⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Конкурстық мiндеттемелер және тендер, аукцион әрі саудаластықтың өзге де нысандары негізінде туындайтын мiндеттемелер туралы (сонымен қатар оларды жарамды немесе жарамсыз деп тану) даулар бойынша

Конкурстық мiндеттемелер және тендер, аукцион әрі саудаластықтың өзге де нысандары негізінде туындайтын мiндеттемелер туралы (сонымен қатар оларды жарамды немесе жарамсыз деп тану) даулар бойынша

Конкурстық мiндеттемелер және тендер, аукцион әрі саудаластықтың өзге де нысандары негізінде туындайтын мiндеттемелер туралы (сонымен қатар оларды жарамды немесе жарамсыз деп тану) даулар бойынша

Конкурстық мiндеттемелер және тендер, аукцион әрі саудаластықтың өзге де нысандары негізінде туындайтын мiндеттемелер туралы (сонымен қатар оларды жарамды немесе жарамсыз деп тану) даулар бойынша

              Соттардың сауда-саттықты өткізу барысы дұрыс деп табылған шешімдер.

              Шығыс-Қазақстан облысының Өкемен қалалық сотының 25.06.2015 жылғы шешімімен Г.А. Манарбаеваның Шығыс-Қазақстан облыстық жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасының жеке сот орындаушысы С.А. Ибрагимовтың, А.А. Ахметжановалардың электрондық сауда-саттықты және сатып-алу туралы келісімдерін жарамасыз деп тану туралы шағымын қанағаттандырусыз қалдырған.

Шағымданушы өз талабында «ЦенсаБанк» АҚ-ның және өзінің арасында 2 500 000 тенге несие шарты жасақталғаның көрсетіп, сонымен қатар олардың арасында Басты несие келсімімен 228 айға 17% бен, яғни 2026 жылға дейін шарт бекітілгенің айтқан.

Ипотекалық шартты қамтамасыз ету мақсатында кепілдікке Өскемен қаласының Казахстан көшесіндегі №70 үйдегі 130-шы пәтер берілген.

Шартты өтеуде мерзімдерін бұзуылуы орын алған. 09.12.2014 жылғы сауда-саттық өзінің заңды мүдделерін бұзу арқылы өткізілген деп есептейді. Себебі атқарушылық өндірістін қозғалғандығы туралы қаулымен таныспағаның көрсетіп, саудасаттықты өткізу туралы қаулысыменде таныстырмағаның келтірген.

Сот шағымды қанағаттандырудан бас тартқан, себебі 09.04.2014 жылы шағымданушы Г.А. Манабаеваға өз тарапынан тыйым салынған мүлікті сатуға рұқсат берілгенің ескерген.

Сонымен қатар сот орысында саудасаттықты тағайындау туралы қаулысымен таныстыру барысы туралы бейне жазба тындалған, онда борышкер танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер орын алғаны анықталды.

Бұдан басқа, жеке сот орындаушысымен англиялық голландиялық тәсілмен өтетін сауда-саттық туралы мәлімет пошта арқылы 25.11.2014 жылы жолданған. Бірінші сот сатасы сот орындаушы А.С. Ибрагимовпен сауда саттықты өткізу барысында заң бұзушылықтар орын алмағаны туралы тұжырымға келген.

Сот, сот орындаушысының іс-әрекеттерімен тиісті түрде танысқан деп танылған шешімдер.

Шымкент қаласы Аль-Фариби аудандық сотының 05.05.2015 жылғы шешімімен Ш.Ж.Уакованың жеке сот орындаушысы Н.Е.Турановтын, «БиЛогистикс» АҚ-ның, «Казкоммерцбанк» АҚ-ның электрондық аукционды өткізу туралы талабы қанағаттандырусыз қалдырылған. Талап, сот орындаушының талапкерге бағалауды тағайындау туралы қаулы көшірмесін және бағалау туралы есеп қортындысын таныстырмаған деген уәждерімен ұсынылған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының 16.06.2015 жылғы қаулысымен жергілікті сот шешімі өзгерусіз қалған, себебі 16.06.2014 жылы тыйым салынған мүліктін орналасқан жері бойынша яғни «Восток» шағын ауданың 32 үйдің 3-ші пәтеріне 27.06.2014 жылға тағайындалған сауда-саттық туралы мәліметтер пошта арқылы борышкер Ш.Ж.Уаковқа жолданған. Мәліметке сотпен жылжымайтын мүлікке тыйым салу туралы қаулысы қоса тіркелген.

Атқарушылық өндіріс құжаттарынан белгілі болғандай, сот орындаушы Н.Е.Туранов борышкер Ш.Ж.Уаковты тұрғылықты жері бойынша тиісті деңгейде сауда-саттықтын өтетіні туралы хабардар еткен. Іс материалдарымен белгіленгендей, талапкер өкілі А.Сейтханов сот орындаушысының мәліметтерін 16.02.2015 жылы алғандығы белгіленген.

 

Немесе, 25.02.2015 жылғы Өскемен қалалық сотының шешімімен С.С. Серікбаевтың жеке сот орындаулары М.О. Ибрагимовтың, А.В. Шкарпетиннің, үшінші жақ «БанкЦентрКредит» қатысуларымен сауда саттықты жарамсыз деп тану туралы талабы қанағаттандырусыз қалдырылған, ал А.В.Шкарпетиннің С.С. Серикбаевқа, үшінші жақ «БанкЦентрКредит» АҚ-на салынған тыйымнан босату туралы талабы қанағаттандырылған. С.Серикбаевтың талабы келесідей уаждермен толықтырылған. Мәселен, сот орындаушысы ерікті түрде орындау туралы ұсынысы 7 күннен кейін жолданған.

Бағалауға мамандарды тағайындау туралы қалумен таныстырмаған бағалаудың қорытындысымен таныспаған және көшірмесін алған, сондықтан, шағым келтіру құқығы жектелген деп көрсеткен. Белгіленген нарықтық бағамен келіспейдіндігін, оның төмен екенің атап көрсеткен.

Бұдан басқа, сот орындаушысымен өз мүмкіндігі бойынша мүлікті сатуға берген рұқсатымен таныспағаның, тыйым салынған мүлікті сауда-саттықа долдау туралы қалысымен, ангилиялық тәсілмен сауда саттықты тағайындау және сауда-саттық өткізілмеген деп тану туралы қаулысымен таныспағаның көрсеткен. А.В.Шкапертин талапты қанағаттандыруды сұрап Өскенмен қалалық сотының судьясының 05.06.2013 жылғы талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарымына сілтеме жасап, ондағы «БанкЦентрКредит» С.С. Серікбаевтың бережегі үшін жер учаскесімен тұрғын үйге салынған тыйымды ескеруді сұраған.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының кассациялық алқасы, 28.09.2015 жылғы бірінші сатаның қортындысымен келісіп мүліктін құны 4 610 743 тенгеге бағалғаның, оны № 1-241/ю 06.06.2014 жылғы мамандардың есебімен бекітілгенің және ол нақтық бағаға сәйкес келеді. Іс құжаттарына тіркелген мәліметтер пошта арқылы 01 тамыз 2014 жылы, 22 қыркүйек 2014 жылы, жолданған және борышкерге табыс етілген хабарламалармен толықтай борышкердің уәждерін теріске шығарады деп тұжырым жасаған.

Дәл осындай шешім Шымкент қ. Аль-фараби аудандық сотымен 05.05.2015ж. шешім шығарылды: Уаков Шерим Жолдибаевичтың «БиЛогистикс» АҚ филиалы, «Казкоммерцбанк» АҚ жеке сот орындаушысы Туранов Нурмухан Есеновичке қатысты пәтерді сату бойынша электронды аукционды және мүлікті теңгерімге өткізу актісі мен қаулыны ұйымдастыруға бағытталған сот орындаушысының іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы және 27.06.2014жылғы электронды аукционды өзгерту туралы шағымынан бас тартылды.

Шағым негіздемесі: сот орындаушысы арыз берушіге Шымкент қ., «Восток» ш/а, 32 үй, 3 пәт. мекен-жайы бойынша орналасқан пәтерді бағалау туралы есептің және баға тағайындау туралы қаулы көшірмесін бермеген. Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 16.06.2015ж. қаулысымен бұл шешім өзгеріссіз қалдырылды.

Себебі сот орындаушысымен 16.06.2014ж. борышкер Ш.Ж. Уаковке пошта байланысымен 27.06.2014жылға тағайындалған электронды аукцион өтетіні туралы хабарлама жіберілген. Хабарламаға тұтқындалған мүлікті жүзеге асыруға өткізу туралы қаулының, электронды аукцион туралы мәліметтің көшірмелері қоса тіркелген болатын. Аталған құжаттардың алынғандығына 20.06.2014жылғы пошталық растау қағазы дәлел.

Сот орындаушысы Н.Е. Туранов өндірістік атқарушылық іс-әрекетін борышкер Ш.Ж. Уаковке Шымкент қ., Қазығұрт ш/а., Қорсай көш., 176 үй және Шымкент қ., «Восток» ш/а, 32 үй, 3 пәт. мекен-жайлары бойынша хабардар етіп отырған. Сондай-ақ, сот орындаушысы алда өтетін электронды аукцион туралы хабарламаны өз қолымен табыстау бойынша шаралар қолданған.

Іс материалдары бойынша арыз беруші Ш.Ж. Уаковтің уәкілі А. Сейтхановтың сот орындаушысы Н.Е. Турановтан 16.02.2015жылғы атқарушылық өндіріс құжаттарының көшірмелерін алғандығы айқындалды.

Жоғарыда келтірілген мысалдардан байқағанымыздай, соттар атқарушылық өндіріс бойынша барлық өткізілген процессуалдық ісәрекеттерді борышкерге тиісті хабарлау жөніндегі арыз берушінің талаптарын қанағаттандырудан бас тартады.

Арыз берушінің шағым беру мерзімін өткізуі арызға бас тартудың негізі болып табылады.

Тараз қалалық сотының 09.04.2015ж. шешімімен М.У. Сайдалиеваның жеке сот орындаушысы Б.С. Каракуловке, А.С. Сайлыбаевка, Н.Р. Калыбаеваға, «GLOBAL CAPITAL» ЖШС, үшінші тарап – «Банк Центр Кредит» АҚ қатысты кепілге қойылған мүлікті жузеге асыру бойынша саудасаттықты ауыстыру, сот орындаушысының екінші рет сауда-саттықты өткізу туралы қаулысын, екінші рет өткізілген сауда-саттықты негізді деп тану туралы қаулысын, құжаттарды тапсыру-қабылдау актісі, 03.10.2013ж. мүлікті бағалау туралы есепті заңсыз деп тану, 18.06.2013ж. сату-сатып алу келісімшартын және 14.12.2013ж. ауыстыру туралы келісімшартын заңсыз деп тану жөніндегі шағымынан бас тартылды.

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Жамбыл облыстық сотының апелляциялық сот алқасы 16.06.2015ж. қаулыны өзгеріссіз қалдыра отырып, атқарушы өндіріс іс-әрекеті кезінде сот орындаушысының борышкерге жоғарыда аталған актілерді жалпы жеке өз қолына табыстағандығын атап көрсетті.

Сот алқасы сот орындаушысының іс-әрекетіне ҚР АІК 240-5 б. сәйкес он күн мерзім ішінде шағымдануға болатындығын атап өтті. Бұл жағдайда, тек он күн мерзім ғана емес, сонымен қатар ҚР АІК 280 б. қаралған құқықбұзушылық туралы өтініш беру мерзімі, яғни үш ай мерзім де өтіп кеткен.

Осылайша, ҚР АІК 240-5 б. 1т. сәйкес сот орындаушысының ісәрекетіне шағым беру мерзімі он күн және бұл процессуалды мерзім. Бұл мерзімді өткізіп алған және оны қайта қалпына келтіру туралы өтініш болмаған жағдайда шағымды қайтаруға тура келді.

Сауда-саттық тұтқындалған мүлікті жүзеге асыру ережесіне сәйкес өткізілгендіктен арыздан бас тартылды.

Қостанай облысының Қостанай қалалық сотының 28.05.2015ж. шешімімен, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Қостанай облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 08.08.2015ж. қаулысымен және азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Қостанай облыстық сотының кассациялық сот алқасының 19.08.2015ж. қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Раисова Марияш Смагуловнаның «Би-Логистикс» АҚ Жусупова Гульстан Багитжановнаға, жеке сот орындаушысы Басенова Несибели Заривановнаға, «Казкоммерцбанк» АҚ Г.Х. Раисоваға қатысты электронды аукцион тәсілі арқылы Қостанай ауданы Заречное ауылы Садовая көш. №44 мекен-жайы бойынша орналасқан жеке үйді жер учаскелік аумағымен бірге жүзеге асыру бойынша өткізілген сауда-саттықты жарамсыз деп тану туралы шағымынан бас тартылды.

Соттардың атап көрсеткеніндей, арыз беруші аталмыш сауда-саттықты жарамсыз деп тану жөнінде ешқандай объективті және жеткілікті дәлелдемелер ұсынбаған.

Сондай-ақ, сот Қостанай облысы бойынша «Би-Логистикс» АҚ сауда-саттықты тұтқындалған мүлікті жүзеге асыру ережесіне сәйкес өткізгендігін анықтады, арыз беруші тарапынан бірінші және апелляциялық инстанцияның сотына электронды сауда-саттықты өткізу кезінде қандай да бір орын алған кемшіліктердің дәлелдемелері ұсынылмаған.

Соттар «Би-Логистикс» АҚ ісәрекеті заңды жүргізілгендігі жөнінде, сондай-ақ сот шешімін орындау мақсатында сот орындаушысының мүлікті жүзеге асыру бойынша жасаған ісәрекеті заңды деген шешімге келді.

Аукцион қатысушысы болып табылмайтын тұлғалардың құқықтары мен мүдделері бұзылуға тиіс емес

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 24.04.2015ж. шешімі бойынша ИП А.О. Байжановтың ММ «Шалқар ауданы әкімдігінің Шалқар аудандық қаржы бөліміне» 04.11.2014ж. өткізілген электронды аукцион хаттамасын жарамсыз деп тану туралы шағымы бойынша 04.11.2014ж. мектептің сату-сатып алу келісімшартынан бас тартылды. 2014 жылы 4 қарашада аукцион өткізілді. Оның қорытындысы бойынша аукцион жеңімпазы Б.Қ.

Өтеумағанбетпен 4 қараша 2014 жылы № 1 келісімшарт жасалды.Жоғарыда аталған аукционға арыз беруші қатыспаған және оның қатысушысы болып табылмайды. Шын мәнінде, арыз беруші сауда-саттыққа дауласып және ғимарат иесі әкімдік екенін, сауда-саттық заңсыз өткізілгендігін атап көрсетті. Сондай-ақ, арыз беруші аукцион қатысушысы болып табылмағандықтан аукционда арыз берушінің құқықтары мен мүдделері бұзылмаған.

Аталған шешімді өз күшінде қалдыра отырып, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сот алқасы 24.06.2015ж. қаулыда ҚР «Әкімшілік істер туралы» Заңының 8 бабы 2.3. тармақшасына сәйкес мемлекеттік органның құқықтық акті талаптары осы актіде көрсетілген тұлғалардың қатысуымен орындалған кезде өз күшін жоятындығы атап көрсеткен. Өз күшін жойғанға дейін құқықтық акт осы құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органмен немесе сотпен жойылуы мүмкін.

Электронды аукцион нәтижесі туралы хаттама күші сату-сатып алу келісімшарт қорытындысы бойынша жойылғандықтан, оған шағым беруге болмайды. Сондықтан бірінші инстанцияның соты ҚР АІЖК 247 бабы 1 тармақшасына сәйкес хаттамаға келіспеу жөнінде істі қысқартты. Алайда, соттың арызды қанағаттандырудан бас тартуын ескере отырып, сот алқасы соттың шешімін заңды және негізді деп санайды.

              Сауда-саттықты өткізу күні туралы борышкерге жазбаша хабарландыру, сондай-ақ оның ипотека мүлігін жүзеге асыру мерзімін ұзарту жөнінде өтінішпен сотқа шағымданбауы арыздан бас тартудың негізі болып табылады.

Өскемен қалалық сотының 03.02.2015ж. шешімі бойынша Ж.М. Даирбекованың «Банк Центр Кредит» АҚ Т.А. Шариповаға қатысты саудасаттықты заңсыз деп тану жөнінде шағымынан бас тартылды.Шағым кепіл алушы сауда-саттықты өткізу және тағайындау іс-әрекетін бұзғандығына негізделген, атап айтқанда арыз берушіге сауда-саттықты өткізу жөнінде 05.09.2014жылғы жазбаша хабарлама 06.10.2010ж. берілген, сол кезде ғана ол өзіне тиесілі мүлікті жүзеге асыру жөнінде білген.

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының және 28.05.2015ж. қаулысымен және Шығыс Қазақстан облыстық сотының кассациялы сот алқасының 01.10.2015ж. қаулысымен бұл сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сонымен қатар жоғарыда тұрған инстанциялар борышкер Ж.М. Даирбеков ипотекалық келісімшартта көрсетілген мекен-жайы Михаэлис көш. 13-38 және оның анасы К.Болпашеваның мекен-жайы бойынша оның болмағандығын атап көрсеткен.

Бұл жөнінде 18.04.2014ж., 13.05.2014ж. акт жасалды. Заңның 25 бабы 2 тармағына сәйкес негізгі міндеттемелерді орындамау жөнінде жазбаша хабарлама алу бойынша кепіл беруші ипотеканы жүзеге асыру бойынша негіздеме болмағандығы жөнінде сотқа шағымдануға құқылы. Сондай-ақ, кепіл беруші аталмыш Заңның 21 бабы 4 тармағымен қаралған шарттарға сәйкес ипотеканы жузеге асыру мерзімін ұзартуға сотқа өтініш беруге құқылы.

Алайда, арыз беруші міндеттемелерді орындамау жөнінде жазбаша хабарламаны ала отырып, аталған құқықтарын пайдаланбаған. Жіктеуіш бойынша істерді талдау нәтижесі көрсеткендей, осы санаттағы істердің басым бөлігі – бұл атқаршы іс-әрекеттерді жүзеге асыру аясында борышкерлердің мүліктерін сауда-саттықта жүзеге асыруға қатысты істер.

Борышкердің өткізілген бағамен тиісінше танысуы және саудасаттықты тағайындау тәртібін сақтау арызға бас тартудың негізі болып табылады.

 Өскемен қалалық сотының 23.01.2015ж. шешімімен, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 04.03.2015ж. қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, М.Н. Вахитованың ШҚО жеке сот орындаушысы аймақтық алқасының сот орындаушысы А.С. Ибраимоваға, үшінші тарап «Казкоммерцбанк» АҚ Л.В. Улищеваға қатысты сауда-саттықты жарамсыз деп тану туралы шағымынан бас тартылды.

