Бұқаралық ақпарат құралдарында Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсандағы № 217 А (III) резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 19-бабына сәйкес әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы Заңымен ратификацияланған және 2006 жылдың 24 сәуірінде заңды күшіне енген 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабының 1-тармағына сәйкес сот алдында жұрттың бәрi тең және әрбір адам азаматтық процесте оның құқықтары мен мiндеттерiн анықтау кезiнде заң негiзiнде құрылған құзыреттi, тәуелсіз және әдiл сот арқылы iсi әдiлеттi және ашық қаралуын талап етуге құқылы.
АПК-нің 2-бабының 3-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар Азаматтық процестік Кодекстен басым болады және халықаралық шартты қолдану үшін заң шығару талап етілетіннен басқа жағдайларда олар тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабына сәйкес әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабына сәйкес әркімге сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі, сондай-ақ заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары оның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. АК-нің 143-бабына сәйкес егер азаматтың немесе заңды тұлғаның арнамысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегiн жариялауға құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық 3 ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде АК-нің 143- бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 19-бабы бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады деп міндетті тәртіпте белгілейді.
Жауапкерлердің шеңберін дұрыс анықтау қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар бойынша
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 7- тармағына сәйкес егер де кір келтіретін мәлімдеме баспада немесе басқада жаппай тәсілмен хабарланса (радио, теледидар т.б.), жауапкер ретінде автор және сол жаппай хабарлау мекемесі тартылады (редакция, баспа т.б.), себебі АК-нің 143-бабының 2-тармағына сәйкес талапкерге кір келтіретін мәлімдеме таратылғандығы анықталған жағдайда, ондай мәлімдемені теріске шығару міндетін сот сол мекемеге жүктеуге құқысы бар.
Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар бойынша тиісті жауапкерлер шындыққа сай келмейтін кір келтіретін мәлімдеме авторлары, сондай-ақ бұл мәліметтерді таратқан адамдар болып табылады. Егер дау мәліметтері мәлімдеме таратқан адамды көрсетумен бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған болса, онда бұл адам тиісті жауапкер болып табылады. Автордың атын белгілемей-ақ кір келтіретін шынайылыққа сай келмейтін мәліметтерді жариялаған немесе таратқан кезде іс бойынша тиісті жауапкер тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы болып табылады, яғни осы бұқаралық ақпарат құралдарының өндірісін және шығарылуын жүзеге асыратын ұйым, жеке тұлға, жеке тұлғалар тобы болып табылады.
АПК-нің 50-бабының 1-бөлігіне сәйкес істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау басталғанға дейін жауапкерді ауыстыруға жол беріледі. Сот талап қою бойынша жауап беруге тиісті емес тұлғаға талап қою беріліп отырғанын анықтап, істі тоқтатпай, талап қоюшының өтінішхаты бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.
АПК-нің 165-бабының 7) тармақшасына сәйкес істің мән-жайларын ескере отырып, істі сот талқылауына дайындау тәртібімен судья іске қатысатын адамдардың құрамы туралы, оның ішінде үшінші тұлғалардың іске кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді алмастыру туралы мәселені шешеді.
Қостанай облысы Қостанай қалалық сотының 2016 жылғы 13 шілдедегі шешімімен Виктор Серафимович Прониннің «Костанайскиеновости» ЖШСне, Татьяна Анатольевна Башкатоваға ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты. Бұл шешім 2016 жылғы 28 қыркүйектегі апелляциялық сатының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.
В.С.Пронин «Костанайскиеновости» ЖШС-не, Т.А.Башкатоваға, Н.М.Медведеваға, Р.Н.Тимченкоға талабымен сотқа жүгінді, келесі талаптарды мәлімдеген болатын: «Костанайскиеновости» ЖШС-н 2016 жылғы 25 наурыздағы № 32 нөмірдегі «Костанайские Новости» газетінде басылып шығарылған журналист Т.А.Башкатованың «Глубоко копают дачники» атты мақаланы көпшілік алдында теріске шығаруды міндеттеу, Т.А.Башкатовадан және Р.Н.Тимченкодан келтірілген моральдық зиянға өтемақы өндіріп алу. Сот талқылауы барысында талап қоюшы Н.М.Медведеваға және Р.Н.Тимченкоға талаптардан бас тартты. Соттың 2016 жылғы 13 шілдедегі ұйғарымымен бұл бөліктегі талаптан талап қоюшының бас тартуы осы жауапкерлерге іс бойынша іс жүргізуді қысқартумен қабылдаған.
Талап қоюшы «Костанайскиеновости» газетінде жарияланған мақалада бар мәліметтерді теріске шығаруды сұраған, оның авторы газеттің корреспонденті Т.А.Башкатова болып табылады. Сот анықтағандай, мақалада мазмұндалған мәліметтер газеттің корреспонденті Т.А.Башкатовқа ревизиялық комиссияның бұрынғы төрағасы Н.М.Медведевамен ұсынылған, бұны Н.М.Медведева сот отырысында растаған. Сонымен қатар корреспондент 2012 жылға 9159863 теңге сомасына 5010 шотына қатысты тексерістің қорытындылары бойынша ревизиялық комиссиясының актісінде ұсынылған деректерді қолданған. Қостанай аудандық сотының 2014 жылғы 2 желтоқсандағы шешімімен «Садоводческое товарищество «Автомобилист» тұтынушылар кооперативі басқармасының 2013 жылғы 1 маусымдағы «Автомобилист» БСТК-нің ақша қаражаттарын төраға В.С.Прониннің жеке депозитінде сақтау туралы шешімі заңсыз деп танылды. Даудың мәнжайларын зерттеп, сот басылымның авторы корреспондент Т.А.Башкатова оған кооператив мүшелері, ревизиялық комиссия төрағасы ретінде Н.М.Медведеваның ұсынған мәліметтерді мақалада баяндаған, яғни өз атынан мән-жайлар туралы баяндамаған.
Сот талап қоюшы корреспондент Т.А.Башкатоваға талап бойынша дау айтатын мәліметтерді хабарлаған тұлғалар ретінде Н.М.Медведеваға және Р.Н.Тимченкоға арыз талаптарын қойып, оларға талап қоюдан бас тартқан. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты нормативтік қаулысының баяндалған ережесіне сәйкес, нақты осы тұлғалардың міндеті олар тілшіге ұсынған ақпараттың шынайылылыққа сәйкестігін дәлелдеу болып табылатынын ескерген.
Мақала талап қоюшының заңға қарсы іс-қимылдар туралы нақты мәліметтерден, заң талаптарын бұзушы ретінде талапкерге қатысты қорытындылардан тұрмайды. Бақшалық кооперативте талқылауды қажет ететін мәселе ретінде жағдай мақалада белгіленгені туралы сот жауапкерлер тарапының дәлелдері назарға алынуы тиіс.
Келесі мысал: Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №2 сотының 2016 жылғы 19 қазандағы шешімімен Данияр Аскарович Ракишевтің «Журналистская инициатива» ЖШС-не және бас редактор Тамара Алипкалиевна Еслямоваға «Журналистская инициатива» газетінде жарияланған мәліметтерді арнамысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіреді және шынайылыққа сай келмейді деп тану және моральдық зиянды өтеу туралы талабы ішінара қанағаттандырылған. Сот мақалада көрсетілген мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді, Д.А.Ракишевтың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіреді деп таныды және «Журналистская инициатива» ЖШС мен бас редактор Т.А.Еслямованы 2016 жылғы 25 мамырдағы «Уральская неделя» газетіндегі «Чего боятся такие, как майор Ракишев» мақалада жарияланған ар-намысқа және қадір-қасиетке кір келтіретін мәліметтерді, оның ішінде «…майор Ракишев на улице стал истово просить у меня прощения! «простите меня. Каргаманызшымени, тек меникаргаманыз» (Не проклинайте меня. Только не проклинайте меня.)», «Вот чего они, оказываются боятся! Алладанкайтсын!» дегенді сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде теріске шығаруды міндеттеді және «Журналистская инициатива» ЖШС-нен Д.А.Ракишевтың пайдасына 2000000 теңге моральдық зиянды өтеу есебіне және 20000 теңге мемлекеттік бажды қайтару, бас редактор Т.А.Еслямовадан 1500000 теңге және 15000 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж қайтаруды өндіріп алған. Талаптың қалған бөлігінде сот бас тартты.
Сот анықтағандай, меншік иесі «Журналистская инициатива» ЖШС болып табылатын «Уральская неделя» газетінің № 20/770 нөмірінде «Чего боятся такие, как майор Ракишев» атты мақала жарияланған, онда дауласу мәліметтері мазмұндалған. Сараптамашы-лингвисттің қорытындысына сәйкес «Уральская неделя» газетінде жарияланған «Чего боятся такие, как майор Ракишев» атты мақалада Д.А.Ракишевтың ар-намысына, қадірқасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтер бар.
Сот талап қоюшының ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтерді жауапкердің тарату фактісі дәйекті түрде анықталған. Талап қоюшы жауапкерлер қабылдаған 2016 жылғы 22 маусымдағы сотқа дейінгі кінә қою жауапкерлерге жолданған болатын. Талап қоюшы ұсынған дәлелдемелер жауапкерлермен теріске шығарылмады.
Талапкерлер ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талап қоя отырып, талап арыздарда нақты талаптарды, оның ішінде талапкерге кір келтіретін мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы міндетті арыз талабын көрсетуге міндетті.
АК-нің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қорғау туралы талап қойған адам өзiнiң мүлiктiк емес өзiндiк құқығының бұзылуын нақты дәлелдеуге тиiс. АК-нің 143-бабының 1-тармағына сәйкес азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.
Талапкердің бұзушылық фактісін дәлелдеу, ал жауапкердің таратылған мәліметтер шынайылыққа сай келетіні туралы дәлелдеу міндеті Жоғарғы Соттың 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 8-тармағында баяндалған.
Соттар мәліметтерді теріске шығару туралы мәліметтер таралған ба, олар шынайылыққа сай келе ме немесе келмей ме, азаматтың ар-намысына және қадір-қасиетіне, ұйымның іскерлік беделіне кір келтіреді ме дегенді дұрыс анықтайды, және талапты қанағаттандыру туралы шешімді шығара отырып, оның қарар бөлігінде талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделеріне шек қоятын сол не басқа мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы, ал тек сосын ғана оларды теріске шығару бойынша жауапкерге міндеттемелерді жүктеу туралы көрсетеді.
Соттардың бұл әрекеттері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 12- тармақ ережелерімен толықтай келісіледі.
Осылайша, Алматы қаласының Алмалы ауданы №2 аудандық сотының 2016 жылғы 4 қазандағы шешімімен Бахтияр Нугманович Алимесйтовтың Михаил Михайлович Макаровқа, «Телевидение города Астана» ЖШС-не мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деген мәліметтер таратудағы ісқимылдарды тану және моральдық зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылды. Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Сол немесе басқа нақты мәліметтердің (сөздердің) шынайылыққа сай келмейді, талап қоюшының ар-намысына және қадір-қасиетіне кір келтіреді деп тану туралы арыз талаптарының жоқтығы талапты қанағаттандырудан бас тарту және шешімді өзгеріссіз қалдыру үшін негіздемелердің бірі болып табылады; сот АПК-нің 225-бабының 2-бөлігі осы нормада көрсетілген жағдайлардан басқа арыз талаптарының шегінен шығуға тыйым салатын талаптарын бұзуда қарауға құқылы емес.
Сот анықтағандай, 2016 жылғы 25 шілдедегі талап арызда Б.Н.Алимсейтов соттан: 1) «Телевидение города Астана» ЖШС-нің және М.М.Макаровтың шынайылыққа сай келмейтін мәліметтерді таратуда әрекеттерін заңсыз деп танып; 2) «Телевидение города Астана» ЖШС-нен және М.М.Макаровтан моральдық зиянды өтеу есебіне 2000000 теңге өндіріп алуды сұраған.
Сонымен, талап қоюшы таратылған мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді, ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіреді деп тану емес, «Телевидение города Астана» ЖШС-нің және М.М.Макаровтың шынайылыққа сай келмейтін мәліметтерді таратуда әрекеттерін заңсыз деп тану; олардан моральдық зиянды өтеу есебіне 2000000 теңге өндіріп алу туралы талап арыз берген болатын.
Сот талап қоюшының арыз талаптарында оның пікірі бойынша шынайылыққа сай келмейтін, талап қоюшыға қатысты таратылған, арнамысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіреді, нақты мәліметтердің (сөздердің) көрсетілуі жоқ екенін ескерген, олардың ұсынылуы мен көрсетілуі міндетті болып келген.
Интернеттен ақпарат алу немесе мәліметтерді тарату бойынша
Осы уақытта азаматтардың көбі интернеттен ақпарат алуда, осыған орай сол немесе басқа мәліметтерді тарату бойынша үлкен танылмалдылықты әлеуметтік желілер алып отыр. Сол себепті келесіні ескерген жөн.
Интернет – ресурс
– бұл белгілі бір мәтіндік, графикалық немесе дыбыстық нысанда көрсетілетін ықпалдау бағдарламалық-аппараттық және техникалық құралдарының, сондай-ақ интернет желісінде жариялау үшін арналған ақпараттың жиынтығы. Интернет – ресурс домендік атқа ие (UniformResourceLocator) – ресурсын сәйкестендіруге, сондай-ақ интернетресурсқа қолжетімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әмбебап электронды мекенжай. Мессенджер – нақты уақытта интернет арқылы хабарламалармен ауысу үшін арналған бағдарламалар класының ағылшын тіліндегі атауы (тез хабарламалар қызметі). Мәтіндік хабарламалар, дыбыстық сигналдар, суреттер, бейнелер жеткізілуі мүмкін.
АПК-нің 65-бабының 2-бөлігі нормаларына сәйкес аудио-, бейнежазбалар, оның ішінде байқау және (немесе) тіркеу аспаптарымен алынғандар, фото және (немесе) киноға түсіру матералдары, электрондық, цифрлық және өзге де материалдық жеткізгіштердегі басқа да материалдар жарамды дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін.
Атап өтетін жайт, егер заңмен оларды тікелей қолдануға тыйым салынбаса, АПК-да көрсетілген жазбалар мен материалдар сотпен рұқсат етілген дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін. Оған қоса, рұқсат етілген дәлелдемелер түрлерінің бұл тізімі ашық болып, және тәмәмданған болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны.
Интернет-ресурсында орналасқан ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында орналасқан ақпарат болып табылады
Сонымен, интернет-ресурсында орналасқан ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында орналасқан ақпарат болып табылады. Демек, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру үшін көзделген барлық шектеулер мен ережелер ақпаратты интернет-ресурсында орналастыруға жатады.
Азаматтық заңнама нормаларын және дау санатының қарау спецификасын есепке алып істі дайындаған кезде даудың сипатын едәуір нақты анықтау үшін, сондай-ақ істің дұрыс шешілуіне мәні бар басқа да мәселелерді нақтылау үшін жауапкерде талапқа қарсы қарсылық бар ма мәселесін анықтау керек, тараптар әңгімеге шақырылуы тиіс, даудың мәні бойынша олардан жауап алынуы, талапкерге қажетті қосымша талаптар қоюға құқықты түсіндіруі, талапкерден қосымша дәлелдемелердің бар болуын анықтап алуы, ал жауапкерден – талаптың негіздемелерін және талап қоюшының дәлелдерін теріске шығаратын дәлелдемелер мен талапқа қарсы қарсылықтардың бар болуы қажет; тараптарға дәлелдемелерді талап етуде ықпал ету туралы өтінішхат мәлімдеуге құқықтарын түсіндіру; іске тең жауапкердің және өзіндік талаптарсыз үшінші тұлғалардың қатысуы туралы мәселені шешу, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешу қажет.
Ескеретін жағдай, сол немесе басқа мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді және талап қоюшының ар-намысына және қадір-қасиетіне кір келтіреді деп тану туралы арыз талаптарының жоғында сот істі сондай-ақ АПК-нің 225-бабының 2-бөлігі осы нормада көрсетілген жағдайлардан басқа арыз талаптарының шегінен шығуға тыйым салатын талаптарын бұзуда қарауға құқылы емес.
Ар-намысқа және қадір-қасиетке кір келтіретін мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы қойылуы міндетті болған талап жоқ болған кезде сот істі мәні бойынша және моральдық зиянды өтеу туралы талап бойынша шешеді.
Соттар шешімнің уәждеу бөлігінде басылымда жарияланған мәліметтердің, алуан түрлі ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға жазылған арыздарда және басқа да өтініштерде мазмұндалған басқа бұқаралық ақпарат құралдарында пайдаланумен хабарламалардың шынайылыққа сай келмеу туралы соттар шешімнің уәждеу бөлігінде көрсетумен шектелу, ал шешімнің қарар бөлігінде тек кір келтіретін мәліметтердің тәртібі туралы ғана көрсету жиі жіберілетін қате болып табылады.
Сонымен қатар АПК-нің 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын өз бетінше және соттан және іске қатысатын басқа да адамдардан тәуелсіз таңдайды.
Мазмұндалғанның негізінде ескеретін жайт, талап қоюшының арнамысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін сол немесе басқа мәліметтерді теріске шығаруды міндеттеу туралы талаптардың жоғында мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы талапты берген кезде сот осындай талап арызды қабылдап, дауды мәні бойынша шешуге құқылы. Егер сот талап қоюшы шынайылыққа сай келмейді деп тануды сұраған мәліметтер жауапкермен таратылған және талап қоюшының ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіреді деп анықтаса, онда осындай талап мәліметтерді теріске шығаруды міндеттеу туралы талаптың жоғында қанағаттандырылуы тиіс, себебі құқық қатынастарының әрбір субъектісі өзінің қарауы бойынша өз құқықтарын өзіндік билік етеді, талапкерге сол немесе басқа позицияны және дәлелдеу тәсілін таңдауға ешкім міндеттей алмайды. Бұл жағдайда өзінің құқықтарын толық қалпына келтіру үшін талап қоюшы жеткілікті деп санайды және қорғаудың дәл осы тәсілін таңдады, бұл тараптың құқығы болып табылады. Сонымен қатар сот істі талап қоюшы мәлімдеген талап арыздардың шегінде шешеді.
Дәл осы уақытта мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы талап жоқ болған кезде талап қоюшы мәліметтерді теріске шығаруды міндеттеу туралы талапты ғана қойды (оның ішінде моральдық зиянды өтеу туралы), дәл осы талап мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы талапсыз қанағаттандырылуы мүмкін емес, себебі талапты қанағаттандыру үшін келесіні: 1) мәліметтер тарату фактісін және 2) өзінің заңды құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінген адамның ар-намысына, қадірқасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіреді деп анықтау қажет. Мәліметтерді теріске шығаруды міндеттеу, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талаптар мәліметтер шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы негізгі талаптан шығатын қосымша болып табылады.
Яғни құқықтарды қалпына келтіру үшін мәліметтерді шынайылыққа сай келмейді деп тану туралы талаптар қою қажетті шарт болып табылады.
Осыған орай сот талқылауына дайындау сатысында ар-намысқа және қадір-қасиетке кір келтіретін нақты қандай мәліметтер шынайылыққа сай келмейді деп танылуы тиіс екені және қандай тәсілмен олар теріске шығарылуы тиіс екенін талап қоюшыдан мұқият анықтау қажет.
Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар бойынша шығарылған сот актілерді судьялар қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ресімдейді. Алайда бірінші сатыдағы соттардың шешімдерін ресімдеу орын алуда, олар заңнама талаптарына толықтай сай келмейді. Осылайша, сот шешімінің сипаттау бөлігінде судьялар сот істі талқылау барысында жауап алған куәлардың айғақтарын нақты мазмұндайды, бұл Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулының 10- тармақ нормаларына сай келмейді.
Ескеретін жағдай, шешімнің уәждеу бөлігі істің мән-жайларынан тұруы тиіс, АПК-нің 63-бабының 2-бөлігіне сәйкес белгіленген фактілер туралы мәліметтер тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаға, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де көздерден алынуы мүмкін.
Апелляциялық саты қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар бойынша
Жоғары тұрған сатылар даудың мән-жайлары заңды анықталады және шешімде баяндалған бірінші сатыдағы сот қорытындыларының істің мән жайларына сәйкес келмеуін анықтаған, материалдық нормаларының немесе процестік құқық нормаларының дұрыс қолданбаған немесе бұзған жағдайда бірінші сатыдағы соттар шешімдерінің күші жойылады немесе өзгерістер енгізіледі және т.б.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 8-т. сәйкес талапкер талап арызында көрсеткен жауапкердің өзі жөнінде жалған мәліметті таратқанын ғана дәлелдеуге міндетті. Сонымен қатар нормативтік қаулының 2-тармағына сәйкес ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәліметтер шындыққа жатпайтыны анықталған жағдайда, ол мәліметтердің таратылуына кінәсі болмаса да, оларды теріске шығару міндеті жауапкерге жүктеледі.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Защита чести достоинства и деловой репутации к средствам массовой информации
48 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 18 декабря 1992 года №6 каз
54 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 18 декабря 1992 года №6 рус
54 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 27 ноября 2015 №7 каз
46 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 27 ноября 2015 №7 рус
49 рет жүктеп алынды