Азаматтық талап арыз қылмыстық процестегі іс бойынша материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Е.К. Майшиновқа
Алматы қ. Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданы, 347/1.
+7 708 ....
Азаматтық талапкер / Жәбірленуші: Ш.Ж.К.
ИИН .
сенімді өкілдері: адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі
БСН 201240021767
Кеңесбек Ислам Мұхамедұлы
ЖСН 970103300774
050002, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
e-mail: info@zakonpravo.kz сайт: www.zakonpravo.kz
тел.: +7 708 971 78 58 / 8 727 971 78 58.
Азаматтық жауапкер / сотталушы:
А..Ж.М.
09.05.1984 жылы туылған
ЖСН .
Азаматтық талап арыз
қылмыстық процестегі №7598-24-00-1/57 іс бойынша (материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы)
Сіздің өндірісіңізде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай - ҚК) 346-бабы 5-бөлігімен, 347-бабымен берілген, 09.05.1984 ж.т. А.Ж.М. қатысты №7598-24-00-1/57 қылмыстық ісі қаралуда.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабы 4-бөлігіне сәйкес «Құқығы бұзылған адам, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалды толық өтеуді талап ете алады.
Сонымен Қылмыстық құқық бұзушылықтың оқиғасы, жасалған уақыты, орны, оның тәсілі, себебі, салдары, келтірілген шығынға келер болсақ, 10 желтоқсанда 2023 жылы, сағат 17:40 шамасында, жүргізуші 09.05.1984 ж.т., А.Ж.М. (әрі қарай - сотталушы), мемлекеттік белгісі 920СВ13 «Газ-53» маркалы автокөлігін басқарып, Кулымбеков көшесімен шығыс бағытқа карай жүріп келіп, Нурпейсова көшесіне жетпей, жаяу жүргіншіге арналған жолақтан солтүстік бағытқа кетіп бара жатқан кәмелет жасқа толмаған 17.03.2009 ж.т. Қ.А.А. кағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші кәмелет жасқа толмаған А.К. алған дене жарақаттарымен Алматы каласы №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген және алған жарақаттардын салдарынан қаза болған.
Алайда, 10.12.2023 жылғы №7293 санды медициналық күмәндандыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші Ж.А. «жанамалас алкоголь және каннабиноидтарды, тұтыну әсерінен болған масаң күй» болған.
Сондай-ақ 2020 жылғы 27 қыркүйектегі №7528-20-00-3/19346 санды Алматы қаласынын мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, Ж.А. 7-жылга жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Жауапкер өзінің алғашқы соттылығынан өзіне тиісті қорытынды шығармай, түзеу жолына түспей әрі қарай қылмыстық әрекеттерді жасағаны анық.
2023 жылғы 20 желтоқсанда Алматы қаласы ПД АБ ЖКО ТБ анықтаушысы полиция майоры Д.Қ. өз қаулысымен Ш.Ж.К. (әрі қарай - жәбірленуші) осы іс бойынша жәбірленуші ретінде танылды. Жәбірленуші қаза болған А.А. Қ. анасы.
Сөйтіп, сотталушы Ж.А. ҚР ҚК-де 346-бабы 5-бөлігінде және 347-бабымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасап жәбірленушінің 14 жасар баласынан айырды. Жәбірленуші үлкен қайғыға тап болғаны анық. 14 жасар баласынан айрылғаннан кейін жәбірленуші қатты эмоционалды азапқа тап болды. Және үлкен ұлын сотталушы қазаға ұшыратудан кейін жәбірленуші осы өмірдегі ең алғашқы және ең үлкен қуанышынан айырды деп санайды. Барлығымызға белгілі, қайтыс болуы салдарынан залал шеккен баланын анасына зиянды ешқандай мүлікпен өтеу мүмкін емес, өйткені баланы ешкім анасына қайтара аламайды. Бірақ соған қарамастан заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 166 бабы, Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен, адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 917-бабы «Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi» атап айтылған онда Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс делінген және Заңды iс-әрекеттермен келтiрiлген зиян осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өтелуге тиiс деп дөп басып айтылған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 946-бабына сай, жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиян үшiн жауапты адамдар жерлеуге қажеттi шығындарды осы шығындарды көтерген адамға өтеуге мiндеттi.
Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілде №9 Нормативтік қаулысынын 12 бөлігініде келесі көзделген, соттар өтелуге тиiс жерлеу шығындарына жерлеуге тiкелей қатысы бар қажеттi шығындар (табыт жасауға, өлген адам үшiн киiм, венок сатып алуға, зират қазуға, марқұмды жерлеу орнына жеткiзу және т.б. арналған шығындар) ғана жататынын ескеруi қажет. Ескерткiш пен қоршау орнатуға арналған шығындар да өтелуге тиiс, бұл орайда оларды әзiрлеудiң нақты сомасы алынады, бiрақ ол сол жерде орнатылған стандартты ескерткiштер мен қоршаулардың шектi бағасынан аспауға тиiс. Ас беруге байланысты шығындарды өтеу кезінде спирт ішімдіктерін сатып алу үшін жұмсалған шығындар өтелуге жатпайды.
Сотталушы жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған себебінен жәбірленушінің нақты келесі материалдық залалды болды, ол қаза болған баласын жерлеуге қажет, ас беруге байланысты шығындар және т.б. шығындар (оның қалыптасқан салты бойынша астарға шығындар):
- мәйітхана – 38 000 теңге;
- салттық қызметтер – 40 000 теңге;
- өлген адам үшiн киiм матасы 25 м және жуындыратын заттары – 70 000 теңге;
- 2 қой – 140 000 теңге;
- Кафе 250 адам (1 адам басына 6 500 теңге) – 1 625 000 теңге;
- Бейсенбілік асы - 6 рет * 150 000 теңге = 900 000 теңге;
- 40 күндік асын 156 адамға кафеде жасады - (1 адам басына 7 000 теңге) = 1 092 000 теңге;
- 3 жілік жылқының еті – 150 000 теңге;
- Жерленген жеріне – 120 000 теңге және жұмысы – 30 000 теңге;
- қабірді қоршау - 118 000 теңге (чек қосымша жіберілді);
- мазар тақтасы – 60 000 теңге (чек қосымша жіберілді);
- Молданың ақысы – 80 000 теңге.
Сонымен азаматтық жауапкер әрекеттері салдарынан Азаматтық талапкерге жалпы сомасы 4 463 000 теңге мөлшерінде материалды зиян келтірілді.
Одан бөлек, сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық жасап, жәбірленушіге өте терең моральдық зиян келтірді, сондай-ақ елеулі материалдық зиян келтірді.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі 951-бабына сай Моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.) жатады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 952 бабына сай, моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледi. Моральдық зиянның мөлшерiн анықтаған кезде жәбірленушінің не оған қарсы жасалған құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) келтiрiлген адамгершiлiк залалдың ауырлығын субъективті бағалауы да, сондай-ақ жәбiрленушiнiң не ол қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) жан азабы мен тән азабының дәрежесiн дәлелдейтiн объективтi деректер де: қол сұғу объектiсi болған игiлiктiң (өмiр, денсаулық, ар-ождан, қадiр-қасиет, бостандық, тұрғын үйге ешкiмнiң тиіспеуi және т.б.) өмірлiк маңыздылығы; құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы (жақын туыстарын өлтiру, мүгедектiкке алып келген дене жарақатын салу, бас бостандығынан айыру, жұмыстан немесе тұрғын үйден айыру және т.б.); ұятқа қалдыратын жалған мәлiметтер тарату сипаты мен аясы; жәбiрленушiнiң өмiр сүру жағдайлары (қызметтік, отбасылық, тұрмыстық, материалдық, денсаулық жағдайы, жасы және басқалары), өзге де назар аударуға тұратын мән-жайлар ескерiледi. Моральдық зиян өтелуге тиiс мүлiктiк зиянға қарамастан өтеледi.
Сонымен сотталушы әрекеттері салдарынан Азаматтық талапкерге/жәбірленушіге моральдық зиянды өтеуге жеткілікті сома 100 000 000 теңгені құрайды. Көрсетілген өтемақы мөлшері әділдік пен жеткіліктілік қағидаттары негізге алынды.
ҚР ҚПК 174- бабы, ҚР АПК 113-баптарына сай «Өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу» міндетелген онда Сот пайдасына шешім шығарылған тараптың өтінішхаты бойынша процеске қатысқан және осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмаған өкілдің (бірнеше өкілдің) көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын тараптың іс жүзінде жұмсаған шығыстары мөлшерінде басқа тараптан алып береді делінген.
Талған баптарға жәбірленуші Ш.Ж.К. мүддесін білдіру үшін ол «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесіне заңгерлік көмек сұраған. Заң көмегінің құны 2024 жылғы 13 ақпандағы №1302/24 шартқа сәйкес 500 000 теңгені құрады. Өкілдік шығындарды азаматтық жауапкер тарапынан өтелуге жатады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 167-бабанда Азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен, қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін.
Аталған жағдайларда талапкер қылмыстық істе азаматтық талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылған және азаматтық талап қоюдың соттылығы ол берілген қылмыстық істің соттылығымен айқындалады және қылмыстық іспен бірге қаралады делінген.
Осы жоғарыда көрсетілген мән жайларды ескере басшылыққа ала отырып,
СОТТАН СҰРАЙМЫН:
- Женис М.А., Ж.К.Ш. пайдасына келтірілген материалдық шығынды 4 463 000 (төрт миллион төрт жұз алпыс үш мың) теңгені өндіруді;
- Ж.М.А. Ж.К.Ш. пайдасына келтірілген моральдық зиянды 100000 000 (жұз миллион) теңгені өндіруді;
- Ж.М.А. Ж.К.Ш. пайдасына өкілдің көмегіне төленген 500 000 теңге шығындарды өндіруді.
Ізгі құрметпен,
Жәбірленуші: ___________/ Ж.К. Ш
Азаматтық талапкердің
сенімді өкілдері; ___________/ Г.Т Саржанов ___________/ Кеңесбек И.М.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Азаматтық талап арыз қылмыстық процестегі
46 рет жүктеп алынды