Шағым сот орындаушысымен борышкердың өз бетімен Опытное ауылында Строительная көш. 2-4 орналасқан мүлікті – жеке үй бағалау көрсеткішінен төмен емес бағада жүзеге асыру құқығын, сонымен қатар сауда-саттықты өткізу тәртібі жөнінде жазбаша хабарлама табысталмау құқықтарын бұзған.

Бірінші инстанциялы сот шешімін өзгеріссіз қалдыра отырып, сот алқасы 13 тамыз 2014жылғы хабарламаны М.Н. Вахитованың 14.08.2014ж. жеке өз қолымен алғандығын атап көрсеткен, борышкер өткізілген бағамен таныстырылды. Сол күні Тлеубаеваға тапсырылған мүлікті өз бетімен жүзеге асыруға рұқсат берілді.

Арыз берушінің қосылмалы ( аффелированный) тұлғалардың аукционға қатысуы жөнінде дәлелдерді ұсынбауы шағымнан бас тартудың негізі болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының 10.02.2015ж. шешімімен Л.К. Витязеваның «Банк ЦентрКредит» АҚ жеке сот орындаушысы З.Ф. Жигудееваға қатысты электронды аукционды жарамсыз деп тану жөнінде шағымынан бас тартылды.

Арыз беруші өз шағымында жеке сот орындаушысы З.Ф. Жангудеева Л.К. Витязовадан «Банк Центр Кредит» АҚ үлесіне 6 272 928 теңге көлемінде кепілге берілген мүлік екі бөлмелі пәтерді өндіріп алу атқарушылық іс-әрекетіне ие. 09.09.2014ж. аталған пәтерді жүзеге асыру бойынша өткізілген аукцион қатысушылардың өтініштері болмағандықтан негізсіз деп танылды.

21 қараша 2014жылы кепілдік мүлік мүліктің құнын төмендету тәсілімен екінші рет өткізілген электронды аукционда 7 262 521 теңгеге жүзеге асырылды.

Аукцион жеңімпазы «Банк Центр Кредит» АҚ. Сондықтан бұл аукцион заңды болып танылуы мүмкін емес деп көрсеткен.

Бірінші инстанциялы сот шағымнан бас тарту себебін төмендегі жағдайға негіздеген: арыз беруші сотқа берген шағымында қосылмалы тұлғалардың аукционға қатысуы жөнінді дәлелдерді ұсынбаған.Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасы 12.05.2015ж. бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Себебі арыз берушінің аукционды заңсыз екендігі туралы шағымын негізсіз деп таныды,сот отырысынды куәгер ретінді қатысқан В.Е. Бушин 21.11.2014ж. пәтерді төмен бағамен сатып алу үшін электронды аукционға шын мәнінде қатысқандығы жөнінде айғақтады.

Сот алқасы банк өткізген сауда-саттық материалдық құқық нормаларына сәйкес және банк қарызы туралы келісімшарт шарттары сақталғандығы және арыз берушінің құқығы бұзылмағандығы жөнінде шешімге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық сотының 27.03.2015ж. шешімі азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Шығыс Қазақстан облысы апелляциялық сот алқасының 12.05.2015ж. қаулысын өзгеріссіз қалдырды, Г.К. Аманованың «Банк Центр Кредит» АҚ қатысты сауда-саттық нәтижелерін заңсыз деп тану жөніндегі шағымынан бас тартылды. Г.С. Аманованың шағымының негіздемесі: 18 қараша 2009 жылғы сот шешімімен Г.С. Амановадан банктік қарыз туралы келісімшарт бойынша 5 485 825 теңге көлемінде қарыз өндіріп алған және өндіріп алу пәтерге бағытталған.

Банк бұл іс-әрекетті заңсыз жүзеге асырған, осыған байланысты 09.08.2011ж. сауда-саттықты өткізу жөнінде хабарлама жасап, оны Г.С. Амановаға жібермеген. Бұл сауда-саттықтың нәтижесінен ол хабарсыз. 15 ақпан 2012 жылы банк қайтадан сауда-саттықты өткізу жөнінде хабарлама жасап, бұл хабарламамен Г.С. Аманова 24 ақпан 2012 жылы бас бостандығынан айыру өтеу мекемесінде отырып танысқан.

Апелляциялық инстанция бірінші инстанцияның сот актісін өзгеріссіз қалдырды, себебі «Жылжымаы мүлікті ипотекалық кредиттау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармақшасына сәйкес кепіл беруші Г.С. Аманова негізгі міндеттемелерді орындамау жөніндегі хабарламаны алғаннан кейін сотқа ипотеканы жүзеге асыру үшін негіздеме жоқ екендігі жөнінде шағымданбаған. Г.С. Аманова банкке кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті заңсыз өткізу жөнінде өкілетті органда тіркелген жазбаша бас тарту қағазын жібермеген.

Сот алқасы «Банк Центр Кредит» АҚ өткізген саудасаттық материалдық құқық нормаларына және банк қарызы туралы 25 желтоқсан 2006 жылғы, 2 желтоқсан 2008 жылғы келісімшарт және 28 ақпан 2007 жылғы ипотекалық келісімшарт шарттары сақталғандығы жөнінде шешімге келді, сондықтан Г.С. Аманованың құқықтары бұзылмаған.

Жіктеуіш бойынша сот актілерін зерттеу сот ісін тоқтату азаматтық сот ісі тәртібінде қарауға жатпауына байланысты іске асатындығын көрсетті. Алайда, ҚР Жоғары Сотының «Атқарушылық іс жургізу туралы заңнаманы соттардың қолдану мәселесі туралы» нормативтік қаулының 11 тармағына сәйкес мүлік бағасы талап-арыз негізіне жатады.

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 22.09.2015ж. анықтамасы бойынша ORINTEX LLP «Петропавл-Экспертиза Фирмасы» ЖШС қатысты баға бойынша есепті жарамсыз деп тану жөніндегі шағым бойынша істі өндіру ҚР АІЖК 247 бабы 1тармағы негізінде қысқартылды.

Іс бойынша өндіруді қысқарта отырып, 1 инстанциялы сот төмендегіні атап көрсетті: ҚР Жоғары Сотының «Атқарушылық іс жургізу туралы заңнаманы соттардың қолдану мәселесі туралы» нормативтік қаулының 3 тармағына сәйкес сот орындаушысының орындау құжат бойынша іс-әрекетін немесе осындай іс-әрекеттерді орындаудан бас тарту әрекеттері орын аған кезде борышкер немесе өндіріп алушы шағымдануына болады.

 Бұндай жағдайда ҚР Азаматтық әс-әрекеттер кодексының 240-5 бабына сәйкес сот орындаушысы қызмет ететін аудандық сотқа сот орындаушысымен іс-әрекет жүзеге асқан күннен бастап он күн ішінде немесе аталған тұлғаларға іс-әрекет жүзеге жүзеге асатын орны мен уақыты хабарланбаған, бұл жөнінде кейін белгілі болған күннен бастап шағым беруге болады.

Аталған жағдайда арыз беруші ORINTEX LLP орындаушы өндіруші – борышкер болып табылады, мүлікті бағалау орындаушы өндіруші аясында жүргізілген, сәйкесінше, сот орындаушысының орындаушы өндіруші шеңберінде және борышкердің мүлігін бағалауға байанысты барлық жүзеге асырған іс-әрекеттері ҚР АІЖК 240-5 сәйкес талап-арыз негізіне жатады.

Петропавл қ. № 2 сотының 05.05.2015ж. шешімімен Гудыменко Юрий Николаевичтың жеке сот орындаушысы Нурпеисов Гафур Маратовичке, Богданов Евгений Анатольевичке қатысты сауда-саттықты жарамсыз деп тану жөнінде шағымы қанағаттандырылды. Сот 25.11.2014ж. хаттама бойынша электронды аукцион тәсілімен өткізілген пәтерді сату жөніндегі сауда-саттықты жарамсыз деп таныды, үй иесі Гудыменко Юрий Николаевич болып табылады.

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 08.07.2015ж. қаулысымен ҚР Жоғары Сотының «Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы соттардың қолдануы бойынша кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының 3 т. сілтеме жасай отырып, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Яғни, сот орындаушысының атқарушы құжатты орындау бойынша іс-әрекетіне немесе бұндай іс-әрекетті жүзеге асырудан бас тарту әрекетіне борышкер немесе өндіріп алушы шағымдала аады. Бұл жағдайда ҚР АІК 240-5 бабына сәйкес сот орындаушысы қызмет ететін аудандық сотқа сот орындаушысымен іс-әрекет жүзеге асқан күннен бастап он күн ішінде немесе аталған тұлғаларға іс-әрекет жүзеге асатын орны мен уақыты хабарланбаған, бұл жөнінде кейін белгілі болған күннен бастап шағым беруге болады.

Аталған жағдайда Ю.Н. Гудыменко орындаушы өндіруші – борышкер болып табылады, сауда-саттық орындаушы өндіруші аясында жүргізілген, сәйкесінше, сот орындаушысының орындаушы өндіруші шеңберінде және борышкердің сатуға байланысты барлық іс-әрекеттері ҚР АІК 240-5 сәйкес борышкердің талап- арыз негізіне жатады.

Жылдамдатылған, қысқартылған мерзімдердің орын алу себебі, сот шешімін орындау кезеңі өтуде, сондықтан дауларды шағым тәртібінде қарауға тыйым салынады және ол ҚР 02.04.2010жылғы «Атқарушылық іс-әрекет және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 3 бабында бекітілген атқарушы құжаттарды уақытында орындау принціпіне қайшы келеді.

Осылайша, сот алқасы борышкер Ю.Н. Гудыменконың жеке сот орындаушысы Г.М. Нурпеисоваға қатысты сауда-саттықты жарамсыз деп тану туралы орындаушы өндіріс бойынша талап-арызы қарауға жатпайды.

Сонымен қатар, сот алқасы шағым беру мерзіміне қойылатын талаптарды сақтай отырып және шағым беру мерзімі өткен жағдайда, оны қайта қалпына келтіруге Ю.Н. Гудыменконың құқылы екендігін ескере отырып, Ю.Н. Гудыменконы ҚР АІК 240-5 бабында бекітілген тәртіпте сот орындаушысының іс-әрекетіне сотқа шағымдану құқығынан айырмайды.

Бұл жағдайда істі тоқтату негіздемесі ҚР АІК 247 бабында қарастырылғандықтан және аталған іс ҚР АІК 240-5 бабы бойынша қарауға жататындықтан, бұл істі тоқтату сот қарауына жатпады.

Сату болатыны туралы хабарлама азаматтық сот тәртібімен қарауға жатпайды.

Ақмола облысы Ахтрахан аудандық сотының судьясы талап қоюшы «Кыпшак» ЖШС-нің аукцион өткізушінің өкілі А.К.Елемесоваға 05.07.2015 жылғы №1, №2 және «Кыпшак» ЖШС-нің мүліктерін сату туралы 23.06.2015 ж. басылымға шықғаруын заңға сәйкес емес тану туралы талап арызы ҚРАІЖК-нің 153 бабы 1 бөлімінің 1 тармақшасына басшылыққа алып, соттың ұйғарымын өндіріске қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылған.

Судья бас тарту туралы ұйғарымда хабарламанының заңдылығын басқада дәлелдемелер жиынтығына сай деп көрсеткен. Хабарламаның заңдылығы басқада дәлелдемелерге зерттей келіп анықталған және басқада дәлелдемелер жиынтығына сәйкес нақты іс бойынша баға беру деп тусінуге болады.

Соттылыққа байланысты арызды қайтару

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотының судьясы 23.01.2015 ж. ұйғарымымен арызданушы Ярыш Ярослав Валентиновичтің жеке сот орындаушы Жумашева С.С. іс-әрекетіне шағымдану туралы арызы соттылық бойынша жолданған.

Сот ұйғарымда ҚР АІЖ-нің 240-5 бабының 1 бөліміне сәйкес, сот орындаушының атқару өндірісін жүргізу немесе қандайда бір ісәрекет жасаудан бас тарту туралы әрекет жасауға барысында іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға болады деп көрсетілген. Шағым іс-әрекет жасалған күннен бастап немесе сот орындаушының іс-әрекет жасау уақыты, орны туралы хабардар етілмеген өндіріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он күн ішінде сот орындаушының қызмет көрсететін учаскедегі аудандық сотқа берілген.

Сонымен қатар, арызданушымен Алматы қаласының атқару округінің сот орындаушысы Жумашеваның С.С. атқару ісін қозғау және атқару ісін қозғау туралы қаулыны заңсыз деп тану туралы. ҚР ЖС-ның номативтік қаулысының «Соттарда АІЖК-нің 27 тарауыдағы туындаған сұрақтар бойынша» 19 бөлімнің 5 тармағында сот орындаушылардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға сот актілері орындалып жатырған жері бойынша орналасқан сотқа шағым берілуге тиісті деп қөрсетілген.

Осы көрсетілген негіздерге сүйене отырып, сот орындаушының қызмет көрсететін учаскедегі орналасқан немесе сот орындаушының атқару өндірісін жүргізіп жатырған жері бойынша сотқа берілуге тиісті. Қостанай облысы Қостанай қалалық сотының судьясының ұйғарымымен талап қоюшы Мамбетов Джилкайдар Уленовичтің және Демисинов Самат Андреевичтің жеке сот орындаушы Тлеугабылов Канат Жанбыршиновичке кепілдегі мүлікті сауда-сатықты жарамсыз деп тану туралы талап арызы.

Соттың ұйғарымында ҚР АІЖК-нің 33 бабы 1 бөліміне басшылыққа алып, жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жері бойынша қойылады деп көрсетілген.

Алайда талап арызында талап қоюшы Қостанай облысы Қостанай ауданы, Затобольскауылына қарасты жылжымайтын мүліктерді сатуды заңсыз деп тану туралы қойып отыр, осы негіздерге байланысты ҚР АІЖК-нің 33 бабы 1 бөліміне сай талап арыздың соттылығы Қостанай облысы Қостанай ауданына тиісті.

Мерзімі өтіп кетуіне байланысты талап арыздарды қайтару

БҚО Орал қаласының №2 сотының судьясы 03.04.2015 жылғы ұйғарымымен талап қоюшы «Техносила LTD» ЖШС-нің жауапкерлер жеке сот орындаушы Тынышкалиевке С.М., Толкачева Валентина Тимофеевнаға 04.11.2014 жылғы сауда-сатықты жарамсыз деп тану, 04.11.2014 жылғы сату хаттамасын бұзу және 07.11.2014 жылғы сату –сатып алу келсім шартын заңсыз деп танып, бұрынғын күйіне қайтадан келтіру туралы талап арызы. ҚР АІЖК-нің 240-5 бабы 1 бөліміне көрсетілгендей, сот орындаушының атқару өндірісін жүргізу немесе қандайда бір іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы әрекет жасауға барысында іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға болады деп көрсетілген.

Шағым іс-әрекет жасалған күннен бастап немесе сот орындаушының іс-әрекет жасау уақыты, орны туралы хабардар етілмеген өндіріп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгілі болған күннен бастап он күн ішінде бере алады. ҚР АІЖК-нің 10 таруында көрсетілген мерзім ішінде шағым берілуге тиісті. Бірінші сатыдағы сот ҚР АІЖК-нің 240-5 сай, борышкердің шағымды іс-жүргізу заңнамасында көрсетілген мерзімді өткізіп алды және өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш болмағанын басшылыққа алып ҚР АІЖК-нің 126 бабын бабын қайтарған.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік сот алқасының 12.05.2015 жылғы ұйғарымымен жоғарыда аталған ұйғарым бұзылған. Екінші сатыдағы соттың ұйғарымының сипаттау бөлігінде көрсетілгендей, бірінші сатыдағы соттың «Техносила LTD» ЖШСнің 240-5 бабы 1 бөліміне сот орындаушысының шешімді орындау кезіндегі іс-әрекетіне мерзімі көрсетілген және ҚР АІЖК-нің 126 бабының 1 бөлімінде өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш міндетті түрде болуға тиісті. Сонымен қатар, ЖШС сот орындаушысының іс-әрекенінен басқа сауда саттықты және сату-сатып алу келісім шарттын т.б. талаптар қойылған.

Толкачева В.Т. екінші жауапкер ретінде көрсетілеген. Осы жоғарыда аталған негіздерге сай, ЖШС талап арыз мәні бойынша қарауға жатады, қайтаруға жатпайды деп көрсетілген ұйғарымда. Павлодар облысы Павлодар қаласының сотының судьясының ұйғарыммен 28.08.2015 жылғы қозғалыссыз қалдырылған, содан кейін 11.09.2015 жылғы ұйғарыммен талап қоюшы Камратова Людмила Ивановнаның жауапкер «БЦК» АҚ-на, Авдеевке Н.И. жеке сот орындаушы Куандыковаға А.А. сауда-сатықты және хабарламаны жарамсыз деп тану туралы талап арыз кері қайтарылған.

Сотпен талап арыздың қозғалысыз қалдырыдыруға негіз болған, талап қоюшы арызға шағымданып отырған сот орындаушысының тыйым салынған мүлікті сауда сатыққа шығару туралы қаулының және хаттаманың көшірмелері жалғанбаған.

Сондай-ақ, ұйғарымда талап қоюшының пәтерді сауда-сатыққа шығаруды жарамсыз деп тануды сұрайды. Қойылып отырған талап мүліктік даулар қатарына жатады, сол себептен, талап қоюшы талап арызға мүліктің бағасын көрсетпеген, мүліктің құны бағасын дәледейтін дәлелдемелер жалғанбаған, жоғарыда аталған негіздерді басшылыққа ала отырып, талап қоюшыға 1% мемлекеттік баж салығын төлеуге тиісті деп көрсеткен.

Сонымен қатар, талапкерге талапты нақтылауға және құқықтары бұзылған тұлғаларды жауапкер ретінде тарту керек деп көрсеткен.

Сауда-саттық барысында борышкерлердің мүлігін жүзеге асыруға қатысты қатынастар

ҚР Азаматтығы және Азаматтық іс жүргізу кодексі,

ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2 сәуір 2010 жылғы № 261 –IV Заңы,

«Жылжымайтын мүлікті ипотекалық кредиттеу туралы» Заңы нормаларына, сондай-ақ ҚР Жоғары Сотының «Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы соттардың қолдануы бойынша кейбір мәселелері туралы» қабылдаған 20 маусым 2005 жылғы № 2 нормативтік қаулысы және «Мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік қызметкерлердің шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағым беру жөнінде заңнаманы соттардың қолдануы туралы» 19 желтоқсан 2003 жылғы № 10 қаулысы,

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығымен бекітілген «Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары»-на сәйкес реттеледі

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

            Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы