Іскерлік беделді қорғау туралы талаптар бойынша азаматтық істер
Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабына сәйкес әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабына сәйкес әркімге сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі, сондай-ақ заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары оның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
АК-нің 143-бабына сәйкес егер азаматтың немесе заңды тұлғаның арнамысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегiн жариялауға құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде АК-нің 143-бабының бөліктері мен Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 19-бабы бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады деп міндетті тәртіпте белгілейді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 7-тармағына сәйкес егер де кір келтіретін мәлімдеме баспада немесе басқада жаппай тәсілмен хабарланса (радио, теледидар т.б.), жауапкер ретінде автор және сол жаппай хабарлау мекемесі тартылады (редакция, баспа т.б.), себебі АК-нің 143- бабының 2-тармағына сәйкес талапкерге кір келтіретін мәлімдеме таратылғандығы анықталған жағдайда, ондай мәлімдемені теріске шығару міндетін сот сол мекемеге жүктеуге құқысы бар.
Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар бойынша тиісті жауапкерлер шындыққа сай келмейтін кір келтіретін мәлімдеме авторлары, сондай-ақ бұл мәліметтерді таратқан адамдар болып табылады.
Егер дау мәліметтері мәлімдеме таратқан адамды көрсетумен бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған болса, онда бұл адам тиісті жауапкер болып табылады.
Автордың атын белгілемей-ақ кір келтіретін шынайылыққа сай келмейтін мәліметтерді жариялаған немесе таратқан кезде іс бойынша тиісті жауапкертиісті бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы болып табылады, яғни осы бұқаралық ақпарат құралдарының өндірісін және шығарылуын жүзеге асыратын ұйым, жеке тұлға, жеке тұлғалар тобы болып табылады.
Мәселен, істің мән-жайларынан мәлім болғандай, кір келтіретін мәліметтер тек адамның ар-намысына ғана тиеді, алайда талап ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы беріледі. Осыған ұқсас сот шешімінің қарар бөлігі де қалыптастырылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 1- тармағында осы түсініктерінің әрқайсысына өзіндік анықтамалар берілген.
Ар-намыс деген - азаматтың рухани және әлеуметтік сапасының биіктігі, қоғам бағасы.
Абырой деген - өз рухани байлығын, рухани санасын, қоғамдағы маңыздылығын, орнын адамның өзінің іштей бағалауы.
Жұмыскерлік атақ деген - адамның іскерлік (өндірістік мамандылық) беделдеріне қоғам пікірі бойынша дұрыс берілген баға.
Бұл анықтамалардың мазмұн мәндерінен шыға отырып, заңды тұлға арнамысқа (жеке бастың моральдық және басқа да қасиеттерінің бағасына), сонымен қатар қадір-қасиетке (жеке бастың өзінің іштей бағалауына, өз қасиеттерінің, қабілеттерінің мойындауына) ие бола алмайды. Бұл ретте жеке кәсіпкер де, коммерциялық ұйым да, сондай-ақ кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға да және коммерциялық емес ұйым да іскерлік беделге ие бола алады.
Адамның қызметтің белгілі бір саласын реттейтін қолданыстағы заңнаманы бұзу, тәртіпсіздік, кәсіби (кәсіпкерлік) қызметті жүзеге асырған кездегі жосықсыздық, іскери айналым салттарының немесе іскери әдебінің бұзылуы туралы және т.б. пікірлері бар мәліметтерді (олардың 4 шынайылылыққа сай келмеген жағдайда) нақты іскерлік беделге кір келтіреді деп тану қажет.
Егер мәліметтер сенімсіздік тудырса, кінәлі қасиеттерге көрсетсе, кәсіби қасиеттерге күмән келтірсе, қолайсыз жағдайға әкелсе, нақты адамның беделін түсірсе, кемітсе, кір келтірсе, осындай мәліметтер беделге зиян келтіреді.
Коммерциялық ұйымдар бірқатар істер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында кір келтіретін мәліметтерді таратумен байланысты сотқа талаптармен жүгінеді.
Осылайша, «Окжетпес-Т» ЖШС «Темиртауский рабочий» газетінің редакциясына және газеттің редакторы О.И.Гусевке заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғау туралы талаппен Қарағанды облысының Теміртау қалалық сотына жүгінген, ол 2016 жылдың 15 маусымында заңды тұлғаның іскерлік беделіне кір келтіретін және шынайылыққа сай келмейтін, оның ішінде табиғи монополия субъектісі болып табылатын Серіктестік тұтынушыларға төлем шоттарын заңсыз қойып отырғаны туралы мәліметтер шынайылылыққа сай келмейтінімен негіздеді.
Жауапкерлер талапты мойындамады, себебі мақала тек Серіктестік қызметінің заңдылығы туралы пікірлерді және пайымдарды ғана қамтиды, алайда бұл мәліметтер талапкердің іскерлік беделіне кір келтірмейді. Іс бойынша шешімде сот Серіктестіктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнаманың нормаларын талдап, жарияланған мақалада көрсетілген бұзушылықтардың жоқтығы туралы қорытындыға келді.
Осыған орай, жауапкерлерді жарияланған мәліметтерді теріске шығаруды міндеттеу талаптарының бөлігінде талап қанағаттандырылған болатын.
Газеттің редакторымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария кешірім сұрау бөлігінде талапты қанағаттандырудан бас тартылды, себебі мақаланың авторы мақалада көрсетілген мәселелер бойынша өз пікірлері мен пайымдарын білдіру құқығымен пайдаланған.
Апелляциялық сатыдағы сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Кей уақыттарда заңды тұлғалар моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қате қояды.
«Кыран 2009» ЖШС-нің директоры Ерік Қонақбайұлы бастапқыда жауапкер Иван Андреевич Крикливцевке заңды тұлғаның ар-намысын, қадірқасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талаппен Қостанай облысының Қостанай қалалық сотына жүгінген, бұны ол келесідей негіздеді. «Кыран 2009» ЖШС күзеттік қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылады, оның ішінде «Текстильщик» ПКСТ шарт жасалған. 2016 жылғы 28 қаңтардағы №8 «Наш Костанай» газетінде «Неудачный поворот дела» атты мақала шықты, осында «Текстильщик» ПКСТ-тің күзеттік қызметтері саябақшыларға міндеттемеленгені, саябақшылардың көбі күзетті жалдауға қарсы дауыс бергені, «Кыран 2009» ЖШС өз міндеттеріне кіріскеннен кейін «Текстильщик» 5 ПКСТ-да ұрлық саны ұлғайғаны туралы жауапкердің пікірлері келтіріледі.
Талапкер «Наш Костанай» газетіндегі Ольга Горай қолтаңбасымен 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 8 «Неудачный поворот дела» мақаласында жауапкер таратқан мәліметтерді негізсіз және «Кыран 2009» ЖШС-тің ар-намысына, қадірқасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіреді деп тануды; Иван Андреевич Крикливцевтен 100 000 теңге мөлшерінде Ерік Қонақбайұлының пайдасына моральдық зиянның ақша өтемақысын өндіріп алуды; жауапкер Иван Андреевич Крикливцевтен 250 000 теңге мөлшерінде «Кыран 2009» ЖШС-тің пайдасына моральдық зиянның ақша өтемақысын өндіріп алуды соттан сұраған. Соттың шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылған.
Бұл ретте талапкерлердің жеке мүліктік емес құқықтарының бұзушылығы дәлелденбеген деп атап өтілді. Сонымен қатар заңды тұлға моральдық зиянды өтеу туралы талапты мәлімдеу құқығына ие емес, бұл құқық тек жеке тұлғаға ғана тиесілі.
Бұл қорытындыны сот АК-нің 143-бабы 6-тармағының нормасына негіздеген, оған сәйкес азаматқа қатысты оның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, ол мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуынан өзіне келтірілген залалдың және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Моральдық зиянды өтеу туралы талапты қоспағанда, осы баптың азаматтың іскерлік беделін қорғау туралы қағидалары тиісінше заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғауға да қолданылады.
Заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғауға осы Кодексте белгіленген тәртіппен залалдың орнын толтыру туралы қағидалар қолданылады.
Мемлекеттік мекемелердің тарапынан іскерлік беделді қорғауға сотқа жүгінуі
«Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» КМБ жауапкерлер А.Д.Абдировке, О.П.Климоноваға, Б.Канатовқа, С.А.Нурбаевқа ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаппен Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының сотына жүгінген, бұл оны 2014 жылдың 1 тамызында А.Д.Абдиров, О.П.Климонова, Б.Канатов, С.А.Нурбаев Ақтөбе облысы бойынша ұлттық алдын алу механизмінің тобы құрамында «Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемеге барып қайтқанымен негіздеді.
Барып тұрудың нәтижелері бойынша жауапкерлер есеп әзірлеген болатын, онда ЦАН әкімшілігі туралы шынайылылыққа сай келмейтін және ар-намысқа, қадір-қасиетке және іскерлік беделге кір келтіретін мәліметтерді таратқан. Жауапкерлер қол қойған ЦАНға алдын ала келу есебінде: «.. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жылдар өте келе, ЦАН әкімшілігі тек бұзылады» деп көрсетілген.
Талапкердің пікірі бойынша есептің келтірілген үзіндісінде мақұлдаған деректер келтіріледі, бұдан ЦАН әкімшілігі пасық және адамгершілікке жат өмір салтын ұстанады, тәртіп пен қатынастардың төмен моральдық өнегесі бар мінездердің бұзушылығына ие.
Істі шеше отырып, бірінші сатыдағы сот 2014 жылғы 1 тамыздағы «Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» КМБ-ға алдын ала бару туралы есепте, оның ішінде «.. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жылдар өте келе, ЦАН әкімшілігі тек бұзылады» мәтінінің үзіндісінде баяндалған мәліметтер «Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» КМБ-ның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделділігіне кір келтіреді, себебі аталған есептегі үзінді «Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» КМБ-ның қызметіне қатысты қоғамда теріс пікір тудырып, тікелей әсер етеді, бұл дегені талапкердің құқықтары бұзылады.
Апелляциялық сатыдағы сотпен өзгеріссіз қалдырылған соттың шешімімен талап қанағаттандырылған, аталған мәліметтер шынайылылыққа сай келмейді деп танылған, «Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» КМБ-ның еңбек ұжымының жалпы жиналысында кешірім сұраумен есепте баяндалған мәліметтердің шындыққа сай келмеуі туралы хабарлау жолмен теріске шығару міндеті жауапкерлерге жүктелген.
Апелляциялық және кассациялық сатылар.
Жоғары тұрған сатылар даудың мән-жайлары заңды анықталады және шешімде баяндалған бірінші сатыдағы сот қорытындыларының істің мән жайларына сәйкес келмеуін анықтаған, материалдық нормаларының немесе процестік құқық нормаларының дұрыс қолданбаған немесе бұзған жағдайда бірінші сатыдағы соттар шешімдерінің күші жойылады немесе өзгерістер енгізіледі және т.б.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 «Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысының 8-т. сәйкес талапкер талап арызында көрсеткен жауапкердің өзі жөнінде жалған мәліметті таратқанын ғана дәлелдеуге міндетті.
Сонымен қатар нормативтік қаулының 2- тармағына сәйкес ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәліметтер шындыққа жатпайтыны анықталған жағдайда, ол мәліметтердің таратылуына кінәсі болмаса да, оларды теріске шығару міндеті жауапкерге жүктеледі..
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Гражданские дела по искам о защите деловой репутации
43 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 18 декабря 1992 года №6 каз
44 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 18 декабря 1992 года №6 рус
43 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 27 ноября 2015 №7 каз
43 рет жүктеп алынды -
НП ВС РК от 27 ноября 2015 №7 рус
41 рет жүктеп алынды -
Решение суда по Гражданским делам по искам о защите деловой репутации (1)
40 рет жүктеп алынды -
Решение суда по Гражданским делам по искам о защите деловой репутации (1)
42 рет жүктеп алынды -
Решение суда по Гражданским делам по искам о защите деловой репутации (2)
38 рет жүктеп алынды -
Решение суда по Гражданским делам по искам о защите деловой репутации (3)
41 рет жүктеп алынды