Кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтардың арасындағы, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің қатысуымен болатын даулар
Қорыту жасалып отырған санат бойынша азаматтық істердің дауларын шешудегі құқықтық база ретінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-24 тарауларында көзделген шарттың түсінігін, талаптарын, жасалу тәртібін өзгертуді және бұзуды анықтайтын азаматтық заңнаманың жалпы нормалары, сонымен қатар шарттардың жеке түрлері және АК тарауларына қосылған міндеттемелердің жеке түрлері бойынша тараптардың құқықтық қатынастарын реттейтін арнайы нормалар болып табылады. Мемлекеттік органдардың қатысуымен болатын дауларды шешу кезінде тараптар арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 48- бабының 1- тармағына сәйкес талап қоюшы мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады. Өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады. Өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады.
АК-нің 43-бабының 3-тармағына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып табылмайды.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Райымбек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің «Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы Қытай Халықаралық Корпорациясы су шаруашылығы және энергетика» Мойнақ мемлекеттік кәсіпорнының филиалына, «MOL DEMEU» ЖШС-ға мәмілені жарамсыз деп тану және «Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы Қытай Халықаралық Корпорациясы су шаруашылығы және энергетика» Мойнақ мемлекеттік кәсіпорнының филиалына қосымша мәлімет беру арқылы КПН мөлшерін есептеу кезінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша есептеуден шығындарды шығаруға міндеттеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.
2015 жылғы 05 маусымдағы ұйғарымымен көрсетілген талап арыз негізді түрде қозғалыссыз қалдырылған, себебі жауапкер ретінде «Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы Қытай Халықаралық Корпорациясы су шаруашылығы және энергетика» Мойнақ мемлекеттік кәсіпорнының филиалы көрсетілген, себебі азаматтық заңнаманың нормаларына сәйкес (АК 43-бабы) заңды тұлға болып табылмайды, сондықтан филиал іс бойынша тарап болып саналмайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.
Шот-фактура мәміле болып табылмайды және Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заңының 7-бабына сәйкес, бухгалтерлiк құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн, қаржылық есептiлiктi және есеп саясатын қамтиды.
Талапкер «Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы Қытай Халықаралық Корпорациясы су шаруашылығы және энергетика» Мойнақ мемлекеттік кәсіпорнының филиалы мен «MOL DEMEU» ЖШС арасында жасалған мәмілені, яғни шот-фактураны жарамсыз деп тануды сұраған.
Осыған байланысты сот ұйғарымда талап арызды қозғалыссыз қалдыру туралы дұрыс көрсеткен, сонымен қатар талапкерге өзінің талаптарын нақтылауды, себебі шот- фактура тек бастапқы есептілік құжаты ғана болып табылатындығы және талап арызын негіздейтін дәлелдемелерді («MOL DEMEU» ЖШС жасалған шарттар, қылмыстық ізге түсу органдарының процессуалдық құжаттары) ұсынуды көрсеткен.
Заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi (АК 382-бабы).
Азаматтық кодекстің 378- бабына (бұдан әрі АК) сәйкес екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады.
Азаматтық кодекстің 2- бабында бекітілген азаматтық құқықтың негізгі қағидасының бірі болып саналатын азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi. АК 380- бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар шарт жасауда ерікті болып табылады.
«СМП-610» ЖШС-і «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті» Мемлекеттік мекемесіне, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті» Мемлекеттік мекемесіне, «Кимаки» ЖШС –ға шартты жарамсыз деп тану және мемлекеттік тапсырыс туралы шарт жасасуға міндеттеу туралы талап арызы бойынша сотқа жүгінген.
Талап арызда 2014 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті» Мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушы ретінде 2014 жылғы 17 қыркүйектегі шешімімен «СМП-610» ЖШС-нің «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті» үшін «Су құбырлары және гидротехникалық құрылыстар жүйесін жөндеу және құрылыс жұмыстары» лот бойынша конкурсқа қатысу конкурстық өтінішінің хаттамалық шешіммен келіспейтіндігін негіздеген.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 5 қарашадағы шешімімен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті» Мемлекеттік мекемесінің «СМП-610» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушысы деп тану туралы талап арызын қанағаттандырудан баст тартылған, яғни сот ұйымдастырушының бас тартуын заңсыз деп таныған. Одан кейін ұйымдастырушы комиссиясының хаттамасына сәйкес аталған лот бойынша «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті» Мемлекеттік мекемесінің «Кимаки» ЖШС арасында шарт жасалған, осылайша талапкердің конкурсқа қатысу бойынша заңды құқықтары мен міндеттері бұзылған, себебі «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті» Мемлекеттік мекемесіне конкурста «қажетті» жеткізуші жеңу қажет болатын, бұл бұзушылықтарда сыбайлас жемқорлықтың сипаты бар, себебі шешім шағырған кезде мемлекеттік сатып алу туралы Заңын бұза отырып заңды тұлғаға артықшылық берілген.
Шартты жарамсыз деп тану туралы талап арыз мәмілені жарамсыз деп тану үшін негіз болатын Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 4 тарауында көзделген материалдық құқықтың нормаларымен негізделмеген. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 158-бабының 1- тармағына сәйкес Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ құқықтық тәртiп негiздерiне немесе адамгершiлiкке көрiнеу қайшы келетiн мақсатпен жасалған мәмiле жарамсыз болады.
АК 616- бабының 1- тармағына сәйкес мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады.
«Солтүстік Қазақстан облысы (II кезек) Пресновск топтық су құбырын қайта жөндеу» объектісі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы №126 дауланып отырған шарт 2014 жылдың 4- қарашасында «Кимаки» ЖШС-мен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті» Мемлекеттік мекемесі арасында «Су құбырлары және гидротехникалық құрылыстар жүйесін жөндеу және құрылыс жұмыстары» лот бойынша электрондық конкурсқа қатысу нәтижесі бойынша емес, басқа тәсілмен жасалған.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 1- бабының 19-1) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті» Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы – бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып табылады.
Шартқа екі тарапта: уәкілетті лауазымды тұлғалар атынан «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті» Мемлекеттік мекемесі және мердігер «Кимаки» ЖШС қол қойған, қолдары ұйымдардың мөрлерімен куәландырылған. Шарт тараптар арасында жазбаша нысанда жасалған, барлық елеулі талаптары бар, мердігерлік шарт бойынша азаматтық кодекстің, яғни мәміле нысаны бойынша заң талаптары сақталған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысында Күшіне енген шартты өнім берушіні таңдау және шарт жасасу процесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылу негіздері бойынша жарамсыз деп тану туралы талап қойылған кезде уәкілетті орган АІЖК-нің 65, 66-баптарына сәйкес тиісті дәлелдемелерді (бақылау актісін, бақылау материалдарын) сотқа ұсынуға тиіс. Шарт заң талаптарына сәйкес келмеу негіздері бойынша жарамсыз деп танылған кезде, соттар мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы шешімнің заңсыздығы жөніндегі тұжырымды шешімнің дәлелдеу бөлігінде келтіруге тиіс деп түсіндірілген.
Талапкер заң талаптарының сәйкес келмеуі негіздері бойынша мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қою құқығы бар мәміленің қатысушысы болып табылмайды, уәкілетті органға жатпайды, сонымен бірге құқықтық тәртіп немесе адамгершілікке қайшы мақсатта жасалған. Конкурсқа қатысуға рұсқат етуден заңсыз бас тарту туралы уәждерін растайтын дәлелдемелерді талапкер ұсынбаған.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 05 қарашадағы заңды күшіне енген шешімімен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті» Мемлекеттік мекемесі «СМП-610» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушысы деп тану туралы талап арызы «Мемлекетттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 6- бабының талаптарын бұзушылық анықталмағандықтан қанағаттандырудан бас тартылған.
Электрондық мемлекеттік тапсырыс жүргізу Ережесіне сәйкес жабдықтар (механизмдер, машиналар) үміткерге меншік құқығына тиесілі болуы қажет немесе басқа да мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша заңды түрде иелігінде болуы тиіс.
Сот екі жақ жауапкерлер растаған мән- жайларды, қазіргі уақытта «Кимаки» ЖШС 2014 жылы қаржыландырылған мердігерлік жұмыстарды толық игерген, сапалы, ешқандай талапсыз орындағанын назарға алған. Яғни, бюджет қаржысы тиімді және оңтайлы түрде игерілген. Кімнің де болса заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделері бұзылмаған.
Жоғарыда көрсетілген материалдық және процессуалдық нормалардың талаптарымен келісетін істің нақты мән- жайлары талап арыздардан бас тартуға негіз болған.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2015 жылғы 04 маусымдағы шешімімен «СМП-610» ЖШС-нің «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті» Мемлекеттік мекемесіне, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті» Мемлекеттік мекемесіне, «Кимаки» ЖШС-ға шартты жарамсыз деп тану және мемлекеттік тапсырыс туралы шарт жасасуға міндеттеу туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Талапкердің талаптары заңға негізделмеген, АК 401- бабына сәйкес шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн, тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт, екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
«Индер Цемент» ЖШС-нің «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» Мемлекеттік мекемесіне: - 2006 жылғы 20 шілдедегі Атырау облысы Індерлі ауданы «Белая Ростошь» кен орнында ізбес- борлы және сазды топырақ өндіруді жүргізуге арналған Контрактіге өзгерту енгізу туралы 2014 жылғы 10 ақпандағы Келісімін; - 2006 жылғы 28 тамыздағы Атырау облысы Індерлі ауданы «Белая Ростошь» кен орнында борды өндіруді жүргізуге арналған Контрактіге өзгерту енгізу туралы 2014 жылғы 10 ақпандағы Келісімін; - 2006 жылғы 20 шілдедегі Атырау облысы Індерлі ауданы «Белая Ростошь» кен орнында ізбес- борлы және сазды топырақ өндіруді жүргізуге арналған және 2006 жылғы 28 тамыздағы Атырау облысы Індерлі ауданы «Белая Ростошь» кен орнында борды өндіруді жүргізуге арналған Контрактілерді бұзу туралы, жарамсыз деп тану туралы талап арызымен сотқа жүгінген.
Талап арызында жауапкердің контрактідегі 7.3.2 тармағын орындамауынан, жерді пайдалану құқығын бермегендіктен талапкер пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстарына кірісе алмай отырғандығын түсіндірген. Жауапкер алдау арқылы контракті бойынша өз міндеттерін алып тастап, қазіргі уақытта талапкердің алдында артықшылық жағдайында тұр.
Бірінші сатыдағы сот, осы істі шешу кезінде талапкердің талабын толық қанағаттандырған. Апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың шешімін материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағандықтан күшін жойған.
АК 159 бабының 9-тармағына сәйкес алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмiленi (кiрiптарлық мәмiле) сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Алдау арқылы жасалған мәмілелерде жәбірленушінің еркі ерікті түрде болмайды, мәжбүрлі түрде, адал емес контрагенттің ықпалымен, жәбірленушіде мәмілені жасауға маңызды болып табылатын мән-жайлар туралы қасақана теріс түсінік береді. Талапкер өзінің талабында ол тарапынан алдану жағдайында қол қойылғанын және ҚР АК 159- бабының 9- тармағына сәйкес оларды жарамсыз деп тану туралы сұраған.
АК 65- бабының талаптары бұзылған, талапкер «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» Мемлекеттік мекемесі тарапынан алдау ықпалымен осы дауланып отырған шарт жасалғандығы жөнінде дәлелдемелерін ұсынбаған.
Мұндай жағдайларда 2014 жылдың 10 ақпанында жасалған шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандыруға негіз жоқ. Сот талапкердің 2006 жылғы 20 шілдедегі №149/2006 ізбес- борлы және сазды топырақ өндіруді жүргізуге арналған контрактіні және 2006 жылғы 28 тамыздағы борды өндіруді жүргізуге арналған Контрактілерді бұзу тарлы талаптарын қанағаттандыра отырып, шешімнің дәлелдеу бөлігінде, жауапкер шарттың және Заңның талаптарын бұзған деп көрсеткен.
Сондықтан, бірінші сот сатысы дауланып отырған шартты АК 401- бабының 2- тармағына сәйкес бұзған. Апелляциялық сот сатысы бірінші сот сатысының уәждерімен келіспеген, талапкер дәлелдемелерді ұсынбаған, жауапкер шарттың талаптарын орындамау фактісі, яғни шарттың талаптары елеулі түрде бұзылған. Апелляциялық сот сатысы талапкердің талабы заңға сәйкес негізделмеген, себебі АК 401 бабына сәйкес тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт: екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде, тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
Сонымен бірге бірінші сот сатысы шартты бұзу негізінде, оның алдау ықпалымен және жауапкердің теріс қылықтары арқылы жасалған деп көрсеткен. Сонда, бірінші сот сатысы не апелляциялық сот сатысы жауапкердің алдау ықпалымен шарт жасағаны жөнінде дәлелдерін көрсетпеген. АК 393- бабына сәйкес тараптар арасында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледi.
Шарттың мәнi туралы ережелер, заңдарда елеулi деп танылған немесе шарттардың осы түрi үшiн қажеттi ережелер, сондай-ақ бiр тараптың мәлiмдеуi бойынша келiсiмге қол жеткiзуге тиiстi барлық ережелер елеулi ережелер болып табылады. Іс материалдарынан көрінгендей талапкер шартқа мәжбүрлеусіз, ерікті түрде қол қойған, сондықтан жауапкер мәміле жасау кезінде алдау арқылы жасады деп шартты бұзуға құқықтық негіз жоқ.
Сондықтан, бірінші сот сатысының талап арыздарды қанағаттандыру туралы шешімі заңды және негізді болып табылмайды, ол іс бойынша талапты қанағаттандырусыз қалдырып, жаңа шешім шығару арқылы күші жойылған.
Атырау облыстық соты апелляциялық сот сатысының бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жою туралы қорытындысы апелляциялық шешімнің дәлелдеу бөлігінде ғана көрсетілген, яғни, апелляциялық шешіммен бірінші сот сатысының шешімі күшін жойып, жаңа шешім қабылданады, бұл Азаматтық іс жүргізу кодексінің 359- бабының 1-тармағының 2- тармақшасында көзделгенге қайшы келмейді, яғни апелляциялық сатыдағы сот АІЖК-нің 358-бабының 3)- тармақшасында көзделген жағдайда шешім шығарады.
Ал, АІЖК-нің 358-бабының 3)- тармақшасына сәйкес бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға құқылы. Сонымен қатар, апелляциялық сот сатысы бірінші сот сатысының шешімін күшін жою туралы бөлек ұйғарым шығаратын және апелляциялық шағымды немесе апелляциялық наразылықты қанағаттандыру туралы, талап арызды қанағаттандыру туралы апелляциялық шешім немесе талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы бөлек шешім шығаратын сот тәжірибесі қалыптасқан.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы