⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Еңбекақыны уақытылы төлемеуіне байланысты жұмыс берушінің жауапкершілігі туралы

Еңбекақыны уақытылы төлемеуіне байланысты жұмыс берушінің жауапкершілігі туралы

Еңбекақыны уақытылы төлемеуіне байланысты жұмыс берушінің жауапкершілігі туралы

Еңбекақыны уақытылы төлемеуіне байланысты жұмыс берушінің жауапкершілігі

 

Осы талаптарды қанағаттандыру туралы шешімдерді қабылдай отырып, соттар ҚР ЕК-нің 113-б. 3-т. нормаларын басшылыққа алады, жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші төлем кідіртілген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл төлейді, өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен бастап мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады және төлем жасалған күнмен аяқталады.

Әдетте, республиканың көптеген соттарында еңбекақыны және еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін өсімпұлды өндіріп алу туралы талаптарды қойған кезде талапкерлер талаптар қояды және осындай талаптар еңбекақының кешіктірілуін растайтын дәлелдемелер бар болған кезде қанағаттандырылады.

Еңбекақының төленуін кешіктіргені үшін өсімпұлдың есептелуі банктік саладағы өсімпұлды, пайыздарды есептеу үшін пайдаланылатын Ұлттық Банкінің есеп айырысуы бойынша қалыптасқан практика бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Берешек сомасы кешіктірілген күндер саны мен міндеттемені орындау күніне қаржыландырудың банктік ставка мөлшеріне көбейтіледі, алынған сома 360 күнге және 100 % бөлінеді.

Негізінен соттар еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін өсімақының есебін дұрыс жүргізеді.

Мәселен, Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының 2016 жылғы 11 шілдедегі шешімімен С.С.Ш. «ЕркінСтройСервис» ЖШС-не еңбекақыны өндіріп алу туралы арыз талаптары қанағаттандырған болатын.

Сотпен анықталғандай, жауапкер еңбек заңнамасының талаптарын орындауда еңбекақы төлеу бойынша міндеттемесін тиісті түрде орындамаған. Ұсынылған есеп айырысу парақтарына сәйкес жауапкер 2013 жылдың желтоқсанына еңбекақы бойынша - 31 күн, 2014 жылғы - 365 күн, 2015 жылғы - 365 күн, 2016 жылғы -151 күн берешек төленбеген, жиыны 912 күн дербес табыс салығы (ДТС) және міндетті зейнетақы жарналарының айырмасымен 475 000 теңге мөлшеріндегі төлемнің кешіктірілуі. Сонымен, аталған кезеңдегі 475 000 теңге еңбекақы бойынша берешек сомасы, 65 281 теңге мөлшерінде еңбекақы төлемін кешіктіргені үшін өсімпұл өндірілуі тиіс еді.

Өсімақыны есептеу: (еңбекақы 475 000*5,5%)/365 күн = күніне 71,58 теңге 71,58*912 = 65281 теңге.

Еңбек Кодексінің 113-б. өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Жұмыс берушімен еңбек шартын бұзумен байланысты еңбекақы мен басқа төлемдерді жұмыс берушінің кінәсі бойынша кешіктірген кезде осы ережелер бойынша есептелген өсімпұл болмашы сома болғандықтан, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасынан шыға отырып, ҚР АК-нің 353-б. ережелері бойынша өсімпұл мөлшерінің есеп айырысуынан бас тартып, айлық есептік көрсеткішіне еселік қатынаста өсімпұл мөлшері көзделеді.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.