⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Инвестицияларды тарту және инвесторлардың қатысуымен дауларды қарауы бойынша

Инвестицияларды тарту және инвесторлардың қатысуымен дауларды қарауы бойынша

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Инвестицияларды тарту және инвесторлардың қатысуымен дауларды қарауы бойынша

               Әлемдік экономиканың қазіргі даму үрдістері жағдайында инвестициялар тарту елдің орнықты экономикалық өсуі мен өркендеуінің негізгі факторына айналуда.

Мұны Президент Қ.К. Тоқаев та атап өтті, ол 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Экономиканың өсуін шектейтін негізгі проблема инвестициялардың тапшылығы болып табылады. Инвестиция тапшылығы болашақта өсудің болмауына тең» деп айтты.

Мемлекет басшысы инвестицияларды тартудың маңыздылығын және экономиканың жекелеген секторларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды 2022 жылғы 1 қыркҥйектегі Жолдауында атап өтті.

2022 жылғы 9 маусымда шетелдік инвесторлармен кездесу барысында ел Президенті инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жүйелі жұмыс ауқымды реформалармен қатар жүретінін межеледі.

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» атты Жарлыққа қол қойды.

Бұл Жарлық инвестициялар тарту жөніндегі кеңеске (Инвестициялық штабқа) ерекше өкілеттіктер береді. Инвестициялық штабтың негізгі міндеттерінің бірі барлық деңгейдегі инвестициялық жобалардың проблемалық мәселелерін шешу болып табылады.

Мұның бәрі Қазақстан Республикасының шетелдік инвесторлармен жҧмыс істеу және қолайлы инвестициялық ахуал жасау процесіне қатысатынын көрсетеді. Мемлекеттік органдардың саясаты Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға және инвесторлармен тікелей жұмыс істеуге бағытталған.

Осылайша, бүгінгі таңда мемлекеттердің инвестициялар ҥшін бәсекелестік тенденциясы қалыптасты. Бұл түрғыдан инвесторларды қорғауды қамтамасыз ететін және инвестициялар үшін нарықтың тартымдылығын арттыра алатын сот жүйесінің ашықтығы мен тиімділігі маңызды шарт болып табылады.

Сот органдарының жұмысы, оның ішінде тҧрақты қҧқықтық ортаны құруға әсер етеді, бұл өз кезегінде кәсіпкерлер мен инвесторлардың сенімін арттырады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бҧдан әрі – КК) 296-бабының 1-тармағына сәйкес инвестициялық дау инвесторлар, оның ішінде ірі инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы олардың инвестициялық қызметіне туындайтын дау. байланысты шарттық міндеттемелерден Инвестор ұғымы КК-нің 274-бабында да бекітілген, оған сәйкес «Инвестор деп Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түсініледі». Ірі инвестор деп Қазақстан Республикасында айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жҥзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға түсініледі.

Өз кезегінде, КК-нің 274-бабының 1-тармағына сәйкес лизинг шартын жасасқан кезден бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет ҥшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық тҥрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) инвестициялар болып табылады.

Осыны ескере отырып, заңнамалық реформаларды жүргізудің неғұрлым қолайлы бағытын әзірлеу мақсатында инвестициялық дауларды сотта қараудың қазіргі проблемаларын талдау қажет.

«Қазақстан Республикасының сот жҥйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 наурыздағы Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық Заңда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жҥйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 20 наурыздағы № 20-VII Заңда ӘРПК-ні енгізу және АПК-нің қолданысы жағдайында инвесторлардың қатысуымен даулардың сатылардағы соттылығы белгіленді, сондай-ақ облыстық соттар мен Жоғарғы Сотта әкімшілік істер бойынша сот алқалары қҧрылды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (АПК) 27-бабының 1-2-бөлігіне және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің (ӘРПК) 102-бабының ҥшінші бөлігіне сәйкес жария құқықтық қатынастардан туындайтын инвесторлардың қатысуымен дауларды соттар Астана қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты (МАӘС) бірінші сатыдағы ӘРПК қағидалары бойынша қарайды.

АПК-нің қағидалары бойынша инвесторлар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен жария-құқықтық қатынастардан туындамайтын даулар бірінші саты бойынша Астана қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотпен шешіледі.

