⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Астық қабылдайтын кәсіпорынды (АҚК) немесе Мақта өңдейтін үйымды (МӨҰ) уақытша басқару мерзімін енгізу, мерзімінен бұрын тоқтату және ұзарту туралы

Астық қабылдайтын кәсіпорынды (АҚК) немесе Мақта өңдейтін үйымды (МӨҰ) уақытша басқару мерзімін енгізу, мерзімінен бұрын тоқтату және ұзарту туралы

Астық қабылдайтын кәсіпорынды (АҚК) немесе Мақта өңдейтін үйымды (МӨҰ) уақытша басқару мерзімін енгізу, мерзімінен бұрын тоқтату және ұзарту туралы

Астық қабылдайтын кәсіпорынды (АҚК) немесе Мақта өңдейтін үйымды (МӨҰ) уақытша басқару мерзімін енгізу, мерзімінен бұрын тоқтату және ұзарту туралы

              Аталған санаттағы істер ерекше істер өндірісі санатына жатады. Бұл санат новелла болып табылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық-процессуалдық кодекстің 302-бабының 1-бөлігінде ерекше өндіріс тәртібімен қарастырылатын істердің барлық санаты көрсетілген, олардың барлығы 18.

Аталған санат 10-тармақшамен белгіленген және осындай істер бойынша өндірістің жан-жақты тәртібін көздейтін арнайы тарау болмайтын бірегей санат.

Қарастырудың шектелген мерзімдерін болжайтын ерекше өндіріс істерінің санатына жатқызу осы шикізат салаларының стратегиялық маңыздылығымен негізделген.

Осы мәселелерді нақтылы соттың ғана шешуі оларды мәжбүрлі тәртіппен іске асырумен шарттасқан, яғни, осындай кәсіпорындардың шаруашылық ету қызметіне мемлекеттің араласуы заңда қажетті, уақытша және негізделген болып көзделген.

«Астық туралы» 19.01.2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы, 24.06.2015 жылғы № 4-1/564 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Астық қабылдайтын кәсіпорынға уақытша басқаруды жүргізу қағидасы» (бұдан әрі – Астық қағидасы), «Мақта саласын дамыту туралы» 21.07.2007 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы, 07.07.2015 жылғы № 4-5/612 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Мақта өңдейтін ұйымға уақытша басқаруды жүргізу қағидасы» (бұдан әрі – Мақта қағидасы), Қазақстан Республикасының Азаматтық-процессуалдық кодексі аталған санат істері үшін нормативтік-құқықтық база болып табылады.

АҚК немесе МӨҰ уақытша басқару дегеніміз тиісті Қағидаларда астық немесе мақта қолхаттары бойынша «өздерінің міндеттемелерін орындау қабілетін қалпына келтіруге бағытталуына қатысты әкімшілік, құқықтық, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де іс-шаралар мен рәсімдер кешенін маәжбүрлі өткізу» дегенді білдіреді.

Осындай кәсіпорындарды басқаратын органдар уақытша басқару жөніндегі комиссия және уақытша әкімшілік болып табылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық-процессуалдық кодекстің 302-бабының 1-бөлігі 10- тармақшасының мағынасынан сотқа жүгінуге берілетін өтініштердің 3 түрлілігін білу керек.

Тиісінше, АҚК немесе МӨҰ уақытша басқару мерзімін 1) енгізу туралы; 2) мерзімінен бұрын аяқтау туралы; 3) ұзарту туралы. Аалған санат істері бойынша өтініш беруші жергілікті атқарушы орган (ЖАО) болып табылады.

Бұл жерде АҚК бойынша бұның ЖАО екендігін, ал МӨҰ бойынша осындай белгінің болмайтындығын ескеру қажет. Осы мәселені тәжірибе жүзінде түзету қажет.

Астық қағидасының және Мақта қағидасының 5-тармақтарымен көзделген кем дегенде, екі негізі анықталатын сәттен бастап есептелетін сотқа өтініш беру мерзімі айқындалды – АҚК үшін – 2 жұмыс күні ішінде, МӨҰ үшін – 7 күн ішінде.

 Аталған санат істері талап сипатына және тараптардың субъективті құрамына байланысты, СМЭС сотында қаралады.

Істерді соттың талқылауына дайындау істерді қабылдаған күннен бастап ұзартусыз 10 жұмыс күні ішінде аяқталуға тиіс (ҚР АПК 303-бабы). Басқа да ерекше өндіріс істері үшін де қарастыру мерзімі мен тәртібі осындай.

Сондай-ақ құқық туралы даудың болатындығын белгілеудің талапарыз өндірісінің тәртібімен сотқа жүгіну құқығын түсіндіре отырып, өтінішті қараусыз қалдыру туралы ұйғарымды шығару үшін негіз болып табылатындығын еске ұстау қажет (ҚР АПК 2-бөлімі 304-бабы).

 Аталған санат істері бойынша шешімдер ҚР АПК 243-бабының 9- тармағына сәйкес, дереу орындалуға тиіс. Сот шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 3 күннің ішінде АҚК барлық мүлкі түгенделуге (Астық қағидасының 14-тармағы).

МӨҰ максималды уақытша басқару мерзімі 6 аймен шектелген (Мақта қағидасының 4-тармағы).

АҚК үшін осы мерзім Астық қағидасында айқындалмаған. Уақытша әкімшіліктің кепілге беруді, мүлік салығын қоса алғанда, АҚК мүлкін шеттету бойынша шешімдер қабылдауға құқылы емес.

Уақытша басқару органдарының өкілеттіктері, осы кезеңдегі құрылтайшыларға арналған шектеулер Астық қағидасы мен Мақта қағидасында жан-жақты жазылып берілген. Уақытша басқаруды тоқтату үшін екі негіз көзделген:

1) Соттың шешімімен бекітілген уақытша басқару мерзімінің бітуі;

2) Соттың уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдауы.

Бірінші негіз бойынша тоқтату өздігінен жүргізіледі, ал екіншісі бойынша – тиісті өтінішпен сотқа жеке жүгіну арқылы ғана.

Уақытша басқаруды мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз Астық қағидасының 19-тармағында және Мақта қағидасының 20-тармағында көрсетілген. Сонымен қатар, түпкілікті шешімі бар осындай материалдар негізгі, яғни уақытша басқаруды енгізу туралы бастапқы іске қоса тігілуге тиіс.

Уақытша басқаруды аяқтау (оның ішінде мерзімінен бұрын да) оны енгізген кезде соттың белгілеген барлық шектеу шараларының өзгеруіне әкеледі (Астық қағидасының және Мақта қағидасының 21-тармақтары).

Айрықша ерекшелік, егер АҚК астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындау қабілетін қалпына келтіруге алып келмейтін жағдай болып табылады, уақытша әкімшілік:

1) ЖАО-ға осындай АҚК қызметтің негізгі түріне берілген лицензиядан айыру туралы ұсыныс енгізеді;

2)Уақытша басқару мерзімі аяқталғанға дейін АҚК мәжбүрлі тарату туралы сотқа талап-өтініш береді.

Соңғы жағдайда, сот талапты жалпы талап өндірісінің ережелері бойынша қарастырады.

МӨҰ үшін осындай жағдайлар «Қағидалармен...» көзделмеген.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы