Ереуілдерді заңсыз деп тану туралы
Ереуілді заңсыз деп тану туралы даулардың ерекшеліктері және осы санаттағы істерді қарау ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің (ҚР ЕК-нің) 162- тармағымен ереуіл – жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауындағы жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе ішінара тоқтату деп анықталған.
Осыған орай, сәйкесінше, қызметкерлер, яғни жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болған және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлғалар, сондай-ақ ҚР ЕК-нің 176-б. 5-т.
мағынасынан мәлім болғандай, ереуілді басқарушы органы осы санаттағы істер бойынша тиісті жауапкерлер болуы мүмкін. Қорыту істер санатының басты ерекшелігі ұжымдық еңбек дауын шешу тәсілі ретінде ереуіл жүргізу тәртібі Еңбек кодексінің 16-тарауымен қатаң реттелгені болып табылады және оның белгіленген мерзімдерін, рәсімдерін және талаптарын бұзу арыз талаптарын қанағаттандыру үшін негіздеме береді.
Атап өтетін жайт, аталған жағдай ереуілді заңсыз деп тану үшін жалғыз негіздеме болып табылмайды. ҚР ЕК-нің 176-б. 1-т. сәйкес ереуілдер:
1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не Қазақстан Республикасының төтенше жағдай туралы заңнамасына сәйкес айрықша шаралар енгізілген кезеңдерде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің органдары мен ұйымдарында, елдің қорғанысын, мемлекеттің қауіпсіздігін, авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында; қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станцияларында;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, темір жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы ауыр және қауіпті зардаптарға әкеп соғуы мүмкін үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде;
3) осы Кодексте көзделген мерзімдер, рәсімдер мен талаптар ескерілмей жарияланған жағдайда;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіретін жағдайларда;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз болып танылады.
Осы тармақта көрсетілген негіздердің біреуі болғанда, сот тиісті шешім қабылдағанға дейін прокурор ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
Ереуілді заңсыз деп тану негіздемелері Еңбек кодексімен тікелей көзделгендіктен, талап арыздың екінші элементі – оның дәлелдемесі, өз мазмұны бойынша алуан түрлі.
Бұл мән-жай еңбек дауларының көрсетілген санатын қараудың мамандануына және шешілуіне едәуір ықпал етеді, бұл тараптардың және іске қатысатын басқа адамдардың дәлелдемелік қызметінде байқалады.
ҚР АПК-да қорыту санатының даулар қарау тәртібін реттейтін жекелеген тарау жоқ, алайда бұл істер белгілі бір процестік ерекшеліктерге ие:
- ҚР ЕК-нің 176-б. 4-т. ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот жұмыс берушінің немесе прокурордың өтініші бойынша қабылданады делінген;
- ҚР АПК-нің 183-б. 2-б. сәйкес ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер талап қою арызы сотқа түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі;
- ҚР АПК-нің 243-б. 5)-т., сондай-ақ ҚР ЕК-нің 176-б. 4-т. сәйкес ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдер дереу орындалып, ал ереуіл – тоқтатылуы тиіс;
Процесс қатысушыларын анықтаған кезде атқарушылық билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары осындай санаттағы еңбек дауларына араласпағаны жөн екенін ескерген дұрыс, себебі жоғарыда көрсетілген ҚР ЕК-нің 176-б. 4-т. сәйкес тек жұмыс беруші мен прокурор ереуілді заңсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгіну құқығына ие.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, келесі қорытынды шығады, жұмыс беруші арыз берген жағдайда АПК-нің 54-б. 2-б. сәйкес прокурор іс бойынша қорытынды беру үшін процеске кірісуге құқылы, ал прокурор арыз берген жағдайда талапкердің тарапында іске қатысу үшін жұмыс берушіні қатыстырған жөн.
Аталған санаттағы істердің дұрыс және уақытылы қаралуы мен шешілуі көбіне азаматтық процестің барлық субъектілерінің процестік жағдайын дұрыс анықтаудан тәуелді.
Ең алдымен, талапкер мен жауапкер сияқты іске қатысатын негізгі тұлғаларға қатысты болады. Әдетте, тараптарды анықтаған кезде айырықша қиындықтар туындамайды.
Жоғарыда көрсетілгендей, аталған істер санаты бойынша талапкерлер ретінде жұмыс берушілер мен (немесе) прокурор болады. Жұмыс беруші ретінде жұмыскер еңбек қатынастарында болған жеке немесе заңды тұлға деп таныған жөн.
Сәйкесінше, қызметкерлер, яғни жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болған және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлғалар, сондай-ақ ҚР ЕК-нің 176-б. 5-т. мағынасынан мәлім болғандай, ереуілді басқарушы органы осы санаттағы істер бойынша тиісті жауапкерлер болуы мүмкін.
ҚР ЕК-нің 176-б. 4-т. осындай даулар бойынша және ереуіл комитеті (ереуілді басқарушы орган) қалыптаспаған кезде де шешім қабылдау мүмкін, себебі ҚР ЕК-нің 171-б. 2-т. сәйкес ереуіл жариялау туралы шешім қабылдау құқығына жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) жалпы жиналысы (конференциясы) ие.
Сондықтан да ереуіл комитеті немесе осыған ұқсас орган жоқ болған кезде сот жұмыскерлердің тиісті өкілі кім екені туралы мәселені қарауға және осы өкілдің істі қарау туралы тиісті хабарламаны қамтамасыз етуге міндетті.
Аталған санаттағы істердің ерекше маңыздылығын ескере отырып, олардың дұрыс шешілуінен ұйымдардың қалыпты және үздіксіз қызмет етуі тәуелді, сондай-ақ еңбек дауының тиісті реттелуінің жоқтығынан мүмкін қолайсыз зардаптар, Еңбек кодексімен және азаматтық процестік кодексімен осы істерге қоғамдық мүдделерде іс қозғау құқығына, сондайақ іс бойынша қорытынды беру үшін басталып қойған процеске кірісу құқығына ие прокурордың қатысуы көзделген.
Бұл ретте әлеуметтік саладағы шектелмеген адам шеңберінің еңбек және басқа құқықтар мен бостандықтарды қорғау туралы талап мүдделі тұлғаның арызы мен өтінішінен тәуелсіз прокурормен қойылуы мүмкін.
Азаматтық құқық қатынастарға қарағанда, аталған санаттағы істердің ерекшелігі олардың субъектік құрамы мен мазмұны заңдармен қатаң анықталған деп жоғарыда атап өткендей болып табылады.
Бұл мән-жай талаптың нысанына қатысты өзіндік талаптары бар адамдардың үдерісте аталған істердің санаты бойынша пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.
Қараудың және құқық қолданудың практикасы.
Ұжымдық еңбек дауын шешудің тәсілі ретінде ереуілге жұмысшылардың құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 24- б. 3-т. жарияланған.
ҚР ЕК-нің 170-б. ұжымдық еңбек дауының тараптарын дауды бейбіт жолмен реттеуге шаралар қолдануды және татуластыру рәсімдеріне қатысуды міндеттейді.
Аталған рәсімдерді іске асыру бойынша барлық шаралар қолданылған жағдайда, алайда дау шешілмей қалған кезде немесе жұмыс беруші (оның өкілдері) қол жеткізген келісімдерді орындамаған уақытта, татуластыру рәсімдерден жалтарған кезде қызметкерлерде ереуіл сияқты осындай соңғы шараға жүгіну мүмкіндігі қалады.
Ереуілдерді жариялау мен жүргізу рәсімі ҚР ЕК-нің 16-тарау нормаларымен қатаң реттелген. Ереуіл өткізу жөніндегі шешім жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) жиналысында (конференциясында) қабылданады. Жұмыскерлер жиналысы, егер оған ұйым жұмыскерлерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес жұмыскерлер сайлаған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады. Жұмыскерлер жиналысының (конференциясының) шешімдері дауыс берушілердің көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі.
Жұмыскерлер жиналысын (конференциясын) өткізу мүмкін болмаған кезде жұмыскерлердің өкілді органының ереуілді өткізуді қолдайтын жұмыскерлердің жартысынан астамының қолын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.
Ереуілді жұмыскерлер (олардың өкілдері) уәкілеттік берген орган (ереуіл комитеті) басқарады. Бірнеше жұмыс берушілердің жұмыскерлері (олардың өкілдері) бірдей талаптар қойып, ереуіл жариялаған жағдайда, оны осы жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан құрылатын бірлескен орган басқаруы мүмкін.
Ереуілге қатысу ерікті болып табылады. Ешкімді ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды. Осы Кодекстің 171-б. 3-т. көрсетілген, жұмыскерлер уәкілеттік берген орган ереуілдің басталуы және болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушіге, жұмыс берушілер бірлестігіне (олардың өкілдеріне) оны жариялағанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
Ереуіл жариялау туралы шешімде:
1) тараптардың ереуіл өткізуге негіз болған келіспеушіліктерінің тізбесі;
2) ереуілді бастау күні, орны мен уақыты, қатысушылардың болжамды саны;
3) ереуілді басқаратын органның атауы, татуластыру рәсімдеріне қатысуға уәкілеттік берілген жұмыскерлер өкілдерінің құрамы;
4) ереуіл өткізу кезеңінде орындалатын қажетті жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ең аз көлемі жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.
ҚР ЕК-нің 176-б. 1-т. сәйкес ереуілдер:
1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не Қазақстан Республикасының төтенше жағдай туралы заңнамасына сәйкес айрықша шаралар енгізілген кезеңдерде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің органдары мен ұйымдарында, елдің қорғанысын, мемлекеттің қауіпсіздігін, авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында; қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станцияларында;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, темір жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы ауыр және қауіпті зардаптарға әкеп соғуы мүмкін үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде;
3) осы Кодексте көзделген мерзімдер, рәсімдер мен талаптар ескерілмей жарияланған жағдайда;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіретін жағдайларда;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз болып танылады.
Сот актілерінің талдауы мен зерделеуі көрсеткендей, негізінен соттар талапкерлердің талаптарын қанағаттандырды және аталған заң нормасының 3)-т. көзделген негіздеме бойынша заңмен көзделген мерзімдерді, рәсімдерді және талаптарды ескерусіз жарияланған ретінде ереуілдерді заңсыз деп таныды.
Алматы қаласының Түріксіб аудандық соты шығарған «Greenbuscompany» ЖШС-нің талабы бойынша шешімі ерекшелік болып табылады, сот ереуілді заңсыз деп тану кезінде басқа негіздемелерден басқа, «Төтенше жағдай туралы» Заңының 15-б. және ҚР ЕК-нің 176-б. 1)- т. сілтеме жасалынған болатын, алайда Алматы қаласы аумағындағы төтенше жағдай жарияланбаған.
Сондай-ақ дәл осы соттың және Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының 2016 жылғы 11 тамыздағы және 2016 жылғы 1 қазандағы шешімдерде қызметкерлердің ереуілді заңсыз деп танудың қосымша негіздемесі ретінде «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңмен белгіленген жиналыс ұйымдастыру тәртібін бұзуға сілтеме дұрыс ұсынылмаған.
Алайда аталған Заңның нормалары басқа құқық қатынастарды реттейді және ереуілді заңсыз деп тану туралы талапты қараған кезде ұқсастық бойынша қолданылуы мүмкін емес.
ҚР АПК-нің 243-б. 5)-т. және ҚР ЕК-нің 176-б. 4-т. сәйкес ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдер дереу орындалып, ал ереуіл – тоқтатылуы тиіс.
Нормативтік құқықтық база
Аталған санаттағы істер бойынша еңбек дауларының субъектілері арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акті Қазақстан Республикасының Конституциясы,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі,
2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V редакциясындағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі,
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексі,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы (кейінгі өзгертулермен және толықтырулармен) болып табылады.
хБұл ретте ескеретін жайт, егер Қазақстан Республикасының Конституциясынан басқа, ұлттық заңнамада мазмұндалғанға қарағанда, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шартпен басқа ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарт ережелері қолданылады.
Себебі азаматтық процестік, сондай-ақ еңбек заңнамасымен де қақтығыс кезіндегі халықаралық-құқықтық нормаларының әлеуеті бекітілген.
Қазақстан Республикасымен ратификацияланған және аталған санаттағы істерді қараған кезде соттардың қолданылуына жататын негізгі халықаралық шарттар:
- БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;
- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы Заңымен ратификацияланған азаматтық және саяси құқықтар туралы халыаралық пакті;
- Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 13 маусымдағы Заңымен ратификацияланған Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы және өндірістік орта туралы» 1981 жылғы № 155 Конвенциясы ;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы Заңымен ратификацияланған Женевада 1947 жылғы 11 шілдеде Халықаралық Еңбек ұйымы Бас конвенциясының 30-шы сессиясы қабылдаған Өнеркәсіп пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы Конвенция (81-Конвенция);
- Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 14 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған Женевада 1930 жылғы 28 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 14-сессиясы қабылдаған Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы Конвенция (29- конвенция);
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 сәуірдегі Заңымен ратификацияланған 1949 жылғы 1 шілдеде Женевада Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 32-сессиясында қабылданған Жалақыны қорғау туралы конвенция (95-конвенция);
- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шілдедегі Заңымен ратификацияланған Еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы 1958 жылғы Конвенция болып табылады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы