ХIІ-бөлім 64-топ 64.01/03 1 Қазақстан Республикасының Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға және Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға түзетулер енгізу туралы хаттамаға қосылуы туралы Заңы
Субпозицияға ескерту: 1.- 6402.12, 6402.19, 6403.12, 6403.19 және 6404.11 субпозицияларындағы "спорттық аяқ киiм" терминi тек мыналарды бiлдiредi: (а) спортпен айналысу үшiн көзделген және бұдырлары, штифтары, табандары, қысқыштары, жиектерi және ұқсас құралдары бар немесе бекiтуге арналған бұдырлары, штифтары, табандары, қысқыштары, жиектерi немесе ұқcac құралдары бар аяқ киiмдерді; (б) конькиге арналған бәтеңкелердi, шаңғы бәтеңкелерін және шаңғымен жүгiруге арналған аяқ киiмдердi, сноубордқа арналған бәтеңкелердi, спорттық күрестерге, бокстерге және велоспортқа арналған аяқ киiмдердi.
Тауар YЖ позициясы коды 64.01 Ұлтанды және жiппен де, түйреуiшпен де, шегемен де, бұрандамен де, бекiткiшпен де, қандай да болмасын басқа да ұқсас тәсiлдермен ұлтанға бекітілмейтін және онымен бiрiкпейтiн резеңке немесе пластмассадан жасалған үстi бар су өткiзбейтiн аяқ киiм: 6401.10 - қорғанысты металл астыңғы арқауы бар аяқ киiм - мынадай өзге де аяқ киiмдер: 6401.91 -- тiзенi жабатын 6401.92 -- балтырды жабатын бiрақ тiзенi жаппайтын 6401.99 -- өзгелерi 64.02 Ұлтанды және резеңкеден немесе пластмассадан жасалған үстi бар өзге де аяқ киiмдер: - мынадай спорттық аяқ киiмдер: 6402.12 -- шаңғы бәтеңкелерi, шаңғымен жүгiруге арналған аяқ киiмдер, сноубордқа арналған бәтеңкелер 6402.19 -- өзгелерi 6402.20 - баулардан немесе жолақтармен жасалған үстi бар және ол ұлтанына штифтармен бекiтiлген аяқ киiмдер 6402.30 - өзге де қорғанысты металл астыңғы арқауы бар аяқ киім - мынадай өзге де аяқ киiмдер: 6402.91 -- балтырды жабатын 6402.99 -- өзгелерi 64.03 Ұлтаны резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе композициялық былғарыдан жасалған және табиғи былғарыдан жасалған үстi бар аяқ киiм: - мынадай спорттық аяқ киiмдер:
XIІ-бөлім 64-топ 64.03 2 /06 1
Тауар YЖ позициясы коды 6403.12 -- шаңғы бәтеңкелерi, шаңғымен жүгiруге арналған аяқ киiмдер, сноубордқа арналған бәтеңкелер 6403.19 -- өзгелерi 6403.20 табиғи былғарыдан жасалған ұлтанды және аяқ алқымы арқылы өтетiн және табанның үлкен башпайын қамтитын табиғи былғары баулардан жасалған үстi бap аяқ киiм 6403.30 - негiзiндегi немесе ағаштан жасалған платформадағы, iшкi ұлтарағы жоқ немесе астыңғы арқауында металл қорғанысы жоқ аяқ киім 6403.40 - өзге де қорғанысты металл астыңғы арқауы бар аяқ киім - мынадай табиғи былғарыдан жасалған ұлтанды өзге де аяқ киiмдер: 6403.51 -- балтырды жабатын 6403.59 -- өзгелерi - мынадай өзге де аяқ киiмдер: 6403.91 -- балтырды жабатын 6403.99 -- өзгелерi 64.04 Резеңке, пластмасса, табиғи немесе композициялық былғары ұлтанды және үстi тоқыма материалдардан жасалған аяқ киiм: - мынадай резеңке немесе пластмасса ұлтанды аяқ киiмдер: 6404.11 -- спорттық аяқ киiм; тенниске, баскетболға, гимнастикаға арналған аяқ-киiмдер, жаттығу және ұқсас аяқ киiмдер 6404.19 -- өзгелерi 6404.20 - табиғи немесе композициялық былғары ұлтанды аяқ киiмдер 64.05 Өзге де аяқ киiмдер: 6405.10 - үстi табиғи немесе композициялық былғарыдан тiгілген аяқ киiм 6405.20 - үстi тоқыма материалдарынан тiгiлгендер 6405.90 - өзгелерi 64.06 Аяқ киiм бөлiктерi (бекiтiлген немесе бекiтiлмеген негiзгi ұлтарағы бар аяқ киiмнiң үстiн қоса алғанда); алмалы салмалы ұлтарақ, өкше астының ұлтарағы және ұқсас бұйымдар; гетралар, гамаштар және ұқсас бұйымдар, және олардың бөлiктерi: 6406.10 - сiрiлерiн және iшкi қатты және аралық детальдарды қоспағанда аяқ киiмнiң үстi және оның бөлiктерi 6406.20 - резеңкеден немесе пластмассадан жасалған табан және өкше
XІІ-бөлім 64-топ 64.06 2
Тауар YЖ позициясы коды - мынадай өзгелерi: 6406.91 -- ағаштан жасалғандар 6406.99 -- басқа да материалдардан жасалғандар
ХIІ-бөлім 65-топ 65.01/05 1
65-топ Бас киiмдер және олардың бөлiктерi
Ескертулер: 1.- Аталған топқа мыналар енгiзiлмейдi: (а) 63.09 тауар позициясының бұрын пайдаланылған бас киiмдерi; (б) асбестен жасалған бас киiмдер (68.12 тауар позициясы); немесе (в) қуыршақтарға арналған қалпақтар, 95-топтың басқа да ойыншық бас киiмдерi немесе карнавал бұйымдары. 2.- 65.02 тауар позициясына спираль бойынша жолақ қайып тiгiлiп орындалған қалпақтық жартылай фабрикаттардан басқа, тiгiлген қалпақтық жартылай фабрикаттар енгiзiлмейдi.
Тауар YЖ позициясы коды 65.01 6501.00 Фетрден тігілген, қалыпсыз, жиексіз қалпақ қалыптары, қалпақ дайындамалары және қалпақтар; фетрден жасалған тегiс және цилиндрлi дайындамалар (ұзынынан тiлiнгендердi қоса). 65.02 6502.00 Өрiлген немесе кез келген материалдың жолақтарын қосу жолымен дайындалған, қалыптанбаған, жиексiз, астарсыз және өңделмеген қалпақтық жартылай фабрикаттар. 65.03 6503.00 65.01 тауар позициясының қалпақ дайындамаларынан, қалпақтарынан немесе тегiс дайындамаларынан жасалған, астарлы немесе астарсыз немесе өңделген немесе өңделмеген фетр қалпақтар және өзге де бас киiмдер. 65.04 6504.00 Өрiлген немесе кез келген материалдың жолақтарын қосу жолымен дайындалған, астарлы немесе астарсыз, өңделген немесе өңделмеген қалпақтар және өзге де бас киiмдер. 65.05 Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж, немесе шiлтердiң, фетрдiң немесе басқа да тоқыма материалдарының тұтас (бiрақ жолақтардан жасалған емес) құрақтарынан дайындалған, астарлы немесе астарсыз немесе өңделген немесе өңделмеген қалпақтар және өзге де бас киiмдер; кез келген материалдан жасалған шашқа арналған, астарланған немесе астарланбаған немесе өңделген немесе өңделмеген торлар:
ХIІ-бөлім 65-топ 65.05 2 /07
Тауар YЖ позициясы коды 6505.10 - шашқа арналған торлар 6505.90 - өзгелерi 65.06 Астарлы немесе астарсыз немесе өңделген немесе өңделмеген өзге де бас киiмдер: 6506.10 - қорғаныс бас киiмдерi - мынадай өзгелерi: 6506.91 -- резеңкеден немесе пластмассадан жасалғандар 6506.92 -- табиғи былғарыдан жасалғандар 6506.99 -- өзге де материалдардан жасалғандар 65.07 6507.00 Бас киiмдерге арналған ленталар, астарлар, қаптар, негiздер, қаңқалар, күнқағарлар және байлаулар.
ХІІ-бөлім 66-топ 66.01/03
66-топ Қолшатырлар, күннен қорғайтын қолшатырлар, таяқтар, таяқ-орындықтар, бишiктер, атқа мiнiп жүруге арналған қамшылар және олардың бөлiктерi
Ескертулер: 1.- Аталған топқа мыналар енгiзiлмейдi: (а) өлшем таяқтары немесе ұқсас бұйымдар (90.17 тауар позициясы); (б) қорғасын құйылған атыс қаруы, салынбалы сапысы бар, таяқтар немесе ұқсас бұйымдар (93-топ); немесе (в) 95-топтың тауарлары (мысалы, ойыншық қолшатырлар, ойыншық күннен қорғайтын қолшатырлар). 2.- 66.03 тауар позициясына тоқыма материалдарынан жасалған бөлiктер, әшекейлеу детальдары немесе керек-жарақтар, сондай-ақ қол шатырларға арналған қаптар, шашақшалар, тартпалар, футлярлар немесе кез келген материалдардан жасалған ұқсас заттар енгiзiлмейдi. Мұндай, 66.01 немесе 66.02 тауар позициясының бұйымдарымен бiрге ұсынылған, бiрақ оларға бекiтiлмеген тауарлар жеке топтастырылады және осы бұйымдардың құрамдық бөлiгi ретiнде қаралмайды.
Тауар YЖ позициясы коды 66.01 Қолшатырлар, күннен қорғайтын қолшатырлар (қолшатыр-таяқтарды, бақ шатырларын және ұқсас бұйымдарды қоса): 6601.10 - бақ шатырлары және ұқсас бұйымдар - мынадай өзгелерi: 6601.91 -- жазылмалы өзегi бар 6601.99 -- өзгелерi 66.02 6602.00 Таяқтар, таяқ-орындық, бишiктер, атқа мiнiп жүруге арналған қамшылар және ұқсас бұйымдар. 66.03 66.01 немесе 66.02 тауар позициясының бұйымдарына арналған бөлiктер, әрлеу детальдары және керек-жарақтар: 6603.10 - тұтқалары және ұстайтын жерлерi 6603.20 - өзектерге (таяқтарға) орнатылған қанқаларды қоса алғанда қол шатырлардың қаңқасы 6603.90 - өзгелерi
XІІ-бөлім 67-топ 67.01/02 1
67-топ Өңделген қауырсындар мен мамық және қауырсындардан немесе мамықтан жасалған бұйымдар; жасанды гүлдер; адамның шашынан жасалған бұйымдар
Ескертулер: 1.- Аталған топқа мыналар енгiзiлмейдi: (а) адам шашынан жасалған сүзгiш маталар (59.11 тауар позициясы); (б) өсiмдiк ою-өрнегi бар шiлтерлер, кестелер немесе басқа да тоқыма материалдары (XІ бөлiм); (в) аяқ киiмдер (64-топ); (г) бас киiмдер немесе шашқа арналған торлар (65-топ); (д) ойыншықтар, импорттық құралдар немесе карнавалдық бұйымдар (95-топ); немесе (е) қауырсыннан жасалған сыпырғыштар, опалауға арналған мамықтар немесе шаш сүзгiлер (96-топ). 2.- 67.01 тауар позициясына мыналар енгiзiлмейдi: (а) қауырсындар немесе мамықтар тек толтырғыш ретiнде ғана пайдаланылатын бұйымдар немесе айшықтау материалдары (мысалы, 94.04 тауар позициясының төсектiк керек-жарақтары); (б) қауырсындар немесе мамықтар тек өңдеу немесе баспасуреттеу үшiн ғана пайдаланылатын киiм заттары немесе киiмдердiң керек-жарақтары; немесе (в) жасанды гүлдер немесе жапырақтар немесе олардың бөлшектерi немесе 67.02 тауар позициясының дайын бұйымдары. 3.- 67.02 тауар позициясына мыналар енгiзiлмейдi: (а) шыныдан жасалған бұйымдар (70-топ); немесе (б) қыштан, тастан, металдан, ағаштан немесе басқа материалдардан құю, соғу, бұрғылау, қалыптау немесе өзге жолымен алынған тұтас бұйымдар түрiндегi немесе қайталап өруден, желiмдеуден, жинақтаудан немесе ұқсас тәсiлдерден басқа кез келген тәсiлмен жабыстырылған бөлшектерден тұратын жасанды гүлдер, жапырақтар немесе жемiстер.
Тауар YЖ позициясы коды 67.01 6701.00 Құстардың терiлерi және қауырсындармен немесе түбiтпен, мамықпен жабылған өзге де бөлiктерi, қауырсындар, қауырсындарының бөлiктерi, түбiт және осы материалдардан жасалған бұйымдар (05.05 тауар позициясының бұйымдарынан және өңделген дiңдiлiк пен қауырсын өзегiнен басқа). 67.02 Жасанды гүлдер, жапырақтар және жемiстер және олардың бөлiктерi; жасанды гүлдерден, жапырақтардан немесе жемiстерден жасалған бұйымдар:
ХІІ-бөлім 65-топ 65.02 2 /04
Тауар YЖ позициясы коды 6702.10 - пластмассадан жасалғандар 6702.90 - өзге де материалдардан жасалғандар 67.03 6703.00 Таралған, сиретiлген, түсi кетiрiлген немесе өзге де тәсiлмен өңделген адам шаштары; жүн немесе өзге де жануар шаштары немесе париктер немесе ұқсас бұйымдар жасауға арналған өзге де тоқыма материалдары. 67.04 Адам шаштарынан немесе жануарлар шаштарынан немесе тоқыма материалдарынан жасалған париктер, жапсырмалы сақалдар, қастар және кiрпiктер, жапсырмалар және ұқсас бұйымдар; басқа жерлерде аталмаған немесе енгiзiлмеген адам шаштарынан жасалған бұйымдар; - мынадай синтетикалық тоқыма материалдарынан жасалғандар: 6704.11 -- жасалынып бiткен париктер 6704.19 -- өзгелерi 6704.20 - адам шашынан жасалған 6704.90 - өзге де материалдардан жасалған
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы
Қазақстан Республикасы 1983 жылғы 14 маусымда Брюссельде жасалған Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестiрiлген жүйесi туралы халықаралық конвенцияға және Брюссельде 1986 жылғы 24 маусымда жасалған Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесi туралы халықаралық конвенцияға түзетулер енгiзу туралы хаттамаға қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы