ХIY-бөлім 71-топ Ескертулер 1 Қазақстан Республикасының Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға және Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға түзетулер енгізу туралы хаттамаға қосылуы туралы Заңы
ХIY бөлiм Табиғи немесе қопсытылған інжу, қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар, қымбат бағалы металл жалатылған металдар және олардан жасалған бұйымдар; бижутерия; тиындар
71-топ Табиғи немесе қопсытылған iнжу, қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар, қымбат бағалы металдар, қымбат бағалы металдар, жалатылған металдар және олардан жасалған бұйымдар; бижутерия; тиындар
Ескертулер: 1.- Аталған топқа YІ бөлiмге 1-қосымшаның ережелерi және төменде көрсетiлген ерекшелiктер сақталған жағдайда аталған топқа толығымен немесе iшiнара: (а) табиғи немесе қопсытылған iнжудан жасалған немесе қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардан жасалған (табиғи, жасанды немесе өзгертiлген); немесе (б) қымбат бағалы металдар жалатылған, қымбат бағалы металдардан немесе металдардан жасалған барлық бұйымдар енгiзiледi. 2.- (а) 71.13, 71.14 және 71.15 тауар позицияларына қымбат бағалы металл немесе қымбат бағалы металл жалатылған металл ұсақ фурнитура немесе екiншi дәрежедегi әрлеу сияқты (мысалы, монограммалар, тоғыншалар және шеттiктеулер) тек екiншi дәрежелi құрамдастар ретiнде ғана қатысатын бұйымдар енгiзiлмейдi, және 1-қосымшаның (б) бөлiмiндегi ережелер осы бұйымдарға таратылмайды . (*)
___________________________ (*) осы ескертудегi сызылған бөлiк мәтінге қатысы жоғын көрсетедi
(б) 71.16 тауар позициясына қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдар жалатылған металдардан тұратын бұйымдар енгiзiлмейдi (ұсақ құрамды бөлiктерден басқа). 3.- Аталған топқа: (а) қымбат бағалы металдардың амальгамдары немесе коллоидтық күйдегi қымбат бағалы металдар (28.43 тауар позициясы); (б) хирургиялық тiгiстер салуға арналған стерильдiк материалдар, тiстердi пломбалау үшiн арналған материалдар немесе 30-топтың басқа да тауарлары; (в) 32-топтың тауарлары (мысалы, жалтырақтар); (г) тасымалдаушылардағы катализаторлар (38.15 тауар позициясы); (д) 42.02 немесе 42.03 тауар позициясындағы бұйымдар (42-топтың 2Б-қосымшасын қараңыз); (е) 43.03 немесе 43.04 тауар позициясындағы бұйымдар; (ж) XІ бөлiмдегi тауарлар (тоқыма материалдар мен тоқыма бұйымдар);
ХIҮ-бөлім 71-топ Ескертулер 2
(з) аяқ-киiм, бас киiм немесе 64 немесе 65-топтың өзге де бұйымдары; (и) қол шатырлары, таяқтар немесе 66-топтың өзге де бұйымдары; (к) 68.04 немесе 68.05 тауарлық позициясындағы құрамында қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардың түйiрлерi немесе ұнтақтары бар жемiрлiк материалдар (табиғи немесе жасанды); жұмыс бөлiгі қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардан (табиғи, жасанды немесе өзгертiлген) тұратын 82-топқа енгізiлген бұйымдар; XYI бөлiмнiң механизмдері, механикалық құрылғылары, электр тауарлары, немесе олардың бөлiктерi. Алайда аталған топқа дыбыс түсiру инелерiне арналған үшiн өңделген жақұтпен және алмаспен бекiтiлгендердi (85.22 тауар позициясы) қоспағанда, толығымен қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардан (табиғи, жасанды немесе өзгертілген) тұратын бұйымдар мен олардың бөлiктерi аталған топқа енгiзiледi; (л) 90, 91 немесе 92-топтың бұйымдары (ғылыми жабдықтар, барлық түрдегі сағаттар, музыка аспаптары); (м) қару-жарақтар немесе оның бөлiктерi (93-топ); (н) 95-топқа 2-ескертуде көрсетiлген бұйымдары; (о) 96-топқа 4-ескертуге сәйкес жасалған, 96-топтың бұйымдары; немесе; (п) табиғи немесе қопсытылған iнжудан немесе қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардан басқа мүсiндердiң немесе мүсiншелердiң түпнұсқалары (97.03 тауар позициясы), коллекциялау заттары (97.05 тауар позициясы) немесе жас шамасы жүз жылдан асатын антиквариат (97.06 тауар позициясы) енгізiлмейдi. 4.- (а) "Қымбат бағалы металл" терминi күмiс, алтын және платинаны бiлдiредi. (б) "Платина" терминi платинаны, иридийдi, осмийдi, палладийдi, родийдi және рутенийдi бiлдiредi. (н) "Қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар" терминi 96-топқа 2б-ескертуде көрсетiлгeн материалдарға таратылмайды. 5.- Аталған топта қымбат бағалы металдан тұратын кез келген қорытпаны (агломерияцияланған қоспаны немесе интерметалды қосылысты қоса алғанда), егер оның қорытпадағы үлесi 2 мас.% кем болмаса қымбат бағалы металдың қорытпасы деп санау қажет. Қымбат бағалы металдардың қорытпаларын мына ережелер бойынша: (а) құрамында 2 мас.% немесе одан да көп платинасы бар қорытпаларды - платина қорытпасы ретінде; (б) құрамында 2 мас.% немесе одан да көп алтыны бар, бiрақ платинасыз нeмece құрамында 2 мас.% аз платинасы бар қорытпаны - алтынның қорытпасы ретiнде; (в) құрамында 2 мас.% немесе одан да көп күмiсi бар өзге де қорытпаларды - күмiс қорытпалары ретiнде жiктеу қажет. 6.- Егер мәтiнде өзгеше келiсiлмесе, жоғарыда 5-ескертуде көрсетiлген ережелерге сәйкес Номенклатурадағы кез келген қымбат бағалы металдарға немесе кез келген нақты қымбат бағалы металға сiлтеме қымбат бағалы металдардың қорытпаларына немесе нақты металға сiлтеменi қамтиды. Алайда
ХIҮ-бөлім 71-топ Ескертулер 3
бұл қымбат бағалы металл жалатылған металдарға, қымбат бағалы емес металдарға немесе қымбат бағалы металл гальвандау тәсiлiмен жалатылған метал еместерге жатпайды. 7.- Бүкіл Номенклатурада "қымбат бағалы металл жалатылған металл" терминi бiр немесе одан астам бетiне дәнекерлеу, пiсiру, ыстық илектеу жолдарымен немесе ұқсас механикалық тәсiлдермен қымбат бағалы металдардан жабынды жағылған металдың негiзiнде дайындалған материалды бiлдiредi. Егер мәтiнде өзгеше келiсiлмесе, бұл термин қымбат бағалы металмен безендiрiлген қымбат бағалы емес металды да бiлдiредi. 8.- VI бөлiмге 1a-ескертуiнiң ережелерi сақталған жағдайда, 71.12 тауар позициясының сипаттамасына сәйкес тауарлар Номенклатураның ешқандай басқа тауар позициясына емес, осы тауар позициясына енгiзiледi. 9.- 71.13 тауар позициясындағы "зергерлiк бұйымдар" терминi: (а) жеке әшекейлердiң кез келген ұсақ заттары (қымбат бағалы тастармен немесе оларсыз) (мысалы, сақиналар, бiлезiктер, алқалар, таналар, сырғалар, сағатқа арналған шынжырлар, брелоктар, кулондар, галстукке арналған iлгектер, запонкалар, дiни немесе басқа да медальдар мен белгілер); және (б) әдетте қалтада, әйелдер сөмкесiнде немесе денеде (мысалы, портсигарлар, опа салғыштар, шынжырлы әмияндар, таблеткаларға арналған қорапшалар) алып жүретін жеке пайдалануға арналған бұйымдарды бiлдiредi. 10.- 71.14 тауар позициясындағы "шеберлердiң алтын немесе күмiс iстерi бұйымдары" терминi әшекейлердi, ыдысты, жуыну құралдарын, темекi шегу керек-жарақтарын және үй тiршiлiгiне, мекемелерге арналған басқа да бұйымдарды немесе дiни мақсаттағы заттарды бiлдiрдi. 11.- 71.17 тауар позициясындағы "бижутерия" терминi осы топқа 9a-ескертуiнде (96.06 тауар позициясындағы түймелерден немесе басқа да бұйымдардан немесе 96.15 тауар позициясындағы тарақтардан, шашқа қыстыратын түйреуіштерден және бiзөкшелерден басқа) анықтамасы жоғарыда берiлген, табиғи немесе қопсытылған iнжусiз, қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастарсыз (табиғи, жасанды немесе өзгертілген), қымбат бағалы металдарсыз немесе қымбат бағалы металдар жалатылған металдарсыз (гальванды қаптағыштарды немесе қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдар жалатылған металдардан жасалатын екiншi дәрежедегi бөлшектердi санамағанда) зергерлiк бұйымдарды бiлдiреді. Субпозицияларға ескертулер: 1.- 7106.10, 7108.11, 7110.11, 7110.21, 7110.31 және 7110.41 субпозициялардағы "ұнтақ" терминi және "ұнтақ түрiндегі" деген ұғым массасының 90 мас.% немесе одан да көбi ұяшығының мөлшерi 0,5 мм елеуiш арқылы еленетiн өнiмдердi бiлдiредi. 2.- Аталған топқа 4б-ескертудiң ережелерiне қарамастан, 7110.11 және 7110.19 субпозициялардағы "платина" терминi иридийдi, осмийдi, родийдi немесе рутенийдi бiлдiрмейдi. 3.- 71.10 тауар позициясында платина, родий, иридий, осмий немесе рутений болсын, әр қорытпа массасы жағынан басым болатын металл бойынша жiктеледi.
XIY-бөлім 71-топ 71.01/04 1
Тауар ҮЖ коды позициясы I. Табиғи немесе қопсытылған інжу және қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар
71.01 Өңделген немесе өңделмеген сортталған немесе сортталмаған бiрақ өткiзiлмеген, түзетiлмеген және бекiтiлмеген табиғи немесе қопсытылған iнжу; тасымалдау қолайлығы үшiн уақытша тiзбектелген табиғи немесе қопсытылған iнжу: 7101.10 - табиғи iнжу - қопсытылған iнжу 7101.21 -- өңделмеген 7101.22 -- өңделген 71.02 Өңделмеген немесе өңделген, бiрақ түзетiлмеген немесе бекiтiлмеген алмастар: 7102.10 - сортталмаған - өнеркәсiптiк: 7102.21 -- өңделмеген немесе жай араланған, уатылған немесе алғашқы өңдеуге ұшыраған 7102.29 -- өзгелерi -- өнеркәсiптiк: 7102.31 -- өңделмеген немесе жай араланған, уатылған немесе алғашқы өңдеуге ұшыраған 7102.39 -- өзгелерi 71.03 Өңделген немесе өңделмеген, сортталған немесе сортталмаған бiрақ өткiзiлмеген, түзетiлмеген және бекітілмеген қымбат бағалы (алмастардан бacқa) және жартылай қымбат бағалы тастар; сортталмаған қымбат бағалы (алмастардан басқа) тастар және тасымалдау қолайлығы үшiн уақытша тiзбектелген жартылай қымбат бағалы тастар: 7103.10 - өңделмеген немесе жай араланған уатылған немесе алғашқы өңдеуге ұшыраған - басқа да тәсiлдермен өңделген: 7103.91 -- лағылдар, жақұттар және зүміреттер 7103.99 -- өзгелерi 71.04 Жасанды немесе өзгертiлген, өңделген немесе өңделмеген, сортталған немесе сортталмаған, бiрақ өткiзiлмеген, түзетiлмеген және бекiтiлмеген қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар; тасымалдау қолайлығы үшiн уақытша тiзбектелген жасанды немесе өзгертiлген қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар: 7104.10 - пьезоэлектрленген кварц
XIҮ-бөлім 71-топ 71.04 2 /10
Тауар ҮЖ коды позициясы 7104.20 - өңделмеген немесе жай араланған, уатылған немесе алғашқы өңдеуге ұшыраған өзгелерi 7104.90 - өзгелерi 71.05 Табиғи немесе жасанды қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардан алынған түйiр мен ұнтақ 7105.10 - алмастардан 7105.90 - өзгелерi
II. Қымбат бағалы металдар; қымбат бағалы металдар жалатылған металдар
71.06 Өңделген немесе жартылай өңделген, немесе ұнтақ түрдегi күмiс (алтыннан немесе платинадан алынған гальванды қаптамасы бар күмiстi қоса алғанда): 7106.10 - ұнтақ - өзгелерi: 7106.91 -- өңделмеген түрде 7106.92 -- жартылай өңделген түрде 71.07 7107.00 Қымбат бағалы емес, күмiспен жалатылған, жартылай өңделген металдар 71.08 Өңделмеген немесе жартылай өңделген, немесе ұнтақ түрдегi алтын (платинадан алынған гальванды қаптамасы бар алтынды қоса алғанда): - тиындарды шарпу үшiн пайдаланылмайтын 7108.11 -- ұнтақ 7108.12 -- өзге де өңделмеген нысандарда 7108.13 -- өзге де жартылай өңделген нысандарда 7108.20 - тиындарды шарпу үшiн пайдаланылатындар 71.09 7109.00 Қымбат бағалы емес металдар немесе алтын жалатылған, өңделмеген немесе жартылай өңделген күмiс 71.10 Өңделмеген немесе жартылай өңделген, немесе ұнтақ түрдегi платина: - платина: 7110.11 -- өңделмеген немесе ұнтақ түрдегi 7110.19 -- өзгелерi - палладий: 7110.21 -- өңделмеген немесе ұнтақ түрдегi 7110.29 -- өзгелерi - родий 7110.31 -- өңделмеген немесе ұнтақ түрдегi 7110.39 -- өзгелерi - иридий, осмий және рутений: 7110.41 -- өңделмеген немесе ұнтақ түрдегi 7110.49 -- өзгелерi
ХIY-бөлім 71-топ 71.11/14 1
Тауар ҮЖ коды позициясы 71.11 7111.00 Платина жалатылған, өңделмеген немесе жартылай өңделген қымбат бағалы емес металдар, күмiс нeмece алтын 71.12 Қымбат бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтары немесе қымбат бағалы металдар жалатылған металдар; негiзiнен қымбат бағалы металдарды шығару үшiн пайдаланылатын, қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдардың қорытпаларынан тұратын өзге де қалдықтар мен сынықтар: 7112.30 - қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдардың қосылыстарынан тұратын күл - өзгелерi: 7112.91 -- алтын жалатылған металды қоса алғанда, бiрақ басқа да қымбат бағалы металдарды құрайтын қалдықтарды алып тастағанда, алтындар 7112.92 -- платинамен жалатылған металды қоса алғанда, бірақ басқа да қымбат бағалы металдардың қалдықтарын қоспағанда, платиналар 7112.99 -- өзгелерi
III. Зергерлік бұйымдар, шеберлердің алтын және күміс іскерлік бұйымдары және басқа да бұйымдар
71.13 Зергерлiк бұйымдар және қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдар жалатылған металдардан жасалған олардың бөліктерi: - гальванды қаптамалары бар немесе жоқ, қымбат бағалы металдар жалатылған немесе жалатылмаған, қымбат бағалы металдардан жасалған: 7113.11 -- гальванды қаптамалары бар немесе жоқ, басқа да қымбат бағалы металдармен жалатылған немесе жалатылмаған, күмiстен жасалған 7113.19 -- гальванды қаптамалары бар немесе жоқ, басқа да қымбат бағалы металдар жалатылған немесе жалатылмаған, өзге де қымбат бағалы металдардан жасалған 7113.20 - қымбат бағалы металдар жалатылған, қымбат бағалы емес металдардан жасалған 71.14 Шеберлердiң алтын немесе күмiс iскерлiк бұйымдары және қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдар жалатылған металдардан жасалған олардың бөлiктерi:
ХIY-бөлім 71-топ 71.14 2 /14
Тауар YЖ коды позициясы - гальванды қаптамалары бар немесе жоқ, қымбат бағалы металдар жалатылған немесе жалатылмаған қымбат бағалы металдардан жасалған: 7114.11 -- гальванды қаптамалары бар немесе жоқ, басқа да қымбат бағалы металдар жалатылған немесе жалатылмаған күмiстен жасалған 7114.19 -- гальванды қаптамалары бар немесе жоқ, басқа да қымбат бағалы металдар жалатылған немесе жалатылмаған өзге де қымбат бағалы металдардан жасалған 7114.20 - қымбат бағалы металдар жалатылған қымбат бағалы емес металдардан жасалған 71.15 Қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдар жалатылған металдардан жасалған өзге де бұйымдар: 7115.10 - сым торы нысандағы катализаторлар немесе платинадан жасалған шiлтерлер 7115.90 - өзгелерi 71.16 Taбиғи немесе қопсытылған iнжудан, қымбат бағалы немесе, жартылай қымбат бағалы тастардан жасалған бұйымдар (табиғи, жасанды немесе өзгертілген) 71.17 Бижутерия: 7117.11 - қымбат бағалы емес металдардан жасалған, қымбат бағалы металдардан жасалған гальванды қаптамалары бар немесе жоқ: 7117.11 -- запонкалар және түйреуіштер 7117.19 -- өзгелерi 7117.90 -- өзгелерi 71.18 Тиындар: 7118.10 - заңды төлем құралы ретінде саналмайтын тиындар (алтын тиындардан басқа) 7118.90 - өзгелерi
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы
Қазақстан Республикасы 1983 жылғы 14 маусымда Брюссельде жасалған Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестiрiлген жүйесi туралы халықаралық конвенцияға және Брюссельде 1986 жылғы 24 маусымда жасалған Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесi туралы халықаралық конвенцияға түзетулер енгiзу туралы хаттамаға қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы