Е.С.Б., оларға орындаған жұмыстары үшін ақы төлеу жоспарланғанын айтты. Ол Е.С. Б. жеке таныс емес екенін бірақ, ұялы телефонмен мүлдем сөйлеспегенін, бір-бірін сырттай білетінін айтып көрсетті.
Осылайша, 05.05.2021 жылы түскі уақытта оған 8 707 505 04 52 абоненттік номерінен «Телеграмм» желісі арқылы оның ұялы телефонына (8 777 777 73 85) қоңырау шалып, өзін Б.Е. деп таныстырып, қазақ тілінде жұмыстарының қалай жүріп жатқанын сұрап, оған 2-3 күн мерзімге қарызға 120 000 АҚШ долларын беруін сұраған.
Сол кезде ол өзінің бауыры А.Т. Х. хабарласып, аталған ақшаны Е.С. Бердалинның айтуымен Алматы қаласына апарып беруді айтқан. 06.05.2021 жылы оның бауыры А.Т. Х. ақшаны беруге Алматы қаласына ұшып кеткен. А.Т. Х. екі траншпен барлығы 123 000 АҚШ долларын Е.С. Б. адамдарына апарып берген.
Алайда, Е.С. Б. 11.05.2021 жылы қарызға алған ақшаны қайтаруға тиіс болған, одан кері байланыс болмағандықтан, ол 13.05.2021 жылы Е.С. Б. ұялы телефонына 8 707 505 04 52 абоненттік номеріне қоңырау шалған, бірақ телефон өшіп тұрғанын айтты.
Содан кейін ол Е.С. Б. жұмысына барып, онымен кездесіп, ақшасын сұраған, алайда, Е.С. Б. оған хабарласпағанын одан ешқандай ақша сұрамағанын, ақша алмағанын айтқан.
Сол кезде ол алаяқтарға алданғанын түсініп, бауыры А.Т. Х. Алматы қаласына барып, полицияға арыз жазуын айтқанын түсіндірді (08.06.2023 сұралған уақыты 15.38-ден 16.26-ға дейін).
Басты сот талқылауында жәбірленуші К.Т. И. төмендегідей көрсетті. Ол «ARLINE SERVICE» ЖШС-нің директоры екенін, 15.07.2022 жылы сағат шамамен 14:00-де оған бейтаныс адам, 8 747 845 83 50 абоненттік номерден қоңырау шалып, өзін «.Ойл» АҚ-нің басқарма директоры К.Г.Ж. деп таныстырып, одан 30 000 АҚШ доллар қарызға сұраған, 15 минут өткен соң қайта оған хабарласып, Г.Ж. К. атынан «Айхан» деген адам қоңырау шалатынын, аталған ақшаны «Айханға» беріп жібер деген. Кейін «Айхан» 8707 243 15 23 номерінен оған хабарласып, Г.Ж. Кошановтан екенін айтқан.
Осылайша, К.Т. И. Г.Ж. К.а хабарласып, ақша сұрағаны туралы айтқан, алайда соңғы К.Т. И. мүлдем хабарласпағанын, және ешқандай ақша сұрамағанын көрсеткен.
Жәбірленуші К.Т. Из. сотқа ауызша, жазбаша сотталушы А. Е.байланысты қылмыстық істі қысқартуды, оны босатуды, оған қоятын материалдық және моральдық талап арызы жоқ екенін айтты (16.06.2023 сұралған уақыты 16.00-ден 17.00-ге дейін).
Басты сот талқылауында куә А.З. Киргизбаев төмендегідей жауап берді. Ол «Тұлпар» ЖШС-де такси жүргізуші болып 2018 жылдан бастапжұмыс жасайтынын, «Volkswagen Polo» маркалы мемлекеттік номері «621 DC 02» автокөлігімен адам тасымалдаумен жұмыс жасағанын, 2021 жылы қаңтарда жұмыс орнында «Сарсенбек» С.Б. О. танысқанын, соңғымен достық қарым-қатынаста араласқанын, С.Б. Оразбаевтың ұялы телефоны 7 775 477 06 83 болғанын айтты.
06.05.2021 жылы сағат шаммен 11:00-де оның 8 707 414 29 64 «Whatsapp» номеріне 8 707 505 04 52 абоненттік номерден «Ерлан» деп өзін таныстырған ер адам қоңырау соғып, оның бұрын-соңды такси ретінде «Ерланды» жеткізіп салғанын айта отырып, одан «әуежайдан адам күтіп ала аласыңба? деп сұраған, ол күтіп ала алмайтынын, өйткені түні бойы жұмыс жасағанын, ұйықтамағанын айтқан, ол А.З. К. сенімді адам сұраған, бір мекен-жайға барып, ақша алып кету керектігін айтқан». Сол кезде А.З. К. өзі бірге жұмыс жасайтын, сенімді тұлғасы С.Б. О.тапсырған.
Ол 06.05.2021 жылы кешке оянып, ол С.Б. Оразбаевқа қоңырау шалып, қал-жағдайын, ақша әкеліп беретін адаммен, яғни А.Т. Х. кездескені туралы сұраған, С.Б. Оразбаев әлі кездеспегенін, артынша қайта өзі хабарласып, ірі мөлшерде ақша алғанын айтқан, сөйтіп А.З. К.пен С.Б. О. екеуі Алматы қаласы, Сүйінбай және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан «Мерей» сауда үйінде кездесіп, «Ерланның» нұсқауы бойынша пакеттегі ақшадан 200 АҚШ долларын өздерінің еңбек ақысына алып, қалғанын Алматы қаласы Қабанбай батыр мен Байтұрсынова көшелерінің қиылысында орналасқан гүл сататын дүкенде пакеттегі 10 бума ақшалай қаражатты сыйлық ретінде жасалған қорапқа салып, қызыл лента байлап, Құрманғазы мен Масаншы көшелерінің қиылысына келіп, «Ерлан» айтқан «Lexus LX 470» маркалы, мемлекеттік номері «515HMВ 05», қара түсті көрсетілген автокөлікке келіп, салып жібергенін көрсетті.
Осылайша, ол екеуі «Ерланның» айтқан тапсырмасын орындап, «Ерланға» қоңырау шалып, жөнелтімді жібергенін айтқан.
Келесі күні 07.05.2021 жылы күндіз ол С.Б. О. Алматы қаласы, Крылов пен Чаплыгин көшелерінің қиылысында орналасқан асханада отырған, сол кезде С.Б. О. А.Т. Х. Қабанбай батыр мен Достық даңғылының қиылысында кездесіп, А.Т. Х. 3 бума АҚШ долларын алғанын, сыйлық қорабына салып, таксистен Шымкент қаласына беріп жібергенін айтқан.
Ол «Ерлан» деген адамды мүлдем көрмегенін, көрседе танымайтынын, тек «Whatsapp» арқылы сөйлесіп отырғанын, оның ұялы телефонына «Whatsapp» -тан жіберген фото, хабарламалары, «Ерланның» телефоны сақталмағанын, өйткені ол таксист болып адам тасымалдап, зат жеткізумен айналысатындықтан, оған «Индрайвер», «Whatsapp» арқылы күніне әртүрлі хабарламалар түсетінін, және пакет ішіндегі ақшаны санамағанын сотта айтып түсіндірді (08.06.2023 сұралған уақыты 15.00-ден 15.38-ге дейін).
Басты сот талқылауында куә С.Б. О. төмендегідей көрсетті. Ол «Тұлпар» ЖШС-де такси жүргізушісі болып жұмыс жасайтынын, 2021 жылдың қаңтар айында компаниядан «Volkswagen Polo» маркалы мемлекеттік номері «621 DC 02» автокөлігін алғанын, сол кезде өздерінің компаниясының такси жүргізушісі «Ансар» А.З. К. достық қарым-қатынаста араласқанын, А.З. К. ұялы телефон номері 8 707 414 29 64 болғанын айтты.
06.05.2021 жылы ол қалада болғанында, сағат шамамен 11:00-де оның абоненттік номері 7 775 477 06 83 ұялы телефонына А.З. К. 8 707 414 29 64 номерінен оған қоңырау соғып, тапсырысты қабылдауды ұсынып, кейін тапсырыс бойынша түсіндіретінін айтқан. Одан кейін «Whatsapp» мобильді қосымшасына 8 707 505 04 52 абоненттік номерінен оған бұрын бейтаныс ер адам қоңырау шалып, өзін «Ерлан» деп таныстырып, сағат 16:00-де Алматы әуежайдан Асхат (жәбірленуші А.Т. Х.) есімді азаматты күтіп алу керек екендігін айтып, оған «Whatsapp» арқылы А.Т. Х. 8 701 787 64 13 ұялы телефон номерін жіберген.
Ол сағат 15:30-да әуежай аймағына келген, 16:00-де А.Т. Х.8 701 787 64 13 ұялы телефон номеріне қоңырау соққан, соңғы рейстің тоқтатылғанын, кешкі 21:00-де келетінін, оған өзі хабарласатынын айтқан. Сол күні оған сағат 22:00-де А.Т. Х. хабарласып, оны Алматы қаласы Қабанбай батыр көшесі 15 мекен-жайына келуін сұраған. Ол көрсетілген мекен-жайға, «Volkswagen Polo» маркалы мемлекеттік номері «621 DC 02» автокөлігімен келіп, А.Т. Х. жолыққан.
Сол кезде оған «Ерлан» «Whatsapp» арқылы телефон соғып, сәлемдемені А.Т. Х. беретінін айтқан.
Осылайша, А.Т. Х. оған ішінде 10 бума көлеміндегі АҚШ доллары бар пакетті көрсетіп, оның қолына берген. Ол сол кезде А.Т. Х. көзінше «Ерланға» телефон соғып, пакетті алғанын айтқан, «Ерлан» телефонды А.Т. Хамзинге беруін өтінген, әңгіме барысында А.Т. Х. «Ерланға» ақшаның толық жоқтығын, қалғаны ертең аударылатынын айтқан. Содан кейін, С.Б. О. «Ерланның» нұсқауы ойынша өзінің көлігіне отырып, ұялы телефонына пакеттегі ақшаны суретке түсіріп, «Ерланға» «Whatsapp» арқылы жібергенін айтты.
Осыдан кейін ол бұндай үлкен ақша ұстап көрмегенін, алаңдап, қорқып, досы А.З. Киргизбаевқа хабарласып, екеуі Сүйінбай мен Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан «Мерей» сауда үйінің аумағында кездесіп, пакеттегі 10 бума ақшаның ішінен «Ерланның» айтуымен 200 АҚШ доллар алып, гүл сататын дүкенге барып, сыйлық қорапшасына ақшаны салып, қаптатқан. Гүл сатушы дүкеннің сатушысы қорапқа олардың ақша салғанын білмегенін айтты. Сөйтіп, «Ерлан» оған Құрманғазы мен Масаншы көшелерінің қиылысында күтіп тұрған, «Lexus LX 470» маркалы, мемлекеттік номері «515HMВ05» көлік жүргізушісіне ішінде ақшасы бар сыйлық-қорапты сұрақ қоймастан тапсыруды бұйырған.
Содан ол екеуі сыйлық-қорапты алып, А.З. К. «Volkswagen Polo» маркалы мемлекеттік номері «465ВV02» автокөлігіне отырып, Құрманғазы мен Масаншы көшелерінің қиылысына келіп, «Lexus LX 470» маркалы, мемлекеттік номері «515HMВ05», қара түсті көрсетілген автокөлікке келіп, көлік жүргізушісіне сыйлық-қорапшасын «Ерланның» айтуымен «бұл жеңгеге сыйлық» деген сөзін жеткізіп, тапсырған.
Ол А.Т. Х. сыйлық-қорапты суретке түсіріп, барлығы дұрыс деп, «Whatsapp» арқылы жібергенін айтты.
Сол күні ол А.З. Киргизбаев екеуі үйлеріне қайтқан, келесі күні 07.05.2021 жылы сағат күндізгі 9-10 аралығында «Ерлан» оған телефон соғып, А.Т. Х. кездесіп, одан қалған ақшаны алып, басқа жүргізушіге дәл солай салып жіберуді айтқан. Кешке жақын, А.Т. Х. оған хабарласып, қалған ақшаның дайын екенін айтып, екеуі, бұрынғы кездескен мекен-жай, яғни Қабанбай көшесінде жолыққан.
А.Т. Х. оған пакеттің аузын ашып көрсетіп, үш бума АҚШ долларын берген. Ол ақшаны алып, суретке түсіріп, «Ерланға» «Whatsapp» арқылы жіберген, «Ерлан» оған такси жүргізушісі абоненттік номері 7 777 020 00 97 «Әбдібақыт» Ә.Ш. С. телефонын жіберген, ол ақшаны сыйлық қорабына салып, қаптатып, сағат 16:00-де нақты мекен-жайы есінде жоқ, бірінші Алматы ауданында «Toyota Alphard» маркалы мемлекеттік номері «470LC36» армян номерлі көлігі арлқылы жүргізуші Әбдібақытпен кездесіп, оған ақшасы бар жөнелтімді тапсырып, «Ерланға» хабарласып айтқан.
08.05.2021 жылы Ә.Ш. С. оған хабарласып, Шымкентке келгенін, жөнелтімді ешкім күтіп алмағанын айтқан. Ол «Ерланға» хабарласқан, бірақ соңғы қоңырауларына жауап бермеген. (Ерланның ұялы телефоны өшіп тұрғаны, әлде тұтқаны көтермеді ме, куәнің есінде жоқ).
Осыдан кейін ол А.Т. Х. телефон шалып, жөнелтімді Шымкентте ешкім күтіп алмағанын айтқан. Осы кезде Ә.Ш. С. оған қайта телефон соғып, түрлі адамдар хабарласып, жөнелтімді алып кетуді өтініп жатқанын, қайсына беретінін сұраған. Ол жөнелтімді алып кетуге тиісті адам келмесе, оны Алматыға әкеліп қайта оған әкелуін айтқан.
Алайда жарты сағаттың ішінде «Ерлан» оған қайта телефон соғып, С.Б. О. сәлемдемені неге қайтарып жатқанын сұраған. С.Б. О. онымен хабаласа алмағандықтан, такси жүргізушісі Ә.Ш. С. айтқанын түсіндірген. «Ерлан» жүргізуші Ә.Ш. С. қоңырау шалып, ол жөнелтімді өзі көрсеткен адамға тапсырсын деп айтқанын түсіндірді.
Куә С.Б. О. «Ерланмен» тек «Whatsapp» арқылы хабарламар жіберіп, сөйлескенін, алайда мүлдем көрмегенін, танымайтынын, сондай-ақ бір-бірімен жазысқан хат алмасуларды, суреттерді сақтамағанын, өйткені таксис болғандықтан оның ұялы телефонына бірқатар жолаушылар хабарласатынын, сақтап отыруға мүмкіншілігін жоқтығын айтып түсіндірді (08.06.2023 сұралған уақыты 11.26-дан 12.44-ке дейін).
Басты сот талқылауында куә Қ.Б. Жунисов төмендегідей жауап берді.
Ол өзінің «Lexus LX 470» маркалы, мемлекеттік номері «515HMВ 05» қара түсті автокөлігімен «Индрайвер» қосымшасы арқылы Алматы мен Шымкент қалаларының арасында адам, зат тасымалдаумен айналысатынын көрсетті. Ол өзінің абоненттік номері 8702 325 57 78 ұялы телефонына «Индрайвер» қосымшасын жүктеп алғанын, сондай-ақ осы «Индрайвер» қосымшасы арқылы күніне бірнеше тапсырыс түсетінін айтып түсіндірді.
Ол 06.05.2021 жылы кешкі уақытта «Индрайвер» қосымшасын қосып Алматы-Шымкент бағытына сұраныс жіберген. Оның 8702 325 57 78 абоненттік номеріне оған дауысы таныс емес ер адам, қазақ тілінде «Шымкентке шығасыңба, посылка бар еді, бұрын сенімен Шымкентке барғанмын, сені танимын...» деп, әйеліне сыйлық беріп жібергенін, сыйлықты Түлкібастың кіре-беріс жерінен інісі күтіп алатынын айтып, алып кетуін, ақысына 5000 теңге беретін болып келіскен.
Сол күні ол кешкі сағат шамамен 23:00-де тапсырыс берген екі адамды Алматы қаласынан – Шымкент қаласына апаруға, Құрманғазы көшесі 97 «А» мекен-жайында орналасқан «Центральный» тұрғын кешеніне келіп, шамамен 55-60 арадағы ер және әйел жолаушыларды өзінің көлігіне отырғызып, жолға шықпақшы болғанында, арада 5 минут өтпей, жасы 30-35 аралықтағы қазақ жігіт сырты қапталған, сыйлық-қорапты әкеп берген (сот тергеуінде анықталған А.З. К.). Ол сыйлық-қорапты көлікке салып, Шымкент қаласына жолға шыққанында «Ерлан» оған хабарласып жөнелтімді алған-алмағанын сұрап, жол-жөнекей қай жерге жеткенін қайта-қайта хабарласып сұрап отырғанын айтты.
Ол 07.05.2021 жылы таңғы сағат шамамен 6-7 арасында Түлкібастың кіре-беріс жеріне көпірдің жанына жөнелтімді беру үшін тоқтағанын, жолдың бойында тұрған жасы шамамен 25-30 жастағы, бойы 175-780 см. ірі денелі басына кепка киген жігіт келіп, оған 5000 теңге ақысын беріп, жөнелтімді алып кеткен (сот тергеуінде анықталған Н.Қ. Т.).
Ол сыйлық қорабын ашып көрмегенін, ішінде не бар екенін білмейтінін, жол-жөнекей «Ерлан» оған хабарласып отырғанын, «Ерланның» түрін көрмегенін, тек «Whatsapp» арқылы хабарласып отырғанын айтты. Сонымен қатар куә Қ.Б. Ж. оған «Индрайвер» арқылы көп тапсырыс түсетіндіктен, және оқиғаның болғанына екі жылдан астам уақыт өткеніне орай, «Ерланның» номерін, сыйлық қораптың түрін, салмағын нақты айта алмайтынын сотта айтып түсіндірді (08.06.2023 сұралған уақыты 16.26-дан 16.52-ге дейін).
Басты сот талқылауында куә Ә.Ш. С. төмендегідей көрсетті.
Ол 2020 жылдың қараша айынан бастап Алматы-Шымкент бағытында «Toyota Alphard» маркалы мемлекеттік номері «470 LC36» армян номерлі автокөлігімен таксист жүргізушісі болып жұмыс жасайтынын, 07.05.2021 жылы оның абоненттік номері 7 777 020 00 97 ұялы телефонына бұрын оған таныс емес «Сарсенбек» (С.Б. О.) 8 775 477 06 83 абоненттік номерінен хабарласып, Шымкент қаласына беріп жіберетін жөнелтімі бар екенін, ала кетуін өтінген. Ол оның ұсынысына келісіп, Алматы қаласы, Төлеби мен Утеген көшелерінің қиылысына сағат шамамен 16:00-де келіп, С.Б. Оразбаевпен кездесіп, соңғыдан жөнелтімді алып, Алматы-Шымкент тас жолымен, өзінің жолаушыларын бірге алып жолға шыққан. Ол Шымкент қаласына жеткенде, оған жөнелтімді алып кетуге ешкім хабарласпаған. Ол С.Б. О. 8 775 477 06 83 номеріне хабарласып, жөнелтімді ешкімнің күтіп алмағанын айтқан. Ол ешкім хабарласпағаннан кейін, ауылы Қазығұртқа кетіп қалған. Кешке дейін ол үйінде болып, кешкісін Сарыағашқа шыққанында, оған жолдан ұялы телефон номерлері есінде жоқ, біраз бейтаныс адамдар қайта-қайта хабарласып, жөнелтімді алатындарын айтқан. Ол сол уақытта жөнелтімді кімге беретінін білмей, С.Б. О. қайта хабарласып болған жайтты айтқан. Сол уақытта С.Б. О. оған Шымкент қаласына келген кезде хабарлас, жөнелтімді келіп алып кететінін айтып түсіндірген. Кейін ол Шымкент қаласына кіргенде С.Б. О. хабарласқан, соңғы оған қазір біреудің хабарласатынын айтқан. Артынша оған 8 701 528 88 60 номерінен бір үлкен кісі хабарласып (сот тергеуінде анықталған жүргізуші Н.С. Б.), «Дендро» саябағының алдында күтіп тұратынын айтқан. Ол аталған жерге келгенінде, жолдың бойында тұрған «Фольсфаген Пассат» маркалы, ашық көк түсті көліктің жарығы жанып тұрғанын көріп, көліктің алдына тоқтаған. «Фольсфаген Пассат» жүргізушісі келіп, оған ұсақ тиындардан тұратын 2000 теңге ақысын беріп, С.Б. О. берген жөнелтімді алып кеткен. Сол кезде оған белгісіз біреу хабарласып, жөнелтімді бергені туралы сұраған. Ол кезде сағат шамамен кешкі 21:47 минут болған. Ол өз жұмысымен ары қарай кетіп қалғанын айтты.
Ол жөнелтімнің ішін ашып қарамағанын, салмағына, түріне мән-бермегенін, оған хабарласқан адамдардың ұялы телефон номерлерін сақтап қоймағанын және жол-жөнекей оған «Ерлан ағаң ғой...» деп, (қазір есінде жоқ) белгісіз номерден ер адам жиі-жиі қай жерге келіп қалғанын сұрап, хабарласып отырғанын сотта түсіндіріп айтты (16.06.2023 сұралған уақыты 11.20-дан 12.26-ға дейін).
Басты сот талқылауында куә Н.С. Б. төмендегідей жауап берді.
Ол біраз жыл жүргізуші болып, құрылыс заттарын тасумен айналысқанын, және 08.05. 2021 жылы кешке оған бейтаныс адам абоненттік номері 8 701 528 88 60 ұялы телефонына қоңырау шалып, «онымен 2020 жылы жазда жұмыс бойынша кездескенін, оның Шымкент қаласы, Жайлау ықшам ауданы, Ерназар көшесі 25 мекен-жайында орналасқан үйіне құрылыс материалдарын әкеп бергенін...» айтып, хабарласып, өзін таныстырып, Алматыда келе жатқан «Toyota Alphard» маркалы қара түсті армян номері бар көлік жүргізушісінің Ә.Ш. С.(абоненттік номері 7 777 020 00 97) номерін беріп, жөнелтімді күтіп алып әкеп беруін өтінген. Шамамен ақысы ретінде 5000 теңгеге келіскенін айтты. Сол күні ол кешкі сағат 21:30-да Ә.Ш. Сарыбайға қоңырау шалып, Шымкент қаласының Дендропаркіне қарсы жерде күтіп алған, және жөнелтімді алып, өзі ауыз ашатын уақыт болып қалғаннан кейін, Төлеметов көшесінде тұратын жерге ауызашарға кеткен. Ол ауызашарда отырғанында оған таныс емес тұлға хабарласып, «Жайлау» ықшам ауданынан жөнелтімді алып кететінін айтқан. Ол жөнелтімді алып, жол бойында автокөлікпен күтіп тұрған бейтаныс жігітке барып, 7000 теңге жол ақысын алып, жөнелтімді бейтаныс адамға берген. Соңғы Шымкент қаласы, Жануарлар паркіне қарай Төлеметов көшесінің бойымен кетіп қалғанын көрсетті.
Ол Ә.Ш. С. күтіп алған жөнелтімге ешқандай мән бермегенін, сыйлық-қораптың түрін, салмағын, пішінін қазіргі кезде еске түсіре алмайтынын, бірақ нақты күтіп алып, одан оған бейтаныс жігіт жөнелтімді алып кеткенін сотта айтып түсіндірді (16.06.2023 сұралған уақыты 12.28-ден 13.15-ке дейін).
Басты сот талқылауында куә Н.Қ. Т. төмендегідей жауап берді.
Ол сотталушы А. Е.і жақсы танитынын, бір ауылда өскенін, араларында достық қарым-қатынас бар екенін айтып, 2021 жылдың мамыр айының басында, оған А. Есеналин хабарласып, таңертең, Түлкібасқа барып, бір жөнелтімді күтіп алу керектігін айтқан.
Содан ертесіне олар шамамен таңғы 05:00-06:00 арасында, Е.М. А.Е. автокөлігімен келіп, оны үйден алып, одан кейін Нұрсат -1 ықшам ауданы, 35 үйде тұратын А. Е. алып, үшеуі рөлде жүргізуші Е.М. Абжан алдынғы орындықта А. Е., артқы салонда ол отырып Түлкібас ауданы, Вановка елді мекеніне, жөнелтімді күтіп алу үшін көпір жанына барғанын көрсетті. Е.М. А. көлігінде отырған А. Е. айтуымен ол жалғыз өзі біраз шамамен 10-15 метрде тоқтап тұрған автокөліктен жөнелтімді (сыйлық-қорапты) алып, автокөлікте отырған А. Е. қолына бергенін көрсетті. Куә Н.Қ. Т. сотта ол жөнелтімді әкелуге барғанында, А. Е. оған көпір үстінен қарап тұрғанын, сыйлық-қораптың бос болмағанын, ішінде оған белгісіз заттың болғанын нақты айтып көрсетті.
Сөйтіп үшеуі жөнелтімді күтіп алып, қайта үйлеріне қайтқан. Жолда бірінші болып А. Е. қолындағы сыйлық-қораппен өз үйінде қалып қалғанын, екінші болып ол өз үйінен қалып қалғанын, Е.М. А. автокөлігімен үйіне қайтқанын айтты.
Сол күні кешке ол А. Е. үйіне барған, А. Е. оған жөнелтімді күтіп алғаны үшін, ақысы ретінде 50 000 теңге ақша бергенін көрсетті.
Ол күтіп алған жөнелтімге ешқандай мән бермегенін, жөнелтімді неге А. Е. өзі емес, оның еш ойланбастан барып алғанына, жөнелтімнің салмағына, пішініне, және жөнелтімнің (сыйлық-қораптың) ішінде не барын білмегенін айтты.
Куә Н.Қ. Т. сотқа дейінгі берген жауаптарын толық қолдап, жауабын өз еркімен беріп тұрғанын, оның абоненттік номері 8 702 470 63 63 өзіне тиіс екенін, Алматы, Шымкент қаласының полиция қызметкерлері оған физикалық және психикалық қысымшылық көрсетпегенін айтты.
Ол сотқа дейінгі қорғалуға құқығы бар куә ретінде берген жауаптарында, А. Е. 2020 жылдан бері араласатынын, соңғы 2 жылда А. Есеналин Шымкент қаласы, Тұран мөлтек ауданынан үй соққанынан, А. Е. әкесі Е.С. Кенжеев аудитте жұмыс жасайтынын, А. Е. Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан «Сити спорт» орталығын жалға алып, жүргізетінін, бір жыл бұрын кафе ашқанын, ол достарымен бірге А. Е. үйінің жұмыстарына көмек беріп, ақысына азын-аумақ ақша алып жүретінін айтып көрсеткен.
Куә Н.Қ. Т. сот тергеуінде бірқатар қайталап, сыйлық қорап - жөнелтімді алуға А. Есеналинның айтуымен үшеуі (ол, Е.М. Аб., А. Е.) барғандарын, автокөліктен өзі барып қолма-қол жүргізушіден жөнелтімді алғанын, әкеліп автокөлік ішінде отырған А. Е. қолына бергенін, А. Е. сыйлық қорап - жөнелтімді өзімен бірге үйіне алып түскенін көрсеткен.
Сондай-ақ, А. Е. қолында бір ғана ұялы телефонның болғанын, оның телефонын достары, өзі алып ешуақытта хабарласпағанын нақты айтып түсіндірді (01.06.2023 сұралған уақыты 12.31-ден 13.05-ке дейін).
Басты сот талқылауында куә Е.М. А. өзіне тиесілі абоненттік номерлері 8 702 007 70 55, 8 775 094 50 00 екенін қолдап, 07.05. 2021 жылы сағат таңғы 05:00-06:00 аралығында А. Е.айтуымен Түлкібас ауданы, Вановка елді мекені көпір жанына Алматы қаласынан А. Е. бір жөнелтім күтіп алмақшы болып, Н.Қ. Т. үшеуінің оның автокөлігімен барғандарын, ол көліктің рөлінде отырғанын, ал А. Е. автокөліктің алдыңғы орындығында отырғанын, Н.Қ. Т. жалғыз өзі барып жөнелтімді күтіп, алып келгенін, алайда ол таңертең ұйқылы ояу болып отырғандықтан жөнелтімнің түріне, пішініне мән бермегенін, нақты үшеуі жөнелтімді оның автокөлігімен барып, күтіп алып үйлеріне қайтқанын айтты.
Сонымен қатар куә Н.Қ. Т. пен Е.М. А. сот тергеуінде А. Есеналин бір ғана ұялы телефонмен жүретінін, соңғының телефонын олар қолданбайтынын сотта түсіндіріп айтты.
Қылмыстық істің 8-бумасы, 47-іс беттерінде күдікті А. Ес.Е.М. Абжанды беттестіру хаттамасына сәйкес, Е.М. Абжан 2021 жылдың мамыр айының басында таңға жуық А. Е. айтуымен Е.М. А., Н.Қ. Т., А. Е. үшеуі Түлкібас ауданы, Вановка елді-мекеніне барып, А. Есеналинге тиесілі Алматы қаласынан жөнелтім күтіп алғанын растаған.
Қылмыстық істің 8-бумасы, 53-іс беттерінде күдікті А. Е. Н.Қ. Т. беттестіру хаттамасына сәйкес, Н.Қ. Т. 2021 жылдың мамыр айының басында таңға жуық А. Е. айтуымен Н.Қ. Т., Е.М. А., А. Е. үшеуі Түлкібас ауданы, Вановка елді-мекеніне барып, ол автокөліктен түсіп жолдың арғы бетіне өтіп, таксистен сыйлық-қорапты күтіп алып, көлік ішінде отырған А. Е. әкеліп сыйлық-қорапты бергенін, жол-жөнекей олар бірінші А. Е. жөнелтіммен бірге, одан кейін өзі үйінде түсіп қалғанын, сол күні кешкісін А. Е. оған жөнелтімді күтіп алғаны үшін қолына 50 000 теңге сыйақы ретінде ақша бергенін растаған (01.06.2023 сұралған уақыты 13.15-тен 13.42-ге дейін).
Сот тергеуінде жауап берген Алматы қаласы, ПДТБ-нің аға тергеушісі, полиция подполковнигі - куә Қ. Ж., А. Е. қатысты істі өзі басынан аяғына дейін тергегенін, сотталушы А. Е. және іс бойынша куәларға ешқандай физикалық және психикалық қысымшылықтар көрсетілмегенін және және куә – жедел уәкіл Б.Д. Б. ІІМ ақпараттық базанының мәліметіне сай 2020 жылы абоненттік номер 8 707 505 04 52, сотталушы А. Е.атына жүргізу куәлігін аларда тіркелгендігін және А. Е. қолындағы 7 775 444 40 44 «Кселл» АҚ-нан алынған жауапқа сәйкес, аталған абоненттік номер сотталушының туған інісі Е. Олжасқа тіркелгені, және мекен-жайы Шымкент қаласы, «Нұрсат» ықшам ауданы 35 үй, 7-пәтер анықталғанын айтып көрсетті.
Сондай-ақ, куә А. Е. өзінің қылмыстық жолмен тапқан қомақты ақша қаражаттарын өз қажеттілігіне жұмсап, әртүрлі онлайн казино ойындарына жұмсағанын айтып көрсетті (03.07.2023 сұралған уақыты 15.15-тен 18.01-ге дейін), (01.06.2023 сұралған уақыты 12.05-тен 12.28-ге дейін).
Сонымен, сот сотта сұралған куәлар А.З. Киргизбаев, С.Б. О., Қ.Б. Ж., Ә.Ш. С., Н.С. Б., Е.М. А., Н.Қ. Т. сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде берілген жауаптарымен соттағы жауаптарын тыңдап, арасындағы қарама-қайшылықтарды зерттеп, оларға баға беріп, сот куәлар А.З. К., С.Б. О., Қ.Б. Ж., Ә.Ш. С. Алматы – Шымкент қала араларында жүретін такси жүргізушілер екендігі, олар өзін «Ерлан» деп таныстырған белгісіз тұлғамен тек ұялы телефон «Whatsapp» желісі арқылы сөйлескендері, «Ерланның» түрін куәлардың ешқайсының көрмегені, жөнелтімнің – сыйлық-қорабы екенін барлық куәлардың сот тергеуінде растағаны, алайда сыйлық – қораптың нақты түрі, түсі, пішіні, салмағы екі жылдан астам уақыт өткендіктен естерінде қалмағаны, куә С.Б. О. жәбірленуші А.Т. Х. қолынан пакетке салынған бірінші транш (06.05.2021жылы) 10 бума АҚШ долларын, екінші күні (07.05.2021 жылы) 3 бума АҚШ долларын қолма-қол пакетпен алғаны, яғни жәбірленуші А.Т. Х. сот тергеуінде бірінші күні 100 000 АҚШ долларын, екінші күні 23 000 АҚШ долларын пакетке салып куә С.Б. О. қолына бергені, С.Б. О. А.З. К. екеуі 100 000 АҚШ долларының ішінен 200 АҚШ долларын «Ерланның» айтуымен алғаны, қалғанын Құрманғазы Байтұрсынова көшесінің қиылысында орналасқан гүл сататын жерден сыйлық-қорабына салып, «Индрайвер» арқылы таксист «Lexus LX 470» маркалы, мемлекеттік номері «515HMВ 05» жүргізушісі Қ.Б. Жунисов арқылы Шымкент қаласына салып жібергені, Қ.Б. Ж. жол бойында Шымкент қаласына жеткенше «Ерланмен» «Whatsapp» арқылы бірнеше рет сөйлесіп отырғандары, ішінде 100 000 АҚШ долларына жуық ақшасы бар сыйлық-қорапты куә Н.Қ. Т. Түлкібас ауданы, Вановка елді мекенінде жүргізуші Қ.Б. Ж. күтіп алып автокөлікте отырған Е.М. А. көзінше А. Е. қолына сыйлық-қорапты бергені, 07.05.2021 жылы екініші транш 3 бумада 23 000 АҚШ долларын С.Б. О. А.Т. Х. қолынан өзі жеке алып, «Ерланның» айтуы бойынша «Toyota Alphard» маркалы мемлекеттік номері «470 LC36» армян номерлі жүргізуші Ә.Ш. С. ақшаны әдеттегідей гүл сататын дүкеннен сыйлық-қорапқа салып, Ә.Ш. С. арқылы Шымкент қаласына беріп жібергені, Ә.Ш. С. жол-жөнекей «Ерланмен» «Whatsapp» арқылы бірнеше рет сөйлесіп отырғандары, Шымкенттен «Дендро» паркінің алдынан жүргізуші Ә.Ш. С. куә Н.С. Б. сыйлық қорапты күтіп алып, Шымкент қаласы, Төлеметов көшесінің бойында оның автокөлігінің артынан жол бойында тоқтап тұрған автокөліктен шыққан тергеумен анықталмаған ұзын бойлы жігітке сыйлық-қорапты беріп жібергені даусыз бекітілді.
Жоғарыдағы сотта сұралған куәлардың айғақтарының шынайылығына сот ешқандай да күмән келтірмейді.
Себебі олар алдын-ала тергеу барысында және сот талқылауында біркелкі іс бойынша болған деректерді анықтайтын дәйекті айғақтар берген. Сонымен қатар, олардың айғақтары сотта зерделенген қылмыстық іс құжаттарымен сабақтасып, олардың айғақтарының объективтілігі бекітіледі.
Сот тергеуінде жарияланған қылмыстық іс құжаттар – алу жүргізу қаулылары, алу хаттамасы, детализацилар, абоненттер және абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туарлы ақпаратты жасырын алу, абоненттер және абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулардың күні, уақыты, ұзақтығы туралы мәліметтерді алу жүргізу туарлы қаулылар, тінту хаттамасын, тағы басқа тергеу құжаттарын зерттеп, сот төмендегі тұжырымға келді. Яғни, жәбірленуш А.Т. Х. 8 701 787 64 13 абоненттік номеріне «Whatsapp» желісі арқылы 8 707 505 04 52 абоненттік нөмері хабарласып, өзін Е.С. Бердалин екенін таныстырып, куә М.А. Х. атынан қоңырау шалып тұрғанын айтып, ақша қаражатын өзінің жүргізушісі «Сарсенбек» С.Б. О. беріп жіберуін, 8 775 477 06 83 абоненттік номерін беріп, Алматы қаласына апарып беруін сұранған.
Аталған қоңыраулардың шалынуы алдын ала тергеу органдарының кіріс шығыс номерлерінің детализацияларымен дәлелін тапты (і.б. 101, 1-бума).
07.05.2021 жылы А. Е. өзінің таныстары Н.Қ. Т., Е.М. А.Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Вановка елді-мекеніне барып, «Индрайвер» таксиін Н.Қ. Т. күтіп алып, жоғарыда көрсетілген ақша қаражаттарын А. Е. қолма-қол бергені бекітілді.
Қылмыстық іс материалдарымен А. Е., куәлар Н.Қ. Т. пен Е.М. А. «Индрайвер» таксиін күтіп сыйлық-қорапты алған жері мостың асты бойынша Базовый станциясын №LAC(TA)-17251CELL ID-8087 Түлкібас ауданы, Түлкібас (Вановка) елді мекені бойынша талдау жүргізу кезінде абоненттік номер 8702 470 63 63 іс бойынша куә Н.Қ. Т. номері екендігі анықталған, сол жерде ол 8 702 007 70 55 иесі іс бойынша куә Е.М. А.номеріне хабарласқаны анықталғанын көрсетті (і.б. 91-96, 5-бума, і.б. 71-76, 6-бума, і.б. 46, 6-бума) базовый станциясынан алынған қаулымен дәлелі бекітілген.
MOB NUM |
NUM |
STRT |
CELL ID |
LAC(TA) |
TYPE |
702-007-70-55 |
702-470-63-63 |
07.05.2021 05:59:42 |
8087 |
17251 |
ACTIV |
702-470-63-63 |
702-007-70-55 |
07.05.2021 06:02:47 |
8087 |
17251 |
ACTIV |
Сол уақытта қаражатты беру және алу аумағында 07.05.2021 жылы сағат 05:28-ден сағат 06:10-ға дейін сотталушы А. Е. тиесілі абоненттік номер 8-707-505-04-52 де болған, ол әр кезде «Индрайвер» жүргізушісі қара түсті «Lexus 470» мемлекеттік нөмірі «515 HMB 05» иесі Қ.Б. Ж. ұялы телефонына 8 702 325 57 78 номеріне хабарласып отырған. Аталған ақпараттардың барлығы төменде аталған материалдармен дәлелін тапқан. (кіріс және шығыс қоңырауларын алу қаулысымен і.б. 98-100, 1-бума, і.б. 26-28, 4-бума, і.б. 100, 4-бумадағы дисктермен анықталған).
2021-05-07T06:07:04 |
Входящий звонок |
77075050452 |
77023255778 |
Тюлькубасский район, с.им.Турара Рыскулова, Вышка АО "КазТелеРадио" |
2021-05-07T06:05:54 |
Исходящий звонок |
77075050452 |
77023255778 |
Тюлькубасский район, сАкбиик, ул.Калдыбаева, б/н |
2021-05-07T05:56:27 |
Исходящий звонок |
77075050452 |
77023255778 |
Тюлькубасский район, п.Тюлькубас, ул.Кобей, мельница |
2021-05-07T05:54:58 |
Исходящий звонок |
77075050452 |
77023255778 |
Тюлькубасский район, с.им.Турара Рыскулова, Вышка АО "КазТелеРадио" |
2021-05-07T05:54:09 |
Регистрация в сети |
77075050452 |
77075050452 |
Тюлькубасский район, с.им.Турара Рыскулова, Вышка АО "КазТелеРадно" |
2021-05-07T05:45:36 |
Исходящий звонок |
77075050452 |
77023255778 |
Тюлькубасский район, п.Тюлькубас, Вышка АО "Казахтелеком" |
2021-05-07T05:44:56 |
Регистрация в сети |
77075050452 |
77075050452 |
Тюлькубасский район, п.Тюлькубас, Вышка АО "Казахтелеком" |
Сонымен қатар «Индрайвер» таксиін күтіп сыйлық-қорапты алған жер көпірдің асты бойынша Базовый станциясын №LAC(TA)-17251,CELL ID-8087 Түлкібас ауданы, Түлкібас (Вановка) елді мекені бойынша талдау жүргізу кезінде қосымша абоненттік номер 8 775 444 40 44 іс бойынша сотталушы А. Е. тиесілі абоненттік номері екендігі анықталған, сонымен қатар сол жерде ол абоненттік номер 8 701 777 75 49 иесі іс бойынша сотталушы А. Е.әкесі К.Е. С. (і.б. 30, 8-бума) номеріне хабарласқан. Е.С. К. және сотталушымен телефон байланыстары (і.б. 38-40, 4-бума, 9-бумада печатталған конвертте дисктермен бекітілген, телекоммуникация байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап қалу, және түсіріп алу жүргізу туралы қаулысымен және кіріс және шығыс қоңырауларды алу өндірісі туралы қаулымен).
06.05.2021 23:33 |
77017777549 |
77754444044 |
00:00:48 |
Прочее |
|
|
06.05.2021 23:33 |
77017777549 |
77754444044 |
00:00:48 |
Входящий звонок |
47255 |
6432 |
07.05.2021 4:26 |
77017777549 |
77754444044 |
00:00:00 |
Исходящий звонок |
47255 |
6437 |
07.05.2021 4:29 |
77017777549 |
77754444044 |
00:00:31 |
Исходящий звонок |
47255 |
6437 |
07.05.2021 6:15 |
77017777549 |
77754444044 |
00:0:03 |
Прочее |
47255 |
6437 |
07.05.2021 жылы сағат 04.26 – переадресация болған абоненттік номер 8 775 444 40 44 келесі абоненттік номерге 8 701 777 75 49.
07.05.2021 жылы сағат 06.15 – шығыс қоңырау жасалған абоненттік номер 8 775 444 40 44 келесі абоненттік номерге 8 701 777 75 49, сөйлесудің ұзақтығы 01 минут 03 секунд, болған орны - Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар Рыскұлов, Азаттық ауылы.
Сонымен қатар іс материалдарында абоненттік номері 8-747-301-33-46 көрсетілген аталған номер – 07.05.2021 жылы сағат 22:08 Шымкент қаласында активацияланған (і.б. 124, 1-бума, і.б. 100, 4-бумада печатталған конвертте дисктерде бекітілген, шығыс, кіріс қоңырауларын алу қаулысы).
Сонымен қатар ІІМ ақпараттық базанының мәліметіне сай 2020 жылы абоненттік номер 8 707 505 04 52, сотталушы А. Е. атына жүргізу куәлігін аларда тіркелгендігі анықталған.
Сонымен қатар, екінші эпизод бойынша жәбірленуші «Arline Service» ЖШС-нің директоры К.Т. И. абоненттік номері 8 777 055 00 00 абоненттік номеріне, белгісіз тұлға 8 747 845 83 50 абоненттік номерінен қоңырау шалып, өзін «.Ойл» директоры Ғ.К.в екенін таныстырып, оған 30 000 АҚШ долларын қарыз беруін сұраған. Алайда, К.Т. Из.Ғ. Қо. жеке жұмыс телефонына хабарласып, осы жағдайды айтқан, соңғы одан ешқандай ақша қаражатын сұрамағанын айтқан.
Тексеру барысында 8 747 845 83 50 абоненттік номері IMEI коды №359-456-960-552-410 телефон (смартфон) құрылғысына енгізілгені анықталды (БС: Шымкент қаласы, Адырбеков көшесі, 159).
Тергеу органдарымен жоғарыда аталған белгісіз тұлғаны анықтау мақсатында «Indriver» қызметіне 21.09.2022 жылы шығыс № 3-4/11307 ақпарат беру туралы сұрау жіберілген.
«Indriver» қызметінен алынған жауапқа сәйкес, 7 747 845 83 50 номерінен тапсырыстарды «Таке» атты пайдаланушы жасаған және оның 12.07.2022 жыл тіркелгендігі жайлы ақпарат алынды, сонымен қатар IP адрестерімен: 149.27.46.204, 149.27.11.111, 149.27.8.169, 149.27.61.17, 149.27.4.76, 149.27.27.43, 149.27.56.124.
Кейіннен «Кселл» АҚ-на жоғарыда көрсетілген IP мекен-жайлары бойынша (27.09.2022 жылы шығыс №42/4-4218) пайдаланушының тіркеу деректерін анықтау үшін сұраныс жіберілді.
«Кселл» АҚ-нан алынған жауапқа сәйкес, көрсетілген IP мекен-жайлары бойынша 7 775 444 40 44 абоненттік номері тіркелген, ол сотталушы А. Е. туған інісі 19.03.2003 жылғы О.Е. тіркелген болып шықты мекен-жайы Шымкент қаласы, «Нұрсат» ықшам ауданы 35 үй, 7-пәтер.
Тергеу органдарымен жедел іздестіру шараларын өткізу барысында 7 775 444 40 44 абоненттік номері сотталушы А. Е. тиесілі «Kaspi.kz» банк қосымшасына тіркелгені белгілі болған.
Сот тергеуінде жауап берген куә – маман А. Варфоломеев «КсеLL» АҚ-да жұмыс жасайтынын, ұялы телефондардың имей қоды т.б. сұрақтарына жауап бере алмайтынын көрсетіп, сот тергеуінде сотталушы тарапының өтінішхаты негізінде КсеLL, ALTEL, TELE2 компанияларына жоғарыда аталған абоненттік номерлерге қосымша сұрау жүргізілді, жоғарыдағы сотталушы, жәбірленуші, куәлардың абоненттік номерлері өздеріне нақты тіркелгендігі туралы ақпарат қосымша алынды (11.07.2023 сұралған уақыты 11.00-ден 12.00-ге дейін).
Сот, сот тергеуінде жәбірленуші тараппен берілген өтінішхатты, яғни А.Т. Х. ұялы телефонындағы ақша, сыйлық-қораптың фотосуреттері іс бойынша тікелей іске қатысы бар дәлелдеме ретінде алуға негіз бар деп санайды, яғни жәбірленуші А.Т. Х. қомақты ақшаны бергені, және ақша салынған сыйлық-қорапты С.Б. О. А. Е. фото-есебі ретінде жібергені, А.Т. Х. мен С.Б. О. арасында «Whatsapp» қосымшасымен бір-біріне жіберген фотосуреттері, жазған хабарларымен өз дәлелін тапты.
Бұл мән-жайлар аталып өткен ақиқат дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығымен бекітіліп расталынатындықтан, сотталушы А. Е. аталған қылмысты жасадым, ақтау үкімін шығаруды сұраған айғақтарының өз негізін таппайтындығы анықталады.
Сотталушы А. Е. психиатриялық және наркологиялық есепте тұрмайтындығы, қылмыстық іске тіркелген құжаттармен анықталды.
№ 25-13/61 сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, А. Е. тексеру кезінде, денесінен ешқандай жарақаттар анықталмаған (і.б. 87, 7-бума).
№ 25-13/60 сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, Н.Қ. Тұрлыбекты тексеру кезінде, денесінен ешқандай жарақаттар анықталмаған (і.б. 92, 7-бума).
Қылмыстық істің 8-бума, 81-бетте «РМ Бет» Букмекерлік контора ЖШС-нің жауабына сәйкес, А. Е., тіркелген уақыты 07.02.2022 жылы (бұрынғы фамилиясы С.А.Е., тіркелген уақыты 11.12.19 жылы), Е.М. А. тіркелген уақыты 13.08.2021 жылы, Н.Қ. Т. тіркелген уақыты 24.11.2022 жылы барлығы осы серіктестіктің клиенттері болып табылатындығы анықталған.
Қылмыстық істің 8-бума, 84-108-іс беттерінде А. Е. «РМ Бет» Букмекерлік контораға қомақты қаржыларды салып отырғаны бекітілген.
№ 7763 сот-наркотикалық 22.12.2022 жылғы Шымкент қаласы, Аргынбекова көшесі, 130-үй, «Big Rooms» қонақ үйі, 301-бөлмеге тінту барысында алынған, зат – меткатинон психотроптық заттың аналогы болып табылады (і.б. 27-43, 9-бума).
Сотталушы А. Е. өзінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру барысында, жәбірленушілермен жеке танысып, олардың арасында сенімді қарым-қатынастар болмаған, қылмысты тек алдау тәсілімен жымқырғаны сотта даусыз анықталды.
Сондықтан да, сотталушы А. Е. айыбынан сенімді теріс пайдалану қылмыстық дәрежесі алынып тасталуға жатады.
Мұндай тұжырымға сот, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы «Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» №6 Нормативтiк қаулысында көрсетілген 3-бабында көрсетілген түсіндірмелер негізінде келеді.
Алаяқтықтың тәсілі ретінде сенімді теріс пайдалану кінәлі адамның өзінің және меншік иесінің немесе иелігінде мүлкі бар өзге адамның арасында туындаған сенімді қарым-қатынастарды пайдакүнемдік пиғылмен бөтен мүлікті немесе оған құқықты заңсыз алу мақсатында пайдалануына негізделеді.
Осындай жағдайда сот, сотталушы А. Е. басты сот талқылауында алаяқтық, алдау жолымен, аса ірі көлемдегі бөтеннің мүлкін жымқырғаны және сондай-ақ алаяқтық, алдау арқылы, бірнеше рет, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыруға оқталғаны сот отырысында жан-жақты және түбегейлі зерттелген дәлелдермен толық бекітілді деп есептей отырып, сотпен оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында, ҚР ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағандары дұрыс сараланған деп есептейді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 25 маусымдағы №4 нормативтік қаулысының 1-тармағына сәйкес, қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-нің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтағандары, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын, қылмыстың қайталануын және оның түрлерiн, қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезеңін, сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезіндегі қатысу дәрежесін, қылмыстық құқық бұзушылықтың мақсатына жету үшiн оның әрекеттерінің маңызын және келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның сипаты мен мөлшеріне ықпалын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығының болуын, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлардың болуын, сол қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңiл жаза тағайындау негiздерiн ескерулері қажет.
Жазаның түрі мен мөлшерін белгілегенде, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезіндегі қатысу дәрежесін, қылмыстық құқық бұзушылықтың мақсатына жету үшiн оның әрекеттерінің маңызын және келтiрiлген зиянды, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 52, 53, 54-баптарында көрсетілген мән-жайларды, кінәлінің жеке басын назарға алады.
Сотталушы А. Е. қатысты жаза тағайындау кезінде, ҚР ҚК-нің 53-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталмады.
ҚР ҚК-нің 54-бабына сәйкес, сот, сотталушы А. Е. жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жай жоқ деп санайды.
Сотталушы А. Е. жаза мөлшерін тағайындағанда, жасаған қылмыстары ауыр қылмыс санаттарына жататынын және сипатымен қоғамға қауіптілік дәрежелерімен, оған тағылған баптардың санкциясындағы жазаларды тағайындауға болады, яғни оған ҚР ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігін, яғни ауыр қылмыс жасаған кезде – үштен екісінен және 56-бабы 3-бөлігін, яғни қылмысқа оқталғаны үшін жазаның мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында аяқталған қылмыс үшін көзделген жазаның негізгі түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен асыруға болмайтынын қолдана отырып, сотталушы А. Е. жасаған қылмыстық іс-әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 11-бабының 4-бөлігіне сәйкес, ауыр қылмыстар санатына жататындығын, жәбірленушінің оны кешірмейтінін, қатаң жаза тағайындауды сұрағанын, материалдық залал өтелмегенін, өзінің түзелу жолына түспей, осыған дейін 03.10.2018 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық сотымен алаяқтық қылмысымен сотты болғанын, қайта ауыр санаттағы қылмыс жасауына байланысты сот ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көрсетілген санкция мөлшерінде мүлкін тәркілемей, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау, оның түзелуіне жеткілікті деп тұжырымдайды.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің санкциясына сай, қосымша жаза белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз көрсетілген.
Алайда, сот сотталушы А. Е. қылмыс жасау барысында еш жерде, яғни мемлекеттік қызметте жұмыс жасамауына байланысты аталған қосымша жаза тағайындалмайды деп санайды.
Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының 20 бабы бойынша, ... Егер істе мүліктің шығу тегінің қылмыстық сипаты туралы мәліметтер болмаса немесе мүлік мүлдем анықталмаса, мүлікті тәркілеу, оның ішінде қосымша жазаның осы түрінің міндетті түрде тағайындалуын көздейтін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің баптары бойынша тағайындалмайды. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының ҚК-нің 55-бабын қолдану талап етілмейді. Соттың мүлікті тәркілеу жөнінде қабылдаған шешімі үкімде Қазақстан Республикасының ҚК-нің 48-бабында көзделген негіздердің болуына немесе болмауына сілтеме жасалып, барлық жағдайда уәжді болуға тиіс.
Қылмыстық кодекстің 48-бабы 1-бөлігіне сәйкес мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекеттің меншігіне айналдыру.
Демек, сотталушы А. Е. мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жаза тағайындалмайды, себебі сотқа дейінгі тергеу органымен оның қылмыстық жолмен табылған мүлкі туралы айғақтар ұсынылған жоқ.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62-бабының 3-1 бөлігі 2)-тармағына сәйкес, сотталушы А. Е. күзетпен ұстауда болған күндері яғни, 22 желтоқсан 2022 жылдан бастап үкім заңды күшіне енген күнге дейінгі бір күн күзетпен ұстауда болған уақыты орташа қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір жарым күні болып есептелсін.
ҚР ҚК-нің 46-бабы 5-бөлігі 2) тармағына сай, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтесін.
Бұлтартпау шарасы «күзетпен ұстау» үкім заңды күшіне енгенше өзгеріссіз қалдырылуға жатады.
Жаза өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін.
ҚР ҚПК-нің 170-бабына сәйкес, сот айыптау үкімін шығарғанда, азаматтық талап-арызды толық немесе ішінара қанағаттандырады.
Жәбірленуші А.Т. Х. материалдық талап арызы толығымен қанағаттандырылсын.
Азаматтық жауапкер А. Е. азаматтық талапкер М.А. Х. пайдасына 54 818 640 (елу төрт миллион сегіз жүз он сегіз мың алты жүз қырық) теңге өндірілсін. (31 шілде 2023 жылғы ҚР Ұлтық банкінің мәліметіне сәйкес 1 АҚШ доллары – 445,68 теңге, яғни 123 000 АҚШ доллары теңгеге шаққан сәтте 54 818 640 теңгені құрайды).
Сотталушы А. Е. мемлекет пайдасына өндіріліген ақшаның бір пайызы мөлшерінде 548 187 (бес жүз қырық сегіз мың жүз сексен жеті) теңге мемлекеттік алым өндірілсін.
Азаматтық жауапкер А.Е. азаматтық талапкер М.А. Х. пайдасына өкілдік көмегіне төленген 1 000 000 (бір миллион) теңге өндірілсін.
«Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы»2015 жылғы 27қараша № 7-ші Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулысының 3 бөлігінде түсіндірілгендей, бұзылуы, айырылуы немесе кемсiтiлуi жәбірленушіге моральдық зиян келтiруге әкеп соғатын өзіндік мүлiктiк емес игіліктер мен құқықтар деп азаматтың жеке басымен тұтасымен байланысты әрі оған тумысынан тиесiлi игiлiктерді немесе заңмен берілген құқықтарды түсiну қажет. Адамға тумысынан тиесiлi игiлiктерге өмiрін, денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін, бостандығын, жеке басына қол сұқпаушылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да құқықтарды жатқызуға болады.
Моральдық зиян деп - азаматтың өзіне тиесiлi өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың заңға қайшы бұзылуының, кемсiтiлуiнің немесе олардан айырылуының нәтижесінде туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет.
Соттар моральдық зиян өтемақысының мөлшерiн анықтаған кезде азаматқа келтiрiлген жан мен тән азабының ауырлығын, оның субъективтік бағалануын, сондай-ақ осы жағдайларды куәландыратын объективтi мәлiметтердi, атап айтқанда: өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың (өмiрi, денсаулығы, бостандығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, жеке және отбасылық құпиясы, ар-намысы мен қадiр-қасиетi және т.б.) өмiрлiк маңызын; жәбiрленушiнiң басынан кешірген жан немесе тән азабының дәрежесін (бас бостандығынан айырылуы, дене жарақаттарының келтірілуі, жақын туыстарынан айырылуы, еңбек қабiлетiн жоғалтуы немесе оның шектелуi және т.б.); моральдық зиянды өтеу үшiн қажет болып табылатын зиян келтiрушiнiң кiнәсiнiң түрін (пиғыл, абайсыздық) назарға алуы қажет.
Жәбірленуші А.Т. Х. дәлелдемелік құжаттарын сотқа көрсетілген қисынды мерзімде тапсырмағанына байланысты, аталған моральдық талап арыз қанағаттандырылусыз қалдырылсын.
А. Есеналинге азаматтық талап және мемлекеттік алым өндіру бөлігі бойынша өз еркімен өндіруге бір ай мерзім уақыт берілсін, егер орындамаған жағдайда еркінен тыс өндірілетіні түсіндірілсін.
«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы №131-VI Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот айыптау үкiмiн шығарған кезде кінәлі адамдардан Жәбірленушілердің өтемақы қорына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2 баптарының негізінде мәжбүрлі төлем өндіріп алынады деп көрсетілген.
Қылмыстық кодекстің 98-2 бабына сәйкес, мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасының Жәбірленушілердің өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен: ауыр қылмыстар үшін – 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде өндіріледі.
Қылмыстық кодекстің 98-1, 98-2 баптары негізінде, сотталушы А.Есеналиннен Жәбірленушілердің өтемақы қорына 1 АЕК = 3063 теңге х 20 АЕК= 61 260 (алпыс бір мың екі жүз алпыс) мәжбүрлі төлем өндірілсін.
Қылмыстық процестік кодекстің 118-бабы 3-бөлігіне сәйкес, іс бойынша айғақ заттардың тағдыры шешіледі.
ҚАРАР БӨЛІГІ:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 387-390, 393, 395-398, 401, 402, 403, 414, 417, 418-баптарын басшылыққа ала отырып, сот ҮКІМ ЕТТІ: А.Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен және ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалсын.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалсын.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-баптың 1,3-бөлігіне сәйкес, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, А.Е., түпкілікті 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалсын.
Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтесін.
Бұлтартпау шарасы «күзетпен ұстау» үкім заңды күшіне енгенше өзгеріссіз қалдырылсын.
Жаза өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62-бабы 3-бөлігі 2)-тармағына сәйкес, А. Е. күзетпен ұстауда болған күндері яғни, 22 желтоқсан 2022 жылдан бастап үкім заңды күшіне енген күнге дейінгі бір күн күзетпен ұстауда болған уақыты орташа қауіпсіз мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің бір жарым күні болып есептелсін.
Азаматтық талапкер М.А. Х. материалдық талап арызы толығымен қанағаттандырылсын.
Азаматтық жауапкер А. Е. азааттық талапкер М.А. Х. пайдасына 54 818 640 (елу төрт миллион сегіз жүз он сегіз мың алты жүз қырық) теңге өндірілсін.
Сотталған А.Е. мемлекет пайдасына өндіріліген ақшаның бір пайызы мөлшерінде 548 187 (бес жүз қырық сегіз мың жүз сексен жеті) теңге мемлекеттік алым өндірілсін.
Азаматтық жауапкер А.Е. азааттық талапкер М.А. Х. пайдасына өкілдік көмегіне төленген 1 000 000 (бір миллион) теңге өндірілсін.
Айдын Есеналинге азаматтық талап және мемлекеттік алым өндіру бөлігі бойынша өз еркімен өндіруге бір ай мерзім уақыт берілсін, егер орындамаған жағдайда еркінен тыс өндірілетіні түсіндірілсін.
Сотталған А.Е. сот сараптамасына шыққан шығын 39 832,78 (отыз тоғыз мың сегіз жүз отыз екі теңге жетпіз сегіз тиын) мемлекет пайдасына өндірілсін.
Сотталған А.Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 98-2 бабының 3-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қорының пайдасына жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 АЕК = 3063 тенге х 20 АЕК= 61 260 (алпыс бір мың екі жүз алпыс) мәжбүрлі төлем өндірілсін.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Уголовная отвевенность по факту мошенничество и взыскание маткриального ущерба и представительских расходов
31 рет жүктеп алынды -
Сот үкімі
33 рет жүктеп алынды -
Слова выступления в прениях Потерпевшего по уголовному делу КазРус
33 рет жүктеп алынды -
Сенімді өкілдің сот жарыссөзiндегі сөйлеу сөзі
30 рет жүктеп алынды -
Приговор суда
30 рет жүктеп алынды -
Өтінішхат хат қылмыстық іс материалдарына қосымша дәлелдерді қосу
30 рет жүктеп алынды -
Өтінішхат сотқа өкілдің іске қосылуы жайлы (1)
30 рет жүктеп алынды -
Өтінішхат іспен танысу жайлы
30 рет жүктеп алынды -
Өтініш хат өкілдің көмегіне жұмсалған шығындарды өтеу туралы
30 рет жүктеп алынды -
Қлмыстық іс бойынша атқару парғын беру туралы Өтінішхат хат
30 рет жүктеп алынды -
Заяв к чси
36 рет жүктеп алынды -
Апеляционная жалоба на приговор суда
29 рет жүктеп алынды -
Азаматтық талап арыз
41 рет жүктеп алынды -
Апеляциялық шағым сот үкіміне
39 рет жүктеп алынды