Ата-аналық құқықтардан айыру, қалпына келтіру немесе шектеу туралы даулар
Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысының 1 т. Түсіндірулерге сәйкес соттар балаларды тәрбиелеуге байланысты, оның ішінде ата-аналық құқықтардан айыру, қалпына келтіру немесе шектеу туралы дауларды қараған кезде «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алуға тиіс.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасы кодексінің 79-бабына сот баланың мүддесiн ескере отырып, баланы ата-аналардан оларды ата-ана құқықтарынан айырмай алу жолымен ата-ана құқықтарын шектеу туралы шешiм шығаруы мүмкін. Егер баланың ата-аналарымен қалуы ата-аналардың мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл ретте ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмай, ол үшін қауіпті болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі.
Белгіленгеніндей басым көпшілік жағдайларда ата-аналық құқықтарды шектеуге байланысты даулар бойынша талап қоюды қозғауға бастамашы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша міндеттер жүктелген мемлекеттік уәкілетті органдар болады, сонымен қатар мұндай істерді прокурорлардың талап қоюлары бойынша қарау жағдайлары да орын алады.
«Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының нормативтік қаулысының 12 және 14 тармақтарында ауыр мән-жайлар мен өздерiне қатысты емес әр-түрлi басқа да себептермен (мәселен, психикасының бұзылуы, немесе басқа созылмалы ескi ауруына байланысты, құныққан маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратындардан басқа) өздерiнiң ата-аналық мiндеттерiн орындай алмайтын адамдарды ата-аналық құқықтан айыруға болмайды. Аталған жағдайларда, сондай-ақ iстi қараған кезде ата-аналарды (олардың бiреуiн) ата-аналық құқықтан айыру үшiн жеткiлiктi негiздер болмаса, баланы олардың қолында қалдыру ол үшiн қауiптi болып табылған жағдайда, сот ата-аналық құқықты шектеу ретiнде баланы олардан алып, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға беруге шешiм шығаруға құқылы. Ата-аналық құқықты шектеу туралы iстер қаралған кезде сот ата-аналардан (олардың бiреуiнен) балаға алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешуi керек деп көрсетілген. Бұл ретте соттар ата-аналық құқықтан айыру - ең соңғы шара болып табылатынын ескергенi жөн. Ата-ананың кiнәсi дәлелденген ерекше жағдайларда сот оның мiнез-құлқының, жеке басының ерекшелiгiн және басқа да нақты жағдайларды ескере отырып, ата-аналық құқықтан айыру жөнiндегi талапты қанағаттандырудан бас тартуға және жауапкерге оның бала тәрбиесiне қарым-қатынасын өзгерту қажеттілiгін ескертiп, оның ата-аналық мiндеттерiн орындауын бақылауды қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жүктеуге құқылы.
Балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес ата-ана құқықарын шектеу туралы iстер қаралған кезде сот ата-аналардан балаға алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешуi керек. Бұл талап «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 79-бабында да көрсетілген.
Сонымен қатар қажет жағдайларда соттар мұндай өтініштерді қанағаттандыруда бас тарту туралы шешімді дұрыс қолданған, себебі мұндай талап қоюды қанағаттандыру үшін ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюлар сияқты заңда белгіленген дәлелді себептер қажет. Мысалы, Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2014 жылғы 13 наурыздағы шешімімен С-ов Марат Гайсаұлының Д-ова Мадина Слямовнаға кәмелетке толмаған 2005 жылғы 19 маусымда туылған С-ов Ильяс Маратұлына қатысты ата-ана құқығын шектеу туралы талап қою талабын қанағаттандырудан мынадай негіздер бойынша бас тартылды.
М.Г. Садуов сотқа жауапкермен 2005 жылғы 29 қаңтарда некелескенін, некеден С-ов Ильяс Маратұлының бар екенін көрсете отырып, кәмелетке толмаған 2005 жылғы 19 маусымда туылған С-ов Ильяс Маратұлының анасы Д-ова Мадина Слямовнаны ата-ана құқығын шектеу туралы талап қоюмен жүгінді. Бірлесіп өмір сүре алмады, себебі 2006 жылдан бастап М.С. Д-ова діни сектаға кіріп кетуіне байланысты балаға қарамай қойды, баланың тазалығы оны ашуландырды, баланы жалғыз пәтерде бірнеше рет қалдырып кететін. Ақыл айту мен өтініштердің төрт жылынан кейін оны үйінен қуып жіберуге мәжбүр болды, 2011 жылғы 15 сәуірде неке бұзылды. 2011 жылғы 3 тамызда М. С. Д-мен баланың тұрғылықты жерін анықтау мәселесі бойынша татулысу келісімі жасалды. Бала әкесімен бірге тұратынын айқындаған 2012 жылғы 27 қаңтардағы сот шешімін ол бұзды.
2012 жылғы 16 наурызда балаға оқу жылын аяқтауына жол бермей, оны мектептен ұрлап әкетті. Мемлекеттік сот орындаушысы соттың шешімін орындамағаны үшін М.С. Д-аны ҚР ҚК 362-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы ұсыным жіберді. 2013 жылғы наурыз айынан бастап М.С. Д-ова баламен сөйлесу тәртібі туралы қорғаншылық кеңестің ұйғарымын бұза бастады, одан кейін ол сотқа талап қойды, ол әкесімен сөйлесу тәртібі жұма күнінен бастап жексенбіге дейін деп айқындап шешті. Бірақ жауапкер сот шешімін қайта бұзды, ол баланы оқып жүрген № 64 мектептен құжаттарымен бірге алып кеткен.
Қазіргі уақытта бала ешқайда оқымайды, бұл Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының 2014 жылғы 22 қаңтардағы жауабымен расталады. М.С. Д-ның балаға қатысты бұл әрекеттері, сондай-ақ бала қорқынышпен өмір сүруде, баланың ішкі мазасыздану деңгейі орташадан жоғары деген психологтың қорытындысы баланың М.С. Д-мен бірге болуы қауіпті екенін және оның әрекеттері «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің атаана құқығын шектеу туралы 79-бабына жататынын растайды.
Сот залында М.Г. С-ов сотты жауапкердің қайда екені белгісіз болуына байланысты, АПК 135-бабына сәйкес соңғы белгілі мекенжайы бойынша істі қарастыруды өтінеді, сондай-ақ талап арызда жазылған талаптарды толық растай отырып, кәмелетке толмаған ұлына сыйға тарту шарты бойынша сыйлаған пәтерде өрт болғанын, жауапкердің балаға ғана емес, оған тиесілі мүлікке де қамқорлық танытпайтынын куәландыратынын қосымша мәлімдеді. Қазіргі уақытта өзінің басқа отбасы бар екенін, ұлы бар екенін айтты. Одан басқа, ол Астана қаласының ІІБ өзінің кәмелетке толмаған ұлын іздестіру туралы өтініш берген.
Жауапкер М.С. Д-ова сот отырысына келген жоқ, оның тұрғылықты жері белгісіз, сот оның орналасқан жерін анықтау және істің сотта қарау күні туралы хабарлау бойынша шара қолданды, алайда оның орналасқан жері анықталмады, сондықтан сот АПК 135-бабына сәйкес жауапкердің соңғы мәлім болған тұрғылықты жері бойынша істі қарауға болады деп есептеді.
«Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы» ММ өкілі Т.А. Ж-бай сотқа бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы жек көрушілік пен түсініспеушіліктен бала зардап шегетінін айтты. Алайда М.С. Д-ның ата-ана құқығын шектеу үшін негіз жоқ екенін, сот дауды баланың мүддесіне орай шешуді өтінеді. Іс бойынша қатысқан прокурор да заңды негіздердің жоқ екенін айтты.
Істің материалдарына қоса берілген құжаттардың ішінен М.Г. С-ов пен М.С. Д-лова арасындағы неке Астана қаласының Сарыарқа ауданы сотының 2011 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен бұзылды, бұл Астана қаласы Сарыарқа ауданының АХАЖ бөлімі берген 2011 жылғы 12 тамыздағы некені бұзу туралы куәліктің көшірмесімен расталады. Туу туралы куәлікке сәйкес С-ов Ильяс Маратұлы 2005 жылғы 19 маусымда туылған, әкесі болып С-ов Марат Гайсаұлы, анасы болып – Д-лова Мадина Слямовна жазылған.
Ата-аналар: дау тараптары М.Г. С-ов пен М.С. Д-ова арасында кәмелетке толмаған И.М. С-тың тұрғылықты жері бойынша келісімге қол жеткізілмегендіктен, дау 4 рет сот тәртібімен қаралды.
Мысалы, 2011 жылғы 3 тамызда Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың М.С. Д-аның М.Г. С-вқа талап қоюы бойынша тараптар арасында татуласу келісімі бекітілді, ол бойынша баланың тұрғылықты жері екі тарапта кезек-кезек болып айқындалды.
М.Г. С-тың М.С. Д-аға талап қоюы және М.С. Д-аның М.Г. С-вқа қарсы талап қоюы бойынша осы соттың 2012 жылғы 27 қаңтардағы шешімімен С-ов Ильястың тұрғылықты жері әкесімен бірге оның тұрғылықты мекенжайы бойынша 2012 жылғы 1 тамызға дейін анықталды.
М.Г. С-тың М.С. Д-аға талап қоюы бойынша 2012 жылғы 7 желтоқсандағы шешімімен баланың тұрғылықты жері – анасы М.С. Д-мен бірге деп анықталды. М.Г. С-тың М.С. Д-ваға баламен сөйлесу тәртібін анықтау туралы талап қоюы бойынша соттың 2013 жылғы 13 қарашадағы соңғы шешімімен сот баланың әкесімен сөйлесу тәртібін анықтады. Көрсетілген шешімдердің барлығы заңды күшіне енді.
ҚР АПК 71-бабы 2-бөлігіне сәйкес бұрын қаралған іс бойынша заңды күшіне енген сот қаулысында белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті болып табылады. Көрсетілген мән-жайлар қайтадан дәлелденбейді және сол адамдар қатысатын басқа істі қарау кезінде дауласуға жатпайды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың М.Г. С-тың М.С. Д-ваға баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап қоюы бойынша 2012 жылғы 7 желтоқсандағы шешімімен мынадай: М. С-тың М.С. Д-аның сектанттық қауымға қатысы туралы дәлелі расталмағанын, М.С. Да-ова психикалық жағынан ауру деп айтуға негіз болмағандықтан, сондай-ақ Ильястың өзі анасын қатты жақсы көретінін,оның анасымен тұрғысы келетінін сот баланың анасымен бірге тұруын айқындау кезде ескергенін куәландыратын мән-жайлар белгіленді. Көрсетілген мән-жайлар қайтадан дәлелденбейді және дауласуға жатпайды, оларға соттың алдыңғы шешімдерімен баға берілді.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 67-бабы 1-бөлігіне сәйкес бала өзінің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына құқылы. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-аналар (оларды алмастыратын адамдар), ал осы Кодексте көзделген жағдайларда қорғаншылық және қамқоршылық органдары, прокурор және сот жүзеге асырады.
Кодекстің 70-бабы 2-бөлігінен ата-ананың өз балаларын тәрбиелеуге құқылы және міндетті екені белгілі. Ата-ананың басқа адамдардың алдында өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Кодекстің 79-бабы 2-бөлігіне сәйкес егер баланың ата-аналарымен (олардың біреуімен) қалуы ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауруы, ауыр мән-жайларға душар болуы) бойынша, сондай-ақ ата-аналардың (олардың біреуінің) мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл ретте ата-аналарды (олардың біреуінің) ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмай, ол үшін қауіпті болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі.
Іс бойынша қатысушылардың түсініктемелерін ҚР АПК 77-бабының талаптарына сәйкес жазбаша дәлелдемелер жиынтығымен бағалай келе, сот сотқа жүгінуге негіз бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы көп жылдан бергі бала мүддесіне сәйкес келмейтін даудан туындайтын, ата-ананың жек көрушілік қарым-қатынасы, олардың арасындағы түсініспеушіліктің болмауы және бала мүддесіне орай келісімге келу ниетінің болмауы болып табылады деген қорытынды шығарады.
Бұл ретте талапкер сотқа жауапкердің баланың психикалық және дене денсаулығына, оның имандылық дамуына нұқсан келтіретін өмір салтын кешуі туралы куәландыратын дәлелдемелерді ұсынбады. Жауапкердің мінезқұлқы баланың өміріне, денсаулығына және тәрбиесіне қатер төндіруге әкеп соғатынын куәландыратын дәлелдемелер жоқ. Керісінше, куәгер З.К. К-ның айғақтары бойынша баланың үздік оқығаны, мінез-құлқының жақсы болуы, сабақты өткізіп алмайтыны, баланың сырт келбеті ұқыпты болуы ананың балаға тиісті қамқорлықпен қарайтынын куәландырады.
Демек, жауапкердің ата-ана құқығын шектеу үшін негіз жоқ. Осылайша, сот талап қою талаптары негізсіз болып табылады және бас тартуға жатады деген қорытынды шығарды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі ата-аналық құқығын шектеу және алимент өндіру туралы
78 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі ата-аналық құқығын шектеу жөніндегі талап
73 рет жүктеп алынды