Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне апелляциялық шағым
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Алматы облыстық соты
11.01.2003 жылы туылған,
ЖСН ...
«72 мекеме» РММ ұсталып жатқан
ҚР ҚК-нің 122-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы және 191-бабы 2-бөлігі 1,3)-
тармақтары бойынша сотталған
Ә.М. А.
2024 жылы 11 қаңтардағы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне апелляциялық шағым
2024 жылы 11 қаңтардағы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша мен ҚР ҚК 122-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы кінәлі деп танылып, педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 122-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағымен 12 (он екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, 191-бабы 2-бөлігінің 1,3)-тармақтарымен 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жазасы тағайындалды.
ҚР ҚК-тің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 (он екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтуі белгіленді.
«Үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылып, ол сот залынан қамауға алынсын, жазасын өтеу мерзімі үкімнің заңды күшіне еңген күнінен бастап есептелді.
ҚК-нің 62-бабы 4-бөлігінің талаптарына сай, 2023 жылғы сәүірдің 5-нен бастап, 2024 жылғы 11 қаңтарға дейінгі «үйқамақта» болған уақытының бір күні, орташа қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтеудің екі күні есебімен, ал 2024 жылғы 11 қаңтардан бастап үкім заңды күшіне енгенге дейінгі күзетпен ұстау уақытының бір күні, орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеудің 1,5 күн есебімен жаза мерзіміне жатқызылды.
Қазақстан Республикасының жәбірленушілерге өтем ақы қорына 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 87510 (сексен жеті мың бес жүз оң) теңге өндірілді.
Сот үкімі бойынша тағылған айыбымен мен ішінара келісемін.
2019 жылы 10 қазанында 16 жасқа толмаған жәбірленуші А.Е. Ма. жыныстық қатынасы жасағанымды кінәлілігімді толығымен мойындаймын.
2021 жылы 12 қантарында 16 жасқа толмаған жәбірленуші А.Е. М. жыныстық қатынасы жасағанымды кінәлілігімді толығымен мойындамаймын. Өйткені, жыныстық қатынас 2021 жылы 12 қантарында болғаны тек қана болжамдарға негізделген. Мемлекеттік айыптаушы жыныстық қатынас 2021 жылы 12 қантарында болғаны жайлы ешқандай дәлелдеме сотқа ұсынған жоқ.
2021 жылы 25 ақпанында 2021 жылы 12 қантарында 16 жасқа толмаған жәбірленуші А.Е М. жыныстық қатынасы жасағанымды кінәлілігімді толығымен мойындамаймын. Мен жыныстық қатынасты 2021 жылы 11 қантарда жасадым. Өйткені, жыныстық қатынас 2021 жылы 25 ақпанында болғаны тек қана болжамдарға негізделген. Мемлекеттік айыптаушы жыныстық қатынас 2021 жылы 25 ақпанында болғаны жайлы ешқандай дәлелдеме сотқа ұсынған жоқ.
Оған қоса, мен А.Е. М. жыныстық қатынасты жасағанымды «бірнеше рет» саралау белгісімен келіспеймін, өйткені, менің 10.10.2019 ж. және 11.01.2021 ж. жыныстық қатынас бірегей ниетімен ұштасып жасалған А. Е. М. жыныстық қатынасы жасағанымды созылмалы қылмыс деп тануға жатады.
Осыған орай, соттан
- 2024 жылы 11 қаңтардағы ҚР ҚК 122-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін қайтадан қарап, әділ шешіміңізді шығарып, аталған бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатуыңызды сұраймын.
« » қантар 2024 ж. Ә.Ә.М.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы