⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Бала асырап алу туралы талап бойынша, шетелдік азаматтардың бала асырап алуы

Бала асырап алу туралы талап бойынша, шетелдік азаматтардың бала асырап алуы

Бала асырап алу туралы талап бойынша, шетелдік азаматтардың бала асырап алуы

Бала асырап алу туралы талап бойынша, шетелдік азаматтардың бала асырап алуы

              Кодекстің 1-бабында, 2016 жылғы 9 сәуірдегі заңмен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды есепке ала отырып, мынадай ұғымдар берілген: «бала (балалар), ата-анасының қамқорынсыз қалған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар», бас тартылған балалар (бас бас тартылған балалар)», «(асырап алу)», «бала асырау жөніндегі агенттігі», «жетім- бала)», Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, атааналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтитын деректер базасы.

Кодекстің 11-бабы асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалар арасында неке қиюға жол бермейді. Кодекстің 84-бабының 1-тармағында қандай балалар асырап алуға жататыны көрсетілген.

2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңмен аталған норма біршама өзгерді. 2-тармақтың 4) тармақшасы енді мынадай редакцияда жазылған: туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім берген

«3. Осы баптың 2-тармағының 1) — 3), 5) және 6) тармақшаларында аталған, Республикалық деректер банкінде есепте тұрған балалар азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан, балалардың туыстарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырап алуға берілуі мүмкін;». 4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын.

«4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Республикалық деректер банкінде орталықтандырылған есепте тұрған балалар Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға берілуі мүмкін.

Баланы туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алмаған жағдайларда ғана Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Республикалық деректер банкінде орталықтандырылған есепте тұрған балалар шетелдіктерге асырап алуға берілуі мүмкін.»

Кодекстің 86-бабының 4-тармағы бойынша ҚР азаматтары бала асырап алушылар бала 18 жасқа толғанға дейін жылына кемінде 1 рет бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық органына асырап алынған бала туралы есептер ұсынулары тиіс.

ҚР шегінен тыс тұратындар және шетелдік бала асырап алушылар ҚР балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға алғашқы 3 жылда әрбір 6 ай сайын, бір рет асырап алынған баланың жағдайы туралы есептер ұсынулары тиіс; ал есептер ұсынбаған жағдайда бала асырап алу кезінде олардың мүдделерін білдірген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылуға жатады. 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Осы баптың 2-тармағының 1) — 3), 5) және 6) тармақшаларында аталған балаларды асырап алуға беру туралы рұқсатты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган комиссия қорытындысы негізінде береді»; 85-баптың 1-тармағы Қазақстан Республикасының азаматтарына да баланы жеке өздері таңдап алуға және олармен кемінде екі апта тікелей қарым-қатынаста болуды, тұрғын үй жағдайларын тексеру туралы актіні, жиынтық табыс мөлшері, денсаулық жай-күйі, отбасы жағдайы және соттылығы жоқ екені туралы анықтаманы ұсынуды көздейді.

ҚР азаматтары бала асырап алу рәсімі аяқталғанға дейін баланы қамқорына немесе патронатқа алуы тиіс. Шетелдік азаматтар кемінде 4 апта тікелей қарымқатынаста болуы тиіс. Кодекстің 90-бабында өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген балалар, бір отбасында тәрбиеленген ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердi (қарындастарды) әртүрлi адамдардың асырап алуына жол берiлмеу қағидасынан кетуге негіз бар.

 Кодекстің 91-бабында бала асырап алушы бола алмайтындар саны кеңейе түсті, онда тұрақты тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар, дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдар, қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар, азаматтығы жоқ адамдар, анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде 3 жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдар, наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар, асырап алған кезде асырап алынған баланы ҚР-ның заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар бала асырап алушы бола алмайды.

Кодекстің 92-бабы бойынша бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде 16 жас болуға және ол 45 жастан аспауға тиіс (сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін).

Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың асырап алуы туралы істі қарау кезінде заң шығарушы кейбір ерекшеліктер белгіленді:

Мәселен, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 84- бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балалар, туыстарының тұрған жеріне және азаматтығына қарамастан балалардың осы туыстарының асырап алуына беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана балаларды шетелдіктерге асырап алуға жол берілетінін назарда ұстағандары жөн.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларының 26-тармағына сәйкес, орталықтандырылған есепке қойылған балаларды орталықтандырылған есепке қойылған күннен бастап үш ай өткеннен кейін шетелдіктердің асырап алуына берілуі жүзеге асырылады. 87-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылды:

«4. Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұратын шетелдіктердің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының аумағында асырап алуы осы Кодексте шетелдіктер үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 2016 жылғы 09 сәуірдегі редакциясында 89-баптың 1 және 3- тармақтары мынадай түрде жазылсын:

 «Асырап алуға жататын балаларды есепке алу осы Кодекстің 117- бабының 5 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi жүргiзедi. Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциясына сәйкес, сондай-ақ Неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы кодексінің ережесіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 385 қаулысымен бекітілген Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларына сәйкес қазақстандық балалардың асырап алынуы шетелдің бала асырап алу жөніндегі аккредиттелген агенттіктері арқылы өтеді.

Кодекстің 90-бабында балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларда ағалы-iнiлілер мен апалы-сiңлiлілердi әртүрлi адамдардың асырап алуына жол бермеу қағидаларынан шегінуге негіз бар.

Бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің қызметтерін ұйымдастыруға және агенттік орналасқан мемлекеттің құзырлы органының агенттікке бақылауды жүзеге асыру жауапкершілігін күшейтуге қатысты өзгертістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде:

Агенттік орналасқан мемлекеттің аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында агенттіктің қызметі тоқтатылған жағдайда, белгіленген тәртіппен асырап алынған балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары туралы есептер мен ақпаратты беріп отыратын органды немесе ұйымды тағайындау туралы; Агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының баланың қайтыс болу, оған қатыгездік көрсету, оның ішінде балаға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастық жасау фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына хабар беру туралы міндеттемесін; Кодекстің 91-бабында бала асырап алушы бола алмайтындар саны кеңейе түсті, онда тұрақты тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар, дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдар, қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар, азаматтығы жоқ адамдар, анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде 3 жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдар, наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар, асырап алған кезде асырап алынған баланы ҚР-ның заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар бала асырап алушы бола алмайды. 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңмен бала асырап алуға ниет білдірушілерге қойылатын талаптар неғұрлым қатая түскен.

9) тармақша мынадай редакцияда жазылған: «9) бала асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген адамдарды;»; 14) тармақшасы мына мазмұнда толықтырылсын:

«14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды қоспағанда (ҚР ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде - қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауы және қылмыс құрамы үшін өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.

Сондықтан соттар шетелдіктердің бала асырап алулары туралы істерді қарау кезінде аталған мән-жайлардың болуын тексерулері тиіс, сонымен бірге, қажет болған жағдайда, тиісті түрде бекітілген сот немесе өзге де заң күші бар қылмыстық-процестік актілерді талап етулері және талдау жасаулары қажет.

Мынадай редакциядағы 114-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына назар аудару керек: «4) берілген күнінен бастап алты ай ішінде жарамды болатын (асырап алуға кандидаттардың құжаттарында көрсетілген мерзімдерді қоспағанда) асырап алуға баланы таңдау үшін асырап алушыға кандидаттардың құжаттарын Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына, сондай-ақ асырап алу үшін сотқа ұсынуға.

 Аталған талаптарды сақтамау ҚР АПК-нің 67-68-баптарындағы дәлелдемелердің қатыстылығына, жарамдылығына қатысты талаптардың бұзылуына әкеп соғады.

              Ювеналдық соттардың соттылық тиесілігі

Ювенальды соттар соттылығына кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер және кәмелетке толмағандардың құқықтарын тікелей бұзатын қылмыстар туралы қылмыстық істер ғана емес, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істер жатқызылған кешенді заңдық құзыреттегі соттар ретінде құрылған.

Әкімшілік және қылмыстық істердің соттылығы ӘҚБтК 541-бабының 1-1-бөлігінде және ҚПҚ 290-1-бабымен (2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі редакцияда) айқындалған.

АПК-нің 27-бабының үшінші бөлігіне сәйкес Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін айқындау; ата-ананың баламен араласу тәртібін айқындау және басқа адамдарда болатын баланы айырып алу туралы; бала ата-аналарының біреуімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (оларды шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу және оның күшін жою туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы даулар бойынша; кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша; кәмелетке толмағанның әкесін анықтау және одан алименттер өндіріп алу туралы; он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз табыстарына өз бетінше иелік ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша; кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы; әке болуды анықтау туралы және баланы күтіп-бағуға пайыздық қатынаста немесе нақты ақшалай сомада алименттер өндіріп алу туралы; алименттердің мөлшерін азайту туралы; кәмелетке толмағандардың еңбек, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы; кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істерді қарайды және шешеді.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары, оның ішінде олар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған жағдайларда да бала асырап алу туралы арызды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа береді.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. Өтінішхат істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.

Осылайша, ювеналдық соттардың соттылығына жататын істердің тізімі кеңейтілген және неғұрлым нақтыланған. Сонымен бірге соттылықты анықтау бойынша жаңа сұрақтар туындады. Мысалы бала асырап алу туралы арызды бала асырап алуға тілек білдірген азаматтар, асырап алынушының заңды өкілдерінің алдын ала немесе кейін берілген келісімі бойынша, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың қарауына жататын істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (тұратын) жеріндегі сотқа соттылық қағидалары бойынша беру мүмкіндігі туралы

              Осылайша, бүгінгі күні кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ олардың қатысуымен істер ювенальды соттар қарайды.

              Шетелдіктердің бала асырап алуы

Кодекстің 84-бабының 4 және 5-тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жетім балалардың, атааналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған, егер туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары баланы асырап алуы мүмкін болмаса ғана шетелдіктердің асырап алуына берілуі мүмкін.

Шетелдіктердің бала асырап алуы туралы істерді қараған кезде, сот азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан, баланың туыстарының не Қазақстан Республикасы азаматтарының осы баланы бірінші кезекте асырап алу құқығын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының іске асырғанын анықтауға міндетті.

Шетелдіктердің бала асырап алуына балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында Қазақстан Республикасымен тең мәнді халықаралық міндеттемелері бар елдердің азаматтарына ғана рұқсат етіледі.

Бұрын қабылданған нормативтік қаулының 5-тармағына сәйкес баланы шетел азаматы асырап алған жағдайда сот, сондай-ақ арызданушыдан оның тұрмыс жағдайы және асыраушы болу мүмкiндiгi туралы ол азаматы болып табылатын мемлекеттiң не осы тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің құзыреттi органы берген қорытындыны, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi мен консулдық мекемесiнiң шетел азаматының Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға тiлек бiлдiрген адам ретiнде аталған органдарда тiркелуiн растайтын құжатын сұратуға мiндеттi.

Бұл ретте сот шетел азаматының не шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматының асырап алу туралы мәселе қойып отырған баланың кемiнде үш ай бойы орталықтандырылған есепте тұратынына көз жеткiзуге тиiс.

Көрсетiлген талаптарды тексеру үшiн сот асырап алынатын баланың бастапқы, аймақтық және орталықтандырылған есепте тiркелуi туралы мәлiметтердi сұратып алуға тиiс.

Жаңа нормативтік қаулының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды шетелдіктердің асырап алуы туралы істерді қарай отырып, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шетелдік азаматтар процессуалдық құқықтарды пайдаланатынын және процессуалдық міндеттерін Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей орындайтынын соттардың назарда ұстағандары жөн (АПК-нің 472-бабының екінші бөлігі).

Қазақстан Республикасының ұйымдарына немесе шетелдік тұлғаларға қатысты шет мемлекеттердің заңдары бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалған, шет мемлекеттердің құзыретті органдары белгілеген нысан бойынша берген, жасаған немесе куәландырған құжаттарды Қазақстан Республикасының соттары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, консулдық заңдастыру немесе апостиль болған жағдайда қабылдайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы үшін 2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енген, шетелдің ресми құжаттарын заңдастыру талабын жоятын Конвенцияға (бұдан әрі — Конвенция) (Гаага қаласы, 1961 жылғы 5 қазан) қатысушы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарда құжаттарды заңдастыру талап етілмейді.

Конвенцияның 3 және 5-баптарының талаптарына сәйкес, Конвенцияға қатысушы мемлекеттерде ресми құжаттарды дипломатиялық немесе консулдық заңдастырудың орнына, лауазымды адамдардың қолдарының, құжаттағы мөрлер мен мөртаңбалардың төлнұсқалылығын растау үшін осы құжат жасалған мемлекеттегі құзыретті орган апостиль қояды.

Сот осы Конвенцияның 4-бабында көзделген апостиль қою тәртібінің сақталуына назар аударуы қажет, нақтылы айтқанда: апостиль құжаттың өзіне немесе құжатпен бірге бекітілетін жеке параққа қойылады, ол аталған Конвенцияға қоса берілген үлгіге сәйкес болуға тиіс.

Егер шетел агенттігі берген апостилдендірілген құжатты сотқа ұсыну кезінде оның шектеулі қолданылу мерзімі өтіп кеткен болса, онда мұндай құжатты жарамсыз дәлелдеме деп тану туралы мәселені шешу қажет.

 Жаңа нормативтік қаулының 11-13-тармақтары, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың асырап алуы туралы істі қарау кезінде соттар мыналарды:

1) егер осы балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының тәрбиесіне (заңмен көзделген асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронаттық тәрбие, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың өзге де нысандары), немесе туыстарының тұрған жеріне және азаматтығына қарамастан балалардың осы туыстарының асырап алуына беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана балаларды асырап алуға жол берілетінін назарда ұстауды көздейді (Кодекстің 84-бабының 4-тармағы).

Көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін соттар қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі функцияны жүзеге асыратын органнан баланы Қазақстан Республикасының азаматтары отбасының тәрбиесіне немесе баланың туыстарының азаматтығына және тұрған жеріне қарамастан осы туыстардың асырап алуына берудің мүмкін еместігін растайтын құжаттарды, асырап алынған баланы бастапқы, өңірлік және орталықтандырылған тіркеу туралы деректерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органынан асырап алынған баланың орталықтандырылған есепке қойылғаны туралы деректерді сұратуы қажет.

Аталған құжаттарды зерттеу кезінде баланың қай уақыттан бастап есепте тұрғанын, орталықтандырылған есепке қоюдың үш айлық мерзімінің өткен-өтпегенін, баланың Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе баланың туыстарына тәрбиелеуге немесе асырап алуға ұсынылғанұсынылмағанын, егер ұсынылса, олардың отбасына қабылдап алудан қандай себептермен бас тартқанын тексеріп, осы баланы асырап алудан бас тартқан туыстардан және адамдардан олардың бала туралы мәліметтермен танысу және асырап алудан не отбасының тәрбиесіне қабылдаудан бас тарту туралы арызға қол қойған-қоймағандары туралы жауап алған жөн;

 2) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға үміткер және асырап алу бойынша аккредиттелген агенттіктер арқылы белгіленген тәртіппен тіркелген адамдар өздері азаматы болып табылатын не тұрақты тұрғылықты жері бар мемлекеттің құзыретті органының олардың тұрмыс жағдайлары және асырап алушы болу мүмкіндігі туралы қорытындысын, құзыретті органның асырап алынған баланың Қазақстан Республикасынан қабылдайтын мемлекетке кіруіне рұқсатын сотқа ұсынуға тиіс.

Сот осы азаматтардың тұрмыс жағдайы және асырап алушылар болу мүмкіндігі туралы асырап алу жөніндегі шетел ұйымдары (асырап алу жөніндегі агенттіктер) әзірлеген қорытындыны зерттеген кезде осы ұйымдарға тиісті мемлекеттің құзыретті органның атынан осындай қорытындыны әзірлеу өкілеттігі берілген-берілмегенін тексерулері қажет.

Адамның асырап алушы болу құқығын растайтын құжаттарды тексеру кезінде сотталғандығының болу немесе болмау фактісін баланы асырап алуды қалайтын адам тұратын елдің тек құзыретті органы растауға тиіс екенін назарда ұстаған жөн. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты бар шетел азаматтары асырап алған жағдайда, сот осы азаматтардың Қазақстан Республикасында тұрған кезеңі үшін сотталғандығының бар немесе жоқ екені туралы олар азаматтары болып табылатын елдің және Қазақстан Республикасының құзыретті органдары әзірлеген құжаттарды сұратып алдыруға міндетті.

Арыз берушілерде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен бекітілген аурулар тізбесінде көрсетілген аурулардың бар-жоғын, олар болған жағдайда адам баланы асырай алмайтынын, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа ала алмайтынын тексере отырып, арыз берушілер тұратын елде берілген медициналық қорытындыны зерттеулері қажет.

Қорытындылардың жарамдылығына және дәлелдеме ретінде жеткіліктілігіне күмән туған жағдайда, сот асырап алушыларға Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде медициналық тексеруден өтуді ұсынуға құқылы.

Жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан бала асырап алынған жағдайда, сот асырап алуға үміткерлердің балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың есебінде тұрғанына көзін жеткізуі қажет.

 Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында Қазақстан Республикасымен тең халықаралық міндеттемелері бар елдің азаматтарына ғана шетелдіктердің бала асырап алуына рұқсат етіледі. Көрсетілген мәнжайларды анықтау мақсатында, бала асырап алушы елдің Қазақстан Республикасы бекіткен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы бірқатар Конвенцияларды бекіту және тану фактісін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен асырап алушы ел арасында жасалған құқықтық көмек көрсету туралы екіжақтылы келісімнің бар-жоғын тексеру қажет.

Шетелдіктердің бала асырап алу туралы өтініштерін қайтару.

1) Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 2 наурыздағы ұйғарымымен бала С. асырап алу туралы К.-ның өтініші ҚР АПК 154-бабының 1-тармағына сәйкес асырап алынатын бала мен оның анасы Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатыны, ал баланы әкесі жоқ болуына байланысты негіздер бойынша қайтарылды.

Судья «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес шетел мемлекетінің азаматтары болып табылатын балаларды асырап алу Қазақстан Республикасы соттарының құзыретіне кірмейтінін көрсетті.

Осыған байланысты өтініш беруші өтінішпен Ресей Федерациясының сотына жүгінуі қажет. Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2015 жылғы 22 сәуірдегі ұйғарымымен жоғарыда аталған ұйғарымды ҚР АПК 317-2-бабына сілтеме жасап, барлық қажетті құжаттар қоса тіркелуіне байланысты, соттылығына жатпайтыны туралы дәлелдерге баға бермей күшін жойды.

2) Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьясының 2015 жылғы 29 маусымдағы ұйғарымымен Венесуэла азаматының 2002 жылғы 14 мамырда туған Г.-ны асырап алу туралы өтініші қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларына сәйкес бала асырап алуға үміткер және белгіленген тәртіппен бала асырап алу жөніндегі аккредиттелген агенттіктер арқылы тіркелген шетелдіктер уәкілетті органға: баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтінішті; табыстары туралы анықтаманы; отбасы жағдайы туралы анықтаманы; паспорттардың көшірмелерін; денсаулық жағдайы туралы анықтаманы; сотталмағандығы туралы анықтаманы; жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімін; достарының немесе көршілерінің кемінде үш ұсыным хатын; тұрғын үйінің бар-жоқтығын растайтын құжатты; бала асырап алу жөніндегі уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ықтимал бала асырап алушылардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы арнайы берген анықтамасын; бала асырап алуға құқығын растайтын қабылдаушы мемлекеттің құзыретті органы берген құжатты; асырап алынған баланың Қазақстан Республикасынан қабылдаушы мемлекетке баруына рұқсатты; міндеттемелерді ұсынады. Көрсетілген құжаттарға апостиль қою қажет.

Өтініш берушіге судья атап көрсеткен бұзушылықтарды жою үшін 2015 жылғы 26 маусымына дейін мерзім берілді. Алайда, өтініш беруші бұзушылықтарды жойған жоқ, соның салдарында өтініш қайтарылды.

3) Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьясының 2015 жылғы 6 ақпандағы ұйғарымымен бірінші некенің оның зайыбы М. ұлы 30.06.2006 жылы туған бала К. асырап алу туралы М. өтініші ҚР АПК 154-бабының 1-тармағының 2-тармақшасы негізінде осы іс аталған соттың қарауына жатпайтындықтан қайтарылды.

АПК 317-1-бабына сәйкес бала асырап алу туралы өтінішті бала асырап алғысы келетін азаматтар баланың тұрғылықты (жүрген) жерiндегi кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа бередi.

Өтінішке Санкт-Петербург қаласы Приморск ауданының №582 жалпы орта білім беру мектебі директорының 27.01.2015 жылғы анықтамасы қоса берілген, онда К. аталған мектептің 2 «Б» сыныбында оқитыны көрсетілген.

Сондай-ақ, өтініштің өзінде К. РФ, Ленинград облысы ... мекенжайы бойынша тұратыны көрсетілген. Асырап алынатын бала К. Алматы қаласында тұрмайтындықтан, онда сәйкесінше бала асырап алу туралы осы өтініш Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының соттылығына жатпайды. Жаңа нормативтік қаулының 14-тармағында арызды қайтарып беру негіздемесі түсіндірілген.

 Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды асырап алуды қалайтын Қазақстан Республикасының азаматтары баланы жеке өздері таңдап алуға және олармен кемінде екі апта тікелей қарым-қатынаста болуға міндетті. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен бала асырап алуға үміткер шетелдіктер баламен кемінде төрт апта тікелей қарым-қатынаста болуға тиіс. Көрсетілген адамдар осы мерзімді асырап алу туралы арызды сотқа бергенге дейін сақтауға тиіс.

Заң асырап алушыларды асырап алынатын балалармен белгіленген мерзімдерде жеке өздері танысуын міндеттейтіндіктен, сот отырысы барысында сот арыз берушілердің асырап алынатын баламен араласу мәнжайын зерттеп, олардың арасында қарым-қатынастың орнығуына көз жеткізуге тиіс болғандықтан, осы мерзімдер өткенге дейін берілген асырап алу туралы арыз АПК-нің 152-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сай, арыз берушіге кері қайтарылады.

Шетелдік азаматтардың Қазақстан азаматтарының балаларын асырап алу кезінде есептерді ұсыну бойынша талаптарды сақтау, сондай-ақ ұсынылатын дәлелдемелерді анықтығы

Іс жүзінде, Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі МАС баланы асырап алу туралы барлық шешімдерінде асырап алушыларға есептерді ұсыну бойынша міндеттерді түсіндіреді. 2016 жылғы 1 сәуірдегі шешімдерімен сот Франция Республикасының азаматы Г.-ның 07.07.2009 жылы туған кәмелетке толмаған Б.-ны асырап алу туралы өтініші, сондай-ақ Франция Республикасының азаматы К.-ның 15.08.2012 жылы туған кәмелетке толмаған К.-ны асырап алу туралы өтініші қанағаттандырды.

Бұл ретте, судьялар өтініш берушілердің «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 86-бабының 4-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары - жылына кемінде бір рет асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндеті туралы хабарлағаны заңды және негізді болып табылады.

Сонымен бірге, сондай-ақ шетелдіктердің біздің кәмелетке толмаған азаматтарын асырап алу туралы өтініштерін қанағаттандыру туралы сол сот пен судьяның (2016 жылғы 29 қаңтардағы шешімдер) 2 басқа шешім шығару кезінде, жоғарыда аталған міндет асырап алушыларға, сол сияқты іске қатысатын асырап алу бойынша агенттікке жүктелген жоқ.

Кодекстің 114-бабының 2-тармағына сәйкес баланы асырап алу жөніндегі агенттік берілген күнінен бастап алты ай ішінде жарамды болатын (асырап алуға кандидаттардың құжаттарында көрсетілген мерзімдерді қоспағанда) асырап алуға баланы таңдау үшін асырап алушыға кандидаттардың құжаттарын Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына, сондай-ақ асырап алу үшін сотқа ұсынуға міндетті.

Аталған талаптарды сақтамау дәлелдемелердің іске қатысын және жарамдылығына ҚР АПК-нің 67-68-баптарының талаптарын бұзуға әкеп соқтырады.

Бұл ретте жоғарыда аталған бойынша,сол сияқты басқа да істер бойынша, тіпті шешімдерде асырап алушылардың алкогольдік ішікдікке, есірткі заттарына әуесқойлығының жоқтығы, қылмыстық жауаптылыққа тартылу фактілері және басқалар туралы жиі көрсетілмейді.

Шетелдік азаматтардың мүгедек баланы асырап алу туралы өтініші қанағаттандырылды.

Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 21 сәуірдегі шешімімен ГФР азаматының 28.10.2013 жылы туған Б. асырап алу туралы өтініші қанағаттандырылды.

Талаптар уәжделді, 2002 жылдан бастап тіркелген некеде тұрады, медициналық көрсеткіштер бойынша балалары жоқ, осыған байланысты баланы асырап алу туралы шешім қабылдаған, содан кейін 2014 жылғы 18 мамырда Мюнхендегі ҚР Бас Елшілігінде және ҚР Білім және ғылым министрлігінде баланы асырап алуға тілек білдірген адамдар ретінде тіркелген.

«Алматы қаласының №1 қалалық мамандандырылған бөбектер үйі» МҚМ мүдделі адамның өкілдері баланы асырап алу рәсімі сақталған, өтініш берушілер баламен қарым-қатынаста болған, олар оң мінездемемен сипатталған, сонымен бірге өтініш берушілер мен бала бір-біріне бауыр басып кеткен және баланың МҚМ болған кезінде оны ешкім іздеп келген жоқ деп түсіндіріп мәлімделген талаптармен келісті.

Бала бірнеше мәрте Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға ұсынылған, алайда денсаулық жағдайына байланысты одан бас тартылған, себебі бала балалық шақтан мүгедек болып табылады, 2 рет ота жасалған.

Баланың анасы Б. жүкті болған кезінде баланың белглі бір патологиямен дүниеге келетіні анықталғанын, сондықтан жүктілік үзілген, бала шала туылған деп түсіндірді. Ол баланы бөбектер үйінде қалдыру туралы шешім қабылдаған, себебі некеде жоқ және тұрақты емделу, оған қойылған диагнозды ескеріп, баланы күтуге мүмкіндігі жоқ. баланың әкесі Украинада тұрады және оның тұрғылықты жері белгісіз, оның анасы бала туралы біледі, алайда баланы қалдыру туралы шешімді бірлесіп қабылдаған.

Бала анасының «Қалалық перинаталды орталығы» МҚК бас дәрігері атына жазылған өтінішінен өмірмен үйлеспейтін басынан ауыр мүгедектік дамуы анықталмау және жүктіліктің 31 аптасында үзу себептері бойынша бала Б.-ға ата-ана құқығынан өз еркімен бас тартқаны белгілі. Сондай-ақ, баланың реанимацияда жатқаны және одан әрі оның өмірі үшін қажетті барлық операцияларды төлеу мүмкіндігі жоқтығы көрсетілген.

Істің материалдары баланың жатырдағы пневмония, ВПР, ОЖЖ, бел омыртқа бөлігінің бел-құйымшақ сегізкөздің рахишизис, 31-32 аптада шала туылу диагнозымен дүниеге келгені расталады. 01.11.13 жылы бала «Рахишизисті жою, жұлын өзегі мен белқұйымшақ сегізкөздің артқы қабырғасының пластикасы»; 27.11.13 жылы «Оң  вентрикулоперитонеостомия» оталары жасалды. 15.05.2014 жылдан бастап 28.10.2029 жылға дейінгі мерзімге бала кезінен мүгедек ретінде есепте тұр.

Істің материалдарынан бала 17.01.2014 жылдан бастап ҚММ тәрбиеленуінде, 21.01.2014 жылы алғашқы, 21.02.2014 жылы- өңірлік, 14.04.2014 жылы - орталықтандырылған есепке қойылғаны белгілі. Баланың әлеуметтік мәртебесі – бас тартылған.

Баланың тағдыры туралы бірде-бір адам сұраған жоқ және оны ешкім хал-жағдайын білуге келмегені анықталды, ол 11.03.2015 жылғы ҚММ мәліметтерінен, соның ішінде 02.07.2014 жылғы туыстарының жоқтығы туралы анықтамадан, 10.04.2015 жылғы бала анасының тұрғылықты жеріне бару туралы ҚММ актісінен көрінеді.

Сонымен, кәмелетке толмаған Б. ата-анасының қамқорынсыз қалған, өзінің құқықтық мәртебесі бойынша Кодекстің 84-бабына сәйкес оған қатысты асырап алуға рұқсат берілетін балаларға жатады.

Алматы қаласының білім беру органдары арқылы өз функцияларын жүзеге асыратын Қорғаншылық және қамқоршылық органдары Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасында тәрбиелеуге беру бойынша шаралар қабылданған.

Баланы асырап алуға өтініш берушілердің жүгінуіне дейін Алматы қаласының Білім беру басқармасы баланы таңдау үшін ҚММ жіберілген 5 қазақстандық отбасы жұбы бас тартқан, олардың Б.-ны асырап алудан бас тарту туралы қолхаттарынан оның денсаулық жағдайына байланысты екені көрінеді. 06.02 бастап 07.03.2015 жыл бойынша өтініш берушілер ҚММ бала Б.- ға келген, ол туралы ата-аналардың болу туралы белгі бар және ұсынылған фотосуреттерден көрінеді.

Оны көру барысында өтініш берушілер медицналық қорытындылар мен баланың диагнозымен танысады. «Центрумфюр Адопцьонен» тіркелген одақ, лицензиясы бар бала асырап лау жөніндегі агенттік бала асырап алғаннан кейінгі бақылау, баға беру және бала асырап алғаннан кейін 3 жыл ішінде әрбір алты айда және асырап алынған баланың 18 жасқа толғанға дейін жылына бір рет баланың өмірі туралы есептерді беру рәсімдері бойынша міндеттемені өзіне алды.

Өтініш берушілер өз тарапынан асырап алған баланы Қазақстан Республикасының елшілігінде тіркеу және асырап алынатын баланың өмір сүру жағдайлары мен тәрбиелеуін тексеру мүмкіндігін беру міндеттемесін алды.

Баланы асырап алудың халықаралық мәселелерімен танысып шыққан, өтініш берушілер отбасына баланы қабылдауға дайындалу бойынша үлкен жұмыс атқарғаны анықталды. Істің материалдарына өтініш берушілердің туыстары және достары бала асырап алу туралы олардың жоспарын қолдайды және баланы өз топтарына қабылдауға дайын екендігі көрінеді.

Жоғарыда жазылған жағдайлар кезінде сот баланыс асырап алу үшін барлық заңды негіздер бар және сөйтіп, мәлімделген талаптарды қанағаттандырудың негізді деп есептеді. Оңтүстік Қазақстан облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі шешімімен 2004 жылғы 11 қыркүйектегі Г. кәмелетке толмаған баланы асырап алу туралы Б.-ның өтініші қанағаттандырылды.

Шетелдіктердің асырап алатын баламен тiкелей қатынаста болу мерзімін сақтауы.

1) ШҚО бойынша Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 2 желтоқсандағы шешімімен Германия Федеративтік Республикасының азаматы К.Г. екі немересі П.В. мен П.Т. асырап алу туралы өтініші қанағаттандырылды Нормативтік қаулының 6-1-тармағына сәйкес бала асырап алуға үміткер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдіктер баламен кемiнде төрт апта тiкелей қатынаста болуға тиіс.

Осы мерзімді олар баланы асырап алу туралы сотқа арыз бергенге дейін сақтауға тиіс. Осы мерзім олардың баланы асырап алу туралы сотқа арыз бермей тұрып сақталуы қажет.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы немесе шетелдіктің баланы асырап алуға берген өтініші осы мерзім өткенге дейін АПК-нің 155-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қозғалыссыз қалдырылуға жатады, ал арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымда көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда талапкерге қайтарылады.

Жоғарыда аталған шешімнің мазмұнында, өтініш беруші балалармен екі аптадан аса қарым-қатынаста болған, алайда, шетелдік-туыстары үшін қандай да бір қарым-қатынас мерзімін азайту заңнамада көзделмеген.

Сондықтан, бұл жағдайда сот заңнама талаптарын бұзған. Балалардың мүдделері үшін, осы келтірген мысалдағыдай ерекше жағдайларда міндетті қарым-қатынас жасаудың мерзімін қысқартуға сотқа құқық берген жөн болар еді, ол үшін Кодекске тиісті өзгерістер енгізу қажет.

2) ШҚО бойынша Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 1 тамыздағы шешімімен кәмелетке толмаған 21.07.2009 жылы туған Н.-ны асырап алу туралы Германия Федеративтік Республикасының азаматтары Г.Ф. және Г.Т. өтініші қанағаттандырылды.

Бұл ретте шешімнің мазмұнынан, өтініш берушілер 2014 жылғы 25 маусым мен 2014 жылғы 31 шілде аралығында балаға барғаны және араласқаны көрінеді, ал өтініш берушілердің қашан сотқа жүгінгені шешімде көрсетілмеген, олар сол сәтте қарым-қатынастың ең аз мерзімін сақтаған ба, ол белгісіз.

Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасын қысқарту.

2012 жылғы редакциядағы нормативтік қаулының 9-тармағы негізінде, баланы асырап алу туралы талап мәні бойынша шешуде, сот өтініш беруші үшін асырап алушы болу мүмкіндігін жоққа шығаратын негіздердің жоқтығы туралы мәселені талқылауы қажет (Кодекстің 91-бабының 2-тармағы, 92- бабының 1-тармағы).

Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кемінде 16 жасты құрайды және 45 жастан аспау қажеттігі туралы Кодекстің 92-бабының талаптарына (шешім шығару күніне редакциядағы) сүйеніп, соттар Кодекспен дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартуға (ұлғайтуға) жол берілетінін ескеру қажет (туыстық қатынастарда болу немесе оны асырап алуға тілек білдірген адамға баланың бауыр басуын және оны өзінің ата-анасы деп санайтын және т.б.).

ШҚО бойынша Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 2 желтоқсандағы шешімімен Германия Федеративтік Республикасының азаматы К. П.В. мен П.Т., тиісінше 09.10.2004 және 09.01.2006 жылы туған екі немересін асырап алу туралы өтініші бойынша сот мынаны көрсетті:

«Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы қысқартуға жатады, себебі өтініш беруші асырап алынушы қыздардың атасы болып табылады, асырап алынушы қыздардың басқа туыстары жоқ». Шешімде өтініш берушінің жасы көрсетілмеген.

Бұл жағдайда, біздің пікірімізше, «жастағы айырымды қысқартуға (ұлғайтуға) рұқсат беріледі» тұжырымдамасы сәтсіз алынған. Шынында, жастағы айырымды қысқарту (ұлғайту) мүмкін емес, себебі бала асырап алушы мен асырап алынушы бала белгілі бір уақытта туған.

Ең дұрысы, біздің көзқарасымызша, мына тұжырымдама болады: Жастағы бар айырымды соттың дәлелді деп таныған себептер бойынша рұқсат берілсін (жол берілсін).

Бала асырап алушыға асырап алынушы баланы Қазақстан азаматтығын 18 жасқа дейін сақтау міндетін түсіндіру.

 Атырау облысы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 9 тамыздағы шешімімен Ұлыбритания (Шотландия) азаматы К.Р. 2004 жылғы 6 тамызда туған Қ.С. асырап алу туралы өтініші қанағаттандырылды.

Шешімде, сот отырысында өтініш беруші К.Р. мен оның зайыбы – Н. мүдделі тұлға Қ.С. (бірінші некеден туған оның баласын) бала асырап алу туралы шешім шыққаннан кейін өтініш берушімен бірге баланы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде тіркеуге және баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын 18 жасқа дейін сақтауға міндеттенгені заңды түрде көрсетілген.

Оның үстіне, асырап алынушы баланың азаматтығын 18 жасқа дейін міндетті түрде сақтау «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабымен көзделген.

Шетелдіктердің бала асырап алуынан бас тарту

Алматы облысы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Италия азаматтары Н.А. және Б.М. 27.12.2008 жылы туған Л.В. асырап алу туралы өтініштерін қанағаттандырудан бас тартылды.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 70- бабының 2-тармағы бойынша ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті.

Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Кәмелетке толмаған баланың биологиялық анасы Л.-дың айтуынша 2009 жылы ол материалдық ауыр жағдайына байланысты 27.12.2008 жылы туған баласы Л.В.-ны балалар үйіне уақытша қалдырып кетуге мәжбүр болған, осы жөнінде жазылған өтініші бар. Бұдан кейін ол ата-ана құқығынан айырылған. Жеке басын айғақтайтын құжаттарының болмауына байланысты ата-ана құқығын қалпына келтіре алмаған, сонда да Талдықорған қаласындағы балалар үйіндегі баласына барып тұрған.

Қазіргі уақытта ол жеке басын айғақтайтын құжаттарын қалпына келтіруде, одан кейін жұмысқа тұрып, баланың қалыпты өмір сүруі мен тәрбиеленуіне қажетті барлық жағдайды жасамақшы. Ол баласын өз тәрбиесіне алуға ниетті. Іс материалдарынан кәмелетке толмаған В.В.Лапшиннің туған әпкесі бар екені, оның биологиялық әкесінің отбасында тәрбиеленіп жатқаны белгілі болды.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 90 - бабының 2-тармағына cәйкес асырап алу балалардың мүдделерiне сай келетiн және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген ағалыiнiлілер мен апалы-сiңлiлілердi (қарындастарды) әртүрлi адамдардың асырап алуына жол берiлмейдi.

Өтініш беруші тараптың інісі мен әпкесі туғаннан бірге тұрмаған, бірінбірі танымайды деген дәлелдері өтінішті қанағаттандыру үшін негіз болып табылмайды.

Баланың құқықтары туралы Заңының 21-бабы бойынша баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар. Жоғарыда аталған ҚР Заңның 25-бабына сәйкес баланың өз атаанасымен немесе басқа да заңды өкілдерiмен бiрге тұруға құқығы бар.

Кәмелетке толмағандардың жастарының кішілігі, туыстық байланыс жөнінде білмеуі ескерілсе, бұл олардың болашақта туыстыққа мұқтаж болмайтынын білдірмейді. Олардың өздерінің жақын туыстары жөнінде білуге құқықтары бар.

Алматы облыстық сотының Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 13 мамырдағы қаулысымен Алматы облысы №1 Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 26 наурыздағы жоғарыда аталған шешімі өзгеріссіз қалдырды, өтініш берушілердің шағымын – қанағаттандырусыз қалдырды. Алматы облыстық сотының кассациялық сот алқасы 2014 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысымен аталған сот актілерін өзгеріссіз қалдырды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2015 жылғы 27 наурыздағы қаулысымен төменгі тұрған соттардың сот актілері өтінішті қанағаттандырумен жаңа шешім қабылдай отырып, күші жойылды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2015 жылғы 10 маусымдағы ұйғарымымен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өтініш бойынша жоғарыда көрсетілген қаулы жаңа ашылған мән-жайлар бойынша күші жойылды, іс бойынша іс жүргізу жаңғыртылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2015 жылғы 16 маусымдағы қаулысымен қаулы етілді:

Алматы облысы №1 Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 26 наурыздағы шешімінің, Алматы облыстық сотының Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 13 мамырдағы және осы соттың кассациялық сот алқасының 2014 жылғы 3 желтоқсандағы қаулыларының күші жойылсын, іс Алматы облыстық сотының Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының бірінші саты соты үшін көзделген қағидалар бойынша өзге құрамда жаңа қарауға жіберілсін. Жоғарғы Сот өз шешімін мынамен дәлелдеді:

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған балалар Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және азаматтығына қарамастан балалардың туыстарына асырап алуға берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған, егер туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары баланы асырап алуы мүмкін болмаса ғана шетелдіктердің асырап алуына берілуі мүмкін.

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қоюға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 209 бұйрығына сәйкес баланы есепке қою үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының асырап алуға ұсынылған балалардан бас тартуларын растайтын қолхат қажет.

Іс бойынша жаңа шешім қабылдай отырып, қадағалау сатысының соты Л. баланың биологиялық анасының ата-ана құқықтарынан айырылғанына және кәмелетке толмаған Л.В. Қазақстан Республика азаматтарының асырап алудан бас тартуына сілтеме жасады.

Алайда, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жаңа ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау туралы өтінішін қарау кезінде Талдықорған қалалық сотының 2014 жылғы 23 қазандағы үкімімен Қазақстан Республика азаматтарының Л.В. асырап алудан бас тарту туралы жазған қолхаттардың бұрмалау фактісі анықталғаны назарға алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 177- бабының 3-бөлігінің «г» тармағы, 348-бабының 1-бөлігі, 314-бабының 1- бөлігі бойынша Н. айыптау бойынша қылмыстық іс бойынша бас сот талқылауы барысында жауап алынған куәлер 2014 жылы шілдеде Н. Нұсқауы бойынша азаматтар Б. және В. атынан Л.В. асырап алудан бас тарту туралы қолхаттардың бланкісін толтырғанын көрсетті. Осыған ұқсас жауаптарды куәлер Б., В. және В.В. берді. Куә У. жоғарыда көрсетілген қолхаттар негізінде ол Италия азаматы өкілінің – А. өтініші бойынша 2013 жылы 20 желтоқсанда бөбектер үйінің директоры Б. қол қойған Л.В. кезекте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, атап айтқанда: В. және Б. асырап алу үшін бірнеше мәрте ұсынылғаны туралы құзыретті органдарға анықтама дайындағанын көрсетті. Соттың үкімінен көрсетілген куәлердің берген қолхаттардың түпнұсқаларын қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеп-тексеру барысында табылған жоқ.

Істің материалдарына қолхаттардың көшірмелері ғана тіркелген. Бұдан басқа, ҚК 314-бабы бойынша сотталған Н. Оның әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған.

Сонымен бірге, Қазақстан Республика азаматтарының кәмелетке толмаған Л.В. асырап алудан бас тартуы туралы мәліметтер оны Республикалық деректер қорының орталықтандырылған есебіне қою үшін негіз болған және қадағалау сатысының сот істі алдыңғы қарау барысында қабылданғаны назарға алынды. Соттың заңды күшінен енген үкімін қадағалау саты сотының жаңа ашылған мән-жайлар бойынша қаулының күшін жою үшін негіз болды. Үкімде баяндалған мән-жайлар іс бойынша заңды шешім қабылдау үшін елеулі мәні бар және қадағалау сот алқасының пайымдауынша қосымша зерделеуге жатады.

 Мүдделі адам және асырап алынатын Л. биологиялық анасы сот және басқа мемлекеттік органдарға берген өз өтініштерінде материалдық және өмірлік қиын жағдайларға байланысты Талдықорған қаласының бөбектер үйіне үш жыл мерзімге уақытша орналастыратынын бірнеше мәрте көрсеткен, себебі 2009 жылы өз ата-анасымен ол тұрып жатқан үйде өрт шыққан, нәтижесінде ол тұрғын үйсіз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз қалған.

Аталған мән-жайлар Л.-дың 2009 жылғы 3 маусымдағы баланы бөбектер үйіне уақытша орналастыру туралы өтінішімен расталады, онда себептер ретінде ауыр материалдық жағдайы, жұмысы мен тұрғын үйінің жоқтығы көрсетілген.

Істің материалдарынан Алматы облысы №1 Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2013 жылғы 12 ақпандағы шешімімен 2008 жылы 27 желтоқсанда туған өз баласы Л.В. қатысты Л. ата-ана құқығынан айырылған. Л. ата-ана құқығынан айыру туралы көрсетілген істі сот оның қатуынсыз қараған, шешім сырттай тәртіпте шығарылған. Л. айтуы бойынша соттың аталған шешімі туралы ол білмеген, сондықтан оны дер кезінде дау келтіре алмаған аталған мән-жайларды бірінші сатының соты толық көлемде зерделемеген.

 Сондай-ақ, Алматы облысы №1 Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 18 мамырдағы шешімімен Л.-дың ата-ана құқығын қалпына келтіру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды. Соттың аталған шешімі заңды күшіне енген жоқ, өйткені Л.-дың өтінішіне сәйкес оған шағым келтірілді, сондай-ақ іс бойынша апелляциялық наразылық келтірілген. Бұдан басқа, Л. сотқа үш жыл өтуі бойынша бөбектер үйінен ұлын алғысы келгенде құжаттарының жоқ болуына сілтеме жасап, оған бұл өтінішінен бас тартылғанын түсіндірді.

Жеке куәлікті ресімдеу ұзақ уақытты алды, өйткені жеке басын куәландыратын құжатты ол бұрын алмаған.

 Жеке куәлікті 2014 жылғы 17 сәуірде ғана алды. Ұлының бөбектер үйінде болуы кезінде ол оған бірнеше мәрте барған, оның денсаулығына көңіл қойған, тәттілер әкеп берген және онымен бос уақытын соған арнаған.

 Баяндалғандар іс бойынша елеуші қарама-қайшылықтардвң барлығын, оларды Л.-дың өтінішін тиіс дәлелдемелерменсұратып алумен толық және жан-ажақты зерттеу жолымен жою қажет.

Қадағалау сот алқасының отырысында Л. қазіргі уамқытта жұмысқа тұрғанын, тұрақты тұрғылықты жері барын, мына: Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Ешкіөлмес ауылы мекенжайы бойынша тұратынын, А.-мен некеге тұрғанын айтты.

Осы мән-жайлар қосымша тексеруді талап етеді. Істің материалдарынан көрінгендей, асырап алынушы «Психикалық дамуының тежелуі, тілінің жеңіл түрде дамымауы, гипосомия» ауруымен ауырады, осыған байланысты соттар іс бойынша шешім қабылдау кезінде баланың денсаулық жағдайы туралы объективті медициналық деректер сұратып алу, көрсетілген диагнозды кім (қандай мамандар) және қашан қойылғанын анықтау, аталған аурулар шетелдік азаматтардың Л,В; асырап алуына кедергі келмейтінін анықтау қажет еді.

АПК 218-бабына және Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешімдері туралы» №5 нормативтік қаулының 5-тармағына сәйкес мәні бойынша іс шешілген сот актісі заңды және негізді болуы тиіс. Алайда, дау келтіріліп отырған сот актілері заңның аталған талаптарына сәйкес келмейді.

АПК іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы; материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы бөлігінде 364- бабының 1-бөлігінің 1) және 4) тармақтарының талаптарын сақтамау қабылданған сот актілерінің күшін жоюға негіз болып табылады.

Соттар өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімді қабылдай отырып, баланы асырап алу туралы мәселенің күні бұрын шешімі туралы қорытындыға келді және баланы асырап алуға баланың биологиялық анасының келісімі жоқтығын көрсетті, соңғы өзінің ата-ана құқығын қалпына келтіруге ниеті бар.

Жергілікті соттардың қорытындылары іс үшін маңызы бар мәнжайларды толық зердемелеуге негізделген. Істің материалдарынан асырап алынатын Л.В.-ның - 2004 жылы 21 ақпанда туған Л.А. әпкесі барлығы, ол анасымен бірге тұратын адамның әпкесі – М. тәрбиелейтіні анықталды. 2014 жылдың қаңтарына дейін Л. өз қызы А.-ның тағдырына көңіл бөлген жоқ, сондай-ақ ол да өзінің туған анасы мен інісі барлығы туралы білген жоқ.

 Халықаралық және ұлттық заңнаманың, атап айтқанда 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституция, Неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі, «Баланың құқықтары туралы» Конвенция / Нью-Йорк, 1989 жылғы 20 қараша/, Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция /Гаага, 1993 жылғы 29 мамыр/, «Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 17 нормативтік қаулы (өзгертулер және толықтырулармен) нормаларына сәйкес кәмелетке толмаған балалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің басым қағидаттары жарияланған.

Қадағалау алқасы осы іс бойынша асырап алынатын Л.В. оның денесінің және ақыл-ойының жетілмеуіне байланысты, сондай-ақ іс бойынша туындаған мән-жайларға байланысты осы іс бойынша азаматтық процестің басқа қатысушылары сияқты тиісті құқықтық қорғауды қажет ететінін атап өтті.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 84-бабына сәйкес тууы осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген және толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесінде асырап алуға жол беріледі.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар елеулі болып табылады, себебі істің дұрыс емес шешілуіне әкелді, осыған орай қадағалау сот алқасы іс бойынша құрылған сот актілері істі апелляциялық саты сотында жаңа қарауға жіберілумен күшін жою жатады деп есептейді.

Істі жаңа қарау кезінде сот Қазақстан Республикасының қолданыстағы материалдық және процестік заңнамасының және халықаралық заңнаманың талаптарын сақтай отырып, халықаралық бала асырап алу туралы даудың мән-жайларын зерттеудің белгіленге байланысты толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету, дауды мәні бойынша шешу қажет.

Қамқоршылық органдарының асырап алатын баланың анасынан өзге туыстарын іздеу жөніндегі міндеттерін орындау мәселелері.

Алматы қаласы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 12 наурыздағы шешімімен 30.03.2012 жылы туған А.К. асырап алу туралы ГФР азаматтары: Б.С. және Д-р М.Б. өтініші қанағаттандырылды.

Бұл ретте анықталғаны 2014 жылғы 18 ақпанда және 2014 жылғы 09 наурызда олар асырап алынатын баланың биологиялық анасы Қ.А. тұрғылықты мекен жайы Жаркент қаласына барған.

Баланың анасы А.Қ. қазіргі уақытта оның туған қызы Қ.А-нан бас тарту туралы шешімінің өзгермегенін айтқан, комиссиямен әңгімелесу кезінде 02.04.2012 жылғы № 1 қалалық перзентханада қызына қатысты ата–ана құқығынан бас тарту туралы өтінішті өз қолымен, өз еркімен жазып қол қойғанын көрсеткен.

Баланың анасы комиссияға қызы А-нан бас тарту туралы шешімінің өзгермегенін, қызды өзіне алғысы келмейтінін, қазіргі уақытта күйеуге шығайын деп жүргенін және жақын туыстары мен күйеу жігітінің А. туралы білмейтінін, егер біліп қойса бұл оның алдағы өмірге құрған барлық жоспарларын бұзатынын айтқан.

Осыған байланысты ол қызды алудан үзілді-кесілді бас тартқан, А.Қ. қатысты ата–ана құқығынан бас тарту туралы жаңа өтінішті өз қолымен жазып қол қойған. Сот отырысына келуден бас тартқан, осы байланыстар оның мүдделеріне зиянын тигізетінінен қорқатынын, оны енді мазаламауды өтінген.

Мынадай сұрақ туындайды: қамқоршылық органдары ата-аналары мен туыстарын олардың немересінің бар екені туралы және оны асырап алғысы келетінін хабарлауға міндетті ме? Ақтөбе облысы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 14 сәуірдегі шешімімен Испания азаматтары 1967 жылғы 20 тамызда туған Ф.М. мен 1975 жылғы 20 қаңтарда туған Р.М.-ның олардың асырап алатын баланың атааналары ретінде жазып, 2011 жылғы 25 наурызда туған С.А. баланы асырап алу туралы өтініші қанағаттандырылды.

Бұл ретте, сот асырап алынатын бала анасынан басқа туыстарының бар-жоқтығын және олардың асырап алуға келісімін, сондай-ақ баланы асырап алу құқығын Қазақстан азаматтарына басымдықпен беру бойынша міндетті мұқият тексерді.

Сонымен, сот мыналарды көрсетті, Ақтөбе қаласы білім беру бөлімінің және «Үміт» балалар үйінің құжаттарына сәйкес С. ҚР азаматтарының асырап алуына, атап айтқанда ҚР 8 азаматы мен 11 ерлі-зайыптылар жұбына ұсынылған, олар денсаулық жағдайы бойынша оның патологиясы бар болу себебінен бас тартқан, ол туралы қолхаттар алынған. 2016 жылғы 2 наурыздағы медициналық қорытындыға сәйкес С.А. негізгі диагнозы:

ОЖЖ резидуально-органикалық жағдайы, гипертензиялық гидроцебральды синдром, психикалық дамуының тежелуі, І деңгейлі сөйлеу қабылетінің жалпы дамымауы, ОU ойын қызметі дамуының тежелуі, микрокорнеа, OU Артифакия, екінші катаракта, екінші дәрежелі қыли көзділік, көлденеі нистагм OU.

Бұдан басқа, сот отырысына дайындалу барысында сот биологиялық анасының жақын туыстарынан баладан бас тартулары, атап айтқанда ағасы С.Н., әкесі С.К., анасы К., апайы С.А., апайы С.Г.-дан бас тартулар алды, олар материалдық жағдайларының қиындықтарына байланысты сондай-ақ аталған баланы бөгде адамдардың асырап алуымен келісті.

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын бала асырап алу туралы, соның ішінде шетелдік азаматтардың бала асырап алудың күшін жою туралы заңнама.

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстанның әлеуметтік-құқықтық саясаты бағыттарының бірі болып табылады.

 1994 жылғы 12 тамыздан бастап Қазақстан БҰҰ баланың құқықтары туралы Халықаралық Конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) бір тарапы болып табылады.

Конвенцияның басшылыққа алатын қағидаттарының бірі – баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз ету қағидаты болып табылады. Конвенция заң бұзды деп айыпталған әрбір баланың «қаралып отырған мәселе бойынша тәуелсіз, құзыретті және әділетті органның шешім қабылдауына» құқығын таниды.

Конвенцияны іске асыру мақсатында 2002 жылы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Балаларды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу туралы (бұдан әрі – асырап алу) Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы Кодекстен (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстен, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңынан, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы №77 қаулысымен ратификацияланған 1989 жылғы 20 қарашадағы Бала құқықтары туралы Конвенциясынан, 1993 жылғы 29 мамырдағы Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциясынан, Қазақстан Республикасының Констиуциялық кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан, «Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 966, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380, «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787 қаулыларынан, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 508, «Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513, «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 15, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13, «Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16, «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрықтарынан және өзге де нормативтік актілерден тұрады.

Заңнама бойынша түсіндірулер «Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2, «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңды қолдануы туралы» 2000 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларында берілген.

2012 жылғы 17 қаңтардан бастап жаңа «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекс», оның Бала асырап алу 13-тарауы (84-110-баптары) бала асырап алуды тәртіпке келтіру үшін бірқатар өзгертулер енгізді.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы

 

Құжатты жүктеп алу