Оплата за услуги производится исключительно на счёт компании. Для вашего удобства мы запустили Kaspi RED / CREDIT/ РАССРОЧКУ 😎

Главная страница / Кейсы / Әкімшілік талап қою арызының мазмұны ӘРПК-нің 131- бабының талаптарына сәйкес келмейтіндіктен соттармен негізсіз қаралған

Әкімшілік талап қою арызының мазмұны ӘРПК-нің 131- бабының талаптарына сәйкес келмейтіндіктен соттармен негізсіз қаралған

Әкімшілік талап қою арызының мазмұны ӘРПК-нің 131- бабының талаптарына сәйкес келмейтіндіктен соттармен негізсіз қаралған

Әкімшілік талап қою арызының мазмұны ӘРПК-нің 131- бабының талаптарына сәйкес келмейтіндіктен соттармен негізсіз қаралған


01.06.2023ж. №6001-22-00-6ап/2533
Талап қоюшы: С.Д.
Жауапкер: ауданының прокуроратурасы
85
Даудың мәні: берілген арызды толығымен қарап, қолданыстағы заң  нормаларына сілтеме жасай отырып, негізделген және уәжделген мазмұнда және уәждерді теріске шығаратын немесе растайтын нақты негіздер келтіре отырып беруді міндеттеу туралы 
Жауапкердің кассациялық шағымы бойынша қайта қарау
ІСТІҢ МӘНІ:
Талап қоюшы сотқа талап арызбен жүгініп, онда өзінің нотариустың әрекеттеріне заңды баға беруін сұрап аудандық прокурорына арызбен жүгінгенін, алайда аудандық прокуроры көтеріліп отырған мәселе бойынша соттармен тиісті құқықтық баға берілгенін, ендігі жерде мәселені ҚР Жоғарғы Сотына кассациялық тәртіппен қайта қарауға мүмкіндік бар екенінтүсіндіретіні туралы жауап бергенін, алайда ҚР Жоғарғы Соты бұл мәселені кассациялық тәртіппен қараудан 2022 жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен бас тартып отырғанын, нәтижесінде қолданыстағы заң талабына сай тиесілі құжат өздеріне 
не себепті берілмеуі керек екенін түсінбей отырғанын, прокурордың жауабы заң нормаларын мүлдем ескермей берілгенін көрсеткен.
Сот актілері:
1-і саты: талап қанағаттандырылған.
Апелляция: шешім күшінде қалдырылған.
Кассация: сот актілерінің күші жойылып, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданған.
Қорытынды:
ӘРПК -нің 4-бабы бірінші бөлігінің 32) тармақшасына сәйкес, сұрау салу деп әкімшілік рәсімге қатысушының жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініші түсіндірілген.
С.Д.-ның ауданының прокуроратурасына берілген арызы сұрау салу болып табылды.
ӘРПК-нің 9-бабына сәйкес, әрбір адам бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
С.Д. заңда көзделген құқықты іске асыра отырып, сотқа әкімшілік талап арызбен жүгінген. 
Сонымен қатар, ӘРПК-нің 131-бабында сәйкес, талап қоюда талап қою талаптарының мазмұны (талап қою нысанасы) және талап қоюшы өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды баяндау (талап қою негіздері), талап қоюшының құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәні. Талап қою бірнеше жауапкерге берілген жағдайда, жауапкерлердің әрқайсысына қатысты талап қою талаптарының мазмұны көрсетілуі тиіс.
Талап қоюда, әдетте, талап қоюшының жауапкердің оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны туралы, оларды жүзеге асыруға кедергілер белгілеу туралы не оған қандай да бір міндет заңсыз қою туралы негізделген пікірі де көрсетіледі.Алайда, С.Д. әкімшілік талап қою арызында оның құқықтарын бұзу немесе бұзу қаупінің мәні неде екенін көрсетпеген, яғни жауапкерлердің оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны туралы негізделген 
пікірін келтірмеген.
Яғни, сотқа талап қоюдың міндетті шарты талапкердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу болып табылады, оны қорғау және қалпына келтіру мақсатында ол әкімшілік дауды шешу үшін сотқа жүгінеді.Сот алқасы бұл мән-жайлар, С.Д. әкімшілік талап қою арызының мазмұны ӘРПК-нің 131-бабының талаптарына сәйкес келмейтіндігін көрсетедідеген тұжырымға келген.
Істің мән-жайын бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар толық және дұрыс анықтамаған, материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберілгендіктен сот алқасы істі жаңадан қарауға жібермей талап қоюшының арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруға жатады деп есептеген

Внимание!

       Адвокатская контора Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши адвокаты готовы оказать вам помощь в юридической консультации,  составлении любого правового документа, подходящего именно под вашу ситуацию.

      Для подробной информации свяжитесь с Юристом / Адвокатом, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.