МАӘС пен МАЭС-те шешілген инвестициялық даулар Астана қаласы сотының және Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқаларында ӘРПК мен АПК-нің қағидалары бойынша қайта қаралуға жатады.

Бұл ретте соттар істерді қарау кезінде қолданатын процестік заңдар тәсілдерінің ерекшеліктері оларды шешудің әртҥрлі нәтижесін туғызады. Бұл жағдайға сот ісін жүргізудің екі түріндегі басым қағидаттар ықпал етеді.

ӘРПК бойынша – соттың белсенді рөлі (инквизициялық), АПК бойынша – тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы (диспозитивті) қағидаттары.

Инквизициялық қағидатты іске асыру үшін сот формальды қателіктерді жою, түсініксіз сөздерді нақтылау, әкімшілік істің мәні бойынша өтінішхаттар беру, толықтыруды қажет ететін нақты деректермен толықтыру, процестің барлық кезеңдерінде әкімшілік істің мән-жайларын толық айқындау және объективті бағалау үшін маңызы бар барлық жазбаша тҥсініктемелерді ұсыну бойынша жәрдем көрсетуге міндетті.

Егер әкімшілік процеске қатысушылар ҧсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, сот оларды өз бастамасымен жинайды (ӘРПК 130-бабының бірінші және екінші бөліктері) Бұл ретте ӘРПК-де дәлелдеу ауыртпалығы жалпы ереже бойынша жауапкер – әкімшілік органға жҥктелгенін атап ӛту маңызды.

Сондай-ақ ӘРПК-де әкімшілік рәсімнің бірқатар жаңа және пәрменді қағидаттары (пропорционалдылық, әкімшілік қалауды жҥзеге асыру шектері, құқықтардың басымдық қағидаты, сенім қҧқығын қорғау, формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу, анықтық презумпциясы және т.б.) бекітілген.

Сонымен, әкімшілік рәсімдік-процестік заңнама инвестордың әкімшілік органмен дауласу кезінде құқықтарын қорғауға кепілдік бере алады.

Осыған байланысты ұсынылған талдаудың мақсаты қалыптасқан сот практикасын, заңнаманы қолдану практикасын зерделеу және инвестициялық дауларды қарау кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді анықтау және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 

              Соттылықты анықтау

              Әртҥрлі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада орналасқан бірінші сатыдағы соттар арасындағы дауды тиісті облыстық немесе оған теңестірілген соттың ҧсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты шешеді (ӘРПК-нің 109-бабының екінші бөлігі). 

Инвестициялық даулар бойынша жауапкерлер

              Жауапкер «сотта талап қойылған әкімшілік орган немесе лауазымды адам» болып табылады (ӘРПК-нің 4-бабының бірінші бөлігінің 15) тармақшасы).

              Өз кезегінде әкімшілік орган ӘРПК-нің 4-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік іс-әрекет (әрекетсіздік) жасау жөніндегі өкілеттіктер берілген өзге де тыйым болып табылады.

              Мемлекеттік органдар кезең-кезеңімен Астана қаласының МАӘС-нен ӛңірлердің МАӘС-не инвестициялық дауларды беру туралы мәселені кӛтеретінін ескере отырып, соттардың ықтимал жҥктемесін, оның ішінде қай аумақтық департаменттерге қатысты талап қоюлар жиі келіп тҧратынын негізге ала отырып бағалау қажет.             

 Талап қоюларды қайтару

           Әкімшілік талап қоюларды қайтару ӘРПК-нің 138-бабының екінші бӛлігінде кӛзделген негіздер бойынша жҥзеге асырылады.

Талап қоюлардың ең көп саны ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің «іс әкімшілік сот ісін жҥргізу тәртібімен қарауға жатпайды» деген 11) тармақшасы бойынша, сондай-ақ іс ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің «осы соттың қарауына жатпайды» деген 17) тармақшасы бойынша қайтарылған.

Негізі (ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің тармақшасы)

2) талап қою осы Кодекстің 131-бабы екінші бӛлігінің талаптарына сәйкес келмейді

5) осы немесе басқа соттың іс жҥргізуінде сол тараптар арасындағы сол нысана туралы дау бойынша іс бар

6) талап қоюшы берген талап қоюды кері қайтарып алды

9) тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасады

11) іс әкімшілік сот ісін жҥргізу тәртібімен қарауға жатпайды

15) сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартты

17) іс осы соттың соттылығына жатпайды

ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) және 17) тармақшалары негізінде қайтарылған талап қоюлардың басым кӛпшілігі МАЭС-те азаматтық талап қою кезінде талап қоюшылардың жіберген қателіктерімен байланысты.

ӘРПК-нің 5-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік сот ісін жҥргізудің міндеті жеке тҧлғалардың бҧзылған немесе даулы қҧқықтарын, бостандықтары мен заңды мҥдделерін, заңды тҧлғалардың жария құқықтық қатынастардағы қҧқықтары мен заңды мҥдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.

Жария-қҧқықтық қатынастар қҧқық субъектілерінің арасында қатысушылардың бірінің екіншісіне қатысты билік өкілеттіктерін жҥзеге асыруына байланысты туындайтынын атап өту маңызды.

Егер азаматтық шарт болып табылатын келісімшарттың талаптарына дау айту туралы сөз қозғайтын болсақ, онда мемлекеттік орган шарттың тарапы ретінде болады және билік өкілеттіктерін жҥзеге асырумен байланысты емес. Демек, мҧндай істер азаматтық іс жҥргізу тәртібімен қаралады.

Мысалы, МАӘС «жауапкердің бас тартуы ауыртпалық акт болып табылмайды, биліктің кӛзқарасын қамтымайды, талап қоюшының жария құқықтық қатынастардан туындайтын құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына, өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталмаған.

Аталған мән-жайлар кезінде талап қоюдың тұжырымдарына қарамастан, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтын ретінде талап қоюды қайтару керек.» деп талап қоюды қайтарған (№ 7194-23-00-4/1127).

Немесе басқа жағдайда МАӘС «талап қоюшының осы іс бойынша талаптары жария-құқықтық қатынастарға жатпайды, талап қоюшының талаптары тараптардың арасында жасалған келісімшарт талаптарынан туындайды.

Талап қоюшы жауапкердің келісімшарт мерзімін ұзартудан бас тартуына қарсы. Осыған байланысты, инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасалған келісімшарт болған жағдайда, бұл дау әкімшілік талап қою нысанасы бола алмайды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот талап қою әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды деп есептейді.» (№7194-23-00-4/675). Дәл осы мәселеге байланысты талап қоюларды қайтарудың саны ең көп.

Ол туралы осы талдаудың 4.1-бӛлімінде толығырақ баяндалған. Сондай-ақ әкімшілік талап қоюлар бойынша татуласудың салыстырмалы тҥрде төмен деңгейіне қатысты тӛмендегілерді атап өтеміз.

ӘРПК-нің 120-бабының бірінші бөлігіне сәйкес тараптарды татуластыруға жауапкердің әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде олардың заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдауға өкілеттігі болып табылатын әкімшілік қалауы болған кезде жол беріледі.

Осыған байланысты АПК-нің 174-бабының бірінші бөлігінде белгіленген сияқты емес, ӘРПК тараптарды татуластыру шараларын қабылдауға судьяны міндеттемейді.

Әкімшілік және азаматтық істер бойынша татуласу санының айырмашылығы осыған байланысты.

Болашақта ӘРПК-ге әкімшілік шарт тҧжырымдамасы енгізілген жағдайда, тиісті өзгерістер татуласу тетігін де қозғайтынын назарда ҧстаған жөн.

Сонымен қатар, МАЭС-те қаралатын инвестициялық даулар инвесторлардың да, мемлекеттік органдардың да инвесторларға берген талап қоюларын қамтиды. 

Қолданылған қысқартулар

1) ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

2) АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

3) АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

4) КК – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;

5) ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;

6) СК – Қазақстан Республикасының Салық кодексі;

7) Астана қалалық сотының ӘІСА - Астана қалалық сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;

8) ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;

9) МАӘС – Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;

10) МАЭС – Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;

11) ОМО – орталық мемлекеттік орган. 

Пайдаланылған нормативтік деректер

Инвестициялық дауларды қарау кезінде соттар басшылыққа алған материалдық құқық нормаларына қазіргі кездегі қолданыстағы заңнамалық актілер жатады.

Қорыту санатындағы даулар бойынша мәселелерді реттейтін негізгі нормативтік қҧқықтық актілер:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

3) 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;

4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

5) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;

6) 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Қазақстан Республикасының Жер кодексі;

7) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

8) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексі және т.б.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы