Ерлі-зайыптылардың біреуі кәсіпкер болып табылатын ерлізайыптылардың мүлкін бөлу
Практикада ерлі-зайыптылардың біреуі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы болып табылатын, бұл ретте шаруашылық етуші субъектілердің (негізінен ЖШС-да) жарғылық капиталындағы үлестер неке уақытында және неке уақытында жинақталған қаражатқа сатып алынған және оны дауламайтын оқиғалар жиі кездеседі. Жұбайы құрамына қоғамның арғылық капиталындағы үлес қосылған бірлесіп жинақтаған мүлікті бөлу туралы (некені бұзу туралы талап арызбен бірге немесе неке бұзылғаннан кейін) талап арыз береді. Ең алдымен, жауапкершілігі шектеулі серіктестік құқық объектісі емес, субъект болып табылатынын және құрылтайшыларға (қатысушыларға) меншік құқығында тиесілі емес екенін атап өту керек. Ал соттардың шешімдерінде осы ЖШС-нің мүліктері бөлінеді. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер жөніндегі заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 2 нормативтік қаулысында бірлесіп жинақталған мүлікті бөлу туралы дау туындаған кезде оның құрамына қатысушының үлесіне тиісті ЖШС мүлкінің жартысының құны қосылатыны көрсетілген.
Жер учаскелерін, кәсіпкерлік қызмет нысандарын бөлу кезінде, әсіресе ерлі-зайыптылардың біреуі заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкер болып тіркелгенде, айналымында тауары болғанжа сұрақтар туындайды. Алайда бұл мәселе бойынша іс материалдарын зерделемей сот практикасына талдау жасау мүмкін емес.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
Сот шешімі дүние мүлік бөлу туралы
61 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі жеке заттарын қайтарып алу туралы
78 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі ортақ мүлікті бөлу туралы (2)
60 рет жүктеп алынды -
Сот шешімі ортақ мүлікті бөлу туралы
58 рет жүктеп алынды