⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Бала асырап алу туралы, бала асырап алудың күшін жою туралы азаматтық істер

Бала асырап алу туралы, бала асырап алудың күшін жою туралы азаматтық істер

Бала асырап алу туралы, бала асырап алудың күшін жою туралы азаматтық істер

Бала асырап алу туралы, бала асырап алудың күшін жою туралы азаматтық істер

Кодекстің 1-бабында, 2016 жылғы 9 сәуірдегі заңмен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, мына сөздерге: «бала (балалар), ата-анасының қамқорынсыз қалған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар», бас тартылған балалар (бас бас тартылған балалар)», «(асырап алу)», «бала асырау жөніндегі агенттігі», «жетім- бала)» түсініктемелер берілген, Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, атааналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтитын деректер базасы. Кодекстің 11-бабы асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалар арасында неке қиюға жол бермейді.

Кодекстің 84-бабында қандай балалар асырап алуға жататыны көрсетілген. 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңмен аталған норма біршама өзгерді. 2-тармақтың 4) тармақшасы енді мынадай редакцияда жазылған: туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім берген

«3. Осы баптың 2-тармағының 1) – 3), 5) және 6) тармақтарында көрсетілген, балалар бастапқы, өңірлік сияқты, орталықтандырылған есепте тұрған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан балалардың туыстарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға берілуі мүмкін.»; 4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған, егер туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары баланы асырап алуы мүмкін болмаса ғана шетелдіктердің асырап алуына берілуі мүмкін.

              Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған, егер туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары баланы асырап алуы мүмкін болмаса ғана шетелдіктердің асырап алуына берілуі мүмкін.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Осы баптың 2-тармағының көрсетілген 1) — 3), 5) және 6) тармақшаларында аталған балаларды асырап алуға беру туралы рұқсатты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган комиссия қорытындысы негізінде береді» 85-баптың 1-тармағы Қазақстан Республикасы азаматтары үшін де азаматтары баланы жеке өздері таңдап алуға және олармен кемінде екі апта тікелей қарым-қатынаста болуды, тұрғын үй-жайын тексеру актісін, бірлескен табыс мөлшері, отбасы жағдайы, денсаулығы туралы және соттылығы туралы анықтамаларды ұсынуды көздейді. ҚР азамттары рәсім аяқталғанға дейін балаларды қамқорлықтарына алуға және патронатқа алуға құқылы.

Шетелдік азаматтар кемінде 4 апта тікелей қарым-қатынаста болуы тиіс. Кодекстің 86-бабының 1-бөлігіне сәйкес бала асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бітімі, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға міндетті. Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 31 наурыздағы № 180-V Қазақстан Республикасы Заңының 86-бабының 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

 «2. Бала асырап алушы баланың пікірін және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып, баланы тәрбиелеу тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы және осы Кодексте көзделген талаптарды сақтауға міндетті.

Республика аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала асырап алушының жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем алуға құқығы бар. Бала асырап алудың күші жойылған жағдайда бала асырап алушы жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтаруға міндетті.

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін Қазақстан республикасының Үкіметі айқындайды.

Кодекстің 86-бабының 4-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын: ҚР азаматтары бала асырап алушылар бала 18 жасқа толғанға дейін жылына кемінде 1 рет бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға асырап алынған бала туралы есептер ұсынуға міндетті; ал есептер ұсынбаған жағдайда бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылуға жатады.

2016 жылғы 9 сәуірден бастап, 86-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Жекелеген жағдайларда, есептерді ұсыну кезеңділігі бала асырап алушылардың отбасында қалыптасқан нақты ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының шешімі бойынша белгіленеді. »

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар есептерді бала асырап алушы және бала тұрып жатқан елде орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы ұсынады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар осы тармақта көзделген тәртіппен есептер ұсынбаған немесе уақытылы ұсынбаған жағдайда Қазақстан Республикасында бала асырап алу кезінде олардың мүдделерін білдірген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметі осы Кодекстің 112- бабы 8-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуға жатады.

Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, нысанын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді. 87-бап бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) өтініші бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізетінін белгілейді.

Сот балаларды асырап алу туралы істерді бала асырап алушылардың өздерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды.

 4-тармақпен толықтырылды «4. Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұратын шетелдіктердің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының аумағында асырап алуы осы Кодексте шетелдіктер үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 89-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

 «2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы белгiлеген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргiзедi.

  1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi жүргiзедi. Кодекстің 90-бабында өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген балалар, бір отбасында тәрбиеленген ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердi (қарындастарды) әртүрлi адамдардың асырап алуына жол берiлмеу қағидасынан кетуге негіз бар.

Кодекстің 91-бабында бала асырап алушы бола алмайтындар саны кеңейе түсті, онда тұрақты тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар, дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдар, қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар, азаматтығы жоқ адамдар, анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде 3 жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдар, наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар, асырап алған кезде асырап алынған баланы ҚР-ның заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар бала асырап алушы бола алмайды.

2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңымен бала асырап алушыға ниет білдірген адамдарға қатысты талаптар одан сайын қатая түсті. 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 9) асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар, сондай-ақ осы тармақтың 14) тармақшасында аталған адамдарды; мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда).»

Сондықтан соттар аталған мән-жайлардың болуын тексерулері тиіс, сонымен бірге, қажет болған жағдайда, тиісті түрде бекітілген сот немесе өзге де заң күші бар қылмыстық-процестік актілерді талап етулері және талдау жасаулары қажет.

Кодекстің 92-бабы бойынша Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде 16 жас болуға және ол 45 жастан аспауға              тиіс (сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін). Бірақ 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңымен жоғарғы шегі (және 45 жастан аспауы тиіс) алынып тасталды. Өгей әкесi (өгей шешесi) бала асырап алған кезде, осы баптың 1- тармағында белгiленген жас айырмасының болуы талап етiлмейдi.

 Осы заңмен 93-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: мынадай редакцияда жазылған:

«3. Ата-аналары туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлізайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім бере алады. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар сотқа асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды береді.

 Баланы өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған немесе баланы ата-аналарының келісімі бойынша туыстары асырап алған жағдайда, асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды талап етілмейді». Осыған дейін ата-аналар нақты адамдарға не нақты адамды көрсетуінсіз баланы асырап алуға келісім бере алған.

Сондай-ақ бұрын егер баланы оның өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған немесе баланы ата-аналарының келісімі бойынша туыстары асырап алған жағдайда, асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды талап етілетін. Бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің қызметтерін ұйымдастыруға және агенттік орналасқан мемлекеттің құзырлы органының агенттікке бақылауды жүзеге асыру жауапкершілігін күшейтуге қатысты өзгертістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде: Агенттік орналасқан мемлекеттің аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында агенттіктің қызметі тоқтатылған жағдайда, белгіленген тәртіппен асырап алынған балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары туралы есептер мен ақпаратты беріп отыратын органды немесе ұйымды тағайындау туралы; Агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының баланың қайтыс болу, оған қатыгездік көрсету, оның ішінде балаға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастық жасау фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына хабар беру туралы міндеттемесін; Мынадай редакциядағы 114-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына назар аудару керек:

«4) берілген күнінен бастап алты ай ішінде жарамды болатын (асырап алуға кандидаттардың құжаттарында көрсетілген мерзімдерді қоспағанда) асырап алуға баланы таңдау үшін асырап алушыға кандидаттардың құжаттарын Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына, сондай-ақ асырап алу үшін сотқа ұсынуға.

Аталған талаптарды сақтамау ҚР АПК-нің 65,67-баптарындағы дәлелдемелердің қатыстылығына, жарамдылығына қатысты талаптардың бұзылуына әкеп соғады.

Ювеналдық соттардың соттылық тиесілігі

Ювенальды соттар соттылығына кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер және кәмелетке толмағандардың құқықтарын тікелей бұзатын қылмыстар туралы қылмыстық істер ғана емес, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істер жатқызылған кешенді заңдық құзыреттегі соттар ретінде құрылған.

Әкімшілік және қылмыстық істердің соттылықтары ӘҚБтК-нің 541- бабының 1-1-бөлігімен және АПК-нің 290-1 –бабымен айқындалған (2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі редакцияда).

АПК-нің 27-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін айқындау; ата-ананың баламен араласу тәртібін айқындау және басқа адамдарда болатын баланы айырып алу туралы; бала ата-аналарының біреуімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (оларды шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу және оның күшін жою туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы даулар бойынша; кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша; кәмелетке толмағанның әкесін анықтау және одан алименттер өндіріп алу туралы; он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз табыстарына өз бетінше иелік ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша; кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы; әке болуды анықтау туралы және баланы күтіп-бағуға пайыздық қатынаста немесе нақты ақшалай сомада алименттер өндіріп алу туралы; алименттердің мөлшерін азайту туралы; кәмелетке толмағандардың еңбек, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы; кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істерді қарайды және шешеді.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық)  сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. Өтінішхат істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.

Осылайша, ювеналдық соттардың соттылығына жататын істердің тізімі кеңейтілген және неғұрлым нақтыланған. Сонымен бірге соттылықты анықтау бойынша жаңа сұрақтар туындады.

Мысалы бала асырап алу туралы арызды бала асырап алуға тілек білдірген азаматтар, асырап алынушының заңды өкілдерінің алдын ала немесе кейін берілген келісімі бойынша, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың қарауына жататын істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (тұратын) жеріндегі сотқа соттылық қағидалары бойынша беру мүмкіндігі туралы.

Баланы асырап алу туралы істерді қарау практикасы Мемлекеттік баж салығы.

 Бала асырап алу туралы өтініштер бойынша істер талап қою емес, ерекше тәртіпте қаралатындықтан, онда мемлекеттік баж Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және мемлекеттік бажды төлеу күніне қолданылатын, асырап алушылардың (бір немесе ерлі-зайыптылар) және өтініште көрсетілген асырап алынатын балалар санына қарамастан Салық кодексінің 535-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес АЕК 50 % мөлшерінде алынады.

Кодекстің 1-бабының 9-тармағына сәйкес бала асырап алу - нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны. Баланы асырап алу рәсімі мен тәртібі ҚР АПК 36-1 және Неке туралы кодекстің 13 және 14-тарауларымен реттеледі.

Тууы осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген және толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесінде асырап алуға жол беріледі. Бұл ретте баланың жас мөлшері, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріледі. Бала асырап алу туралы iстердi сот азаматтық процестік заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше iс жүргiзу тәртiбiмен қарайды.

Осы санат істерінің ерекшелігін, қаралып отырған мәселенің шетін ескеріп, соттардың осы санат істерін баланың құқықтары мен мүделлерін қорғау керектігін сүйеніп, заңға сәйкес қатаң түрде қарауы маңызды Түскен істерді зерделеу көрсеткендей, соттар негізінен осы санат істерін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қарайды.

Сонымен бірге жеке соттар Заңның кейбір нормаларын қолдануда бұзушылықтарға жол береді, рәсімдік сипаттағы, сол сияқты материалдық құқық нормаларын қолдануға мәселелер туындайды. Кодексте бала асырап алудың шарттары, тәртібі мен құқықтық салдары, сондай-ақ баланы асырап алуды тоқтату негізі мен тәртібі жеткілікті толық регламенттелген.

Ол баланың, сол сияқты оны асырап алуды қалайтын адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сот бала асырап алу туралы арызды қабылдай отырып, оның нысаны мен мазмұны бойынша АПК-нің 148-бабы қоятын жалпы талаптарға, сондайақ АПК-нің 311-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді. Баланы асырап алу туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдай отырып, сот арызда бала асырап алушылардың өздерi туралы, олар асырап алуға тiлек білдiрген балалар туралы, олардың ата-аналары туралы, асырап алынатын балалардың акт жазбаларындағы ықтимал өзгерiстер туралы өтiнiштердiң, кодекс олардың бала асырап алу мүмкiндiгiн байланыстыратын мән-жайлар туралы мәлiметтердiң, оларды растайтын дәлелдемелердiң, сондай-ақ оның тізбесі АПК 312-бабында келтірілген қажеттi құжаттардың арызға қоса берiлуiн тексеруi қажет.

Арыз берушінің осы құжаттарды алу мүмкіндігі болмаған жағдайда сот оларды арыз берушінің өтінішхаты бойынша тиісті органдардан сұратып алуға тиіс.

Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, оның ішінде балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхаты барлар, бала асырап алу рәсімі басталарда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының (Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің) жазбаша келісімін ұсынуға тиіс.

Арызға бала асырап алушының (бала асырап алушылардың) өздері қол қоюға тиіс, бала асырап алушылардың мүддесі үшін басқа біреудің арыз беруіне жол берілмейді.

Бала асырап алушылардың сот отырысына қатысу міндеттілігі АПК-нің 57, 58, 60-баптарының негізінде уәкілетті өкілдердің болуы құқығынан айырмайды, олар сенім білдірушінің жеке өзінің қатысуынсыз сот талқылауы сатысынан тыс қажетті дәлелдемелерді жинауға және ұсынуға, судьяның талабы бойынша қосымша дәлелдемелерді ұсынуға, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сұратып алуға көмектесу туралы мәселе қоюға құқылы.

Бала асырап алу туралы істерді уақтылы және дұрыс шешуін қамтамасыз ету мақсатында (АПК-нің 313-бабы) судья істі сот талқылауына дайындау кезінде асырап алынатын баланың тұрғылықты немесе тұрған жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды бала асырап алудың негізділігі туралы және баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы комиссия қорытындысының негізінде асырап алуға беру туралы рұқсатты сотқа беруді міндеттейді.

  1. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысына:

1) асырап алынатын баланың тұрғылықты жері немесе тұратын жері бойынша не бала асырап алушылардың (асырап алушының) тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жасаған бала асырап алушылардың (асырап алушының) тұрмыс жағдайларын тексеру актісі;

2) асырап алынатын баланың туу туралы куәлігі;

3) асырап алынатын баланың денсаулық жағдайы, дене бітімінің және ақыл-ойының дамуы туралы медициналық қорытынды;

4) он жасқа толған асырап алынатын баланың асырап алуға, сондай-ақ оның атының, әкесінің атының, тегінің өзгеруі мүмкіндігіне және асырап алушыларды (асырап алушыны) оның ата-анасы ретінде жазуға келісімі (егер мұндай келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда) (асырап алу құпиясын сақтау үшін);

5) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, он алты жасқа толмаған ата-аналардың баласын асырап алуға келісімі, сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің келісімі, ал заңды өкілдері болмаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімі;

6) баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының, патронат тәрбиешінің немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын білім беру, медициналық және басқа да ұйымдар басшысының баланы асырап алуға келісімі;

7) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер баланы асырап алу кезінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органда орталықтандырылған есепте тұру фактісін растайтын құжат, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның осы баланы бірінші кезекте асырап алуға олардың азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан, туысқандарының не Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын іске асырғанын растайтын құжаттар қоса берілуге тиіс.

  1. Сот қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардан бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есепте тұрған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты жазбаша сұрау салу негізінде сұратып алады.
  2. Сот қажет болған кезде өзге құжаттарды да талап ете алады.

ҚР АПК-нің 314-бабына сәйкес, баланы асырап алу туралы істерді сот баланы асырап алушылардың (асырап алушының) өздерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын орган өкілдерінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды. Қажет болған жағдайларда сот асырап алынатын баланың ата-аналарын (ата-анасын) немесе өзге де заңды өкілдерін, оның туысқандарын және басқа да мүдделі тұлғаларды, сондай-ақ он жасқа толған баланың өзін іске қатысуға тарта алады. Сот баланы асырап алу туралы істерді жабық сот отырысында қарайды.

Сот он жасқа толған асырап алынатын баладан оның қаралып отырған мәселе бойынша пікірін анықтау үшін сот отырысында сауал қоюдың орындылығы туралы мәселені шешу кезінде, баланың сотқа қатысып отыруы оған жайсыз әсер етпеуі үшін, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органның пікірін алдын ала анықтап алғаны жөн.

Психологтың қатысуымен сот отырысында сауал қою кезінде бала пікірінің ата-аналарының бірінің немесе басқа да мүдделі адамдардың оған ықпал етуінің салдары болып табылатын-табылмайтынын, осы пікірді білдіру кезінде оның өзінің жеке мүдделерін ұғынатынын және оның пікірді қалай негіздейтінін анықтау қажет.

Егер он жасқа толған бала денсаулық жағдайына байланысты (мысалы, бала кезінен мүгедек және жүріп-тұруы шектеулі болса), сот баланың мүдделерін ескере отырып, оның асырап алуға қатысты пікірін өзінің тұратын жері бойынша анықтай алады.

Жаңа нормативтік қаулыда (8-тармағы) бұрынғы 10-тармағына қарағанда асырап алу туралы істерді жабық сот отырысында қарау заңмен көзделгенін назарға ала отырып, судья істі дайындау сатысында осындай шешім қабылдауға және бұл туралы істі сот талқылауына тағайындау туралы ұйғарымда көрсетуге тиіс. Ата-аналардың құқықтарының басымдығын негізге ала отырып, олардың кез келгені өздерінің бала асырап алуға бұрын берген келісімді оны осыған мәжбүр еткен себептерге қарамастан шешім шығарғанға дейін күшін жоя алатынын ескерген жөн (Кодекстің 93-бабы).

Бұл жағдайда сот бала асырап алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады. Кәмелетке толмаған, жасы он алтыға толмаған ата-аналардың баласын асырап алған кезде, сондай-ақ заңды өкілдерінің келісімі қажет.

Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған кезде немесе кәмелетке толмаған ата-аналар баланы туған кезде медициналық ұйымда қалдырған және үш айдан аса оның тағдырына ешкім қарайласпаған жағдайда, - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімі қажет.

Кодекстің 77-бабының 7-тармағына сәйкес, ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала асырап алуға ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң жол берiледi.

 Ата-аналарының біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған баланы асырап алуға екінші ата-анасының келісімімен жол беріледі. Қорғаншының (қамқоршының) немесе жоғарыда көрсетілген мекемелер басшыларының баланы асырап алуға келісім беруден бас тартуының, атааналардың асырап алудан бас тартуынан ерекшелігі, егер мұны баланың мүдделері талап етсе, соттың асырап алу туралы мәселені оңынан шешуіне кедергі болмайды (Кодекстің 93-бабының 1, 4-6-тармақтары).

Кодекстің 94-бабы некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын ананың баладан бас тарту туралы белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша арызы медициналық ұйымда болған кезде соттың ата-аналардың асырап алуға келісімін растайтын басқа құжаттарды сұрату құқығын шектейді. Көрсетілген жағдайда сот ананың нотариалдық палатаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға, медициналық мекеменің басшысына сұрау салуды жіберу жолымен баланы асырап алуға келісімін кері қайтарып алған-алмағанын баладан бас тартуды және асырап алуға келісуді кімнің ресімдегеніне байланысты істі сотта қарау барысында тексергені жөн.

ҚР АПК 27-бабының 3-бөліктеріне сәйкес кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін және баламен қарым-қатынас тәртібін анықтау туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (құқықтарын шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы даулар бойынша азаматтық істерді қарайды. Кодекстің 152-бабының 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес судья талап арызды, егер іс осы соттың соттауына жатпаса қайтарып жібереді.

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын бала асырап алу туралы, азаматтардың бала асырап алудың күшін жою туралы заңнама

              Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстанның әлеуметтік-құқықтық саясаты бағыттарының бірі болып табылады. 1994 жылғы 12 тамыздан бастап Қазақстан БҰҰ баланың құқықтары туралы Халықаралық Конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) бір тарапы болып табылады. Конвенцияның басшылыққа алатын қағидаттарының бірі – баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз ету қағидаты болып табылады. Конвенция заң бұзды деп айыпталған әрбір баланың «қаралып отырған мәселе бойынша тәуелсіз, құзыретті және әділетті органның шешім қабылдауына» құқығын таниды.

Конвенцияны іске асыру мақсатында 2002 жылы «Баланың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Балаларды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу туралы (бұдан әрі – асырап алу) Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Неке (ерлі- зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстен (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстен, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңынан, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы №77 қаулысымен ратификацияланған Бала құқықтары туралы Конвенциясынан, 1993 жылғы 29 мамырдағы Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциясынан, н Қазақстан Республикасының Констиуциялық кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан, «Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 966, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380, «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787 қаулыларынан, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 508, «Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513, «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 15, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13, «Жетім балаларды, атаанасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16, «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрықтарынан және өзге де нормативтік актілерден тұрады.

Заңнама бойынша түсіндірулер «Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2, 31.03.2017 жылғы редакциядағы «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңды қолдануы туралы» 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларында берілген.

2012 жылғы 17 қаңтардан бастап жаңа «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекс», оның Бала асырап алу 13-тарауы (84-110-баптары) бала асырап алуды тәртіпке келтіру үшін бірқатар өзгертулер енгізді.

              Баланы асырап алу туралы істерді қарау Соттылығы

ҚР АПК 27-бабының 3-бөліктеріне сәйкес кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін және баламен қарым-қатынас тәртібін анықтау туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (құқықтарын шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.

Кодекстің 152-бабының 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес судья талап арызды, егер іс осы соттың соттауына жатпаса қайтарып жібереді.

Өтінішті қабылдау туралы мәселені шешу мерзімдері

Астана қаласының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 9 қаңтардағы ұйғарымымен оның сотқа 2014 жылы 31 шілдеде берген баланы асырап алу туралы Е.-нің өтініші барлық оған қоса тіркелген құжаттармен бірге бұрынғы ҚР АПК 154-бабының 7-бөлігі негізінде оның өтініші бойынша талап қоюшыға қайтарылды.

Сот өтініштің соттың іс жүргізуіне азаматтық іске қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы мәселе шешілу сатысында деп көрсетті.

Соттың іс жүргізуіне өтінішті қабылдау туралы мәселені ұзақ уақыт (шамамен 6 ай) бойында шешу назар аудартады, бұл ретте олқылықтарды түзету үшін оның қозғалыссыз қалдырылғаны және ол үшін қандай мерзім берілгені туралы ештеңе айтылмаған.

Асырап алынатын баланың тұрғылықты жері бойынша сотқа істі беру.

ҚР АПК-нің 27-бабының 3-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары өзгелерден басқа баланы асырап алу туралы азаматтық істерді және оның күшін жою туралы істерді қарайды және шешеді.

Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының соттылығына жататын істерді республикалық маңызы бар қала шегіндегі және астанада, облыс орталықтарында орналасқан соттылығы аудандық (қалалық) соттарға жататын істерді қоспағанда баланың тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) сот қарауы немесе берілуі мүмкін. Өтінішхат сот талқылауына істі дайындауды аяқтағанға дейін берілуі мүмкін.

АПК-нің 34-бабының 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, егер осы Кодекстің 27-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздер туындаса, сот істі басқа соттың қарауына береді.

Сотқа дейінгі дайындау барысында 22.03.2013 жылы туған кәмелетке толмаған асырап алынатын С.-ның заңды өкілінен сотқа баланың тұрғылықты жері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданының Рузаев ауылындағы аудандық және оған теңестірілген сотқа соттылығы бойынша істі беру туралы өтінішхат түсті. Солтүстік Қазақстан облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі МАС 2016 жылғы 2 желтоқсандағы ұйғарымымен баланы асырап алу туралы ерлі-зайыптылар Л.-ның өтініші бойынша азаматтық іс баланың тұрғылықты жері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық сотқа қарауға берілді.

Бұл ретте ұйғарымда сот актісін неғұрлым негізді ететін баланың расында тұрғылықты жері бойынша дәлелдемелер келтірілмеген.

Баланы асырап алу туралы өтінішті қанағаттандыру.

Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі №2 МАС 2016 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен қыз баланы және ұл баланы асырап алу туралы ерлі-зайыптылар А.-ның өтініші толығымен қанағаттандырылды. А.-ға 2012 жылы 22 ақпанда туған, Қарағанды облысы Қарағанды қаласының тумасы кәмелетке толмаған И.-ды асырап алуға рұқсат берілсін. 2012 жылғы 14 наурыздағы И.-дың туу туралы актілік жазбасында, тіркеу орны Қарағанды қаласы әділет басқармасының Қазыбек би атындағы АХАЖ бөлімі төменді өзгерістер енгізілсін: «азамат» бағанында мыналар көрсетілсін: тегі – А., аты – М., әкесінің аты – С.; «аудан/қала» бағанында мыналар көрсетілсін – Сәтпаев, «атааналары» бағанында мыналар көрсетілсін: әкесі – А., 1978 ж.т., Қазақстан Республикасының азаматы, Қарағанды облысының тумасы, анасы – А., 1968 ж.т., Жамбыл облысының тумасы.

Асырап алушылар мен асырап алынатын баланы құқықтары мен міндеттері сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды. АХАТ органы туу туралы актілер және баланы асырап алу туралы мемлекеттік тіркеу туралы актілер кітаптарында тиісті жазбалар жасалынсын. Қарар бөлігінде баланы асырап алу туралы артық көрсетілінген, тек осылай асырап алу туралы мәселе шешілді.

«Асырап алуға рұқсат етілсін» деп көрсетілу нормативтік қаулының талаптарына мүлдем келе бермейді. Кодекстің 84-бабына сәйкес балаларды асырап алуға беру туралы рұқсатты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган комиссия қорытындысы негізінде береді.

Сот нақты адамдармен (адаммен) асырап алынған деп баланы тану туралы көрсетілуі тиіс (нормативтік қаулының 18-тармағы). «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84-бабына сәйкес тууы осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген және толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесінде асырап алуға жол беріледі.

Туу туралы куәлікке сәйкес, 14.03.2012 жылғы актілік жазбада 22.02.2012 ж.т. И.-дың ата-аналары: әкесі: И., анасы: И. Деп жазылған. Баланың әкесі туралы мәлімет анасының сөзінен көрсетілген. Баланың анасы И. Кәмелетке толмаған И.-ға қатысты ата-аналар құқығынан айырылған, ол 13.02.2015 жылғы соттың 05.06.2015 жылғы заңды күшіне енген шешімімен расталады.

 Қарағанды қаласы әкімдігінің 24.06.2015 жылғы № 29/04 қаулысы негізінде 22.02.2012 ж.т. Н.А. Ильичев ата-анасының қамқорынсыз қалған бала ретінде Қарағанды қаласының «Ботагөз» балалар үйі» ҚММ орналастырылған. Қарағанды қаласының «Ботагөз» балалар үйі» ҚММ 23.07.2015 жылғы анықтамасына сәйкес 22.02.2012 ж.т. И. Аталған мекемеде 24.06.2014 жылдан бастап болғанда бала сол жерге орналастырылған кезден бастап баланы бала мекемесіне ешкім бармаған, оның хал-жағдайы туралы сұрастырмаған.

 Қарағанды қаласының «Ботагөз» балалар үйі» ҚММ әкімшілігі И.-ді асырап алуға жазбаша келісім береді. Қарағанды қаласы әкімдігінің 12.08.2015 жылғы № 39/04 қаулысы негізінде 22.02.2012 жылы туған И.-дың қамқоршысы ретінде А. тағайындалған. Өтініш берушілер А. денсаулық жағдайы бойынша, медициналық куәліктер мен анықтамалардан көрініп тұрғандай, олар ата-аналар құқығын жүзеге асыра алады, олар Кодекстің 91-бабының 1-13) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға жатпайды, соттылығы жоқ. А. және А. тұратқы табыс көзі бар, жағымды жақтан мінездеме беріледі, меншік құқығында Сәтпаев қаласы Гурбы көшесі 96 үй 35 пәтер бар.

Аталған мән-жайлар істің материалдарында бар талап қоюшының еңбекақысы туралы анықтамалалмен, медициналық анықтамалармен, жұмыс орны және тұрғылықты жері бойынша берілген мінездемелермен, мекенжай анықтамасымен, жылжымайтын мүліктің барлығы туралы мәліметпен расталады.

 01.03.2016 жылғы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісінен жоғарыда көрсетілген мекенжайы бойынша пәтердің санитарлық жай-күйі жақсы, балаларды тәрбиелеуге жағдай құрылғаны көрінеді. Өтініш берушілер, ҚСжАЕК анықтамаларына сәйкес бұрын сотталмаған.

 Кодекстің Кодекстің 92-бабына сәйкес өтініш беруші мен бала арасындағы жас айырмасы асырап алуға жол беріледі. Кодекстің 94-бабының 1,3-тармақшаларына сәйкес, егер олар белгісіз, ата-аналар құқығынан айырылған жағдайларда оны асырап алуға бала атаанасының келісімі талап етілмейді.

Мыналар анықталды, баланың әкесі заңмен белгіленген жоқ, балалардың анасы ата-аналар құқығынан айырылған. Шешімнің заңды күшіне енген күннен бастап 9 айдан астам уақыт өтті. Кодексінің 86-бабының 4-бөлігіне сәйкес өтініш берушілер бала он сегіз жасқа толғанға дейін жылына кемінде бір рет бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға асырап алынған бала туралы есептер, баланың өмір сүру, білім алу, тәрбиелену жағдайлары және денсаулық жағдайы туралы есеп ұсынуы міндетімен танысқан.

Сонымен, істің мән-жайларын ескере отырып, сот өтініш берушілердің баланы асырап алу туралы талабын қанағаттандыруға болады деп есептейді. Толық дене, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамыту үшін қажетті жағдайлар өз растауын сотта тапты, ал асырап алу баланың мүддесінде жүзеге асырылады. Жалпы шешім жеткілікті негізді және сенімді, бірақ онда сот кәмелетке толмағанның бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есептегі жай-күйі туралы тексергені көрсетілмеген.

Сондай-ақ, шешімде асырап алынатын баланың денсаулық жағдайына, дене бітімінің және ақыл-ойының дамуы туралы медициналық қорытындыға сілтеме жоқ (ҚР АПК-нің 113-бабы).

Жеткіліксіз жақсы материалдық жағдайдың болуы өтініштен бас тарту үшін негіз болып табылды.

Солтүстік Қазақстан облысы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 8 мамырдағы шешімімен баланы асырап алу туралы ерлі-зайыптылар Ж.-ның өтініші бас тартылды.

Соттың пікірінше, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қорытындысымен келісті, «ЗИКСТО» АҚ берген жалақы туралы анықтамаға сәйкес күнтізбелік жыл үшін 635 756 теңге мөлшеріндегі отбасы отағасының жалақысы кәмелетке толмаған баланы бағып-күту және тәрбиелеуге мүмкіндік беретін Ж. отбасының табысы отбасының жеткіліксіз материалдық жағдайы туралы куәландырады, бұл ретте өтініш беруші Ж.-ның асырауында сондай-ақ оның жұмыс істемейтін және ешбір табыс көзі жоқ зайыбы бар.

Сот отбасының бар табысы отбасының барлық мүшелерінің және жасанды тамақтандырудағы, дәрумендер мен қосымша шығындарды талап ететін жаңа туған нәрестенің мұқтаждықтарын қамтамасыз ете алмайды деп санайды.

 Сонымен бірге, осы сот басқа өтініштерді қанағаттандыру кезінде баланы асырап алу туралы шешімдерде, мысалы, 2015 жылғы 25 қыркүйекте ерлі-зайыптылар Т.-ның немере жиені Б.-ны асырап алу туралы өтініште сот жалақының мөлшері көрсетілмеген, бірақ онда тағы 3 бала бар отбасыны материалдық қамтамасыз ету үшін жеткілікті деп санайды.

Басқа соттарда жалақы немесе өзге табыстың нақты мөлшері осыған ұқсас көрсетілмеген, мысалы Қарағанды облысы №2 Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 17 ақпандағы Г. асырап алу туралы ерлі-зайыптылар С.-ның өтінішін қанағаттандыру туралы шешімінде көрсетілмеген.

Аталған шешімдердің шетелдік азаматтардың баланы асырап алу туралы шешімдерінен айқын айырмашылығы өзіне назар аудартады, онда сол соттар әрқашан материалдық жағдайды және баланы асырап алуға шетелдік азамат-үміткерлердің табыс мөлшерін толық сипаттайды.

Баладан бас тарту туралы өтініш жазу кезінде анасының жеке басы анықталмауына және осымен байланысты күдіктердің туындауына байланысты баланы асырап алу туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды.

Алматы облысы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 18 наурыздағы шешімімен Ж. баланы асырап алу туралы азаматша Т. өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды. Өтініш беруші некеде тұрмайтынын, медициналық көрсеткіштер бойынша бала көтере алмайды, балалар үйінен баланы асырап алғысы келетінін көрсетті.

11.08.2014 жылы ол Алматы қаласы Түрксіб ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органына баланы асырап алуға үміткер ретінде есепке тұрған.

Осыған байланысты, оған Алматы қаласының №1, №2 балалар үйлерін және Алматы облысының балалар үйлеріне жолдама берілді. Талдықорған қаласындағы бөбектер үйіне барған ол 21.09.2014 жылы туған Ж.-ны таңдады. Баланың анасы балаға ата-ана құқығынан бас тартқан. Баланың әкесі жоқ.

Сотта Талдықорған қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілі Алматы қаласы Түрксіб ауданының білім беру бөлімінің актісіне сәйкес өтініш берушінің тұрмыстық жағдайы тексерілгенін түсіндірді. Тексеру нәтижесінде өтініш беруші жалпы ауданы 32,7 ш.м. өз жеке меншік пәтерінде тұратыны анықталды.

Санитарлық жағдайы қанағаттандырарлық, қажетті жиһаз бен тұрмыстық техника бар. Т-ның кәмелетке толмаған баланы асырап алу туралы өтініші баланың мүддесіне сәйкес келеді деп санайды.

«Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарауы кезiнде неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы» 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 17 нормативтік қаулының 10-тармағына сәйкес баланың ата-анасы болған жағдайда олардың келiсiмi асырап алудың мiндеттi шарты болып табылады.

Бала асырап алуға ата-ананың келiсiмi нотариат куәландырған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын мекеменiң басшысы не бала асырап алу жүргiзiлген орындағы немесе ата-ананың тұрғылықты жерiндегi қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган растаған арызда көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ бала асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей бiлдiрiлуi мүмкiн. Ата-ананың бала асырап алуға сотта берген келiсiмi хаттамада көрсетiлiп, оның қолы қойылуға, сондай-ақ шешiмде көрсетiлуге тиiс.

Алайда, ата-аналардың құқықтарының басымдығын негiзге ала отырып, олардың қай-қайсысының да баланы асырап алу жөнiнде бұрын берген келiсiмiн, осы шешiмге бару себептерiне қарамастан, шешім шығарылғанға дейiн керi қайтарып ала алатынын ескеру қажет (Кодекстің 93-бабы). Мұндай жағдайда сот баланы асырап алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм шығарады.

Заңның ата-ананың баланы асырап алуға келiсiмi туралы талабы Кодекстің 94-бабы көзделген жағдайлардан басқа, ата-аналары (ата-анасы) бар және қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған, бала асырап алған отбасылардағы, тәрбие, емдеу, емдеу-профилактика мекемелерiндегi, халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде және басқа да осындай мекемелерде тұрған балаларға қолданылады.

Кәмелетке толмаған бала Ж.-ның туу туралы куәлігінде анасы деген бағанада Ж. көрсетілген. Талдықорған қаласы облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігерінің куәландырған өтінішіне сәйкес баланың анасы өзінің ата-ана құқығынан бас тартқан. Алайда, бала анасының жеке басы анықталмаған, облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері жеке басын анықтамай баланың биологиялық анасының өтінішін куәландырған.

 Павлодар облысы Ақсу ҚІІБ 2015 жылғы 16 ақпандағы жауабына сәйкес азаматша Ж. 28.04.1973 жылы туған Н-1 кәртішкесінде тіркелмеген. Баланың анасы ата-ана құқығынан айырылмаған. Осыған байланысты баланың мәртебесі белгісіз.

Мұндай жағдайларда, сот Т.-ның баланы асырап алу туралы өтінішін қанағаттандырудан негізді бас тартқан.

Баладан бас тарту туралы өтініш нотариалды куәландырылғанына қарамастан баланың анасы сотта баланы асырап алуға өз келісімін бермеуіне байланысты баланы асырап алу туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартылған.

Батыс Қазақстан облысы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы шешімімен 2015 жылы 10 наурызда туған М.Н. баланы асырап алу туралы ерлі-зайыптылар Д. Және Б. өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды.

Өтініш берушілер 2011 жылдан бастап некеде тұратынын, медициналық көрсеткіштер бойынша балалары жоқтығын көрсетті. Д. Төрт жыл бойында тексерілген және емдік курс қабылдаған.

Алайда, ем оң нәтижелер берген жоқ. Олар асырап алушылар ретінде есепте 2 жыл тұр. 2015 жылғы 3 наурызда оларға танысы қоңырау шалып, ауылдан оларға бір әйелдің келгенін және баласынан бас тартқысы келетінін хабарлады және олардан сол баланы алғылары келмей ме деп сұрады. Оған олар келісті. Олар сол таныстарына аттанды.

 Сол жерде, жүкті және Орал қаласында босану және баладан бас тарту үшін арнайы келген М. болды. М.-мен олар сөйлескеннен кейін оны өз үйіне алып келді, сол жерде ол босанғанға дейін тұрды. 2015 жылы 10 наурызда М. бала босанды және 2015 жылы 11 наурызда олар оны өз үйіне алып келді. Оған дейін олар нотариусқа барған, сол жерде М. балдан бас тарту туралы жазбаша өтініш жазып берді.

Содан кейін олар білім беру бөліміне барды, сол жерде оларға баланы асырап алу үшін баланың туу туралы куәлігі қажеттігін түсіндірді. 2015 жылы 18 наурызда олар баланың туу туралы куәлігін алды және қайтадан нотариуске барды, сол жерде М. сондай-ақ баладан бас тартты. Көрсетілген уақыттан бастап М.Н. олармен бірге тұрып жатыр. Олар оған бауыр басып алды. Баланың анасы онда екі баласы барын, олар анасымен бірге ауылда тұратынын түсіндірді. 2015 жылы 10 наурызда ол ұл баланы дүниеге әкелді және оны Д. Мен Б. берді, себебі ол кезде ештеңенің мән-мағынасын дұрыс түсінген жоқ болатын.

Нотариуста баладан бас тарту туралы жазбаша өтінішті ол мәтінді оқымай, жазып берді. ол орыс тілін білмейді. Қазіргі уақытта баланың тәрбиесімен ол өзі айналысқысы келеді және баланы асырап алуға келісімін бермейді. Қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органынның өкілі сотта М. баласын қорғаншылыққа алу туралы қаулының күші жойылғанын, биологиялық анасы баланы алғысы келетінін және оның тәрбиесімен өзі айналысқысы келетінін түсіндірді, соған байланысты бала анасымен бірге тұру қажет.

 Өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрайды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратифицикацияланған Бала құқықтары туралы конвенцияның 9-бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер сот шешіміне сәйкес құзыретті органдар қолданыстағы заңға және рәсімдерге сәйкес баланың ең қажетті мүдделері үшін оны ата-анасынан айыру қажет екендігін анықтаған жағдайларды қоспағанда, баланың өзінің ата-анасымен өздерінің тілегіне қарсы айырылыспауын қамтамасыз етеді.

Мұндай анықтама сол немесе өзге бір нақты жағдайда, мысалы, ата-анасы балаға мейрімсіздік танытқан немесе оған қамқорлық жасамаған, не болмаса ата-анасы бөлек тұрып жатқан және баланың тұрып жатқан жеріне қатысты шешім қабылдау қажет болғанда керек болуы мүмкін. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21 және 28-баптарына сәйкес әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы бар және отбасында өсiріп-жетiлдiру мен тәрбиелеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында атаанасының қамқорлығынсыз қалған бала асырап алуға берiлуi мүмкін. Кодекстің 93-бабына сәйкес егер ата-ана құқықтарынан айрылмаған болса, баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет. Бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғанға дейiн ата-аналар бала асырап алуға өздерi берген келiсiмiнiң күшiн жоюға құқылы.

Істің материалдарында М.-ның 2015 жылғы 18 наурыздағы М. бас тарту және оны асырап алуға келісім беру туралы нотариалды куәландырылған өтініші бар.

Өзінің 2015 жылғы 14 мамырдағы өтінішімен М. баланы асырап алуға берген өз келісімінің күшін жойды. Өтініш нотариалды расталған.

 Сондай-ақ, сот отырысында Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы қаулысымен 2015 жылғы 3 сәуірдегі жас нәресте М.-ның қорғаншы ретінде Д. тағайындау туралы қаулының күші жойылғаны анықталды.

Мұндай жағдайларда, сот М.-ны асырап алу туралы өтінішті қанағаттандыру үшін негізді таппады.

Баланың анасы ата-ана құқығынан айырылмауына, ол баланы асырап алуға келісім бермеуіне, баланың туған ағасы, әжесі тәрбиелеуіне байланысты баланы асырап алу туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартылған.

Ерлі-зайыпты З. 2014 жылы қаңтарда оларға тастап кеткен қыз табылғаны, оның қалалық аурухаға жатқызылғаны, содан кейін «Астана қаласының Мамандандырылған нәресте балалар үйі» ММ орналастырылғаны белгілі болғанын көрсетіп, кәмелетке толмаған бала К.- ны асырап алу туралы өтінішпен сотқа жүгінді. Өтініш берушілер баламен қарым-қатынас ұстаған, оған бауыр басып алған, оны өз қызындай көреді.

Астана қаласы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 2 шілдедегі шешімімен 2013 жылы 10 ақпанда туған М.Н. кәмелетке толмаған бала К.-ны асырап алу туралы ерлі-зайыптылар З. өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды. Кодекстің 93-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес егер ата-ана құқықтарынан айрылмаған болса, баланы асырап алу үшін оның атааналарының келісімі қажет.

Бала асырап алуға ата-аналардың келiсiмi нотариалды куәландырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын ұйымның басшысы не бала асырап алған жердегі немесе ата-аналар тұратын жердегi қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган растаған өтініште көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ бала асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей бiлдiрiлуi мүмкiн.

«Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарауы кезiнде неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы» нормативтік қаулының 10-тармағына сәйкес балаларды асырап алу туралы істерді қарау кезінде заңның ата-ананың баланы асырап алуға келiсiмi туралы талабы ата-аналары (ата-анасы) бар және қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған, бала асырап алған отбасылардағы, тәрбие, емдеу, емдеу-профилактика мекемелерiндегi, халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде және басқа да осындай мекемелерде тұрған балаларға қолданылады. К. анасы ата-ана құқықтарынан айырылмағаны, К.-ны асырап алуға келісімін ол бермегені анықталды.

Оның үстіне, К. анасында К.А. ұлы бар – К. ағасы әжесінің қолында тұрады және тәрбиеленуде. Сот отырысында К. әжесі оның ағасы К.А. бірге тәрбиелеу және тұру үшін кәмелетке толмаған балаға қорғаншылық ресімдеуге қарсы еместігін түсіндірді.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 90-бабына, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген қаулының 12-тармағына сәйкес мыналар көзделген, асырап алу балалардың мүдделерiне сай келетiн және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердi (қарындастарды) әртүрлi адамдардың асырап алуына жол берiлмейдi.

Осы норманың мағынасы бойынша асырап алу балалардың мүдделерiне сай келген балалар өздерiнiң туыстығын бiлмеген бiрге тұрмаса және бiрге тәрбиеленбеген ерекше жағдайларда бірнеше жағдайлардың міндетті жиынтығы болған кезде ғана ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердi әр түрлі адамдардың асырап алуына жол беріледі.

Соттың міндетті анықтауына жататын аталған мән-жайлардың тым болмаса біреуінің болуы ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердi әр түрлі адамдардың асырап алуына жол берілмейді.

 Отбасында тұруға, туыстарымен қарым-қатынас жасауға және тәрбиеленуге балалардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына кепіл беруді арттыру мақсатында жоғарыда көрсетілген қаулының 10-тармағына мыналарменмен толықтырып, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының Кодекстің 90-бабының талаптарын орындау үшін асырап алынатын балада туған ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердiң, соның ішінде басқа отбасыларында, қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), асыраушы отбасыларында, тәрбиелеу, емдік, емдік-профилактикалық мекемелерде, халықты әлеуметтік қорғау мекмелерінде және басқа ұқсас мекемелерде тұратын және тәрбиеленетін туған ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердiң барлығы, сондай-ақ туған ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердiң әр түрлі адамдардың асырап алуын жоққа шығаратын мән-жайлардың барлығы туралы анықтау міндеттемелерін көрсете отырып, өзгертулер енгізу қажет.

Әжесі мен атасының немересін асырап алу туралы өтініші қанағаттандырылды

 Өтініш берушілер С. және М. сотқа 1973 жылғы 30 қазаннан бастап тіркелген некеде тұратынын, ересек балалары барын, Қазақстанға 1993 жылы Моңғолиядан келгенін, 2001 жылдан бастап олардың ұлы Х. және қазір онымен ажырасқан бұрынғы әйелі Б. ұлы немересі Ж.-ны екі айлық жастан бастап тәрбиелеп келе жатқанын көрсетіп, 2001 жылы 17 тамызда туған кәмелетке толмаған немересі Ж. асырап алу туралы өтінішпен жүгінді.

Олардың тұрмыстық жағдайлар, материалдық жағдайлары, денсаулық жаңдайлары баланы бағып-күтуге және тәрбиелеуге мүмкіндік береді және ұлдарының өз өмірін құруға мүмкіндік беру үшін аталған шешімді олар бірлесіп қабылдаған. 2010 жылғы 13 және 27 қарашадағы № 13187, 13971 нөмірлі нотариалды куәландырылған өтініштерге сәйкес баланың биологиялық атаанасы ұлын бағып-күтуден және тәрбиелеуден бас тартады және баланы толық тәрбиелеу мен бағып-күту үшін өтініш берушілердің оны асырап алуына өз келісімдерін береді.

Медицналық анықтама негізінде – баланың дені сау. 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1202988 қорытындыға сәйкес Астана қаласы Білім беру басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық органы сотта асырап алу баланың мүддесіне сәйкес жүзеге асырылады және заңнамаға қайшы келмейтінін растап, баланы асырап алу туралы мәселеде оң шешім қабылдау туралы өтініш білдірді.

Істің материалдарына өтініш берушілер некеге тұру туралы куәлік бойынша тіркелген некеде тұратыны, тұрақты жұмыс орны, тұрақты табысы барлығы, тұрғын үймен қамтамасыз етілгені белгілі болды. Медициналық куәландыруға сәйкес өтініш берушілер денсаулық жағдайлары бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алады, олар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 91-бабының 1-13) тармақтарында көрсетілген адамдар қатарына жатпайды, сотталмаған. Ұсынылған құжаттардан көретініміз, өтініш берушілер тұрғылықты жері және жұмыс орындары бойынша тек оң мінездеме берілген, балаға лайықты дәрежеде бағып-күтуге мүмкіндік беретін өз тұрғын үйі және тұрақты ай сайынғы табысы бар.

Астана қаласы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 2 шілдедегі шешімімен 2001 жылы 17 тамызда туған кәмелетке толмаған бала Ж.-ны асырап алу туралы С. мен М. өтініші қанағаттандырылды. С. мен М. 2001 жылы 17 тамызда туған кәмелетке толмаған бала Ж.-ны асырап алуға рұқсат берілген.

Баланың туу туралы актілік жазбада 2001 жылғы 4 қыркүйектегі туу туралы актілерді тіркеу кітабында 2001 жылы 17 тамызда туған Ж. туу туралы, туған жері Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бұланды ауданының Н. ауылы деп №25 жазба жасалды, өзгертулер енгізілсін, баланың тегін «Ж.» өзгертілсін, туған жері ретінде Астана қаласы Алматы ауданы көрсетілсін, әкесі ретінде қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы С., анасы бағанасында қазақ, Қазақстан Республикасының азаматшасы М. көрсетілсін. АХАЖ органдарын туу туралы актілер және баланы асырап алуды мемлекеттік тіркеу кітаптарында тиісті жазбаларды жасау міндеті жүктелсін.

Сот шешімінің көшірмесін мәлімет және бақылау үшін Астана қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органына жіберілсін. Кодекстің 95-бабына сәйкес он жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет. Баланың асырап алуға келісімін ата-аналарының не баланың басқа да заңды өкілдерінің, прокурордың қатысуымен сот анықтайды.

Істі қарау кезінде асырап алынатын бала 13 жаста болғанына қарамастан сот істі баланың қатысуынсыз қарады, асырап алуға, сондай-ақ оның тегі мен әкесінің атын өзгертуге 2001 жылы 17 тамызда туған Ж.-ның келісімі барлығын тексерген жоқ. Кодекстің 92-бабына сәйкес бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуға және ол қырық бес жастан аспауға тиіс.

Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін. Өгей әкесi (өгей шешесi) бала асырап алған кезде, осы баптың 1-тармағында белгiленген жас айырмасының болуы талап етiлмейдi. Шешімде өтініш берушілерді жас шамасы көрсетілмеген, ол көрсетілген норманың талаптарының сақталғанына күмән туғызады. 92-бапты түсіндірген кезде мынадай сұрақтар туындауы мүмкін:

 1) жас айырмасына қойылатын талаптарды бұзу салдары (дәлелді себептер болмаған жағдайда бас тарту үшін негіздер),

2) «жас айырмасы қысқартылуы мүмкін» нені білдіреді және оны қандай түрде жасау қажет (шешімде көрсету).

Баланы асырап алу туралы мәселені шешу кезінде сот баланың мүддесін ескеруі қажет.

Әрбір нақты жағдайда мыналарды: асырап алушылардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін (өтініш берушілерді жұмыс орнында, тұрмыста мінез-құлқын сипаттайтын мәнжайлар, қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығының барлығын және т.б.); денсаулық жағдайы мен жасын; отбасында қалыптасқан өзара қарымқатынастарды, осы адам мен бала арасында туындаған қарым-қатынастарды; болашақ асырап алушылардың материалдық және тұрмыстық жағдайларын тексеру және ескеру қажет.

Асырап алушы мен асырап алынушының жас айырмасын қысқарту

2012 жылғы редакциядағы нормативтік қаулының 9-тармағы негізінде, баланы асырап алу туралы талап мәні бойынша шешуде, сот өтініш беруші үшін асырап алушы болу мүмкіндігін жоққа шығаратын негіздердің жоқтығы туралы мәселені талқылауы қажет (Кодекстің 91-бабының 2-тармағы, 92- бабының 1-тармағы).

 Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кемінде он алты жасты құрайды және қырық бес жастан аспау қажеттігі туралы Кодекстің 92-бабының талаптарына сүйеніп, соттар Кодекспен дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартуға (ұлғайтуға) жол берілетінін ескеру қажет (туыстық қатынастарда болу немесе оны асырап алуға тілек білдірген адамға баланың бауыр басуын және оны өзінің ата-анасы деп санайтын және т.б.).

СҚО Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен 2010 жылы 27 ақпанда туған жас бала К. асырап алу туралы ерлі-зайыптылар Б. өтінішін қанағаттандыруда сот іс бойынша анықталған кәмелетке толмаған К.-ның ұзақ уақыт бойында өтініш берушілердің отбасында тұрғанын, оның жасын, өтініш берушілерге бауыр басып қалғандығын куәландыратын мән-жайларды назарға алып, ол оның мүдделеріне сәйкес келетін болғандықтан өтініш берушілер Б. мен асырап алынушы К. арасындағы жас айырмасын қысқартуды мүмкін деп санады. Шешімде өтініш берушінің жасы көрсетілмеген.

Бұл жағдайда, «жастағы айырымды қысқартуға (ұлғайтуға) рұқсат беріледі» тұжырымдамасы сәтсіз алынған. Шынында, жастағы айырымды қысқарту (ұлғайту) мүмкін емес, себебі бала асырап алушы мен асырап алынушы бала белгілі бір уақытта туған. Ең дұрысы, біздің көзқарасымызша, мына тұжырымдама болады: Жастағы бар айырымды соттың дәлелді деп таныған себептер бойынша рұқсат берілсін (жол берілсін).

СҚО сол сотының 2005 жылы 11 маусымда туған туған немересін асырап алу туралы ерлі-зайыптылар О. өтініші қанағаттандырылған 2015 жылғы 11 тамыздағы басқа шешімінде асырап алушылардың туған күндері көрсетілмеген, жастағы айырымы қандай және заң талаптарына қарамастан ол сай келеді ме көрсетілмеген. 2010 жылы 7 мамырда туған туған немересі С.Д. асырап алу туралы ерлі-зайыптылар М. өтініші бойынша Астана қаласы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 4 тамыздағы шешімінде судья сондай-ақ өтініш берушілердің жасын көрсетпеген және асырап алынушымен арасында жас айырымы қандай, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болуы мүмкін Кодекстің 92- бабымен белгіленген шегінен аспайды ма.

Асырап алу туралы шешімнің дәлелді және қарар бөлігін жасау

Бала асырап алу туралы сот шешімдерін талдау көрсетті, бір жағдайларда, мәселен СҚО шешімнің қарар бөлігінде былай деп жазылады:

«Бала асырап алу белгіленсін» (Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі шешімі Қазақстан азаматтары К.-ның Б.-ны асырап алу туралы өтініші бойынша), екінші бір жағдайларда «Бала асырап алу фактісі белгіленсін» (КТІМАС 2014 жылғы 26 мамырдағы шешімі Италия азаматтарының Д.М. мен Ч.С. асырап алу туралы өтініші бойынша, кейде дәл сол судьяның жазуымен.

Қарар бөлігін дәл осылай әр түрлі етіп жазу Қарағанды облысы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында да орын алған: шетелдіктердің бала асырап алуы кезінде – «Бала асырап алу белгіленсін» (шешімі Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 24 ақпандағы өтініші бойынша Испания азаматтары, ерлі-зайыптылар - тегі Л.Ф., есімі А. және тегі Б.Р., есімі В. баланы асырап алу туралы. Қазақстан азаматтарының бала асырап алуы кезінде:

«Бала асырап алуға рұқсат берілсін» (Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 9 сәуірдегі шешімі Т. және В. бала асырап алу туралы өтініші бойынша. Қарағанды облысы Приозерск қалалық остының қарар бөлігінде былай көрсетілген: Асырап алушылар: А.-ны асырап алынған баланың ата-анасы деп саналсын».

Қостанай облысы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімінде - «бала асырап алуға рұқсат берілсін». ОҚО мемлекеттік тілдегі шешімде «асырап алуына берілсін», басқа өңірлерде «асырап алуға рұқсат берілсін» терминологиясы қолданылады.

 Осыған орай қарар бөлігін дұрыс жазу туралы мәселелер туындайды. ШҚО Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Германия Федеративтік Республикасының азаматтары, ерлі–зайыптылар М.М. және Фон В.М. кәмелетке толмаған 19.05.2010 жылы туған К.О.-ны, 12.02.2012 жылы туған К.И.-ды асырап алу туралы өтініші қанағаттандыруға 2014 жылғы 7 тамыздағы шешімінде, осы соттың осыған ұқсас басқа шешімдеріне қарағанда өтініш берушілердің материалдық жағдайы, олардын жұмыс орны мен табысы, денсаулақ жағдайлары мен жастары жөнінде дәлелдемелер аталмаған және зерттелмеген, күтпеген жағдайлардың (ауыр сырқат, өлім) орын алу салдарынан өтініш берушілер асырап алынған балаға қамқорлық көрсете алмай қалған жағдайда қорғаншының болуы көрсетілмеген (ГФР заңнамасы бойынша талап етілуі мүмкін), сондай-ақ кейбір басқа да елеулі мән-жайлар көрсетілмеген.

Осыған ұқсас кемшіліктер осы соттың 2014 жылғы 30 қаңтардағы Германия Федеративті Республикасының азаматтары ерлі-зайыпты Р.П. және И.П. кәмелетке толмаған 31.08.2010 жылы туған П.-ны асырап алу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы шешімінде жол берілген.

Осылайша, соттар шешімнің дәлелді және қарар бөлігін жазуы кезінде бірізділікті сақтауы тиіс. Ол үшін тиісті ұсыныстарды әзірлеу қажет. Жаңа нормативтік қаулыда (18-т.)

Асырап алушылардың (асырап алушының) арызы қанағаттандырылған асырап алу туралы шешімнің қарар бөлігінде арыз берушілердің (арыз берушінің) баланы асырап алу туралы өтінішінің қанағаттандырылғаны туралы, баланы нақтылы адамдардың (адамның) асырап алғанын тану туралы, сондай-ақ тууы туралы актіге тиісті өзгерістер енгізудің қажеттілігі туралы, оның ішінде асырап алушыларды (асырап алушыны) туу туралы жазбалар кітабында ата-ана ретінде жазу туралы, баланың тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жерін өзгерту туралы, егер арызда осындай өтініш және 10 жасқа толған баланың келісімі болса, сондай-ақ асырап алған баланың ата-аналарының бірінің немесе оның қайтыс болған ата-анасының өзіндік мүліктік емес және мүліктік құқықтарының сақталуы туралы, егер осы мәселелерді сот арыз берушінің не мүдделі адамдардың өтініші бойынша оңынан шешсе, көрсету қажет.

Асырап алған баланың тегі мен әкесінің аты өзгерген кезде деректер асырап алушылардың (асырап алушының) тегі бойынша көрсетіледі, асырап алған баланың тегі мен әкесінің атын қазақ халқының дәстүрлері бойынша одан кейін өзгертуді уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Нормативтік қаулының көрсетілген түсініктемелеріне қарамастан Қазақстанның ювеналдық соттарында бұрынғыша осындай шешімдердің қарар бөлігінде бірыңғайлық жоқ. Қарағанды облысының №2 ювеналдық сотында «Асырап алуға рұқсат берілсін», Қарағанды қаласының ювеналдық сотында – «Бала асырап алу белгіленсін» термині қолданылады.

Мәселен, СҚО қарар бөлігінде бұрынғыша былайша көрсетіледі: «... кәмелетке толмағанды асырап алу белгіленсін», бұл ретте кімнің асырап алуы үнемі көрсетіле бермейді, бірақ, әрине, 2016 жылғы 5 желтоқсандағы шешімнің мазмұнынан кімнің асырап алғандары көрініп тұр. Ақтөбе облысының ювеналдық сотында осыған ұқсас көрсетіледі.

Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының ювеналдық соттарында қарар бөлігінде былайша көрсетіледі: Ж. мен Н. асырап алуға рұқсат берілсін (2016 жылғы 14 наурыздағы шешім). Батыс Қазақстан облысының ювеналдық сотында сондай кәмелетке толмағанды асырап алу туралы сондайдың өтінішін қанағаттандыру туралы көрсетілген.

Бала асырап алу кезінде баланың ұлтын өзгерту соттың құзыретіне кірмейді және Кодекстің 65-бабына сәйкес анықталады, ал сот баланың тұрғылықты жерін тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана өзгертуі мүмкін (Кодекстің 98-бабының 1-тармағы).

 «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223-III Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2- тармағына сай, асырап алған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде жеке сәйкестендiру нөмiрі бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шартты түрде алып тасталатынын назарда ұстаған жөн.

Қызылорда облысының ювеналдық сотында азаматтық процестік заңнама талаптарын бұза отырып мемлекеттік тілде қорыту үшін жіберілген 2016 жыл ішінде шешімдер дәлелді бөлігінде дағдыға айналған үлгімен, іс жүзінде «көшіре отырып» жасалады.

Дәлелдемелердің барлығына сілтеме жасала отырып, белгіленген мәнжайлардың тізбесі келтіріледі, бұл ретте олардың мазмұны, анықтамалардың күні, шығыс нөмірлері немесе қандай да болмасын дербестендіру құралдары көрсетілмейді.

Мысалы, барлық шешімдерде сауалнамалық деректерді, күндері, нөмірлері, нотариустары көрсетілмеген асырап алуға биологиялық атааналарының нотариалды куәландырылған келісімі алынғаны туралы факті көрсетілген. Оның үстіне, шешімдерде кәмелетке толмағанда бір немесе екі биологиялық ата-анасының бар-жоқтығы көрсетілмейді.

Баланы асырап алуға ата-аналарының келісім беруі

«Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы №17нормативтік қаулысының 10-тармағына сәйкес баланың ата-анасы болған жағдайда олардың келiсiмi асырап алудың мiндеттi шарты болып табылады.

 Бала асырап алуға ата-ананың келiсiмi нотариат куәландырған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын мекеменiң басшысы не бала асырап алу жүргiзiлген орындағы немесе ата-ананың тұрғылықты жерiндегi қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган растаған арызда көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ бала асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей бiлдiрiлуi мүмкiн.

Осыған ұқсас талаптар «Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2 Нормативтік қаулысының 8- тармағында бар.

Ата-ананың бала асырап алуға сотта берген келiсiмi хаттамада көрсетiлiп, оның қолы қойылуға, сондай-ақ шешiмде көрсетiлуге тиiс. Алайда, ата-аналардың құқықтарының басымдығын негiзге ала отырып, олардың қай-қайсысының да баланы асырап алу жөнiнде бұрын берген келiсiмiн, осы шешiмге бару себептерiне қарамастан, шешім шығарылғанға дейiн керi қайтарып ала алатынын ескеру қажет (Кодекстің 93-бабы).

Мұндай жағдайда сот баланы асырап алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм шығарады. Заңның ата-ананың баланы асырап алуға келiсiмi туралы талабы Кодекстің 94-бабы көзделген жағдайлардан басқа, ата-аналары (ата-анасы) бар және қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған, бала асырап алған отбасылардағы, тәрбие, емдеу, емдеу-профилактика мекемелерiндегi, халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде және басқа да осындай мекемелерде тұрған балаларға қолданылады.

Бұл ретте Кодекстің 77-бабының 7-тармағына сәйкес ата-аналары атаана құқықтарынан айырылған жағдайда бала асырап алуға соттың атааналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң жол берiледi.

 Ата-аналарының біреуі атаана құқықтарынан айырылған баланы асырап алуға екінші ата-анасының келісімімен жол беріледі.

Қорғаншының (қамқоршының), өгей ата-ананың немесе жоғарыда көрсетілген мекемелердiң жетекшiлерiнiң асырап алуға келiсiм беруден бас тартуы, ата-аналардың бас тартуынан бiр ерекшелiгi, егер мұны баланың мүддесi талап етсе, соттың бала асырап алу туралы мәселенi оңынан шешуiне кедергi жасамайды (Кодекстің 93-бабының 1, 46 тармақтары).

1) Ерлі-зайыптылар Б. мен Ж. кәмелетке толмаған М.Д. асырап алу туралы 2015 жылғы 19 тамызда шешімін шығару кезінде Астана қаласының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы шешім шығары күнін көрсетумен шектеліп, асырап алынушының ата-анасының ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешімнің күшіне ену күнін көрсеткен жоқ, ол заңнамаған толық сәйкес келмейді.

2) Осындай кемшілік сол судьяның 2018 жылғы 19 тамыздағы кәмелетке толмаған Б.Я. асырап алу туралы В. өтініші бойынша шешімінде де бар.

3) Осы соттың 2015 жылы 16 мамырда туған кәмелетке толмаған Б.С. ерлі-зайыптылар Т. және К. асырап алуы бойынша 2015 жылғы 5 тамызда шешім шығару кезінде баланың әкесі барлығы, жоқтығы, сондай-ақ оның келісімі көрсетілмеген.

 Бұдан басқа, шешімде кәмелетке толмаған Б.Ж. биологиялық анасының 2015 жылғы 19 мамырдағы өтінішімен ол қызы Б.С. қатысты ата-ана құқықтарынан бас тартуы көрсетілген. Ол нотариалды немесе қандай да бір басқа тәсілмен куәландырылғаны көрсетілмеген. Сот сот отырысына кәмелетке толмағанның биологиялық анасы дәлелді себептерсіз келмеген деп санады, осыған байланысты ҚР АПК 135-бабының тәртібінде істі мәні бойынша оның соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша қарады. Кәмелетке толмағанның Балалар үйінде болған кезінде туыстары оның қарым-қатынас жасамаған және баланың хал-жағдайын білмеген.

 Бұл жағдайда, нормативтік қаулысының талаптарына қарамастан шешімде нотариалды куәландырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бала болған мекеменің басшысы не баланы асырап алу іс жүргізу орны немесе ата-анасының тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган куәландырған, сондай-ақ асырап алу іс жүргізуі кезінде тікелей сотта алынған анасының келісімі көрсетілмеген Сот бала туғаннан кейін 3-ші күні берілген анасының өтінішін мәні бойынша осы өтініштің түпнұсқалығына анық көз жеткізбей жоғарыда аталған өтінішке теңестірді.

Оның үстіне, бұл «ата-ана құқықтарынан бас тарту туралы» өтініш, ал заң «асырап алуға келісімді» талап етеді. Анасының тұрғылықты жерін айқындау және оның келісімін анықтау үшін заңмен көзделген барлық шаралар қабылданғаны көрінбейді.

Біздің пікірімізше, осы мәселе нормативтік қаулыда түсіндіруді талап етеді. Баланы сәбилер үйінде немесе өзге медициналық немесе әлеуметтік мекемеде қалдырған кезде анасының «ата-ана құқықтарынан бас тарту туралы» өтініш жазу жағдайында ол заңмен белгіленген тәртіпте осы мекеменің басшысы куәландыруы тиіс.

 Онда анық және бір мағыналы мыналар, атап айтқанда баланы асырап алуға келісім көрсетілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, соның ішінде осындай өтініштің түпнұсқалығына күмән келтірілгенде сот өтініш берушілерден сұратып алуы немесе баланы асырап алуға оның келісімінің болуы немесе болмауын анықтау үшін баланың анасын іске қатысуға тарту бойынша жеке өзі шара қабылдауы тиіс. Басқаларға қарағанда осы шешімде өтініш берушілердің материалдық жағдайы, олардың жұмысы барлығы немесе баланы бағып-күтуге мүмкіндік беретін табыстың өзге де көзі көрсетілмеген.

Кодекстің 94-бабына сәйкес некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ананың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген, медициналық ұйымдағы баладан бас тарту туралы жазбаша өтініші болған кезде сот ата-аналардың баланы асырап алуға келісімін растайтын басқа да құжаттарды талап етуге құқылы емес.

Дегенмен, соттар ресімдеудің және осындай өтінішті алудың белгіленген тәртібін мұқият тексеруі қажет. Нормативтік қаулының 7-тармағына сәйкес баланы асырап алу туралы iстер қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өкiлiнiң, сондай-ақ прокурордың мiндеттi түрде қатысуымен қаралады.

Егер сот отырысына асырап алушылардың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын орган өкілдерінің, сондай-ақ прокурордың қатысуы заң бойынша міндетті болып табылса, онда асырап алынатын баланың ата-аналарын (ата-анасын) немесе өзге де заңды өкілдерін, оның туыстары мен басқа да мүдделі адамдарды, сондай-ақ он жасқа толған баланың өзін сот қажетті жағдайларда іске қатысуға тарта алатынын назарда ұстаған жөн.

Егер сот он жасқа толған асырап алынатын баладан оның қаралып отырған мәселе бойынша пікірін анықтау үшін сот отырысында сауал қоюдың орындылығы туралы тұжырымға келсе, онда сот баланың сотқа қатысып отыруы оған жайсыз әсер етпеуі үшін, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органның пікірін алдын ала анықтап алғаны жөн.

Психологтың қатысуымен сот отырысында сауал қою кезінде бала пікірінің ата-аналарының бірінің немесе басқа да мүдделі адамдардың оған ықпал етуінің салдары болып табылатын-табылмайтынын, осы пікірді білдіру кезінде оның өзінің жеке мүдделерін ұғынатынын және оның пікірді қалай негіздейтінін анықтау қажет.

Егер он жасқа толған бала денсаулық жағдайына байланысты (мысалы, бала кезінен мүгедек және жүріп-тұруы шектеулі болса), сот баланың мүдделерін ескере отырып, оның асырап алуға қатысты пікірін өзінің тұратын жері бойынша анықтай алады.

Осы соттың 2014 жылы 23 желтоқсанда туған кәмелетке толмаған бала Б.С. асырап алу туралы А.-ның өтініші бойынша 2015 жылы 25 ақпанда шешім шығару кезінде анасы баланы Астана қаласының медициналық мекемесіне қалдырғаны, асырап алуға келісімді (нотариалды немесе басқа түрде көрсетілмеген) ресімдеп, материалдық проблемаларына байланысты одан бас тартқаны көрсетілген. Бұл ретте, шешімде анасын іске қатысуға тарту бойынша шаралар көрсетілмеген.

 Сонымен бірге, бұл жағдайда анасының және ата-анасының баланы асырап алуға және баладан бас тартуға өз келісімін шақырып алу құқығы бұзылуы мүмкін. Осы іс бойынша өтініш берушінің күйеуі баланы асырап алу туралы өтініш берген жоқ, бірақ әйеліне оған келісім берді.

Сонымен бірге, шешімде әкесі ретінде өтініш берушінің күйеуін жазуға қаулы етілген, ол іс жүзінде баланы оның асырап алуын білдіреді, ол оны сұраған жоқ!

4) Осы соттың кәмелетке толмаған А.А. асырап алу туралы И. Өтініші бойынша 2015 жылғы 20 шілдедегі шешімінде бала анасының баладан бас тартуы немесе баланы асырауға өтіншінің болуы, сондай-ақ соттың процеске қатысуға анасын немесе туыстарын тарту үшін шаралар қабылдағаны туралы көрсетілмеген.

Астана қаласының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шешімдерінің мазмұнын талдау кезінде кейбір шешімдерде өтініш берушілердің «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 86-бабының 4-бөлігіне сәйкес бала он сегіз жасқа толғанға дейін жылына кемінде бір рет бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға асырап алынған бала туралы есептер, баланың өмір сүру, білім алу, тәрбиелену жағдайлары және денсаулық жағдайы туралы есеп ұсынуы міндетімен танысқаны көрсетілмеген.

5) ОҚО Шымкент қаласы мамандандырылған сотының бірінші некеден зайыбының 2012 жылы 1 наурызда туған кәмелетке толмаған қызы Г.С. асырап алу туралы Ч. өтінішін қанағаттандыру туралы 2015 жылғы 19 мамырдағы шешімінің дәлелді бөлігінде дәлелдеме ретінле қыз әкесінің қызын асырап алуға келісімінің болуы көрсетілмеген, ол сот актісін негізді деп санауға мүмкіндік бермейді.

6) Ақтөбе облысының мамандандырылған сотының 2016 жылғы 20 сәуірдегі шешімімен баланы асырап алу туралы К. мен Т.-ның өтініші қанағаттандырылды. 1983 жылы туған К. мен 1985 жылы туған Т.-ны асырап алатын баланың ата-аналары ретінде жазып, 2016 жылғы 28 ақпанда туған К.А.– баланы асырап алу белгіленсін.

Өтініш берушілер, баланың биологиялық анасы алыс туысы болып табылады, оларға нотариалдық кеңседе келісім берген деп көрсетті. Бала туған күнінен бастап олармен бірге тұрады, оларға бауыр басып кетті, оларды біледі, жасанды сүтпен тамақтандырады, асырап алғылары келеді.

Есепке қою туралы заңнама талаптарын бұза отырып, шешімде ешнәрсе көрсетілмеген.

Шешімнің мазмұнынан соттың туыстық қатынасы фактісін тексеру бойынша әрекеті көрінбейді. Есепке қою туралы шешімде ешнәрсе көрсетілмеген. Сондықтан, осындай шешімнің негізділігі күмән туғызады, баланы сатып алу-сату туралы сөз болып тұрған жоқ па.

7) Осы соттың 2016 жылғы 9 маусымдағы шешімі бойынша баланы асырап алу туралы К.-ның өтініші қанағаттандырылды. 1987 жылы туған асырап алынатын баланың әкесі ретінде оны жазып, 2008 жылғы 26 қыркүйекте туған – баланы асырап алуы белгіленсін.

Сот, шешім бойынша, мыналар анықталды, баланың биологиялық әкесі Б. 08.01.2010 жылы қайтыс болған. Бұл ретте шешімде осы фактінің тиісті дәлелдемелері келтірілмеген, қайтыс болуы туралы куәлікке сілтеме жасалынбаған, сондай-ақ бұл да осындай сот актісінің негізділігіне күмән туғызуы мүмкін.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу