Ар-намысты қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы
Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғаудың негіздемелері
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсандағы № 217 А (III) резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 19-бабына сәйкес әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы Заңымен ратификацияланған және 2006 жылдың 24 сәуірінде заңды күшіне енген 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабының 1-тармағына сәйкес сот алдында жұрттың бәрi тең және әрбір адам азаматтық процесте оның құқықтары мен мiндеттерiн анықтау кезiнде заң негiзiнде құрылған құзыреттi, тәуелсіз және әдiл сот арқылы iсi әдiлеттi және ашық қаралуын талап етуге құқылы.
АПК-нің 2-бабының 3-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар Азаматтық процестік Кодекстен басым болады және халықаралық шартты қолдану үшін заң шығару талап етілетіннен басқа жағдайларда олар тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабына сәйкес әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары оның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабына сәйкес әркімге сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі, сондай-ақ заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.
Конституцияның 18-бабында көзделген әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы және АК-нің 143-бабымен белгіленген әркімнің өз ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін таратылған, шынайылыққа сай келмейтін мағлұматтардан сот арқылы қорғануға құқығы бұл құқықтарды асыра пайдалану жағдайлары үшін сөз бен бұқаралық ақпарат бостандығының қажетті шектелуі болып табылады.
АК-нің 187-бабының 1 тармақшасына сәйкес талап қою заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игiлiктер мен мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғау туралы талаптарға қолданылмайды.
Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы даудың нысаны жеке мүліктік емес қатынастар болып табылады. Осы санаттағы істер бойынша талаптарды өздері туралы шынайылыққа сай келмейтін, кір келтіретін мағлұматтар таратылды деп санайтын азаматтар мен заңды тұлғалар қоюға құқылы. Кәмелетке толмағандарға немесе іс-әрекетке қабілетсіздерге қатысты осындай мағлұматтарды таратқан кезде ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптарды олардың өкілдері қоюға құқылы.
АК-нің 143-бабының 1-тармағына сәйкес азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы және осы баптың 2- тармағына сәйкес егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс. Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегiн жариялауға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде АК-нің 143- бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 19-бабы бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады деп міндетті тәртіпте белгілейді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 7- тармағына сәйкес егер де кір келтіретін мәлімдеме баспада немесе басқада жаппай тәсілмен хабарланса (радио, теледидар т.б.), жауапкер ретінде автор және сол жаппай хабарлау мекемесі тартылады (редакция, баспа т.б.), себебі АК-нің 143-бабының 2-тармағына сәйкес талапкерге кір келтіретін мәлімдеме таратылғандығы анықталған жағдайда, ондай мәлімдемені теріске шығару міндетін сот сол мекемеге жүктеуге құқысы бар.
Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар бойынша тиісті жауапкерлер шындыққа сай келмейтін кір келтіретін мәлімдеме авторлары, сондай-ақ бұл мәліметтерді таратқан адамдар болып табылады.
Егер дау мәліметтері мәлімдеме таратқан адамды көрсетумен бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған болса, онда бұл адам тиісті жауапкер болып табылады.
Талапкерге кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығару тәртібі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 8-тармағымен реттелген және АК-нің 143- бабы 1 және 2-бөліктерінің 2-тармағымен белгіленген.
Нормативтік қаулымен теріске шығару тәртібі қалған жағдайларда сотпен белгіленетіні көзделген (12-тармақ).
Ескеретін жайт, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулының 17- тармағының нормасын сақтау қажет, шешiмдi орындау кезiнде айқынсыздықтар мен даулардың болмауы үшiн шешiмнiң қарар бөлiгiн сот анық және түсiнiктi болатындай етiп жазуға мiндеттi.
Сонымен қатар ар-намысты және қадір-қасиетті қорғау туралы даулардың санаты бойынша АПК-нің 232-бабының нормалары қолданылады, оған сәйкес сот жауапкердi мүлiкті немесе ақша беруге байланысты емес белгiлi бiр әрекеттер жасауға мiндеттейтiн шешiм шығарған кезде азаматтың, заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін жауапкер жасауға міндетті әрекеттер мен оларды жасау мерзімін көрсетеді.
Сот шешімі орындалмаған жағдайда, шешімнің қарар бөлігінде әрекеттерді жауапкер ғана жасауы мүмкін жағдайлардан басқа, талап қоюшы жауапкерден келтірілген шығыстарды өндіріп ала отырып, бұл әрекеттерді өз бетінше жүргізуге құқылы екендігі көрсетіледі.
Яғни шешім заңды күшіне енгеннен кейін орындалуы тиіс.
Жауапкердің өзінің тікелей қатысуы осы санаттағы (жеке мүліктік емес сипаттағы) даулардың ерекшелігі болып табылатындықтан, АПК-нің 232- бабының екінші бөлігі қолданылмайды, себебі сот актінің қолданылуы жауапкердің жеке қатысуын көздейді.
Сонымен, қолданыстағы заңнама оның мақсаттылығына байланысты талапкерге кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығарудың едәуір бөлшекті тәртібіне талаптарды қамтымайды, өйткені кері жағдайда шешімді орындаған кезде бұл мән-жай жаңа дауларды тудыруы мүмкін.
Әрбір нақты жағдайда сот кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығару тәртібін өзіндік анықтауға құқылы.
Автордың атын белгілемей-ақ кір келтіретін шынайылыққа сай келмейтін мәліметтерді жариялаған немесе таратқан кезде іс бойынша тиісті жауапкер тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы болып табылады, яғни осы бұқаралық ақпарат құралдарының өндірісін және шығарылуын жүзеге асыратын ұйым, жеке тұлға, жеке тұлғалар тобы болып табылады.
Өзінің тіркеу орны бойынша нақтылы тұрмайтын адам ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіретін және шынайылыққа сай келмейтін мағлұматтарды интернет-ресурстарында таратқан кезде соттар жауапкердің моңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша шешеді, бұл қолданыстағы азаматтық процестік кодексінің нормаларына сай келеді (АПК-нің 29-бабының 1-бөлігі, АПК-нің 133-бабының 1-бөлігі).
Осылайша, Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі шешімімен Лидия Абеновна Аманжолованың Жан Касымханович Ботановқа ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтарды тану туралы, әлеуметтік желіден ақпаратты алып тастауды міндеттеу туралы, моральдық зиянды өтеу туралы талапты іс бойынша талап ішінара қанағаттандырылған болатын: сот «Youtube» сайтындағы Жан Касымханович Ботановтың «По закону» блогында 2014 жылғы 6 мамырда жарияланған «Мошенница города Темиртау – нотариус Аманжолова Лидия Абеновна» мағлұматтарын шынайылыққа сай келмейтін, Л.А.Аманжолованың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіреді деп таныды.
Сот Ж.К.Ботановқа «Мошенница города Темиртау – нотариус Аманжолова Лидия Абеновна» ақпаратын әлеуметтік желіден алып тастауды міндеттеді. Ж.К.Ботановтан Л.А.Аманжолованың пайдасына моральдық зиянды өтеу есебіне 30000 теңге және 2422 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж төлеумен байланысты шығындар өндірілген. Моральдық зиянды өтеу туралы талапты қалған бөлігінде қанағаттандыруда сот бас тартқан. Сот іс бойынша анықтағандай, 2014 жылғы 6 мамырда «Youtube» сайтындағы Жан Ботановтың «По закону» блогында «Мошенница города Темиртау – нотариус Аманжолова Лидия Абеновна» атты кабинетті тінтумен бейнеролик жарияланған. Талап қоюшы бұл ақпаратты анықтаған кезде ролик 1672 рет қаралған болатын. Осыған орай сот осы ақпараттың әлеуметтік желіде таратылу фактісі дәлелді болып табылады деген қорытындыға келді.
Сот анықтағандай, осы сайттағы баяндалған мағлұматтардың дәйектілігі мен шынайылығы өз растауын таппады, себебі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің анықтамасына сәйкес 2016 жылдың 14 шілде жағдайы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасау туралы Л.А.Аманжоловаға қатысты мәліметтер жоқ; тінту болған кабинет оған тиесілі емес екеніндегі талап қоюшының дәлелдері ештеңемен теріске шығарылмады. 1999 жылғы 3 сәуірден бастап 2015 жылғы 26 мамыр кезеңі бойынша Л.А.Аманжолова жеке нортариустардың есепке алу тіркеуінде болған. Істің мән-жайларын зерттеп, сот мынадайқорытындыға келген, «Мошенница города Темиртау – нотариус Аманжолова Лидия Абеновна» атауда көрсетілген және жауапкермен баяндалған мағлұматтар талап қоюшының алаяқтық түріндегі қылмыс жасауға қатыстылығын қамтиды, өз сипаты бойынша талап қоюшыны қылмыстық жазаланатын іс-қимылда айыптағандықтан, оның заңдарды сақтау жағынан қоғамдық пікірде ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін, кір келтіретін болып табылады. Яғни жауапкер тиесілі жеке игіліктерді бұзып, талап қоюшы туралы шынайылыққа сай келмейтін мағлұматтарды таратқан.
Шешімнің мазмұнынан мәлім болғандай, жауапкердің нақтылы орналасу орнын сот анықтамаған. Соңғы белгілі тұрғылықты мекенжайы мен тіркеу орны: Теміртау қаласы, 8 шағын аудан, 82 үй № 7 пәтер болып табылады. АПК-нің 133-бабы 1-бөлігінің нормаларына сәйкес сот Теміртау қаласы әкімдігі өкілінің Ж.К.Ботановтың атына хабарламаны алу туралы белгімен сотқа келіп түскенін есепке алды, талап қоюшы жауапкердің қатысуынсыз істің қаралуына қарсы болмады, сондықтан да сот істі жауапкердің қатысуынсыз қаралуын анықтаған.
Бұл жағдайда талап қоюшы жауапкер-интернет-ресурсын пайдаланушы, блогер Ж.К.Ботановтың мекенжайын талап арызда көрсетті және сот дауды оның соңғы белгілі тұрғылықты мекенжайы мен тіркеу орны бойынша шешкен болатын
Интернет – ресурс – бұл белгілі бір мәтіндік, графикалық немесе дыбыстық нысанда көрсетілетін ықпалдау бағдарламалық-аппараттық және техникалық құралдарының, сондай-ақ интернет желісінде жариялау үшін арналған ақпараттың жиынтығы. Интернет – ресурс домендік атқа ие (UniformResourceLocator) – ресурсын сәйкестендіруге, сондай-ақ интернетресурсқа қолжетімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әмбебап электронды мекенжай. Мессенджер – нақты уақытта интернет арқылы хабарламалармен ауысу үшін арналған бағдарламалар класының ағылшын тіліндегі атауы (тез хабарламалар қызметі). Мәтіндік хабарламалар, дыбыстық сигналдар, суреттер, бейнелер жеткізілуі мүмкін.
АПК-нің 65-бабының 2-бөлігі нормаларына сәйкес аудио-, бейнежазбалар, оның ішінде байқау және (немесе) тіркеу аспаптарымен алынғандар, фото және (немесе) киноға түсіру матералдары, электрондық, цифрлық және өзге де материалдық жеткізгіштердегі басқа да материалдар жарамды дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін.
Атап өтетін жайт, егер заңмен оларды тікелей қолдануға тыйым салынбаса, АПК-да көрсетілген жазбалар мен материалдар сотпен рұқсат етілген дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін. Оған қоса, рұқсат етілген дәлелдемелер түрлерінің бұл тізімі ашық болып, және тәмәмданған болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны.
Сонымен, интернет-ресурсында орналасқан ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында орналасқан ақпарат болып табылады. Демек, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру үшін көзделген барлық шектеулер мен ережелер ақпаратты интернет-ресурсында орналастыруға жатады.
АПК-нің 50-бабының 1-бөлігіне сәйкес істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау басталғанға дейін жауапкерді ауыстыруға жол беріледі. Сот талап қою бойынша жауап беруге тиісті емес тұлғаға талап қою беріліп отырғанын анықтап, істі тоқтатпай, талап қоюшының өтінішхаты бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.
АК-нің 143-бабына, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 19-бабына сәйкес егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған 7 болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.
Осыған орай осы құқықтық нормаларының мәндерінен шыға отырып, жауапкер журнал редакциясы мен мақаланың авторы болып табылатын корреспондент қатыстырылуы тиіс.
Дауды шешкен кезде ескеретін жағдай, азаматтар мен заңды тұлғалар ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талап қоя отырып, талап арыздарда нақты талаптарды, оның ішінде талапкерге кір келтіретін мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы міндетті арыз талабын көрсетуге міндетті.
АК-нің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қорғау туралы талап қойған адам өзiнiң мүлiктiк емес өзiндiк құқығының бұзылуын нақты дәлелдеуге тиiс. АК-нің 143-бабының 1-тармағына сәйкес азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.
Талапкердің бұзушылық фактісін дәлелдеу, ал жауапкердің таратылған мәліметтер шынайылыққа сай келетіні туралы дәлелдеу міндеті Жоғарғы Соттың 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 8-тармағында көзделген.
Осылайша, АК-нің 141-бабы 3-тармағының және 143-бабы 1- тармағының талабы бойынша таратылған мәлімдеменің шындығын дәлелдеу жауапкерге жүктеледі. Талапкер талап арызында көрсеткен жауапкердің өзі жөнінде жалған мәліметті таратқанын ғана дәлелдеуге міндетті. Сонымен қатар ол ар-намысына және абыройға кір келтіретін мәлімдеменің жалған екендігін анықтайтын дәлелдер келтіруге құқылы. Егерде дәлелдер жеткіліксіз болса, сот жақтарға қосымша дәлел келтірулеріне ырық береді немесе оларды өз ынтасымен алдырады (Жоғарғы Сот нормативтік қаулысының 8-тармағы).
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 17-тармағына сәйкес осы санаттағы істер бойынша жауапкер бағалау пайымы үшін жауаптылыққа тартылмайды
Павлодар облысы Павлодар қалалық сотының 2016 жылғы 2 қарашадағы шешімімен Владимир Александрович Хегайдың Умытгуль Сеилхановна Суханкуловаға ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылған болатын. Апелляциялық сатыдағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.
Шешімге сәйкес, жауапкер бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурсында - «Instagram» әлеуметтік желіде, өзінің «vse_obo_vsem_kz» аккаунтында талап қоюшының ар-намысына, қадірқасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратқан.
Бірінші сатыдағы сот жауапкер пост орналастырған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ «Instagram» қауымдастығының ережелеріне сәйкес осы желінің пайдаланушылары тыйым салынбаған барлық тәсілдермен өзін білдіру құқығына ие деген ережелерді бұзбаған деп талаптан бас тартуды осылайша негіздеген. Жауапкердің тарапынан талап қоюшының ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін қандай да бір мағлұматтардың таратылуы бойынша қандай да бір әрекеттер байқалмайды.
Сот анықтағандай, жауапкер, «Instagram» әлеуметтік желінің пайдаланушысы, «vse_obo_vsem_kz» атында тіркелген, осы желінің басқа пайдаланушысының өтініші бойынша мынадай мазмұнды: «Здравствуйте Ума! Прошу опубликуйте! В субботу иду на операцию очень волнуюсь», «Здравствуйте дорогие девушки! Знаю, очень много задают вопросы про блефаропластику. Скажите, кто сделал блефаро у Хегая В.А. Записалась на операцию, очень переживаю. Но мечта многих лет!» мәтінмен «KHEGAY.KZ» жазбасы бар көздердің пост - фотосуретін орналастырған.
Талапкер әлеуметтік желінің басқа пайдаланушыларының түсініктемелері жауапкердің оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтардың таратылуы болып табылады, себебі олар шынайылыққа сай келмейді деп айтқан.
Сот талап қоюшы жауапкердің оған кір келтіретін мағлұматтарды таратқанын дәлелдемеді деген қорытындыға келді. Жауапкер орналастырған пост талап қоюшының іскерлік қасиеттеріне күмән келтіретіндей ақпаратты қамтымайды. Желінің басқа пайдаланушыларынан жауапкерге (интернет ресурсын пайдаланушыға) келіп түсетін түсініктемелердің мазмұны бақылаусыз және ол олар (басқа пайдаланушылар) айтқан пікірге, түсініктемелерде қамтылған ақпараттың дәйектілігіне жауап бермейді. Түсініктемелер басқа пайдаланушыларға тиесілі және субъективті болжамды пікірлер болып табылады. Ескеретін жайт, пікірлер, болжамдар соттылыққа жатпайды, себебі көзқарастардың, пікірлердің бостандығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабымен кепілденген адамның табиғи және айнымас құқығы болып табылады. Ешкім өз пікірін білдіруден бас тартуға мәжбүрленуі мүмкін емес. Пікір азаматтық –құқықтық бұзушылықты қалыптастырмайды.
Жауапкер бұқаралық ақпарат құралдарына жататын интернетресурсыныңменшік иесі болып табылады деген талап қоюшының шағым дәлелдерін сот негізсіз деп таныды, себебі жауапкер «Instagram» әлеуметтік желінің пайдаланушысы болып табылады. «Instagram» қауымдастығының ережелері пост орналастырған тұлғаға жазылуды бұзып немесе оған блок салу пайдаланушының құқығын көздейді. Сонымен қатар қауымдастықтың ережелеріне сәйкес, талап қоюшы оның пікірі бойынша оған зиян келтіретін түсініктемелерді немесе тақырыпты жою талабымен жауапкерге жүгінуге құқылы. Дауды немесе келіспеушілікті реттеудің ережелермен белгіленген тәртібі әлеуметтік желі деңгейінде пайдаланбаған.
Соттар зерделеген шешімдердің талдауы көрсеткендей, талап арыздардың көбі өз мазмұнымен осындай талапқа сай келеді. Соттар мәліметтерді теріске шығару туралы мәліметтер таралған ба, олар шынайылыққа сай келе ме немесе келмей ме, азаматтың ар-намысына және қадір-қасиетіне, ұйымның іскерлік беделіне кір келтіреді ме дегенді дұрыс анықтайды, және талапты қанағаттандыру туралы шешімді шығара отырып, оның қарар бөлігінде талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделеріне шек қоятын сол не басқа мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы, ал тек сосын ғана оларды теріске шығару бойынша жауапкерге міндеттемелерді жүктеу туралы көрсетеді.
Соттардың бұл әрекеттері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 12- тармақ ережелерімен толықтай келісіледі. Азаматтық заңнама нормаларын және дау санатының қарау спецификасын есепке алып істі дайындаған кезде даудың сипатын едәуір нақты анықтау үшін, сондай-ақ істің дұрыс шешілуіне мәні бар басқа да мәселелерді нақтылау үшін жауапкерде талапқа қарсы қарсылық бар ма мәселесін анықтау керек, тараптар әңгімеге шақырылуы тиіс, даудың мәні бойынша олардан жауап алынуы, талапкерге қажетті қосымша талаптар қоюға құқықты түсіндіруі, талапкерден қосымша дәлелдемелердің бар болуын анықтап алуы, ал жауапкерден – талаптың негіздемелерін және талап қоюшының дәлелдерін теріске шығаратын дәлелдемелер мен талапқа қарсы қарсылықтардың бар болуы қажет; тараптарға дәлелдемелерді талап етуде ықпал ету туралы өтінішхат мәлімдеуге құқықтарын түсіндіру; іске тең жауапкердің және өзіндік талаптарсыз үшінші тұлғалардың қатысуы туралы мәселені шешу, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешу қажет.
Ескеретін жағдай, сол немесе басқа мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді және талап қоюшының ар-намысына және қадір-қасиетіне кір келтіреді деп тану туралы арыз талаптарының жоғында сот істі сондайақ АПК-нің 225-бабының 2-бөлігі осы нормада көрсетілген жағдайлардан басқа арыз талаптарының шегінен шығуға тыйым салатын талаптарын бұзуда қарауға құқылы емес.
Осыған орай сот талқылауына дайындау сатысында ар-намысқа және қадір-қасиетке кір келтіретін нақты қандай мағлұматтар шынайылыққа сай келмейді деп танылуға жатады және олар қандай тәсілмен теріске шығарылуы тиіс екенін талапкерден анықтау қажет.
Ар-намысқа және қадір-қасиетке кір келтіретін мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы қойылуы міндетті болған талап жоқ болған кезде сот істі мәні бойынша және моральдық зиянды өтеу туралы талап бойынша шешу жағдайлары орын алуда.
Азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талаптар бойынша азаматтық істердің қаралуы бойынша сот практикасының зерделеуі келесіні көрсетеді, арнамысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіретін таратылған мағлұматтарды шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы талап қойылмаған істер бойынша шығарылған аудандық (қалалық) соттардың талапты қанағаттандыру туралы шешімдері негізінен түзетілмеген – күші жойылмаған не болмаса өзгертілмеген, алайда шешімнің уәждеу бөлігінде ол туралы қорытындылар баяндалған, бірақ қарар бөлігінде шынайылыққа сай келмейтін нақты мағлұматтарды көрсетумен арыз талабы бойынша шешім жоқ болған.
Бірінші сатыдағы соттың шешімдері заңсыз болып табылған кезде жоғары тұрған саты соттарының практикасы дұрыс болып табылады, мұнда ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіретін мағлұматтарды шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы талап қойылған, алайда бір уақытта олар жауапкерге мағлұматтарды теріске шығару міндеттеліп, олардан талапкерлердің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебіне ақша сомаларын өндіріп алу қаулы етілген.
Сонымен қатар АПК-нің 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын өз бетінше және соттан және іске қатысатын басқа да адамдардан тәуелсіз таңдайды.
Мазмұндалғанның негізінде ескеретін жайт, талап қоюшының арнамысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін сол немесе басқа мәліметтерді теріске шығаруды міндеттеу туралы талаптардың жоғында мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы талапты берген кезде сот осындай талап арызды қабылдап, дауды мәні бойынша шешуге құқылы. Егер сот талап қоюшы шынайылыққа сай келмейді деп тануды сұраған мәліметтер жауапкермен таратылған және талап қоюшының ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіреді деп анықтаса, онда осындай талап мәліметтерді теріске шығаруды міндеттеу туралы талаптың жоғында қанағаттандырылуы тиіс, себебі құқық қатынастарының әрбір субъектісі өзінің қарауы бойынша өз құқықтарын өзіндік билік етеді, талапкерге сол немесе басқа позицияны және дәлелдеу тәсілін таңдауға ешкім міндеттей алмайды. Бұл жағдайда өзінің құқықтарын толық қалпына келтіру үшін талап қоюшы жеткілікті деп санайды және қорғаудың дәл осы тәсілін таңдады, бұл тараптың құқығы болып табылады. Сонымен қатар сот істі талап қоюшы мәлімдеген талап арыздардың шегінде шешеді.
Дәл осы уақытта мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы талап жоқ болған кезде талап қоюшы мәліметтерді теріске шығаруды міндеттеу туралы талапты ғана қойды (оның ішінде моральдық зиянды өтеу туралы), дәл осы талап мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы талапсыз қанағаттандырылуы мүмкін емес, себебі талапты қанағаттандыру үшін келесіні: 1) мәліметтер тарату фактісін және 2) өзінің заңды құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінген адамның ар-намысына, қадірқасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіреді деп анықтау қажет. Мәліметтерді теріске шығаруды міндеттеу, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талаптар мәліметтер шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы негізгі талаптан шығатын қосымша болып табылады.
Яғни құқықтарды қалпына келтіру үшін мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы талаптар қою қажетті шарт болып табылады.
Алматы қаласының Алмалы ауданы №2 аудандық сотының 2016 жылғы 4 қазандағы шешімімен Бахтияр Нугманович Алимесйтовтың Михаил Михайлович Макаровқа, «Телевидение города Астана» ЖШС-не мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деген мәліметтер таратудағы ісқимылдарды тану және моральдық зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылды. Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Сол немесе басқа нақты мәліметтердің (сөздердің) шынайылыққа сай келмейді, талап қоюшының ар-намысына және қадір-қасиетіне кір келтіреді деп тану туралы арыз талаптарының жоқтығы талапты қанағаттандырудан бас тарту және шешімді өзгеріссіз қалдыру үшін негіздемелердің бірі болып табылады; сот АПК-нің 225-бабының 2-бөлігі осы нормада көрсетілген жағдайлардан басқа арыз талаптарының шегінен шығуға тыйым салатын талаптарын бұзуда қарауға құқылы емес.
Сот анықтағандай, 2016 жылғы 25 шілдедегі талап арызда Б.Н.Алимсейтов соттан: 1) «Телевидение города Астана» ЖШС-нің және М.М.Макаровтың шынайылыққа сай келмейтін мәліметтерді таратуда әрекеттерін заңсыз деп танып; 2) «Телевидение города Астана» ЖШС-нен және М.М.Макаровтан моральдық зиянды өтеу есебіне 2000000 теңге өндіріп алуды сұраған.
Сонымен, талап қоюшы таратылған мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді, ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіреді деп тану емес, «Телевидение города Астана» ЖШС-нің және М.М.Макаровтың шынайылыққа сай келмейтін мәліметтерді таратуда әрекеттерін заңсыз деп тану; олардан моральдық зиянды өтеу есебіне 2000000 теңге өндіріп алу туралы талап арыз берген болатын.
Сот талап қоюшының арыз талаптарында оның пікірі бойынша шынайылыққа сай келмейтін, талап қоюшыға қатысты таратылған, арнамысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіреді, нақты мәліметтердің (сөздердің) көрсетілуі жоқ екенін ескерген, олардың ұсынылуы мен көрсетілуі міндетті болып келген.
Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына жазылған арыздарда талап қоюшының қылмысты немесе басқа құқық бұзушылықты жасау туралы мағлұматтар қамтылғанда, алайда қылмыстық қудалау немесе анықтау органымен оңалту негіздемелері бойынша іс бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы процестік шешім қабылданған жағдайда арнамысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы шешім шығару бойынша соттардың практикасы дұрыс болатынын растайды, себебі осындай процестік шешімнің қабылдануы шынайылыққа сай келмейтін мағлұматтарды таратудың дәлелдемесі болып табылмайды.
Ескеретін жайт, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 1- тармағына және 8-тармағына сәйкес талапкер жауапкерлердің оның арнамысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметті тарату фактісін алдын ала тергеу немесе анықтау органдарына арыз жолдау арқылы дәлелдеуі тиіс, ал сот сындай арызда көрсетілген мағлұматтар талапкердің пікірі бойынша сол немесе басқа фактілер туралы пікір емес, ал арызбен жүгінген адамның болжамын ғана көрсететінін анықтауы тиіс.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 16-тармағына сәйкес жеке айыптау істері бойынша соттың ақтау үкімін шығаруы, сондай-ақ ҚПКнің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істің қысқартылуы, бұл жағдайда осы шағымдарды қарау құзыретіне жатқызылған органдарға жүгіну жөніндегі конституциялық құқықты іске асыру орын алғандықтан, ақталған адамға моральдық зиян өтемақысын өтеу міндетін жеке айыптаушыға жүктеу үшін өздігінен негіз бола алмайтынына соттардың назары аударылсын. Моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы жеке айыптау ісі бойынша ақталған адамның қойған талабы, егер жеке шағымның ешбір құқықтық негізі болмаған және сотқа жүгіну басқа адамға зиян келтіруге бағытталған жағдайда ғана (құқықты теріс пайдалану) қанағаттандырылуы мүмкін.
Бұл ретте талапкер айыптаушының тарапынан асыра пайдаланған құқық фактісін дәлелдеуі тиіс.
Сонымен, тек егер талап қоюшы жауапкердің тарапынан өзінің азаматтық құқығын асыра пайдаланғаны дәлелденсе ғана, тек осы жағдайларда ғана талап дәлелді болып табылады.
Сонымен қатар, Конституцияның 34-бабының 1-бөлігіне сәйкес әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы даулар санаты бойынша сот актілерінің талдауы көрсеткендей, сот практикасында азаматтардың өкілетті орталық мемлекеттік органдарға жіберетін ресми өтініштерінде сарапшының сараптамасына сәйкес шынайылыққа сай келмеген кезде ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіреді болып табылатын сол немесе басқа лауазымды тұлғаның қызметі туралы теріс мәліметтер мазмұндалатын даулар бар.
Алуан түрлі мемлекеттік органдарға, оның ішінде құзыретіне жүйелі негізде осындай арыздарды қарау жатпайтын органдарға жүгіну бойынша 13 жауапкердің әрекеттерін және арыздардағы кір келтіретін, шынайылыққа сай келмейтін мәліметтердің мазмұны түрлі мемлекеттік сатыларға жүгінетін адамның азаматтық құқығын асыра пайдалану ретінде бағалауға болады. Яғни екі шарттың жиынтығы қажет: мемлекеттік органдарға жүйелі жүгіну және кір келтіретін, шынайылыққа сай келмейтін мәліметтердің бар болуы.
Сондай-ақ ескеретін жайт, бұдан бұрын арыз берушінің (жауапкердің) дәл сол тұлғаға (талапкерге) қатысты осыған ұқсас өтініш бойынша мемлекеттік орган тексерісті не болмаса жазбаша нысанда жауапты ұсынған. Конституцияның 13-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
Сонымен қатар ескеретін жағдай, АПК-нің 8-бабының 1-бөлігіне сәйкес әркім бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін Азаматтық процестік Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Азаматтың (заңды тұлғаның) бұзылған немесе даулы құқықтарының, бостандықтарының сот арқылы қорғалуына сот органдарына жүгінуі Конституциямен, заңнамамен көзделген, сондықтан процесс қатысушыларының түсіндірулері, сөздері, шағымдарда жазбаша түрде дәлелдерді баяндау кір келтіретін мағлұматтардың таратылуы ретінде бағалануы мүмкін емес.
Сонымен қатар ескеретін жағдай, АПК-нің 20-бабының 1-бөлігіне сәйкес істі сотта талқылау соттың қалыпты жұмысын және сот отырысы залында қатысып отырған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда өтуге тиіс. АПК-нің 119-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.
Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Ар-намысты және абыройды қорғау туралы талапты қарағанда онымен қатар ар-намысқа және абыройға кір келтірген мәлімдемелердің таратуынан келтірілген рухани зиянды, не басқада мүлікке жатпайтын зиянның орнын толтыру талаптарында қарауға соттың мүмкіндігі бар (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот 14 тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 13-тармағы). АК-нің 951-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян егер зиян ар-ожданына, қадiр-қасиетi мен iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер тарату арқылы келтiрiлсе өтеледі.
Соттар шешімдерінің талдауы көрсеткендей, соттар негізінен құқықтың осы нормаларын негізді қолданады және жауапкердің шынайылыққа сай келмейтін мағлұматтарды таратуда дәлелдемелер бар болғанда, бұл мағлұматтарды теріске шығару тәсілін анықтаған және мән-жайларды айқындаған жағдайда ғана ақша нысанында моральдық зиянды өтеу туралы шешім шығарады.
Осылайша, ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талап бөлігінде дәлелдемелер жоқ болған кезде моральдық зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан дұрыс бас тартады. Сот қарар бөлігінде ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіретін нақты таратылған мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы, жауапкерді осындай мағлұматтарды теріске шығаруды міндеттеу туралы бастапқыда, ал кейін моральдық зиянды өтеу туралы көрсету заңды болып табылады.
Соттар шешімнің қарар бөлігінде жауапкерден талап қоюшының пайдасына ақша нысанында өтемақы мөлшерін өндіріп алуды қаулы етумен моральдық зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыру туралы ғана жиі көрсеткен. Осындай шешімдерді шығарған кезде соттар АК-нің 951-бабы 3- тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 13-тармағына сәйкес зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян егер зиян ар-ожданына, қадiр-қасиетi мен iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер тарату арқылы келтiрiлсе өтеледі; сол себепті жауапкер газет арқылы таратқан сол немесе басқа мағлұматтарды талап қоюшының ар-намысына, қадір-қасиетіне кір келтіреді, шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы талабы қанағаттандырылса ғана моральдық зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылуға жатады. Яғни талапты моральдық зиянды өтеу бөлігінде қанағаттандыру туралы мәселе ар-намысты және қадір-қасиетті қорғау туралы талап (негізгі талап) қанағаттандырылатынынан тәуелді.
Моральдық зиянды өтеу туралы талап ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптың туындысы болып табылады.
Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар бойынша шығарылған сот актілерді судьялар қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ресімдейді. Алайда бірінші сатыдағы соттардың шешімдерін ресімдеу орын алуда, олар заңнама талаптарына толықтай сай келмейді.
Осылайша, сот шешімінің сипаттау бөлігінде судьялар сот істі талқылау барысында жауап алған куәлардың айғақтарын нақты мазмұндайды, бұл Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулының 10-тармақ нормаларына сай келмейді.
Ескеретін жағдай, шешімнің уәждеу бөлігі істің мән-жайларынан тұруы тиіс, АПК-нің 63-бабының 2-бөлігіне сәйкес белгіленген фактілер туралы мәліметтер тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаға, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де көздерден алынуы мүмкін
Заңнаманың қолданылуы.
АК-нің 143-бабының 5-тармағына сәйкес егер соттың шешiмi орындалмаса, сот тәртiп бұзушыға бюджеттiң кiрiсiне өндiрiлiп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртiп бұзушыны сот шешiмiнде көзделген әрекеттi орындау мiндетiнен босатпайды.
Бұл норма 1995 жылдың 1 наурызынан бастап қоданысқа енген Азаматтық Кодексінің жалпы бөлігінде қамтылған. Бұдан бұрын 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу Кодексі қолданысқа енгенге дейін қолданыста болған ҚСРО Азаматтық іс жүргізу Кодексінде айыппұл салудың тәртібі мен мөлшерін реттейтін нормалар қамтылған. Алайда бүгінгі күні осындай нормалар алып тасталынған, Азаматтық процестік кодексте қамтылмаған, сондықтан да АК-нің 143-бабының 5-тармағы ескірген және қолданылмайтын болып табылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 8- тармағына сәйкес АК-нің 141-бабы 3-тармағының және 143-бабы 1- тармағының талабы бойынша таратылған мәлімдеменің шындығын дәлелдеу жауапкерге жүктеледі. Талапкер талап арызында көрсеткен жауапкердің өзі жөнінде жалған мәліметті таратқанын ғана дәлелдеуге міндетті.
Сонымен қатар ол ар-намысына және абыройға кір келтіретін мәлімдеменің жалған екендігін анықтайтын дәлелдер келтіруге құқылы. Егерде дәлелдер жеткіліксіз болса, сот жақтарға қосымша дәлел келтірулеріне ырық береді немесе оларды өз ынтасымен алдырады.
Бұл нормада ескеретін жайт, Нормативтік қаулының 8-тармағының соттың ынтасы бойынша дәлелдеме талап ету бөлігіндегі талабы АПК-нің 15- бабы 3-бөлігінің нормаларымен келіспейді, оған сәйкес сот істің нақты мәнжайларын анықтау мақсатында өз ынтасы бойынша дәлелдемелер жинаудан толығымен босатылған, алайда уәждеу өтінішхаты бойынша тараптар Азаматтық процестік кодексімен көзделген тәртіпте қажетті материалдарды алуда оған ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 13- тармағына сәйкес ар-намысты және абыройды қорғау туралы талабымен бірге талапкер одан келтірілген мүлік зиянды өндіру туралы талап қоюға құқы бар.
Ар-намысты және абыройды қорғау туралы талапты қарағанда онымен қатар азаматтардың немесе заңды құқы бар мекемелердің ар-намысқа және абыройға кір келтірген мәлімдемелердің таратуынан келтірілген рухани зиянды, (мүлікке жатпайтын), не басқада мүлікке жатпайтын зиянның орнын толтыру талаптарында қарауға соттың мүмкіндігі бар. Осыған орай заңды тұлғаға моральдық зиянды өтеу туралы талаптар бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 17-тармағына сәйкес азаматтың іскерлік беделін қорғау туралы талап, моральдық зиянды өтеу туралы талапты қоспағанда, заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғауға да қолданылады.
Азаматтық заңнама заңды тұлғаға моральдық зиянды өтеуді қарастырмайды және соттар осыған байланысты заңды тұлғалардың моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздарын қабылдаудан бас тартқандары жөн, ал қойылған талап арыз қабылданған жағдайда іс бойынша іс жүргізу қысқартылуға жатады. Бұл жағдайда жауапкердің шынайылыққа сай келмейтін мағлұматтарды тарату нәтижесінде келтірілген заңды тұлғаға моральдық зиянды өтеу туралы талапты даулар бойынша Нормативтік қаулыларда құқықтық нормаларының қақтығысы орын алуда.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 12- бабы 3-тармағының нормаларына сәйкес бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт нормалары қолданылады. Осыған орай заңды тұлғаға моральдық зиянды өтеу туралы талаптар бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 17-тармағы қолдануға жатады деп ескерген жөн.
Сот шығындары.
АПК-нің 104-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес талап қою бағасы абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моралдық зиянды өтеуді ақшалай мәнде өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап етілген сомамен айқындалады. Салық Кодексінің 610-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы жеке тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 1 пайызы мөлшерінде алынады.
АПК-нің 113-бабы 1-тармағының нормаларымен сот пайдасына шешім шығарылған тарапқа өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын тараптың іс жүзінде жұмсаған шығыстары мөлшерінде басқа тараптан алып береді. Мүліктік талаптар бойынша осы шығыстардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріліп алынады, бірақ ол үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Бұл жағдайда ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы даулардың санаты заң шығарушымен АПК-нің 104- бабына (талап қою бағасы) жатқызылған, яғни бағасы (мүліктік сипаты) бар талап, сондықтан да талапты берген кезде, сондай-ақ сот шығындарын өтеу туралы мәселені шешкен жағдайда осы норманы басшылыққа алу керек.
Баяндалған негіздемелер бойынша, ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өтеу туралы талапты (не болмаса ішінара) қанағаттандырғанда өкілдің көмегіне төлеу бойынша шығындар талаптың қанағаттандырылған бөлігінен 10 % артық емес мөлшерде өтелуі тиіс (мүліктік талаптарға ұқсас).
Апелляциялық саты.
Апелляциялық саты даудың мән-жайлары анықталады және шешімде баяндалған бірінші сатыдағы сот қорытындыларының істің мән жайларына сәйкес келмеуін анықтаған, материалдық нормаларының немесе процестік құқық нормаларының дұрыс қолданбаған немесе бұзған жағдайда бірінші сатыдағы соттар шешімдерінің күші жойылады немесе өзгерістер енгізіледі және т.б.
Оған қоса, апелляциялық саты шығарған қаулылардың талдауы істі апелляциялық тәртіпте қараған кезде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығын және негізділігін толық көлемде тексереді, бұл АПК-нің 413- бабының 1-бөлігіне сай келеді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 8-т. сәйкес талапкер талап арызында көрсеткен жауапкердің өзі жөнінде жалған мәліметті таратқанын ғана дәлелдеуге міндетті. Сонымен қатар нормативтік қаулының 2-тармағына сәйкес ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәліметтер шындыққа жатпайтыны анықталған жағдайда, ол мәліметтердің таратылуына кінәсі болмаса да, оларды теріске шығару міндеті жауапкерге жүктеледі.
АПК-нің 434-бабы 2-бөлігінің нормаларына сәйкес ар-намысты, қадірқасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы даулар бойынша істер бойынша апелляциялық сатының шешімдері мен қаулылары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық сатымен қайта қаралуы мүмкін.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Гражданских дел по искам о защите чести достоинства и деловой репутации
38 рет жүктеп алынды -
Решение суда (1)
42 рет жүктеп алынды -
Решение суда (1)
45 рет жүктеп алынды -
Решение суда (2)
43 рет жүктеп алынды -
Решение суда (2)
47 рет жүктеп алынды -
Решение суда (3)
45 рет жүктеп алынды