Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге Хаттаманы бекіту туралы

Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге Хаттаманы бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге Хаттаманы бекіту туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 2 желтоқсан N 360-II 

 

      Минскіде 2001 жылғы 1 маусымда жасалған әр түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезіндегі мемлекеттік баждың мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы 1993 жылғы 24 желтоқсандағы келісімге Хаттама бекітілсін. 

 

     Қазақстан Республикасының       Президенті 

 

1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізу субъектілерінің арасындағы шаруашылық дауларын қарау кезінде мемлекеттік баж мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге ХАТТАМА 

 

      1993 жылғы 24 желтоқсандағы Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізу субъектілерінің арасындағы шаруашылық дауларын қарау кезінде мемлекеттік баж мөлшері мен оны өндіріп алу тәртібі туралы келісімге қатысушы-мемлекеттер оны мынадай редакцияда көрсетілген Келісімнің 2-бабына өзгерістер енгізу туралы келісті: 

 

"2 бап 

 

      Әртүрлі мемлекеттердің аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сот қорғауы үшін тең мүмкіндік дауларын шешу кезінде қамтамасыз ету мақсатында мына бағада (Ресей Федерациясының рублінде) талап-арызбен басқа мемлекеттің сотына жүгіну кезінде мемлекеттік баждың мынадай ставкалары белгіленсін: 

 

      10 мың рубльге дейін       - талап-арыз бағасынан 3 процент; 

 

      10 мың рубльден астам -    - 300 рубль+10 мың рубльден       50 мың рубльге дейін         астам сомадан 2,5 процент 

 

      50 мың рубльден астам -    - 1 мың 300 рубль+50 мың рубльден       100 мың рубльге дейін        астам сомадан 2 процент; 

 

      100 мың рубльден астам -   - 2 мың 300 рубль+100 мың рубльден       500 мың рубльге дейін        астам сомадан 1,5 процент; 

 

      500 мың рубльден астам -   - 8 мың 300 рубль+1 млн рубльден       1 млн рубльге дейін          астам сомадан 1 процент; 

 

      1 млн рубльден астам       - 13 мың 300 рубль+1 млн рубльден                                    астам сомадан 0,5 процент; 

 

      Осы Хаттама оған қол қою сәтінен бастап, ал заңнамасы ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындауды талап ететін мемлекеттер үшін - депозитарияға тиісті құжаттарды беру күнінен бастап күшіне енеді. 

 

      2001 жылдың 1 маусымында Минск қаласында түпнұсқалық бір данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқалық дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді. 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы