⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Атқару парағын беруден бас тарту төрелік шешімін орындауға

Атқару парағын беруден бас тарту төрелік шешімін орындауға

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Атқару парағын беруден бас тарту төрелік шешімін орындауға

АПК-нің 255-бабы бірінші бөлігінің ережелерін қолдану Сот, егер ӛзiне қарсы тӛрелік шешім қабылданған тарап сотқа:
- тӛрелік келiсiмнің – тараптар оны кӛндірген мемлекеттің заңдары бойынша, ал мұндай нұқсау болмаған кезде – шешім шығарылған елдің заңы бойынша жарамсыз болып табылатынына;
- тӛрелік шешім тӛрелік келiсiмде кӛзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша шығарылғандығының не тӛрелік келiсiмнiң шегінен шығатын мәселелер бойынша қаулылардан тұратынының, сондай-ақ даудың тӛреліктің ведомстволығына жатпайтыны салдарының;
- тӛрелік келісім тараптарының біреуін соттың әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танығанының;
- ӛзiне қарсы шешiм шығарылған тарап тӛрешінің тағайындалуы туралы немесе тӛрелік талқылау туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегенінің немесе тӛрелікке сот дәлелді деп таныған басқа да себептермен ӛз түсiніктерiн бере алмағанының;
- сол бір тараптардың арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша шығарылған, заңды күшiне енген соттың шешiмi немесе тӛрелік шешім не талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты iс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы соттың немесе тӛреліктің ұйғарымы болғанының;
- тӛрелік құрамы немесе талқылаудың тӛрелік рәсімі тараптардың келісіміне сәйкес келмегенінің немесе мұндай болмаған кезде тӛрелік талқылау ӛткізілген елдің заңдарына сәйкес келмегенінің; 
- шешімнің әлі тараптар үшін міндетті болмағанының немесе оның күші жойылғанының немесе оның орындалуын заңына сәйкес ол шығарылған елдің соты тоқтата тұрғанының дәлелдемелерін ұсынса, тӛрелік шешiмді мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. 

Осылайша, ұйғарымда сот атқару парағын беруден бас тарту туралы қорытындыға келудің нақты негіздерін кӛрсету керек. Негіздердің тізімі заңда кӛзделген, сондықтан оны кеңейтіп түсіндіруге жатпайды.АПК-нің 255-бабы бірінші бӛлігінің 1) тармақшасының сӛзбе-сӛз мазмұны атқару парағын беруден бас тарту үшін оған қарсы тӛрелік шешім қабылданған тарап сотқа осындай негіздердің бар екендігі туралы дәлелдемелерді ұсынуға міндетті деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, соттар мұндай құжаттарды ӛтініш берушілер сотқа ұсынуытиіс деп қате пайымдайтын және соның себебінен атқару парағын беру туралы ӛтінішті қанағаттандырудан бас тартатын сот актілері кездеседі. Ал бұған жол берілуі тиіс емес, ӛйткені мұндай тұжырымдар АПК-нің 255-бабы бірінші бӛлігінің 1) тармақшасына сәйкес келмейді.
Мысалы: «ID Collect» коллекторлық агенттігі» ЖШС жауапкердің ерікті түрде шешім орындамағанына уәж келтіріп, ӛндіріп алушыны ауыстыру және Е.В. Гребенниковадан берешекті және тӛрелік алымды ӛндіріп алу туралы тӛрелік шешімді орындау бойынша атқару парағын беру туралы ӛтінішпен сотқа жүгінді.

Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық сотының 2021 жылғы 21 маусымдағы ұйғарымымен ӛндіріп алушыны ауыстырудан және атқару парағын беруден бас тартылды, бұл борышкерді тӛрелік талқылау туралы тиісті хабардар ету туралы мәліметтердің болмауына негізделген.

Мұндай жағдайда бірінші сатыдағы сот бас тартты, ӛйткені ӛндіріп алушы борышкерді тӛрелік талқылау туралы тиісті хабардар еткені жӛніндегі дәлелделдемелер ұсынбады, ал Заңның тікелей кӛрсетілуіне байланысты мұндай дәлелдемелерді борышкер ұсынуы керек.

Сондықтан апелляциялық соттың мұндай тұжырымдармен келіспеуі дұрыс. Апелляциялық сатыдағы сот тӛрелік істің материалдарын зерттей отырып, тӛрелік борышкерге тӛрелік талқылаудың ӛткізілетіні туралы тиісті түрде хабарлағанын анықтады.

Сонымен қатар, борышкер Е.В. Гребенникова 2019 жылы сотқа тӛрелік шешімнің күшін жою туралы ӛтініш бергені анықталды, оның ӛтініші кері қайтарылған.

Кӛрсетілген мән-жайлар бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күшін жоюға негіз болды.

Осы іс сияқты « ID Collect» коллекторлық агенттігі ЖШС ӛндіріп алушыны ауыстыру және А.Ж. Каршигиннен борыш пен тӛрелік алым сомасын ӛндіріп алу туралы тӛрелік шешімді орындау бойынша атқару парағын беру туралы ӛтінішпен бірінші сатыдағы сотқа жүгінді.Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық сотының 2021 жылғы 21 маусымдағы ұйғарымымен осы ӛтінішті қанағаттандырудан бас тартылды.Сот АПК-нің 255-бабының бірінші бӛлігіне сілтеме жасай отырып, атқару парағын беруден бас тарту үшін негіздемемен атқару парағын беру туралы ӛтініште жауапкерді тиісінше хабардар ету, оның смс-хабарлама алуы не 
хабарламаны оның электрондық поштасына жіберілгені туралы мәліметтердіңжоқ екенін кӛрсетті.

Апелляциялық сатыдағы сот мұндай тұжырымдармен келіспеді, бұл бірінші сатыдағы сот Заңның талаптарын бұрмалағанын, сонымен қатар борышкердің дәлелдерін тексеру үшін тӛрелік істі талап етпегенін кӛрсетті.

Апелляциялық сатыдағы сот тӛрелік істі талап етіп алдыртып, оның материалдарынан А.Ж. Каршигиннің тиісті түрде хабардар болмағаны, тӛрешініңтағайындалғаны немесе тӛрелік талқылау туралы дәлелдемелерді ұсынғаны анықталмады.
Бұған қоса, сот « ID Collect» коллекторлық агенттігі ЖШС-ның ӛндіріпалушыны ауыстыру туралы талабын қарамаған.
Сондықтан апелляциялық алқа мәселені бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жібере отырып, ұйғарымның күші жойылуға жатады деген қорытындыға келді.

АПК-нің 255-бабы бірінші бӛлігінің 1) тармақшасында кӛрсетілген құжаттарды дәлелдеу ауыртпалығын сот ӛзіне жүктеген сот актілері кездеседі.

Сот практикасын талдау кӛрсетіп отырғандай, егер борышкердің тӛрелік талқылауға қатысуы қамтамасыз етілмеген жағдайда, сот тиісінше хабарлаумәселелерін және борышкер тарапынан ӛтініштер болмаған кезде борышкердің тӛрелік талқылауға ӛз бетінше келмеу себептерін анықтайтынын және тӛрешіні тағайындау және тӛрелік талқылауды ӛткізу туралы тиісті хабарламаның дәлелдері болмаған жағдайда атқару парағын беруден бас тартады, бұл дәлелдеу ауыртпалығы жағына түскен кезде АПК-нің 255-бабы 1-бӛлігінің 1) тармақшасының ережелеріне сәйкес келмейді, аталған ережелер бойынша 
дәлелдеу ауыртпалығы қарсы тӛрелік шешім шыққан тарапқа жүктеледі.Алайда, бұл заңды бұзу болып саналмайды және мұндай тәсіл соттың формальды рӛлін болдырмайды (АПК-нің 15-бабының тӛртінші бӛлігі).

Мысалы, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы ұйғарымымен «Эверест Финанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ның (бұдан әрі – ЖШС) Н.Е. Ворвульден берешекті және тӛрелік 
алымды ӛндіріп алу туралы тӛрелік шешімді орындау бойынша атқару парағын беру туралы ӛтінішін қанағаттандырудан бас тартылды.Соттың қорытындысы бойынша борышкерге тӛрелік талқылау туралы хабарланбаған. Бұл тұжырым борышкер Н.Е.Ворвульдің 2021 жылғы 25 қазанға тӛрелік талқылауды тағайындалғаны туралы SMS-хабарламаны, шақыру қағазын алмағаны жӛнінде берген түсініктемелеріне, ӛндіріп алушы сотқа қарсы дәлелдемелер бермеуіне байланысты жасалған.
Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 16 наурыздағы ұйғарымымен соттың ұйғарымының күші жойылды, ӛтініш жаңа қарауға жіберілді.

Апелляциялық сатыдағы сот «Орталық Қазақстан тұрақты жұмыс істейтін тӛрелік» ЖШС-дан істің материалдарын сұратты.
Іс материалдарын зерделеу арқылы тӛреші А.К. Бердышеваның 2021 жылғы 22 қазанда +7-747-ХХХХХХХХ ұялы телефон нӛмірінен борышкердің 8-777-ХХХХХХХХ ұялы телефон нӛміріне 2021 жылғы 25 қазанға сағат 09-30-да тӛрелік отырысқа шақыру туралы мәтіндік смс-хабарлама жібергені анықталды. 

Бұл хабарлама 2021 жылғы 22 қазанда 11 сағат 11 мин. жеткізілді.Қарсы тӛрелік шешім қабылданған тӛрелік талқылау тарабы, яғни борышкер Н.Е. Ворвуль сотқа осы хабарламаны алмағаны туралы дәлелдемелер ұсынбады.Осылайша, апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот борышкердің түсіндірмелерін тексермей, ӛндіріп алушыға атқару парағын беруден тек негізсіз мәлімдемелер негізінде бас тартты деген қорытындыға келді.

Сондықтан, осы іс бойынша сот заңды және әділ сот актісін шығару мақсатында іске қажетті мән-жайларды дербес анықтады. Тӛреліктің тӛрешіні тағайындау туралы немесе тӛрелік талқылау туралы тиісінше хабарламауы атқару парағын беруден бас тарту және тӛрелік шешімнің күшін жою үшін негіз болып табылады. Бұл ретте сот тараптың осындай негіздердің болуы туралы 
дәлелдемелерін және іске қатысатын адамдарды заң талаптарына хабардар ету жӛніндегі тӛрелік әрекеттерінің сәйкестігін тексеруге міндетті.
Кӛптеген жағдайларда атқару парағын беруден бас тартуға негіз болған және процестік заңнаманың ережелерін әртүрлі түсіндіретін кейбір негіздерге толығырақ тоқталған жӛн.
1) Қарсы шешім шығарылған тарап төреліктің тағайындалуы туралы немесе төрелік талқылау туралы тиісті түрде хабардар болмаған немесе сот дәлелді деп таныған басқа да себептер бойынша төрелікке өз түсіндірулерінбере алмаған.
Осы орайда бірнеше мән-жайларға байланысты тӛрелік талқылау жӛнінде хабардар болмау және оған қатысуды қамтамасыз етпеу туралы сӛз қозғалып отыр:
а) тӛреліктің тӛрешіні тағайындау туралы немесе тӛрелік талқылау туралы тиісінше хабарламауы.
Бұл ретте сот тараптың дәлелдерін және іске қатысатын адамдарды заң талаптарына хабардар ету жӛніндегі тӛрелік әрекеттерінің сәйкестігін тексеруге міндетті.
б) Тарапқа тӛрешінің тағайындалуы және тӛрелік талқылау туралы хабарланды, бірақ ол объективті мән-жайларға байланысты ӛз түсініктемелерін бере алмады.
Бұл жағдайда қарсы тӛрелік шешім қабылданған тарап түсініктеме беруге кедергі келтіретін дәлелді себептердің бар екендігін дәлелдеуге міндетті. Бұл ретте пікір ұсынуды ғана білдірмейді, ӛйткені жауапкер туралы ғана емес, сонымен бірге қарсы шешім қабылданған тарап туралы сӛз қозғалып отыр, бұған қоса түсініктемелер сот отырысында жүзеге асырылатын ауызша да болуы 
мүмкін.

2) АПК-нің 255-бабы бірінші бөлігі 1) тармақшасының 7-абзацын дұрыс қолданбауСот актілерін зерделеу кезінде соттар «шешім тараптар үшін әлі міндетті болған жоқ» негізі бойынша атқару парақтарын беру туралы ӛтініштерді қанағаттандырудан қате бас тартатыны анықталды.

АПК-нің 255-бабы бірінші бӛлігі 1) тармақшасының 7-абзацына сәйкес, егер шешім тараптар үшін міндетті болып табылмаған жағдайда, тӛрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беруден бас тартылуы мүмкін.Осыған ұқсас норма Заңның 57-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының 8-абзацының мазмұнына енгізілген.

Мысалы, «Қарыз заемдар» ЖШС Ж.Е. Атымайдан берешекті ӛндіріп алу туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша халықаралық тӛреліктің 2020 жылғы 21 сәуірдегі шешімін мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беру туралы сотқа ӛтініш білдірді.
Борышкер сот отырысында ӛтінішпен келіспеді, оның берген түсіндіруі бойынша тӛреліктің шешімін алмаған, 340 000 теңге мӛлшерінде ӛндіріп алынған қарыз сомасы туралы алғаш рет естіп отырған, шешімге дау айтуға ниеті бар, ӛйткені ол нақты 170 000 теңге сомасында қарыз алған.
Сотқа ұсынылған іс материалдарында борышкер Ж.Е. Атымайға шешімнің кӛшірмесін тапсыру фактісін растайтын құжаттар жоқ, оның жіберілгені туралы мәліметтер ғана бар.Сот пошта жӛнелтілімінің ШПИ-кодын тексерді, «Қазпошта» АҚ мәліметтері 
бойынша адресатқа пошта хабарламасы табыс етілмеген.Осылайша, Ж.Е. Атымайдың шешім алмағаны туралы дәлелдері расталды.Сот атқару парағын беру туралы ӛтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытындыға келді. Сот ӛз қорытындысында тӛреліктің шешімі тараптар үшін әлі де міндетті емес деп уәждеді.

Кӛрсетілген жағдайда сот АПК-нің 255-бабы бірінші бӛлігі 1) тармақшасының 6-абзацында және Заңның 57-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының 7-абзацында кӛзделген негіз бойынша ӛтінішті қанағаттандырудан бас тартуы қажет болды (тӛреліктің құрамы немесе талқылаудың тӛрелік рәсімі тараптардың келісіміне сәйкес келмеді немесе ол болмаған кезде тӛрелік талқылау жүргізілген елдің заңдарына сәйкес келмеді).

Мәселен, Заңның 45-бабының 1-тармағына сәйкес істің мән-жайларын зерттегеннен кейін тӛрелік тӛрелік құрамына кіретін тӛрешілердің кӛпшілік даусымен шешім қабылдайды.Егер регламентте ӛзгеше кӛзделмесе, шешім тӛрелік отырысында жарияланады. Тӛрелік шешімнің қарар бӛлігін ғана жариялауға құқылы. Бұл жағдайда, егер Тараптардың регламентінде немесе келісімінде ӛзгеше мерзім белгіленбесе, дәлелді шешім шешімнің қарар бӛлігі жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тараптарға жіберілуге тиіс.

Соттар тӛрелік шешімнің тараптарға жіберілмегенін тӛрелік талқылаурәсімінің сәйкессіздігі ретінде бағалауға тиіс.
Сондықтан аталған іс бойынша соттың тӛрелік шешім тарап үшін әлі де міндетті болып табылмады деген тұжырымдары заңсыз болып табылады, ӛйткені сот туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмауы тиіс заңды қолданды.

Заң тұжырымдамасына сәйкес тӛрелік шешім түпкілікті болып табылады және сотта да, тӛрелікте де мәні бойынша қайта қаралуға жатпайды, бұл Заңның 52-бабының 3-тармағында тікелей кӛзделген.

Заңның 45-бабының 3-тармағына сәйкес тӛрелік шешім тӛрелік талқылау орнында қабылданған болып есептеледі және оған тӛреші (тӛрешілер) қол қойған күні күшіне енеді, ал Заңның 54-бабының 1-тармағына сәйкес ол міндетті болып табылады, ол кӛрсетілген құқық нормасында тікелей кӛзделген.\


Осылайша, «шешім тараптар үшін әлі міндетті болған жоқ» деген негіз бойынша сот қазақстандық тӛрелік шығарған тӛрелік шешімді мәжбүрлеп орындатудан бас тарта алмайды. Бас тарту үшін кӛрсетілген негіздеме шетелдік тӛрелік шешімдерге қатысты ғана және егер бұл шешім тараптар үшін әлі түпкілікті немесе міндетті болып табылмаған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.Төрелік шешімді орындау Қазақстан Республикасының жария тәртібіне қайшы келеді
АПК-нің 255-бабы бірінші бӛлігі 2) тармақшасының ережелерін қолдану үшін борышкердің тарапынан дәлелдемелер ұсыну талап етілмейді, сотқа тӛрелік шешімді орындау Қазақстан Республикасының жария тәртібіне қайшы келетінін немесе тӛрелік шешім шығарылған дау Заңға сәйкес тӛрелік талқылаудың нысанасы бола алмайтынын анықтау жеткілікті. Сот практикасында соттар осы негіз бойынша сот актілерін шығармаған.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу

  • _3C22~1
    92 рет жүктеп алынды

Комментарий к статье 255. Хищение либо вымогательство оружия, боеприпасов, взрывчатых веществ и взрывных устройств УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 255. Хищение либо вымогательство оружия, боеприпасов, взрывчатых веществ и взрывных устройств УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Хищение л...

Толық оқу »

255-бап. Жеке басын тiнту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

255-бап. Жеке басын тiнту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстiң252-бабындакөзделг...

Толық оқу »